Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы


-тарау. ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР



жүктеу 0,71 Mb.
бет5/5
Дата25.05.2018
өлшемі0,71 Mb.
#17138
1   2   3   4   5

11-тарау. ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

      62-бап. Мемлекеттiк қызметке қайта орналастыру

      1. Адамды мемлекеттiк қызметке қайта орналастыру, егер оның өтiнiшi соттың ақтау үкiмi күшiне енген не ақтайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай iшiнде берiлген болса, өтiнiш берген күнiнен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      2. Мемлекеттiк қызметшi сот шешiмiмен мемлекеттiк лауазымға қайта орналастырылған жағдайда бұл лауазымнан осы негiз бойынша шығарылған адам үш ай iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi конкурстарға қатысуға құқылы.
      3. Мемлекеттiк органнан қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты қызметтен шығарылып, кейiннен ақталған және тиiсiнше мемлекеттiк лауазымға қайта орналастырылған мемлекеттiк қызметшiлерге жұмыста мәжбүрлi түрде болмаған уақыты үшiн Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестiк заңнамасында белгiленген тәртiппен қылмыстық процестi жүргiзетiн органдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян өтеледi.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен заңсыз шығарылған жағдайда осыған байланысты оларға келтiрiлген нұқсан олар қызметтен шығарылған мемлекеттiк органның есебiнен толық көлемде өтелуге тиiс.
      Қызметтен заңсыз шығарылған мемлекеттiк қызметшiлер бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда мемлекеттiк қызметке бұрынғы (олардың келiсiмiмен – соған тең) мемлекеттiк лауазымға қайта орналастырылады және қызметтен заңсыз шығарылғаннан кейiн қол жеткiзе алмаған барлық құқықтармен қамтамасыз етiледi. Бұл кезең мемлекеттiк қызмет өтiлiне қосылады.

      63-бап. Аттестаттау

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттау тәртiбiн, оның мерзiмдерiн және аттестатталатын мемлекеттiк қызметшiлердiң санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша өткiзiледi.
      2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды өткiзу үшiн құрамына кемiнде бес адам кiруге тиiс аттестаттау комиссиясы құрылады. Аттестаттау комиссиясын төраға басқарады.
      3. Аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
      1) атқаратын мемлекеттiк лауазымына сай келедi және мемлекеттiк лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;
      2) атқаратын мемлекеттiк лауазымына сай келедi;
      3) атқаратын мемлекеттiк лауазымына сай емес және мемлекеттiк лауазымын төмендетуге ұсынылады;
      4) атқаратын мемлекеттiк лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.
      4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсiз себеппен екi рет келмеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер қызметтен шығарылуға ұсынылады.
      5. Аттестаттаудан өтпеген және (немесе) мемлекеттiк органдарда өзге де, оның iшiнде төмен тұрған мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызметтi жалғастырудан бас тартқан мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер қызметтен шығарылуға тиiс.
      6. Аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымын жоғарылату жоғары тұрған бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазым болған және мемлекеттiк қызметшi осы лауазымға белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда конкурстық рәсiмдер өткiзiлмей жүзеге асырылады.
      7. Аттестаттау комиссиясының аттестаттау қорытындысы бойынша қабылдаған шешiмi мемлекеттiк қызметшiнi жоғары тұрған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ұсынуға, мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негiз болып табылады.
      8. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк органның басшысына, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне не сотқа аттестаттау комиссиясының шешiмiне қатысты шағым жасай алады.

      64-бап. Мемлекеттiк органдарға шетелдiк жұмыскерлердi


               тарту

      1. Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi комиссияның шешiмi бойынша шетелдiк жұмыскерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдай алады. Шетелдiк жұмыскерлер мемлекеттiк лауазымдарға орналаса алмайды және лауазымды адамдар бола алмайды.


      Шетелдiк жұмыскерлердiң лауазымдарын мемлекеттiк органдар уәкiлеттi комиссияның келiсiмi бойынша белгiлейдi. Мемлекеттiк органдар қабылдайтын шетелдiк жұмыскерлер қызметiнiң сапасы үшiн дербес жауаптылық мемлекеттiк органдардың басшыларына жүктеледi.
      2. Мемлекеттiк органдарға жұмысқа қабылдау кезiнде шетелдiк жұмыскерлер Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттi арнайы тексеруiнен өтуге тиiс.
      3. Шетелдiк жұмыскерлердi тарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      65-бап. Мемлекеттiк қызмет саласындағы халықаралық


               ынтымақтастық

      Мемлекеттiк қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы уәкiлеттi органының мемлекеттiк қызметтi одан әрi дамыту мен жетiлдiруге бағытталған, шетелдiк және халықаралық ұйымдар қатысатын бастамаларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуы арқылы жүзеге асырылады.


      Халықаралық ынтымақтастық мынадай бағыттарды қамтиды:
      1) мемлекеттiк қызмет саласындағы халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызметiне қатысу;
      2) мемлекеттiк қызметшiлердi шет елдерде оқыту;
      3) шетелдiк мемлекеттiк қызметшiлердi және өзге де адамдарды Қазақстан Республикасында оқыту;
      4) мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша бiрлескен зерттеулердi жүзеге асыру.

      66-бап. Мемлекеттiк қызметтi өткерудiң өзге де мәселелерi

      Мемлекеттiк қызметтi өткерудiң осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде регламенттеледi.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      67-бап. Мемлекеттiк қызметтi қаржылық және


               материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Мемлекеттiк қызметтi қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      68-бап. Өтпелi ережелер

      1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне алынған азаматтар «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына «Б» корпусының кадр резервiнде болудың бiр жылдық мерзiмi өткенге дейiн конкурс өткiзiлмей тағайындалуы мүмкiн.


      2. Осы Заңның 16-бабы 7-тармағы екiншi абзацының ережелерi 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болады.

      69-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 16-баптың 2-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi                                 Н. НАЗАРБАЕВ


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау