Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Мемлекеттік-жекеше әріптестік объектілері



жүктеу 5,76 Mb.
бет6/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

104-бап. Мемлекеттік-жекеше әріптестік объектілері

Мемлекеттік-жекешелік объектілері мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арналған мүлік және (немесе) көрсетілетін қызметтер болып табылады.


105-бап. Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жекеше әріптестіктің негізгі бастамасы

Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік-жекеше әріптестік мынадай бастамаларға негізделеді:

жеке серіктесті конкурстық негізде таңдау;

тәуекелдерді, пайданы, кепілдіктер мен міндеттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тараптарының арасында өзара тиімді бөлісу;

мемлекеттік-жекеше әріптестіктің нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер мен көрсеткіштерді белгілеу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарда мемлекеттік-жекеше әріптестіктің барлық сатысында мүдделі тұлғалар мен жұртшылық үшін мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларына қатысты толық және өзекті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

экологиялық заңнама, өнеркәсіптік қауіпсіздік, адамның денсаулығы мен өмірін қорғау талаптарын ескере отырып, мемлекеттік-жекеше әріптестікті жүзеге асыру.
106-бап. Мемлекеттік-жекеше әріптестік түрлері

1. Мемлекеттік-жекеше әріптестік институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді.

2. Институционалдық мемлекеттік-жекеше әріптестік заңды тұлғалардың қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттің және жеке кәсіпкерлік субьектілерінің қатысуымен іске асырылады.

3. Келісімшарттық мемлекеттік-жекеше әріптестік концессия, мүліктік жалдау (жалға алу), мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарттары шеңберінде «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен іске асырылады.


107-бап. Мемлекеттік-жекеше әріптестіктің қолданылу салалары

Мемлекеттік-жекеше әріптестік мемлекеттік-жекеше әріптестік туралы заңмен айқындалған қызметтердің салаларында жүзеге асырылады.


108-бап. Мемлекеттік-жекеше әріптестікте жеке серіктестердің қатысу нысаны

Жеке серіктестер мемлекеттік-жекеше әріптестікте бір немесе бірнеше мынадай:



  1. мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын қаржыландыру;

  2. мемлекеттік-жекеше әріптестік объектілерін басқару;

  3. мемлекеттік-жекеше әріптестік объектілерін, оларды жобалауды қоса алғанда не онсыз, құру және (немесе) қайта құру;

  4. мемлекеттік-жекеше әріптестік объектілерін пайдалану;

  5. мемлекеттік-жекеше әріптестік жобаларын іске асырушы заңды тұлғалардың қызметін құруға қатысу;

  6. зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;

  7. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге нысандарда қатысады.


9-тарау. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы
109-бап. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік, экологиялық және өзге де салалардың дамуына ерікті үлес қосуы.

2. Мемлекет Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы үшін жағдай жасайды.

3. Кәсіпкерлік субъектілері өз қызметінде жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау салаларында және өзге де салаларда кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығын енгізе алады.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығын кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық, меценаттық қызмет арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де нысандарда жүзеге асыра алады.
110-бап. Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы

1. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің құқығын қорғау негізінде құрылады және әлеуметтік мәселелерді шешуде және еңбек жағдайларын регламенттеуде кәсіпкерлік субъектілері мен оның қызметкерлері арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталуы тиіс.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің кадр саясатының негізгі бағыттарының бірі жұмыс орындарын сақтау, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің әлеуметтік қорғау нормаларын сақтауы, сондай-ақ жұмыспен қамту және еңбек қатынастары саласында ішкі саясатты бекіту болып табылады.
111-бап. Экология саласындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы


  1. Кәсіпкерлік субъектілері өзінің қызметін жүзеге асыру процесінде қоршаған ортаға ұқыпты және тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

  2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы экология саласында мынадай міндеттерді ерікті түрде орындау арқылы жүзеге асады:

  1. Қоршаған ортаны қорғау және көшелерді, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды көріктендіру саласында бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыру;

  2. Дүлей зілзалалардың, экологиялық немесе басқа да апаттардың салдарын еңсеру, жазатайым оқиғаларды немесе апаттарды болдырмауға жұртшылықты дайындау;

  3. Қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу;

  4. Қоршаған ортаны қорғау саласында ішкі саясатты бекіту.


112-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметі

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызметі деп кәсіпкерлік субъектілерінің өтеусіз негізде материалдық көмек көрсету, сондай-ақ жұмыстарды орындау, қызметтерді ұсыну, жеке және заңды тұлғаларға өзге де әлеуметтік қолдау көрсету бойынша ерікті қызметі ұғынылады.

Кейін табыс табу немесе орнына сыйақы, төлем алу мақсатымен жеке және заңды тұлғаларға ақша және басқа материалдық құралдарды жіберу, өзге нысандағы көмек көрсету немесе міндеттемелерді орындау, саяси партияларды және басқа да қоғамдық-саяси ұйымдарды, сондай-ақ кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдау қайырымдылық қызметі болып табылмайды.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметі деп кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын нысандарда мемлекеттің тарихи және мәдени игілігін қолдау, сақтау және дамыту үшін басқа азаматтарға немесе заңды тұлғаларға мүлікті және ақша қаражатын өтеусіз беру түріндегі өнер, ғылым, мәдениет, білім беру, ағарту саласындағы ерікті қызметі ұғынылады.

3. Кәсіпкерлік субъектілерінің өз атын (атауын), тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) немесе тауардың шығарылған жерінің атауын хабардар ету жағдайларындағы қызметі қайырымдылық және меценаттық қызмет болып танылмайды.
113-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру құқығы

1. Кәсіпкерлік субъектілері ерікті және осы Кодексте көзделген олардың мақсаттарын таңдау бостандығы негіздерінде қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

2. Ешкімнің осы Кодексте көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызмет мақсаттарын және оларды жүзеге асыру нысандарын таңдау бостандығын шектеуге құқығы жоқ.

3. Ешкімнің кәсіпкерлік субъектілерін қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыруға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.


114-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызметті жүзеге асыру мақсаты

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызметті жүзеге асыру мақсаты мұқтаж адамдарға, жеке және заңды тұлғаларға оларды қолдау үшін түрлі көмек түрін көрсету болып табылады.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық қызмет мақсатына қол жеткізуі:

1) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарын, соның ішінде аз қамтылған азаматтардың материалдық жағдайын жасқарту, әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі адамдарды, өз құқықтарын және заңды мүдделерін өз бетінше іске асыруға қабілетсіз өзге де адамдарды қолдау жолымен;

2) төтенше оқиғалар, дүлей апаттар, індеттер, экологиялық немесе өзге де апаттар, әлеуметтік және ұлтаралық жанжалдар нәтижесінде зардап шеккендерге көмек көрсету;

3) қайырымдылық бірлестіктеріне, әлеуметтік және медициналық мекемелерге материалдық көмек көрсету;

4) балалар және жастар ұйымдарын, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жастардың бастамаларын, жобаларын, балалар және жастар қозғалыстарын қолдау;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де іс-шараларды өткізу арқылы іске асырылады.


115-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметті жүзеге асыру мақсаты

1. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметті жүзеге асыру мақсаты Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи, мәдени игілігін сақтау және дамыту болып табылады.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің меценаттық қызметінің мақсатына қол жеткізу:

1) ұлттық, тарихи, мәдени игіліктерді сақтау және дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мәртебесін әлемдік деңгейде қолдау үшін жағдайлар қалыптастыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыратын шығармашылық ұжымдарға материалдық көмек көрсету;

3) мәдениет және өнер объектілерін олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолдау;

4) мәдениет, өнер, ғылым, білім беру, ағарту, спорт салаларында кәсіби қызметті жүзеге асыратын адамдарға материалдық көмек көрсету;

5) мәдениет, білім беру, ғылым және ағарту, спорт ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге материалдық көмек көрсету;

6) ұлттық мәдени игіліктерді сақтаудың және дамытудың басымды бағдарламаларын (жобаларын) іске асыру арқылы іске асырылады.
116-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру нысаны

1. Кәсіпкерлік субъектілері мыналарды:

1) қайырымдылық және меценаттық қызметті жеке немесе бірлестіктерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысандарда құру жолы арқылы;

2) қайырымдылық қызметті қайырымдылық ұйымын құрып немесе құрмай;

3) меценаттық қызметті арнайы ұйым құрмай жүзеге асыруға құқылы.

2. Қайырымдылық және меценаттық қызметті кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері өз бетінше және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптесе отырып жүзеге асыруы және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы мүмкін.


117-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметінің мемлекеттік кепілдіктері

1. Қайырымдылық және меценаттық қызметке қатысушы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді және қолдайды.

2. Кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру бойынша құқықтарын іске асыруына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың қайырымдылық және меценаттық көмекті алуына кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

3. Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық және меценаттық қызметін осындай қызметті жүзеге асыратын, қайырымдылық және меценаттық қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен құрметті атақтар беру арқылы ынталандырады.

4. Осы Кодекстің 112-бабында көзделген қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық жеңілдіктеріне құқығы бар.

5. Қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыратын жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне және олардың құрылтайшыларына (мүшелеріне) жеке тәртіппен кез-келген жеңілдіктерді ұсынуға тыйым салынады.


118-бап. Мемлекеттің және қайырымдылық, меценаттық қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы

1. Мемлекет қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ олардың бірлестіктерінің құқықтарының және заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің істеріне мемлекеттік заңсыз араласуына жол берілмейді.

3. Қайырымдылық және меценаттық қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ олардың бірлестіктері мемлекеттік органдармен ынтымақтасып, өзара іс-қимыл жасай алады, олармен келісімдер жасасып, шарттар негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген белгіленген жұмыстарды жасай алады.

4. Осы Кодекстің нормалары қайырымдылық мақсаттары үшін пайдаланылмайтын байланысты және байланысты емес гранттарды тарту, бағалау, мониторингілеу және пайдалану тетігіне таралмайды.
119-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығын арттырудағы ролі

1. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы қағидаттарына сәйкестігі стандартын (бұдан әрі – стандарт) бекітеді.

2. Стандартты орындауды өздері үшін ерікті түрде қабылдаған жеке кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өздеріне стандартқа сәйкестікті растайтын сертификатты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітетін тәртіппен беру туралы өтініш беруге құқылы.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметі станартқа сәйкес келген жағдайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сертификат береді, сондай-ақ жыл сайын кәсіпкерлік субъектілеріне бұрын берілген сертификаттарды растап отырады.

4. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын конкурс өткізіп, кәсіпкерліктің әлеуметтік жауаптылығы саласында көшбасшы болып табылатын кәсіпкерлік субъектілерінің рейтингін айқындайды.
10-тарау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
120-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен шектері

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және өткізетін өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүліктік мүдделерін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.

2. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың нормативтік құқықтық актілерінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, соның ішінде реттеуші құралдарды пайдалана отырып орындауы үшін міндетті талаптарды белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте, реттеуші құралдарды енгізу осы Кодекстің 122-бабының


2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Реттеу құралдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын рұқсаттар мен хабарламалар; осы Кодекстің 16 тарауына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар болып табылады.

Ақпараттық құралдар деп мемлекеттік органдар мен өзге тұлғаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне осы Кодекспен белгіленген тетіктер түсініледі.

3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғаларға ақпаратты, соның ішінде тұтынушыларға ұсыну үшін міндетті маркалау, декларациялау, міндетті нұсқаулықтар, қызмет көрсету қағидалары, өзге ақпаратты, үшінші тұлғаларға ұсыну үшін міндетті жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы өзге ақпаратты ұсыну талаптарын белгілеу;

2) салық, статистикалық және өзге есептілікті қоса алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға тұрақты міндетті есептілігі;

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыруды бастауға, жүзеге асыруға немесе тоқтатуға байланысты мемлекеттік органдарға ақпаратты бір реттік, соның ішінде мәлімет, үзінді көшірме, декларация, хабарлама нысаны арқылы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ұсынылатын, өзге толтырылатын құжаттарды ұсыну ақпараттық құралдар болып танылады.
121-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ өнімге, процестерге талаптарды белгілеу;

2) сәйкестiктi тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын (орталықтарын) растау жөнiндегi органдарды аккредиттеу;

3) өнімдердің жекелеген түрлерінің, процестердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті растау;

4) кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау және қадағалау;

5) лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу және рұқсаттардың өзге түрлерін беру, сондай-ақ хабарлама жасау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін міндетті азаматтық-құқықтық сақтандыру;

7) кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу;

8) кәсіпкерлік субъектілеріне салық салу;

9) бағаларды мемлекеттік реттеу;

10) жозықсыз бәсекелестіктің жүзеге асырылуын болдырмау;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің өзге нысандары мен құралдары арқылы жүзеге асырылады.


122-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуші құралдарды немесе реттеуді қатаңдатуды енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердi әзірлеу және қабылдау ерекшеліктерi

1. Егер реттеуші мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттеуші құралды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіпте реттеушілік ықпалды талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.

Реттеуді қатаңдату – реттеуші құралдарды енгізуге немесе пайдалануға байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер немесе өзге жүктемені арттыруды белгілеу.

Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

2. Реттеуші құралдар мынадай түрде енгізіледі немесе жүзеге асырылады:

Рұқсат беру немесе хабарлау тәртібі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 ,2 және 3-қосымшаларында көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбесіне тиісті рұқсатты немесе хабарламаны енгізу арқылы ғана енгізіледі;

Мемлекеттік бақылау және қадағалау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшаларда көзделген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салаларында ғана жүзеге асырылады;

Ақпараттық құралдар тек Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен енгізіледі.

3. Реттеушілік ықпалды талдауға:

1) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;

2) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңы жобаларының тұжырымдамалары;

3) реттеуші құралдарды және соған байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңы жобалары;

4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары;

5) ақпараттық құралдарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары жатады.»;


123-бап. Реттеушілік ықпалды талдау

     1. Реттеушілік ықпалды талдаудың мақсаты белгілі мақсаттарға жету немесе айқын белгіленген проблемаларды шешу үшін реттеудің балама тәсілдерін бағалау арқылы нақты реттеуші құралдарды пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігі болып табылады.

      2. Реттеушілік ықпалды талдау реттеуші құралды енгізуге дейін және енгізгеннен кейін жүргізіледі.

  3. Реттеушілік ықпалды талдау нәтижелері бойынша реттеуші құралды қолдану тиімділігіне байланысты реттеуші құрал бұзылуы немесе өзгеше қайта қаралуы мүмкін.

      Реттеуші құрал оны енгізген кезде мәлімделген кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізбеген жағдайда жойылуы тиіс.
     4. Қазақстан Республикасының Үкіметі кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа міндеттер мен функцияларды орындау мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды жасау мақсатында консультациялық-кеңесші орган – Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылады.

      Реттеуші құралды енгізудің міндетті талабы оны Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысында қарастыру болып табылады.

      5. Реттеуші мемлекеттік орган жүргізген реттеушілік ықпалды талдау, кәсіпкерлік бойынша уәкілетті орган және (немесе) өзге мүдделі тұлғалар жүргізген реттеушілік ықпалды балама талдау нәтижелері жалпыға қолжетімді интернет-ресурста орналастырылады.


  1. 4-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, осы баптың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.


124-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретi

  1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне мыналар жатады:

Техникалық реттеу саласында:

1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

2) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құру;

3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

4) техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң депозитарийiн құру және жүргiзу ережелерiн бекiту;

5) өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесi үшiн консультациялық-кеңесшi органдар құру;

6) техникалық регламенттердi бекiту;

7) техникалық регламенттердi әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшiн жою тәртiбiн белгiлеу;

8) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау;

9) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды бекiту;

10) тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі ережені және тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру ережесін бекіту;

11) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті органды (ұйымды) айқындау;

12) кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті органды (ұйымды) белгілеу;

13) өнiмдi таңбалау тәртiбiн белгiлейдi;

14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту;

15) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларға рұқсат берілетін талаптарды белгілейді; сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;

Аккредиттеу саласындағы сәйкестікті бағалау саласында:


  1. аккредиттеу саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

  2. аккредиттеу жөніндегі органды және аккредиттеу жөніндегі органға біліктілік талаптарын таңдау бойынша конкурс өткізудің қағидаларын бекіту;

  3. осы баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген қағидаларға сәйкес аккредиттеу жөніндегі органды айқындау;

2. Өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау