Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары



жүктеу 5,76 Mb.
бет2/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

28-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары

Кәсіпкерлік субъектілері:

1) Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалдамалы еңбекті пайдалана отырып кәсіпкерлікті жүзеге асыруға;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктерді құруға;

4) осы Кодексте белгіленген жағдайлардан басқа, шығарылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтер көрсетуге) өз бетінше бағалар белгілеуге;

5) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сапасына өз бетінше бақылауды жүзеге асыруға;

6) өзінің құқық қабілеттілігі шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

7) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін құруға;

8) кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы сарапшылар кеңестерінің жұмысына қатысуға;

9) Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзған және/немесе заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтірген тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарға жүгінуге;

10) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа және өзге де органдарға, аралық сотқа, халықаралық төрелік сотқа, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге жүгінуге;

11) бітімгершілік рәсімдер арқылы дауларды реттеуге;

12) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның қарауы үшін кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға әсерін тигізетін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;

13) кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігінің шаралары ретінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жобаларды іске асыруға қатысуға;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.


29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттері

Кәсіпкерлік субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге;

3) қызметтер көрсетуді (жұмыстарды, тауарларды) тұтынушыларға тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) туралы толық және дәйекті ақпарат беруге;

4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат беру тәртібі енгізілген жеке кәсіпкерліктің түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар мен рұқсаттар алуға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға;

6) қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарына мұқияттылықпен қарауға;

7) табиғи және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың және қызметін жүзеге асыру процесінде оларды басқарудың тиімділігін арттыруға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.


30-бап. Кәсіпкерлік субъектілері туралы ақпаратты қорғау

1. Коммерциялық құпияны қорғау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды білдіреді.

2. Кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпия қамтылған ақпартқа еркін қолжетімділік құқығын иеленуші тұлғалардың шеңберін айқындайды және оның құпиялығын қорғаудың шараларын қабылдайды.

3. Ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпия қамтылған ақпараттарды қорғау мен пайдаланудың жағдайларын кәсіпкерлік субъектісі айқындайды.

4. Коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты заңсыз әдістермен алған, ашқан немесе пайдаланған тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

5. Кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға өз қызметкерлерінен коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты жарияламауды талап етуге, ал оларды тексеретін тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі туралы ескертуге құқылы.

6. Міндетті жариялануға жататын не акционерлердің, шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың немесе өзге де белгілі бір ауқымдағы тұлғалардың назарына жеткізілуі міндетті ақпараттардың тізімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектісінің құрылтай құжаттарымен белгіленеді.

7. Кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға тіркеу, бақылау функцияларын орындауы кезінде және басқа іс-әрекеттерді жасауы кезінде оларға жүктелген функцияларларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, коммерциялық құпия қамтылған ақпаратқа қолжетімділікті ұсынбауға құқылы.

8. Құқық қорғау органдары қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпия қамтылған ақпаратты осы ақпартты иеленуші кәсіпкерлік субъектісінен де, мемлекеттік органдардан да прокурордың санкциясы, қылмыстық іс қозғау туралы тергеу органдарының қаулысы негізінде не соттың қаулысы негізінде, не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларға сәйкес сұратуға құқылы.

9. Соттың ол бойынша заңды күшіне енген шешімі бар ақпараттан басқа, коммерциялық құпия мен заңмен қорғалатын өзгедей құпия қамтылған ақпараттың кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етілуі мүмкін емес.

10. Кәсіпкерліктің нақты субъектісі туралы мәліметтерді жария етпейтін жалпылама түйінделген ақпарат жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады.

11. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратына мыналар жатады:

1) тегі, есімі, әкесінің аты немесе дара кәсіпкердің атауы;

2) заңды тұлғаның атауы және тіркелген күні;

3) сәйкестендіру нөмірі;

4) заңды мекенжайы (тұрған орны);

5) қызметінің түрі;

6) басшының (бар болған ретте) тегі, есімі, әкесінің аты.


31-бап. Статистикалық және әкімшілік бастапқы деректер

1. Статистикалық бастапқы деректерді кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынады.

Мемлекеттік органдардың бастапқы статистикалық деректерді кәсіпкерлік субъектілерге қатысты, оның ішінде олардың бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы кезінде пайдалануына жол берілмейді.

2. Мемлекеттік органдар түзейтін әкімшілік деректер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпте мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілуі тиіс.


32-бап. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухалтерлік есепті

жүргізу және қаржылық есептілікті жасауының тәртібі

1. Осы Кодекстің 38-бабына сәйкес мемлекеттік міндетті тіркелуге жатпайтын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бухалтерлік есеп және қаржылық есептілікті құрастыруы Қазақстан Республикасының бухалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында айқындалған тәртіпте жүзеге асырылады.

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының бухалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасы бойынша бухалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың оңайлатылған нысанын қолдануға құқылы.
2-параграф. Дара кәсіпкерлік субъектілері
33-бап. Дара кәсіпкерліктің ұғымы және түрлері

1. Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және олардың тәуекелi мен мүлiктiк жауапкершiлiгi арқылы жеке тұлғалардың атынан жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметi.

Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар дара кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады. Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады.

2.Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.


34-бап. Өзіндік кәсіпкерлік

1. Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

2. Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсiпкер ретiнде көрсетпей өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға келiсiмi талап етiлмейдi.

3. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлi-зайыптылардың арасындағы өзге келiсiмде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келiсiмi қажет.

4. Өзiндiк кәсiпкерлiк фермалық шаруашылық нысанын пайдалану арқылы жүзеге асырыла алады.
35-бап. Бірлескен кәсіпкерлік

1. Бiрлескен кәсiпкерлiктi жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлер) тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

2. Бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде жеке кәсiпкерлiкпен байланысты барлық мәмiлелер бiрлескен кәсiпкерлiктiң барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.

3. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:

1) ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгi;

2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк;

3) жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк болып табылады.

4. Ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде жұбайлардың бiрi екiншi жұбайдың келiсiмiмен iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылардың атынан әрекет етедi, келiсiм дара кәсiпкердi тiркеу кезiнде расталуы немесе дара кәсiпкердiң қызметi мемлекеттiк тiркеусiз жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетiлiп, нотариалдық жолмен куәландырылуы мүмкiн.

Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң iскерлiк айналымда ерлi-зайыптылар атынан әрекет етуiне екiншiсiнiң келiсiмi болмаған кезде iскерлiк айналымда әрекет ететiн жұбай дара кәсiпкерлiктi өзiндiк кәсiпкерлiк түрінде жүзеге асыратындығы көзделедi.

5. Дара кәсiпкерлiк жай серiктестiк нысанын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


36-бап. Дара кәсіпкерлікті өз атынан жүзеге асыру

1. Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметпен айналысады, құқықтар мен міндеттерді иеленеді және өзінің атынан жүзеге асырады.

2. Өзінің кәсіпкерлік қызметімен байланысты мәмілелерді жасаған кезде, егер бұл мәмілелер жасау мән-жайының өзінен ашық туындамайтын болса, ол дара кәсіпкер ретінде әрекет етенін көрсетуі тиіс.

3. Мұндай көрсетудің болмауы дара кәсіпкерді оның өз міндеттемелері бойынша мойнына алатын тәуекел мен жауапкершіліктен босатпайды.

4. Өзінің қызметін жүзеге асырған кезде дара кәсіпкер мәтіні осы тұлғаның дара кәсіпкер болып табылатындығын барынша айқындайтын іскерлік құжаттамасының дербес бланкаларын, мөрді, мөртаңбанды пайдалануға құқылы.
37-бап. Дара кәсіпкерлікті әлеуметтік қорғау

1. Дара кәсіпкер әлеуметтік қамсыздандырудың, әлеуметтік және медициналық сақтандырудың әртүрлі жүйесін пайдалану құқығын иеленеді.

2. Дара кәсіпкерлік қызмет, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес төлемдерді төлеген жағдайда, зейнетақы тағайындау үшін жұмыс өтіліне есептеледі.
38-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу

1. Заңды тұлға құрмай жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу кезiнде мәлiмделген орналасқан жерi бойынша салық органында дара кәсiпкер ретiнде есепке қою болып табылады.

2. Мына шарттардың бiреуiне сай келетiн:

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланатын;

2) жеке кәсiпкерлiктен алатын Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиынтық табысы бар дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Осы баптың 3-тармағында аталған тұлғаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметіне тыйым салынады.

3. Қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды:

1) төлем көзінен салық салынатын;

2) мүлік табыстарын;

3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.


39-бап. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттiк тiркеудің тәртібі

1. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға салық органына:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салықтық өтініш;

2) дара кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

3) дара кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат ұсынады.

Мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлiкке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат дара кәсiпкердiң орналасқан жерiн растайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар келу тәртібімен ұсынылған кезде жеке тұлға жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған кезде осы тармақтың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді. Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасы бюджетке банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген жағдайда, электрондық түрде ұсынылған салықтық өтінішке сұрау салуда төлем құжатының деректемелерін көрсеткен кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталында қалыптастырылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің хабарламасы қоса беріледі.

Дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын төлеуҚазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалады.

Егер өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған жағдайда, жоғарыда аталған құжаттарға – заңды өкілдердің келiсiмi, ал мұндай келiсім болмаған кезде –кәмелет жасына толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабiлеттi деп жариялау туралы сот шешiмiнің көшірмесі қоса берiледi.

Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Салық органы, егер:

1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылған және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және (немесе) хабарсыз кеттi деп танылған және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215238 және 240-баптары бойынша қылмыстары үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы болған;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүргізеді.

3. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк беруге арналған өтiнiште, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шартта (жай серiктестiк туралы шартта) көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) өзгерiстер туралы салық органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.

4. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу үшін өтініш беруші салықтық өтінішті келу тәртібімен тіркеуші органға қағаз жеткізгіште не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынуға құқылы.

Кәмелет жасына толмаған жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

5. Бiрлескен дара кәсiпкерлiктi тiркеу кезiнде өтiнiштi үшiншi тұлғалармен және мемлекеттiк органдармен қатынастарда мүдделерiн бiлдiретiн уәкiлеттi тұлға бередi.


40-бап. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

1. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік кәсіпкерлік қызметін заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын азаматты дараландыру тәсілі болып табылады.

2. Дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік мерзімсіз болып табылады және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынылады.

Бірлескен дара кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке салық рганының басшысы растаған бірлескен дара кәсіпкерлік мүшелерінің тізімі қоса беріледі.

3. Дара кәсiпкердi (бiрлескен дара кәсiпкерлiктi) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

4. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) қайта тiркеудi жүзеге асыруға және жаңа куәлiк алуға мiндеттi.

5. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жалған кәсіпкерліктің жасалу фактісін анықтаған, заңды күшіне енген сот үкімінің немесе қаулысының не қылмыстық қудалау органының күші жойылмаған қаулысының негізінде жойылуға жатады.
41-бап. Дара кәсiпкер қызметiнің тоқтатылуы

1. Дара кәсiпкердiң қызметi ерiктi немесе мәжбүрлеу тәртiбiмен, сондай-ақ осы Кодексте көзделген мән-жайлар туындаған жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

Дара кәсiпкердiң қызметi өзiндiк кәсiпкерлiк кезiнде, дара кәсiпкер өз бетiмен, бiрлескен кәсiпкерлiк кезiнде - барлық қатысушылар бiрлесiп қабылдаған шешiм негiзiнде кез келген уақытта ерiктi түрде тоқтатылады.

Дара кәсіпкер қызметін ерікті түрде тоқтату үшін салық органына кәсіпкерлік қызметін тоқтату туралы өтініш береді.

Бiрлескен кәсiпкерлiктi тоқтату туралы шешiм, егер ол үшiн оған қатысушылардың кемінде жартысы дауыс берсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, қабылданды деп саналады.

2. Жеке кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

1) ол банкрот деп танылған;

2) тiркеу кезiнде жiберiлген Қазақстан Республикасының заңнамасын жойылмайтын сипаттағы ылбұзушылықтарға байланысты дара кәсiпкердi тiркеу жарамсыз деп танылған;

3) қызметiн күнтiзбелiк жыл iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасын бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған;

4) ол қайтыс болды деп жарияланған;

5) ол хабар-ошарсыз кетті деп танылған жағдайларда соттың шешімі бойынша мәжбүрлеу тәртібімен тоқтатылады.

3.Осы бапта көзделген негiздерден басқа, дара кәсiпкердiң қызметi мынадай жағдайларда:

1) өзiндiк кәсiпкерлiк - дара кәсiпкер әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, қайтыс болды деп жарияланған немесе ол қайтыс болған жағдайда;

2) отбасылық кәсiпкерлiк және жай серiктестiк - егер осы тармақтың 1-тармақшасында аталған мән-жайлар болуы салдарынан бiрлескен кәсiпкерлiк қатысушысының бiреуi қалған немесе бiр де бiрi қалмаған жағдайда, сондай-ақ некенi бұзуға байланысты мүлiктi бөлу кезiнде тоқтатылады.

4. Дара кәсіпкердің қызметі оның өтініші немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеуші органда дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі.

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті тіркеуші органға тапсырғаннан кейін және кәсіпкерлік қызметпен байланысты салық міндеттемелерін орындағаннан кейін жүргізіледі.

5. Белгiленген жағдайларда тiркеусiз дара кәсiпкерлiктi жүзеге асыру кезiнде оны тоқтату ерiктi сипатта болса - нақты тоқтатылған кезден бастап, мәжбүрлеп тоқтату кезiнде тиiсiнше соттың шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап ол тоқтатылды деп есептеледi.

6. Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар төмен немесе орташа дәрежедегі тәуекел санатына жатқызған жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қайта ұйымдастырудың және ерікті таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді.


42-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы

Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсiмi оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


43-бап. Дара кәсіпкердің борыштары бойынша

олардың мүлкінен өндіріп алу

1. Дара кәсiпкерлер өз мiндеттемелерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өздерiнiң барлық мүлкiмен жауапты болады.

2. Жеке тұлға өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асырған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алынбайтын мүлiктi қоспағанда, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi барлық мүлкiмен, соның iшiнде ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгiндегi үлесiмен жауапты болады.

3. Жеке тұлға жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндiрiп алу ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне де қолданыла алады.

Жұбайлардың жеке кәсiпкер болып табылмайтын әрқайсысының мүлкi өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын жұбайының бiреуiнiң борыштары бойынша өндiрiп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.

4. Ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгiн жүзеге асырған кезде ерлi-зайыптылардың кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндiрiп алу олардың қайсының iскерлiк айналымда әрекет ететiнiне қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне қолданыла алады.


44-бап. Шаруа немесе фермерлік қожалығы ұғымы және

нысаналары

1. Тұлғалардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы деп танылады.

2. Шаруа немесе фермер қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкiн:

1) кәсiпкерлiк қызмет бiрлескен ортақ меншiк базасына негiзделген отбасылық кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;

2) өзiндiк кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға негiзделген фермер қожалығы;

3) бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде жалпы үлестiк меншiк базасында жай серiктестiк нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.


45-бап. Шаруа немесе фермерлік қожалығының басшысы және

мүшелері

1. Он сегіз жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті азаматы шаруа немесе фермер қожалығының басшысы бола алады.

2. Ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін ерлі-зайыптылар, жақын туыстар (ата-аналар, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер және апалы-сіңлілер(ағалы-қарындастар), аталар, әжелер, немерелер) және өзге де адамдар шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері болып табылады.
46-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен

мүшелерінің құқықтары және міндеттері

1. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:

1) жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда шаруа немесе фермер қожалығының мүдделерін білдіруге;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыруға;

3) ұзақ уақыт болмаған жағдайда қожалық мүшелерінің біреуіне өзінің функцияларын орындауға уәкілеттік беруге;

4) шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің негізгі бағыттарын айқындауға;

5) ішкі қағидаларды, оларды қабылдау рәсімдерін және шаруа немесе фермер қожалығының ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды бекітуге;

6) шаруа немесе фермер қожалығының заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне қатысуы туралы мәселені шаруа немесе фермер қожалығы мүшелері жалпы жиналысының қарауына шығаруға;

7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы:

1) шаруа немесе фермер қожалығының есебі мен есептілігін жүргізуді ұйымдастыруға;

2) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері жалпы жиналысының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шешімдерін өз құзыреті шегінде орындауға;

3) шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері үшін еңбек жағдайын жасауға;

4) жалдамалы қызметкерлерді жұмысқа қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасуға, жұмыс берушінің актілерін шығаруға;

5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:

1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленген тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығынан өз еркімен шығуға;

2) шаруа немесе фермер қожалығының қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының бухгалтерлік есебінің, есептілігінің деректерімен және басқа да құжаттамасымен танысуға;

3) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысына және (немесе) мемлекеттік органдарға басшының және басқа мүшелердің заңсыз іс-әрекеттеріне шағым жасап жүгінуге;

4) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сот тәртібімен шағымдануға;

5) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері:

1) шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;

2) шаруа немесе фермер қожалығының ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға;

3) шаруа немесе фермер қожалығының басшысы ауысқан жағдайда, бұл туралы қожалықты тіркеген органға ортақ өтініш беріп хабарлауға;

4) осы Кодекстежәне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау