125-бап. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретi
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретiн кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiн хабардар етедi;
уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау критерийлерін, ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу процесін үйлестіруді жүзеге асырады;
осы Кодекске сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді;
жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын әзірлейді;
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
126-бап. Реттеуші органдар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының құзыреті
1. Реттеуші органдар – мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын нақты салада реттеуге жауапты орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.
1-1) Бақылау және қадағалау органдары – осы Кодекстің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға тексерілетін субъектілер қызметінің сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар.
Реттеуші органдар:
1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүзеге асырылатын саладағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласында мемлекеттік саясатты әзірлейді;
2) өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 243-бабының 4-тармағында, 244-бабының 2 және 3-тармақтарында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес бақылау және қадағалауды ұйымдастырады;
4) бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бақылау және қадағалау органдары:
1) тиісті саладағы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде осы Заңның 243-бабының 4-тармағында, 244-бабының 2 және 3-тармақтарында, 245-бабының 1-тармағында, 246-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау және қадағалауды жүргізеді;
4) бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізеді;
5) бақылау және қадағалауды жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
127-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті
Реттеуші мемлекеттік органдар – реттеуші құрал енгізілген немесе енгізу жоспарланған нақты салада кәсіпкерлік қызметті реттеуге жауапты мемлекеттік органдар.
Реттеуші мемлекеттік органдар:
1) олар әзірлейтін Үкімет айқындайтын тәртіпте, осы Кодекстің 122-бабы 3-тармағында көзделген құжаттарға қатысты реттеушілік ықпалды талдауды жүзеге асырады;
2) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті реттеу жай-күйі туралы есептерді дайындайды және ұсынады.
128-бап. Техникалық реттеу саласында уәкілетті органның құзыры
Уәкiлеттi орган техникалық реттеу саласында мынадай функцияларды орындайды:
Техникалық реттеу саласында:
1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;
2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;
3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
4-1) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлейдi;
5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Кодекстің 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;
8) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;
10) Ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;
12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
14) ұйымдардыңқызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.
Стандарттау саласында:
1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;
2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;
4) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
5) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
6) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;
7) осы Кодекске сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
9) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.
Сәйкестiктi растау саласында:
сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, тауар шығарылатын елдi анықтау жөнiнде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;
мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;
шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы немесе аяқталғаны туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.
Аккредиттеу саласында:
Аккредиттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізудің ережесін және аккредиттеу жөніндегі органға біліктілік талаптарын әзірлейді;
Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына бақылау жүргізеді;
осы Кодекске сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
129-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы өзге де құзыреті
Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:
1)техникалық регламенттердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;
2) уәкiлеттi органға техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық регламенттердi әзiрлеу немесе техникалық регламенттерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;
3) техникалық регламенттердi және ұлттық стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;
5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық регламенттердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;
6) осы Кодекспен айқындалатын тәртiппен техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау;
7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарларды дайындауды және iске асыруды;
8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм жөнiндегi сынақ зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды;
9) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды;
10) үкіметтік емес стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастама жасауды;
11) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
130-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті
1.Бақылау және қадағалау органдары – заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Кодекстің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;
Бақылау және қадағалау органдары:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11-тарау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
131-бап. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау деп Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастамашылықты іске асыру үшін құқықтық, экономикалық қолайлы жағдайлар жасау, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша мемлекеттік кешенді шаралар түсініледі.
Кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлейді.
132-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттармен жүзеге асырылады:
шағын кәсіпкерлік;
агроөнеркәсіптік кешен;
индустриялық-инновациялық қызмет;
арнайы экономикалық аймақтар;
инвестициялық қызмет;
отандық тауар өндірушілер.
133-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай жолдармен:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту;
2) кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын, мемлекеттiк органдардың жанынан кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құру;
3) бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету;
4) қаржылық қолдау;
5) мүліктік қолдау;
6) индустриялық-иннвациялық инфрақұрылымын құру.
Жеке кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - өз ісін ұйымдастыруға жәрдемдесуді, құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласындағы ақпаратпен қамтамасыз етуді, коммерциялық негізде материалдық-техникалық, қаржылық және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуде қолдауды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктің жұмыс істеуі мен дамуының жалпы шарттарын қамтамасыз ететін, құрылатын немесе жұмыс істеп тұрған ұйымдар кешені.
134-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыреті
1.Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласында:
1) кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) кәсiпкерлiктi қолдаудың негізгі бағыттарын қалыптастырады;
3) кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;
4) Үкiмет жанынан кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi консультативтiк-кеңесшi органдар құрады және таратады;
5) орталық мемлекеттiк, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзiрлейтiн, кәсiпкерлiктiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттардың мәтіндерін және Қазақстан Республикасының өзге де міндеттерінің жобаларын сарапшылық кеңестердiң қарауын ұйымдастырады;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн (проценттiк көрiнiстегi) бекiтедi;
7) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшiн меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып жатқан жер учаскелерін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекітеді;
8) бәсекеге қабiлеттi салаларды құру мен жетiлдiрудi, кәсiпкерлiк субъектiлерiн дамытуды және олар шығаратын өнiмнiң сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттiк саясатты айқындайды және iске асырады;
9) бәсекелестiктiң дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септiгiн тигiзетiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;
10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;
11) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң дамуы үшiн кедергiлердi жою мақсатында экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргiзедi;
12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және инновациялар ендiрудi жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын құрады;
13) жекелеген салаларда кәсiпкерлiк субъектiлерi арасындағы бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасай отырып, осы салаларды кедендік-тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергiлердi жоюға шаралар қабылдайды;
15) кәсiпкерлiк субъектiлерiн келiсiмдi бiрлескен экспорттық саясатты жүргiзуге ынталандырады;
16) кәсiпкерлiк субъектiлерiне iшкi және сыртқы нарықтардың жай-күйi туралы экономикалық ақпарат берудi ұйымдастырады;
17) сапа менеджментiнiң жүйесiн ендiрудi ынталандыру жолымен ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жағдайлар жасайды;
18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердiң аумағындағы мүдделерiн қолдау жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жұмыс берушiлердің бiрлестiктерiмен өзара іс-қимыл жасайды;
20) саланың немесе кластерлердiң проблемаларын шешу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын құрады, iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулердi қаржыландырады;
21) халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiгiн жеке кәсiпкерлiкке тарту жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
22) кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекітеді;
23) жұмыскерлердің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысты есептеу қағидаларын бекітеді;
24) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекітеді;
25) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшы кеңес туралы үлгілік ережелерді бекітеді.
Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласында:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын бекітеді;
4) ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекітеді;
5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;
6) республикалық индустрияландыру картасын бекітеді;
7) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын бекітеді;
8) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;
9) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды;
10) отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесін (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Технологиялық саясат жөніндегі кеңесті құрады және оның ережесі мен құрамын бекітеді;
13) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
14) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін айқындайды;
15) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
16) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;
17) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;
18) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекітеді;
19) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды;
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі оған Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
135-бап. Кәсіпкерлік жөніндегіуәкілетті органның құзыреті
Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау бойынша мемлекеттiк саясатын жүргiзудi жүзеге асырады;
2) шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестiредi;
3) кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлейдi;
4) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргiзедi;
5) кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі саласында зерттеу жүргізуді ұйымдастырады, кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді;
6) кәсiпкерлiктi қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады;
7) республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септiгiн тигiзедi;
8) шағын кәсіпкерлік саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
9) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
10) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады;
11) кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомоствоаралық үйлесуін жүзеге асырады;
12) инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын iске асыруға шағын кәсiпкерлiктiң қатысуы үшiн жағдайлар жасайды;
13) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасайды;
14) кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастырады;
15) кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасайды;
16) кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
17) кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттайды;
18) Осы Кодексте, Қазақстан Республикасыныңзаңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |