Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Бақылау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары



жүктеу 5,76 Mb.
бет14/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

240-бап. Бақылау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

Мемлекеттiк бақылау:

1) электр энергетикасы саласында;

2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;

3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарының сақталуына;

4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;3

5) газ және газбен жабдықтау саласында;

6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;

7) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;

8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiне және айналымына;

9) атом энергиясы саласында;

10) автомобиль көлiгi саласында;

11) темiр жол көлiгi саласында;

12) Мемлекеттiк шекарадан өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

13) көлiк саласында;

14) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;

15) iшкi су көлiгi саласында;

16) өнiмдi тиеп жiберу алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;

17) техникалық реттеу саласында;

18) сәйкестiктi бағалау саласындағы Қазақстан Республикасының аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;

19) метрология саласында;

20) тұрғын үй қатынастары саласында;

21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және ара шаруашылығы саласында;

22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;

23) тұқым шаруашылығы саласында;

24) астық нарығын реттеу саласында;

25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;

26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласында;

27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;

28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;

30) жердi пайдалану мен қорғауға;

31) геодезиялық және картографиялық қызметке;

32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;

33) шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне;

34) қалдықтармен жұмысқа;

35) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;

36) азаматтық қорғаныс саласында;

37) өрт қауiпсiздiгi саласында;

38) қызметi үшiншi тұлғаларға нұқсан келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

39) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;

40) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;

41) халыққа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егудiң ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;

42) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;

43) бiлiм беру жүйесiне;

44) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;

45) еңбек туралы және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауға;

46) қызметкердi еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;

47) халықты жұмыспен қамту саласында;

48) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;

49) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;

50) бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

51) телерадио хабарларын тарату саласында;

52) байланыс саласында;

53) ақпараттандыру саласында;

54) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

55) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;

56) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес түсiмдердiң түсуiне;

57) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;

58) заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

59) банкроттық рәсiмi мен оңалту рәсiмiнiң өткiзiлуiне;

60) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға;

61) құзыретi шегiнде қаржылық ұйымдардың қызметiне;

62) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;

63) төлемдер және ақша аударымдары, вексель айналымдары мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;

64) экономикалық шоғырлануға;

65) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына;

66) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсiптiк меншiк, селекциялық жетiстiктер, интегралдық микросхема топологиясы объектiлерiн пайдалануға;

67) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiнiн кейiннен жариялау саласында(Әкімшілік рәсімдерге ауыстыру, пысықтау керек);

68) бағалау қызметi саласында;

69) табиғи монополиялар салаларында;

70) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттердi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген, мемлекет реттеп отыратын бағалар енгiзiлетiн өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер номенклатурасы бойынша белгiленген бағаларды сақтауына;

71) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

72) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;

73) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;

74) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына;

75) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;

76) күзет қызметiне;

77) күзет дабылы құралдарын монтаждау, орнату және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;

78) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;

79) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлердi даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;

80) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;

81) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;

82) туристiк қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

83) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;

84) ойын бизнесi туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

85) тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

86) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына;

87) спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасында;

88) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;

89) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;

90) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне;

91) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына және пайдаланылуына;

92) мемлекеттiк статистика саласында;

93) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау және қорғау саласында;

94) биоотын айналымы саласында;

95) биоотын өндiру саласында;

96) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын сақтауда;

97) ғарыш қызметi саласында;

98) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасын сақтауда;

99) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;

100) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;

101) ветеринария саласында;

102) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;

103) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда;

104) автомобиль жолдары саласында;

105) бала құқықтарын қорғау саласында;

106) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;

107) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;

108) рұқсат беруді бақылау саласында;

109) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;

110) өнеркәсiп саласында;

111) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына;

112) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуына;

113) қалалар мен елдi мекендердi абаттандыру қағидаларының сақталуына жүзеге асырылады.
241-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары

Мемлекеттiк қадағалау:

1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;

2) азаматтық авиация қызметiне;

3) халықаралық әуе тасымалдарына;

4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;

5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;

6) iшкi су көлiгi саласында;

7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;

8) ветеринария саласында;

9) өсiмдiктер карантинi саласында;

10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;

11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;

12) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;

13) кредиттiк бюролар қызметiне;

14) инвестициялық қорлар қызметiне;

15) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;

16) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсiру саласында;

17) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;

18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.


2-параграф. Тексерулерді ұйымдастырудың және жүргізудің тәртібі
242-бап. Тексерудің жалпы мәселелері

1. Тексерiлетiн субъектiнi тексеру – бақылау және қадағалау органдары мынадай:

1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге баруы;

2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етудi қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;

3) осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты iс-әрекеттердiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi.

2.Тексерілетін объектіге қатысты бақылау мен қадағалау:

1) өрт қауіпсіздігі саласында;

2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау саласында;

3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келісімшарттардың талаптары орындалуының сақталуы;

4) электрэнергетикасы саласында жүзеге асырылады.

3. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.

4. Осы Кодекстің 257-бабының 2 және 3-тармақтарын, 260-бабын қоспағанда, осы тараудың күшi:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;

2) кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;

3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;

4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау нысанасында көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;

5) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi және сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;

6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;

7) жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды өткiзетiн iшкi сауда объектiлерiнде, жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды бiрыңғай технологиялық циклда өндiрудi, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсiмдiктер карантинi бойынша мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатымен;

9) балықтың кәсіпшілік мөлшерімен белгіленген жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар талаптарының, балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулерді және тыйымдардың, ауға түсіп қалуының, сондай-ақ балық ресурстарын және өзге су жануарларын аулау есебінің журналын жүргізудің сақталуына;

10) карантиндiк аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша iс-шараларды бақылауға және қадағалауға;

11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиация қауiпсiздiгi талаптарын сақтауына;

12) iшкi iстер органдарының жүргiзiлетiн жедел-профилактикалық iс-шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;

13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;

14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;

15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауға;

16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптарды сақтауға;

18) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;

19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;

21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;

22) халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманың сақталуына байланысты бақылау мен қдағалауды жүзеге асыруға байланысты қолданылмайды.

Бұл ретте, құқықтық статистика мен арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органда осы тармақтың 16), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер міндетті тіркелуге жатады.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.

6. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы талаптарының сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырған кезде туындайтын, монополияға қарсы орган жүзеге асыратын қатынастар осы Кодекстің 23-тарауымен реттеледі.

7. Кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

8. Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру мерзiмдерi тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.

9. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртiбiмен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргiзуге тыйым салынады.

Осы тармақтың күшi:

1) жарылғыш заттардың айналымы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;

2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;

3) атом энергиясына, радиоактивтік заттарға;

4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыспен қамтылған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.



243-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілерге қатысты тәуекелдерді бағалау жүйесі

1. Бақылау және қадағалау органдары тексерулерді жоспарлау мақсатында тәуекелдерді бағалауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Тәуекел деп тексерiлетiн субъектiнiң қызметi нәтижесiнде салдарының ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы түсініледі.

Тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы.

2. Мемлекеттiк органдар тексерiлетiн субъектiлердi тәуекел дәрежесiне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң:

1) жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;

2) орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен;

3) болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – бес жылда бiр реттен жиi емес кезеңдiлiгiн айқындайды.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында осы Кодекстің 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптардың сақталуын тексеру үшiн жоспарлы тексерулер жүргiзудiң кезеңдiлiгi:

1) ветеринария, карантин және өсiмдiктердi қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – бiр жылда бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға;

2) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – тоқсанына бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;

3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:

жоғары тәуекел дәрежесi кезiнде – жарты жылда бiр реттен;

орташа тәуекел дәрежесi кезiнде – жылына бiр реттен;

болмашы тәуекел дәрежесi кезiнде – үш жылда бiр реттен жиi болмауға тиiс.

Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің (объектінің) маңыздылығы, осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Санитариялық-эпидемиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодесінде көзделген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.

3. Реттеуші органдар тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялайды.

Реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді.»;

5. Реттеуші немесе жергілікті атқарушы орган тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде бекіткен жартыжылдық жоспар тексерілетін субъектілерге (объектілерге) жоспарлы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.

6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларының жобаларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.

Осы Заңның 242-бабының 2-тармағын қоспағанда, тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларында бірдей тексерілетін субъектілерді белгілеген кезде, жоспар жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органы реттеуші және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектілерді тексеру жүргізу жоспарларынан алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып оларды жүргізу мерзімін түзету үшін қайтарады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің бекітілген жартыжылдық жоспарларын жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.

Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

7. Тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.


244-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау

1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне) қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау төрт топқа бөлуді ескере отырып жүргізіледі.

2. Бірінші топқа оларға қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізіндегі тексеру жүргізудің айрықша тәртібі, іріктемелі тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылау және қадағалаудың өзге де нысандары қолданылатын субъектілер (объектілер) жатады.

Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орташа не болмашы тәуекел топтарына жатқызады және олар үшін жоспарлы тексерулер жүргізудің:

1) жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен;

2) орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен;

3) болмашы тәуекел дәрежесі кезінде – бес жылда бір реттен жиі емес кезеңділігін айқындайды.

Осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін тексеру жүргізудің кезеңділігі:

эпидемиялық маңыздылығы жоғары обектілер үшін:

жоғары тәуекел дәрежесі кезінде - жарты жылда бір реттен;

орташа тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен жиі емес болуға тиіс.

Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу салдарлардың ауырлығы тұрғысынан субъектінің маңыздылығы, осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың салалық статистикасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері реттеуші органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Реттеуші немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық кесте тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінің жобаларын тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.

Осы Кодекстің 242-бабының 2-тармағын қоспағанда, тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерінде тексерілетін бірдей субъектілерді белгілеген кезде, кесте жобаларын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы реттеуші және жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектілерді тексеру жүргізу кестелерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып оларды жүргізу мерзімін түзету үшін қайтарады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін қалыптастыруы үшін реттеуші және жергілікті атқарушы органдар тексеру жүргізудің бекітілген жартыжылдық кестелерін тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына жібереді.

Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

Тексеру жүргізудің жартыжылдық кестелерін өзгертуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейін орналастырады.

3. Екінші топқа іріктемелі, жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.

іріктемелі тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:

- жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікті талдау;

- жоспардан тыс тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне талдау;

- бұзушылықтар анықталған жоспардан тыс тексерулердің есебін жүргізеді.

Реттеуші органдар тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктемелі тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда) тексерілетін субъектілерді (объектілерді) нүктелік тексеру жүргізу кезінде іріктеу үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін құру әдістемесін уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Үшінші топқа жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.

Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеру негіздері осы Кодекстің 247-бабының 5-тармағында айқындалған.

5. Төртінші топқа тексерулер жүргізілместен тек бақылау мен қадағалаудың өзге нысандары ғана жүргізілетін үшінші тұлғаларға қатысты мүліктік жауапкершілікті сақтандырған тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.

6. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет салаларын осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу бақылау және қадағалаудың әр саласы үшін тәуекелдерді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.

7. Егер тексерілетін субъект үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған болса, осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес 2 және 3 топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер 4 топқа ауыстырылады.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау