Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі



жүктеу 5,76 Mb.
бет19/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

302-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі

1. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметі мониторингінің мақсаты, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады. 

2. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептілікті - ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін, екінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша қаржылық есептілікті - келесі жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде;

2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы тоқсан сайынғы ақпаратты - есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде;

3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілетін монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен табыстылық деңгейі туралы, монополияға қарсы орган белгілейтін нысан бойынша тоқсан сайынғы ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейінгі мерзімде беруге міндетті.


303-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу

1. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің  мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - табиғи немесе мемлекеттік монополия жағдайындағы нарықтарды қоспағанда, тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізбесі;

2. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу Монополияға қарсы орган басқармасының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

3. Тiзiлiм монополияға қарсы орган белгiлеген нысан бойынша бекiтiледi.

4. Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан алып тастау) туралы шешiм қабылдаған жағдайда осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан алып тастау) туралы шешiмдi қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрмені жiбередi.

5. Тұлғалар тобы тiзiлiмге бiртұтас нарық субъектiсi ретiнде енгiзiледi және бұл ретте тұлғалар тобына кiретiн, тиiстi тауар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетiледi.

6. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан алып тастау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
304-бап. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау

1. Үстем немесе монополиялық жағдайдың туындауының немесе күшеюінің және (немесе) бәсекелестікті шектеудің алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмілені (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға не осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер туралы хабардар етуге монополияға қарсы органның алдын ала келісімін алудан көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 

2. Экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген не жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтінішхатпен жүгiнедi немесе монополияға қарсы органды осы Кодексте көзделген тәртiппен жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабардар етедi.

3. Осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген экономикалық шоғырлануды жасауға ниеттенген нарық субъектілері алдын ала келісім алу үшін монополияға қарсы органға өтінішхатпен осы Кодексте көзделген тәртіппен жүгінуге құқылы.

4. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсiмдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданылып жүргiзiлетін жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтінішхат конкурс рәсiмi басталғанға дейiн де, одан кейiн де, бiрақ жеңiмпаз жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.

5. Осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тiркеушi орган нарық субъектiлерiн, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi монополияға қарсы органның келiсiмiмен жүзеге асырады.

6. Монополияға қарсы органның келiсiмiнсiз жасалып, нарық субъектiсiнiң немесе тұлғалар тобының үстем немесе монополиялық жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекелестiктi шектеуге әкеп соққан экономикалық шоғырлануды сот монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Осы бапты бұза отырып жүзеге асырылған нарық субъектiсiн, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен заңсыз деп танылуы мүмкiн және олардың күшi жойылады.


305-бап. Экономикалық шоғырлану

1. Мыналар:

1) нарық субъектiсiн бiрiгу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;

2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiне, пайларына) иелiк етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес немесе одан да аз пайызына иелiк етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жиырма бес пайызынан астамына иелiк ету құқығына ие болады;

3) егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасы болып табылатын мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе басқаға беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерiн меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы;

4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды сатып алуы;

5) бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.

2. Мыналар:

1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында аталған ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беруге қатыспауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн, пайларын) қаржылық ұйымдардың сатып алуы, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржылық ұйымдар мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін табыс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында нарықтың басқа субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржылық ұйымдардың сатып алуы немесе меншігіне алуы;

2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;

3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру, егер мұндай мәмiлелер бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, экономикалық шоғырлану деп танылмайды.

3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығындағы акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнi белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын немесе мәмiлеге қатысушы тұлғалардың бiрi тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсi болып табылатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi не осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы оның хабарламасы талап етiледi.

4. Егер қаржылық ұйым активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерден асып кетсе, қаржылық ұйымның қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.

Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржылық ұйым және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асыратын жағдайда, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.

5. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде аталған нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерiн және тауарлар өткiзу көлемiн белгiлеуге құқылы.

6. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен табыстың сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.

Егер нарық субъектiсi қызметiн бiр жылдан кем мерзiмде жүзеге асырған жағдайда, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.

7. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.

Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
306-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттар беретiн тұлғалар

1. Осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда монополияға қарсы органға өтінішхатты тиiстi шешiм қабылдайтын тұлға немесе нарық субъектiсiнiң құрылтайшылары (қатысушылары) бередi.

2. Осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға дауыс беретін акцияларды (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларын), негiзгi өндiрiс құралдарын, материалдық емес активтердi немесе тиiстi құқықтарды сатып алатын тұлға бередi.

3. Егер осы Кодекстің 50-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мәмiлелердiң тарапы болып бiрнеше тұлға әрекет етсе, онда өтінішхатты мәмiленің қалған қатысушыларының атынан олардың бiреуi бере алады. Өтінішхатта экономикалық шоғырлануды жасау туралы шешiмдi қабылдаған тұлғалардың мүдделерiн монополияға қарсы органда бiлдiруге уәкiлеттi тұлға көрсетiледi.


307-бап. Өтінішхатты беру тәртібі

1. Өтінішхат осы Кодекстің 53-бабында аталған құжаттар мен мәліметтер қоса тіркеле отырып, монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша жазбаша түрде жасалады. 

2. Өтінішхатта көрсетілген мәліметтер және өтінішхатқа қоса тіркелген құжаттар дәйекті және толық болуға, түпнұсқа немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған түпнұсқа көшірмелері түрінде табыс етілуге тиіс. Өтінішхатқа қол қойған тұлға өтінішхатта және оған қосымшаларда берілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігі мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.

3. Өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және өтінішхат беруші тұлғаның мөрімен расталады.

Жеке тұлға табыс ететін өтінішхат және оған қосымшалар тігілген түрде беріледі және жеке тұлғаның нотариат куәландырған қолымен расталады.

4. Табыс етілетін құжаттар мен мәліметтер нөмірленеді және осы Кодекстің 53-бабының тармақтары мен тармақшаларының нөмірлері көрсетіле отырып табыс етіледі. Тармақтың және тармақшаның әрбір сұрағына толық жауап беріледі.

Толық ақпарат табыс ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, экономикалық шоғырлануға қатысушы бағалау немесе болжамдық ақпаратты, оның бағалау немесе болжамдық болып табылатынын көрсете отырып береді, сондай-ақ ақпараттың алынған көздері мен пайдаланылған бағалау мен болжам жасау әдістері көрсетіледі.

5. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат «коммерциялық құпия» деген міндетті белгімен табыс етіледі.

6. Өтінішхатқа мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін, сондай-ақ уақыт кезеңі көрсетіле отырып, жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін табыс етіледі.

Жыл басынан бергі ағымдағы кезең үшін жасалған мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар өтінішхат берілген жылдың алдындағы қаржы жылы үшін табыс етіледі.

Егер нарық субъектісі өтінішхат берілгеннің алдындағы соңғы қаржы жылынан аз мерзім ішінде жұмыс істеген жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісінің қызметті жүзеге асыруы басталғаннан бергі уақыт үшін табыс етіледі.

7. Нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) Қазақстан Республикасында тауарлар өндіру көлемдері туралы, өткізу туралы, тауарлар экспорты мен импортының көлемі туралы мәліметтері өтінішхат берілген жылдың алдындағы екі қаржы жылы үшін, жыл басынан бастап ағымдағы кезең үшін табыс етіледі, сондай-ақ ағымдағы кезеңнен кейінгі үш жылға арналған болжам табыс етіледі.

Егер нарық субъектісі қызметін өтінішхат берілген кезге қарай екі жылдан аз уақытта жүзеге асырған жағдайда, мәліметтер мен құжаттар нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруы басталғаннан бергі уақыт үшін табыс етіледі.

8. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Кодекспен қорғалатын құқықтарын елеулі түрде қозғауы мүмкін болса, олар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарауға қатысуға құқылы.

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарауға үшінші тұлғаларды тарту мәселесін монополияға қарсы орган шешеді, ол туралы өтінішхат берген тұлға хабардар етіледі.
308-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатқа қоса берілетін құжаттама

1. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға ұсыну үшiн қажеттi құжаттамада:

1) тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;

2) қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;

3) құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;

4) құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті беру мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;

5) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

6) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып  табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес)  мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

7) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

8) қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

9) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде өндiру мен өткiзу болжамы қамтылады.

2. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:

1) шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;

2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;

4) өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-қимылдар жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

5) өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

6) мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;

7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

3. Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты монополияға қарсы органға беру үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) шарт немесе шарттың жобасы;

2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:

жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;

атауы, заңды және нақты мекенжайлары;

жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;

акциялардың түрлерi;

сатып алынатын мүлiктi пайдалану арқылы өндiрiлетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;

3) баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;

4) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;

5) тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдалану арқылы тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;

6) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.

4. Шетелдiк заңды тұлғалар осы бапқа сәйкес берілетін ақпараттан басқа қосымша мыналарды:

1) өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес оның заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;

2) егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;

3) егер сатып алушының – шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысуы бар нарық субъектiсiнiң Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты береді.

5. Осы Заңның 304-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты осы Заңның 311-бабында көзделген құжаттар мен мәліметтердің тізбесін ұсына отырып, тиісті құқықтарды сатып алатын тұлға береді.

6. Егер қосымша мәлiметтердiң және (немесе) құжаттардың болмауы өтінішхатты қарауға кедергi келтiретiн болса, монополияға қарсы орган оларды нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттiк органдардан сұратуға құқылы.

Монополияға қарсы орган ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшiн белгiлейтiн мерзiм күнтiзбелiк он күннен кем болмауға тиiс.
309-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау мерзімдері

1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхатты берушi тұлғаны өтінішхатты қарауға қабылдағаны туралы немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк елу күннен аспауға тиiс.

3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот аталған өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхатты берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.

5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, ол жөнінде монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

6. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, ол жөнінде өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.
310-бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi

Осы Кодекстің 305-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасасқан нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Кодекстің 305-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.

Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.

Монополияға қарсы органды:

1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерiнің, байқаушы кеңестерiнің немесе басқарудың басқа да органдарының құрамына кіретін жеке тұлғаның олардың кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындауы жағдайында аталған жеке тұлға;

2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiнiң орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденіп алатын (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарттың, бiрлескен қызмет туралы шарттың, тапсырма шартының негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау