Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен баға



жүктеу 5,76 Mb.
бет18/30
Дата17.11.2017
өлшемі5,76 Mb.
#668
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

281-бап. Монопсониялық жағдай және монопсониялық төмен баға

1. Сатып алушы ретінде үстем немесе монополиялық жағдайға ие, тиісті тауар нарығындағы үлесі жетпіс және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы монопсониялық жағдай болып танылады. 

2. Монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауарды сатып алатын тауар бағасы, егер: 

1) осы баға монопсониялық жағдайға ие нарық субъектісіне тауар өткізетін нарық субъектілері есебінен өндіру және (немесе) өткізу шығындарын төмендету жолымен оған қосымша табыс алуға мүмкіндік берсе; 

2) осы баға тауар өткізуші нарық субъектісіне осындай тауарды өндіру мен өткізуіне қажетті шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, монопсониялық төмен баға болып табылады. 

3. Егер тауардың бағасы осы баптың 2-тармағында аталған критерийлердің біреуіне де сәйкес келмесе, ол монопсониялық төмен баға болып танылмайды.


282-бап. Монополиялық табысты аударудан босату

1. Монополияға қарсы орган, нарық субъектілерін, жиынтығында мынадай талаптар сақталған: 

1) нарық субъектісі монополияға қарсы органға бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы мәлімдеген кезде, монополиялық орган басқа көздерден бәсекелестікке қарсы осы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер туралы ақпарат алмаған; 

2) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерге немесе келісілген іс-әрекеттерге өзінің қатысуын тоқтату жөнінде шұғыл шаралар қабылдаған; 

3) нарық субъектісі мәлімдеген кезден бастап бүкіл тергеу барысында бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер фактілері туралы бар ақпаратты хабарлаған; 

4) нарық субъектісі бәсекелестікке қарсы келісімдерді немесе келісілген іс-әрекеттерді жасау салдарынан тұтынушыларға келтірілген нұқсанды ерікті түрде өтеген жағдайда, бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген іс-әрекеттер жасау салдарынан алған монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді. 

2. Нарық субъектісінің шын өкінуіне байланысты монополиялық табысын алып қоюдан босату туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік заңнамаларының нормаларына сәйкес қабылдайды.
19-тарау. Жосықсыз бәсекелестік
283-бап. Жосықсыз бәсекелестік

1. Құқыққа сыйымсыз артықшылықтарға қол жеткізуге немесе оларды беруге бағытталған, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын бәсекелестіктегі кез келген іс-әрекеттер жосықсыз бәсекелестік болып табылады. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. 

2. Жосықсыз бәсекелестікке мынадай іс-әрекеттер жатады: 

1) тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану; 

2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану; 

3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу; 

4) нарық субъектісінің беделін түсіру; 

5) көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама; 

6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу); 

7) сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру; 

8) сатып алушының (өнім берушінің) беделін түсіруге шақыру; 

9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру; 

10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық; 

11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық; 

12) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;

13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;

14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы.
284-бап. Тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану

Бөгде тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, фирмалық атауын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекті тауарлар үшін олармен ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану немесе құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз әдеби, көркем шығармалардың, мерзімді басылымдардың атауын пайдалану немесе буманы тұтынушыны тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп пайдалану тауар таңбаларын, буманы құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.


285-бап. Басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану

Құқық иеленушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсатынсыз өндірушінің белгілерін өзгерту не алып тастау жолымен басқа өндірушінің тауарын өз белгісімен шаруашылық айналымына енгізу басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.


286-бап. Бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу

1. Нарықтың басқа субъектісі бұйымының сыртқы түрін қайта жасап шығару және оны тұтынушыны тауар өндірушіге қатысты жаңылыстыруға ұшыратуы мүмкін болатындай етіп шаруашылық айналымға енгізу бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу болып табылады. 

2. Егер мұндай көшіріп алу олардың функционалдық қолданылуына ғана байланысты болса, бұйымның сыртқы түрін немесе оның бөліктерін көшіріп алу құқыққа сыйымсыз болып танылмайды.
287-бап. Нарық субъектісінің беделін түсіру

Нарық субъектісінің қызметіне байланысты көрінеу жалған, дәйексіз мәліметтерді кез келген нысанда тарату нарық субъектісінің беделін түсіру болып табылады.


288-бап. Көрінеу жалған, жосықсыз және дәйексіз жарнама

Жосықсыз, дәйексіз және көрінеу жалған жарнамалардың белгілері Қазақстан Республикасының заңдарынасәйкес белгіленеді.


289-бап. Мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу)

Сатушының (өнiм берушiнiң) немесе сатып алушының тауарды өткiзуі (сатып алуы) кезiнде сатушының (өнім берушінің), тұтынушының құқығына қысым жасайтын және өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сай мәмiленiң нысанасына қатысы жоқ қосымша талаптарды немесе шарттарды белгiлеу жөнiндегi кез келген iс-әрекеттерi мәжбүрлi ассортиментпен тауар өткiзу (сатып алу) болып табылады.


290-бап. Сатушыға (өнім берушіге) бойкот жасауға шақыру

Бәсекелестің тікелей өзі немесе делдал арқылы ұйымдастырған, сатып алушылардың сатушымен (өнім берушімен) шарттық қатынастарды орнатудан немесе оның тауарларын сатып алудан бас тартуға бағытталған іс-әрекеттері сатушыға (өнім берушіге) немесе оның тауарына бойкот жасауға шақыру болып табылады.


291-бап. Сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру

Сатып алушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы өнім берушіні (сатып алушыны) шарт жасасудан бас тартуға немесе маңызы бірдей шарттар бойынша өзге де сатып алушыларға (өнім берушілерге) кемсітетін талаптар қолдануға мәжбүрлеуге бағытталған іс-әрекеттері сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру болып табылады.


292-бап. Бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру

Нарық субъектісінің тікелей өзі немесе делдал арқылы материалдық сыйақы, басқа да артықшылықтар беру немесе ұсыну не нарық субъектісінің қызметін жүзеге асыруына негізсіз кедергі келтіру арқылы бәсекелеспен шартқа қатысушының - нарықтың өзге субъектісінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына бағытталған іс-әрекеттері бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру болып табылады.


293-бап. Сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық

Сатып алушы бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатушы (өнім беруші) қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатып алушы бәсекелесінің сатып алушы алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатып алушының шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғу мүмкін болса, сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық болып табылады.


294-бап. Сатып алушының қызметкерін сатып алушылық

Сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің тікелей өзі немесе делдал арқылы сатып алушы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін оған мүліктік және мүліктік емес игіліктерді беруі, бұл сатушы (өнім беруші) бәсекелесінің сатушы (өнім беруші) алдында белгілі бір артықшылықтар алуына және (немесе) сатушының (өнім берушінің) шығын шегуіне әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, қызметкерді сатып алушылық болып табылады.


295-бап. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді құқық иесінің рұқсатынсыз пайдалану коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану болып табылады.


20-тарау. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы
296-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы
1. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысу принциптері: 

1) заңдылық; 

2) негізділік; 

3) шектеулілік;

4) жарысқа қатыспаушылық болып табылады.

2. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы: 

1) мемлекеттік кәсіпорындар құру; 

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен жүзеге асырылады.


297-бап. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері

1. Мемлекет мынадай: 

1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін немесе қоғам мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндігі болмаған; 

2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілер пайдаланылған; 

3) мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және оның тиімділігін талдау үшін құрылатын ұйымдардың қызметтерін жүзеге асыру;

4) тиісті тауар нарығында ұқсас не бірін-бірі алмастыратын тауарды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) іске асыратын жеке кәсіпкерлік (-тер) субъектісі (-лер) болмаған;

5) мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерінде тікелей көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады.

Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, және мемлекетке тікелей немесе жанама тиесілі олармен аффилиирленген тұлғалар осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауар нарығында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ұсынылатын қызметті жүзеге асыратын еншілес ұйымдарды құруға құқығы жоқ.

2. Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда,  монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады. 

2-1. Акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда құру, мемлекеттік-жекешілік әріптестік негізінде жобаның өтемділігі кезеңін ескере отырып, кейіннен мемлекеттің (үлестерін) акцияларын сатумен монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырылады.

Бұл ретте, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген критерийлерге сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге жататын олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға, сондай-ақ мемлекеттің оларға қатысуына тыйым салынады.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құру туралы шешім қабылдайтын орган монополияға қарсы органға негізделген материалдарды монополияға қарсы орган белгілеген нысан бойынша бере отырып, мұндай құру туралы өтінішхат береді. 

Монополияға қарсы орган өтінішхат келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк алпыс күн iшiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру болжанатын тауар нарықтарын тексеруге, осы тауар нарықтарында бәсекелестiктiң даму деңгейi туралы, оның iшiнде осы тауар нарығында мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаның, онымен үлестес тұлғаның қатысу мерзiмi туралы қорытындыны дайындауға және өтінішхатты ұсынған тұлғаға негізделген шешiмдi жiберуге мiндеттi.

4. Монополияға қарсы орган, егер мұндай құру бәсекелестікті шектеуге әкеп соғатын болса, мемлекеттік кәсіпорынды, акцияларының (үлестерінің) елу проценттен астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен аффилиирленген тұлғаларды құруға келісім беруден бас тартады. 

6. Мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін монополияға қарсы органның алдын ла келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды құрған жағдайда, монополияға қарсы орган аталған әрекеттерге сот тәртібімен шағымданады.

7. Осы баптың 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайға ғана қолданылады.


298-бап. Мемлекеттік монополия

1. Мемлекеттiк монополия – осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта қандай да бiр тауарды өндiруге, өткізуге немесе сатып алуға арналған мемлекеттiң айрықша құқығы.

2. Мемлекет тауарларды бәсекелес нарықта өткізу конституциялық құрылыстың, ұлттық қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, халықтың денсаулығын сақтаудың жай-күйіне теріс ықпал етуі мүмкін қызмет салаларында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оларды пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын Заңмен бекіту жолымен бәсекелестікті шектеуге құқылы.

3. Айрықша құқықты іске асыру мемлекеттік монополия субъектісін құру жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметі не Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік кәсіпорын ғана мемлекеттік монополия субъектісі бола алады.

4. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, монополияға қарсы орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

5. Мемлекеттік монополия субъектісіне: 

1) тауарларды өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметті қоспағанда, мемлекеттік монополия саласына жатпайтын тауарлар өндіруге; 

2) заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленуге, сондай-ақ олардың қызметіне өзгеше түрде қатысуға; 

3) мемлекеттік монополияға байланысты құқықтарды басқаға қайтадан беруге;

4) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтін бағалардан ерекшеленетiн баға белгiлеуге тыйым салынады.

Дүлей зілзала, эпидемия, эпизоотия кезінде, сондай-ақ негізгі қызметін одан әрі жалғастыруға кедергі келтіретін шектеулер болған кезде мемлекеттік монополия субъектісіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша негізгі қызметін қайтадан жүргізгенге дейін технологиялық тұрғыдан негізгі қызметіне жақын өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқық беріледі.

6. Мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттiк монополия субъектiлерiнiң осы баптың 3-тармағында белгiленген шектеулердi сақтауын бақылауды монополияға қарсы орган осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

8. Мемлекеттік монополияны енгізген кезде мынадай талаптар сақталады: 

1) нарық субъектілері осы шешім туралы ол қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс; 

2) мемлекеттік монополия күшіне енгізілгеннен кейін осы тауарды алты ай мерзім бойы өндірумен, сатумен айналысқан немесе пайдаланған нарық субъектілері, орындалу мерзімі жоғарыда көрсетілген мерзімнен асатын мәмілелер жасауды қоспағанда, осы тауарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы; 

3) нарық субъектілеріне мемлекеттік монополия енгізу салдарынан келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.

9. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.


21-тарау. Бәсекелестікті қорғау
299-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi, келiсiмдерi
1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға немесе тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасауға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады және олар толықтай немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

2. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерi болып, оның ішінде мыналар танылады:

1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер енгiзу;

2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;

3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты тыйым салуларды белгiлеу немесе шектеулер, нарық субъектiлерiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де шектеулер енгiзу;

4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте сатып алу туралы немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар беру;

5) тауарларды сатып алушылар үшін олардың осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн таңдауына шектеулер белгiлеу;

6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттер;

7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған iс-әрекеттер;

8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, одан шығуын шектеу немесе оларды тауар нарығынан ығыстырып шығару;

9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылықты жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да басымдықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;

10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықты тәртiппен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.

3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасындағы немесе олар мен нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi болғызбауға, шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, тыйым салынады.
300-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган: 

1) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау; 

2) экономикалық шоғырлануға бақылау; 

3) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің 
қызметтеріне мониторинг жүргізеді.
301-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау

1. Тауар нарықтарына талдау жүргізудің мақсаты бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау болып табылады. 

2. Тауар нарығын талдау статистикалық ақпарат және мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын есептіліктің өзге де нысандары негізінде, сондай-ақ осы баптың 11-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпарат негізінде жүргізіледі.

Аталған талдауды жүргізуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылуы мүмкін.

3. Монополияға қарсы орган жыл сайын тауар нарықтарына талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша иеліктен шығаруға жататын мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың тізбесін, оның ішінде мемлекет үлестерін көрсете отырып,  сондай-ақ, бәсекелестік ортаға беруге жататын қызмет түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.

4. Тауар нарығының шекаралары, егер тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегінен тыс жерлерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушының оларды сатып алатын аумағын айқындайды.

Осы тарауда тауар деп азаматтық іріктеу объектісі болып табылатын тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет түсініледі.

Бірін-бірі алмастыратын тауарлар - тұтынушы оларды тұтыну (өндіру) процесінде бірін-бірімен алмастыра алатындай, өзінің функционалдық мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын тауарлар тобы болуы мүмкін;

5. Тауар нарықтарының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай:

1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігінің; 

2) көлік шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін-өзі ақтайтындығының;

3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасы, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттері сақталуының;

4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулер (тыйым салу) болмауының;

5) өз шегінде тауарлардың сатылуы, берілуі жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлар болуының критерийлері бойынша айқындалады.

6. Тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындауды монополияға қарсы орган:

1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезінде;

2) тізілімді қалыптастыру және жүргізу кезінде;

3) жеке тұлғаның, нарық субъектісінің және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның дәлелді өтініші болған жағдайда;

4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.

7. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.

Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі ғана қосылады.

8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.

9. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес проценттен асатын субъектілердің ақпараты болған кезде мүмкін болады.

10. Монополияға қарсы орган мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша тауарлардың өзара алмастырылуының және оларды сатып алуға қолжетімділіктің, тауар нарығы шекараларының, оны талдаудың және бәсекелес ортаның жай-күйін бағалаудың критерийлерін айқындау әдістемесін тауардың ерекшелігін және Қазақстан Республикасының экономиканың тиісті саласын реттейтін заңнамасын ескере отырып, уәкілетті органмен келісім бойынша, ал қаржылық ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.

11. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, салық және кеден органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті дәйекті құжаттарды, жазбаша және ауызша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.


жүктеу 5,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау