245-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Реттеуші органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандары жөніндегі міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын реттеуші органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
2. Жеке кәсіпкерлік саласындағы барумен тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру және бақылау мен қадағалаудың міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
3. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің және барумен жүргізілетін бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурсында ай сайын жарияланады.
4. Ведомстволық есеп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары бойынша жүргізілмейді.
246-бап. Тексеру парақтары
1. Реттеуші органдар өз құзыреті шегінде тексерілетін субъектілердің біртекті топтары үшін тексеру парақтарын бекітеді.
Тексеру парақтарының нысандарын реттеуші органдар әзірлейді және бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында және реттеуші органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандары реттеуші органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және реттеуші органдардың ресми интернет-ресурстарында жариялануға жатады.
2. Тексеру парағы сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын тексерілетін субъектілер қызметіне талаптарды ғана қамтиды.
3. Тексерілуге тексеру парақтарында белгіленген талаптар жатады.
247-бап. Тексеру түрлерi
1. Сипаты бойынша тексерулер мынадай түрлерге:
1) жоспарлы;
2) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру жүргізудің айрықша тәртібі;
3) іріктемелі;
4) жоспардан тыс болып бөлінеді.
Жоспарлы тексеру – реттеуші орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және осы Заңның 13-бабының 2-тармағында белгіленген жоспарлы тексерулерді жүргізу мерзімділігін ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты бақылау және қадағалау органы тағайындайтын тексеру.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру жүргізудің айрықша тәртібі - бақылау және қадағалау органдары тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатерді жою мақсатында тағайындайтын тексеру.
Іріктемелі тексеру – бақылау және қадағалау органы нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижесінде, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қауіпті жою мақсатында тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру – бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатерлерді жою мақсатында нақты тексерілетін субъектіге қатысты тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мәнжайлар бойынша тағайындайтын тексеру.
2. Тексерулер көлемі бойынша:
1) кешенді тексерулер;
2) тақырыптық тексерулер болып бөлінеді.
Кешенді тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кешені бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру – тексерілетін субъектінің қызметін осы Заңның 234-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.
3. Тексеру жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын өзгертуге жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жоспарлы тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жиынтық жоспарын ағымдағы күнтiзбелiк жылдың жирма бесінші желтоқсанына дейiнгi және ағымдағы күнтiзбелiк жылдың жиырма бесінші мамырына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
4. Бақылау және қадағалау органы тәуекелдердi бағалау жүйесi iс-шараларының нәтижелерi негiзiнде бекiткен жоспар тексерiлетiн субъектiлерге жоспарлы тексеру тағайындау үшiн негiз болады.
5. Мыналар:
1) тексеру нәтижесінде және өзге де бақылау және қадағалау түрленің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықьарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылылардың, ұсынымдардың, хабарламалрдың) орындалуын бақылау;
2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал тигендігі туралы нақты фактілер бойынша өтініштері;
3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
4) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал тигендігі не залал тигізу қаупі туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
5) өзге мемлекеттік органдардың адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал тигендігі не залал тигізу қаупі туралы нақты фактілер бойынша өтініштері;
6) тексерудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алу мақсатында, тексерiлетiн субъектiнiң азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн қарсы тексеру;
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде көзделгеннегіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушiлердiң өтiнiштерi, Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 627-бабында айқындалған мәлiметтер мен мәселелер,
9) тексерiлетiн субъектiнiң «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттердi жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруi негiз болып табылады.
6. Жоспардан тыс тексерулер иесi көрсетiлмеген өтiнiштер болған жағдайларда жүргiзiлмейдi.
7. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
8. Эпидемия, карантиндiк объектiлер және аса қауiптi зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттiк аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатерi төнген жағдайларда объектiлерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүргiзiледi.
9. Жалған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткiзу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндiру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткiзу мәселелерi бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерiлетiн субъектiге алдын ала хабарлама жасалмай жүргiзiледi.
10. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектiлерде немесе субъектiлерде жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеместен, оны кейiннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға келесi бес жұмыс күнi iшiнде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
Тексерудi тағайындау туралы актi тiркелетiн жерден тексеру жүргiзiлетiн жерге дейiн жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тiркеушi органдар орналасқан жерден едәуiр шалғайда орналасу болып есептеледi.
11. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзу үшiн санамаланған негiздер мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiне, қызметiн әдiлет органдарында тiркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
12. Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде көзделген тексерулердi қоспағанда, осы Кодексте белгiленбеген өзге де тексеру түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.
248-бап. Тексерулердi тағайындау туралы акт
1. Тексеру мемлекеттiк органның тексерудi тағайындау туралы актiсi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Тексерудi тағайындау туралы актiде:
1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
2) мемлекеттiк органның атауы;
3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда) және лауазымы;
4) тексерулер жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болғанда), оның орналасқан жерi, сәйкестендiру нөмiрi, аумағының учаскесi көрсетiледi.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексерудi тағайындау туралы актiде оның атауы және орналасқан жерi көрсетiледi.
6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
7) тексеру жүргiзудiң мерзiмi;
8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексеруге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;
9) тексерiлетiн кезең;
10) осы Кодекстің 258-бабында көзделген тексерiлетiн субъектiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
11) актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.
249-бап. Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеу
1. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда мемлекеттік инспекцияның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сқтауын жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органында мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және қатерлерді басқарудың ведомстволық жүйесін қалыптастыру және жетілдіру үшін пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнiң тiркелуi осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда мемлекеттік инспекцияның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтауын жоспардан тыс тексерулерді, салық қызметi органдары жеке кәсіпкерлік субъектілері шегінде жүзеге асыратын қарсы тексерулерді тағайындау туралы актілер жөніндегі жалпы мәліметтер тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiліп отырады.
2. Бақылау және қадағалау органының тексерудi тағайындау туралы актiсi тексерулер басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда, оны тексерiлетiн субъектiнiң орналасқан жерi бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне ұсыну, оның iшiнде электронды форматта ұсыну арқылы тiркеледi.
Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзiмдерiн ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарламаларды тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексерудi жүргiзу қажеттiгi қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне төнген қауiптi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулердi жұмыстан тыс уақытта (түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзген кезде бұзушылықтарды жасау кезiнде тiкелей олардың жолын кесу қажеттiгiне қарай және айғақтарды бекiту үшiн кейiнге қалдыруға болмайтын iс-қимылдар жасау үшiн тексерулер тағайындау туралы актiнi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тексерулер басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
250-бап. Тексерудi жүргiзу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзудiң мерзiмдерi мен нысанасын көрсете отырып, тексерудiң өзi басталғанға дейiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жоспарлы тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiнi жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Кодекстің 247-бабы 5-тармағының 2), 7), 9) және 10) тармақшаларында, 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк орган тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, тексерудiң өзi басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi.
1-1. Жоспарлы, іріктемелі, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің айрықша тәртібі бойынша тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтардың тікелей оларды жасау кезінде жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
2. Объектiге тексеру үшiн келген мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгi қойылған тексерудi тағайындау туралы актiнi;
2) қызметтiк куәлiгiн;
3) қажет болған кезде режимдi объектiлерге баруға арналған құзыреттi органның рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiлген, объектiлерге бару үшiн қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
5) жоспарлы тексеру кезiнде тексеру парағын көрсетуге мiндеттi.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тексерiлетiн субъектiге берген күннен бастап тексеру жүргiзу басталған болып есептеледi.
3. Тексерудi тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамының тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарға қол жеткiзуiне кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы қол қояды.
Тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамы бас тарту себебi туралы жазбаша түсiнiктеме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудi жүргiзбеу үшiн негiз болып табылмайды.
4. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргiзе алады. Бұл ретте тексеру жүргiзушi лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруi мүмкiн, бұл туралы тексерiлетiн субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi орган тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейiн, ауыстыру себебi көрсетiле отырып, хабардар етiледi.
5. Тексерілетін субъектіні (объектіні) бір уақытта бірнеше бақылау және қадағалау органдарының тексеру жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау актісін ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Бір бақылау және қадағалау органының бір ғана мәселелер шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектілерге бір мезгілде тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалылығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың түпнұсқалығы;
5) лицензияның болуы;
6) этил спиртін босатуға рұқсаттың болуы;
7) патенттің болуы;
8) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы;
9) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерулердi қоспағанда, осы орган тексерiлетiн әрбiр субъектiге тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.»;
251-бап. Тексеру жүргiзу мерзiмi
Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілерінде Қазақстан Республикасының еңбек туралы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокәсіпкерлік субъектілері үшін - бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын субъектілер үшін отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, олар үшін салалық ерекшеліктері ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер – он бес жұмыс күніне дейін және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген;
3) салынып жатқан объектілерде олардың техникалық киындығына қарай Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманы сақтау саласында:
техникалық қиын объектілерге жататындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын мерзімдері;
техникалық қиын объектілерге жатпайтындарға - жұмыс күнінің бес сағатынан аспайтын және жұмыс күнінінің он екі сағатына дейін ұзартылатын мерзімдері белгіленген.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулердi жүргiзу кезiндегi жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемiнiң ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзудiң мерзiмiн отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге бiр рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзiмдерi ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркей отырып, тексерудi ұзарту туралы қосымша актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тiркелген күнi және ұзартудың себебi көрсетiледi.
Тексеру бiр айдан аспайтын мерзiмге бiр рет тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Тексеру жүргiзу аясында шет мемлекеттерден елеулi мәнi бар мәлiметтер және құжаттар алу, отыз жұмыс күнiнен асатын мерзiмде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған жағдайларда тексеру жүргiзу мерзiмi оларды алғанға не орындағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Тексерiлетiн субъектiнi тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексерудi тоқтата тұруға не қайта бастауға дейiн бiр күн бұрын жүргiзiледi.
Тексерудi тоқтата тұру немесе қайта бастау кезiнде тексерудi тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексерудi жүргiзу мерзiмiн есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгiленген мерзiмдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерiлетiн субъектiнi тексерудi қайта жүргiзуге жол берiлмейдi.
Салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзудiң, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртiбi мен мерзiмдерiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалады.
252-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiмдердiң
үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны нормативтiк құқықтық актiлердiң және Қазақстан Республикасының нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
2. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерiлетiн субъект басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiмнiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен расталады.
Өнiмдердiң iрiктеп алынған үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.
3. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.
Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiмнiң үлгiлерiмен бiрге сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Iрiктеп алынған өнiмдердiң үлгiлерiн сақтау және тасымалдау осы үлгiлердi сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) жүргiзiлетiн өлшемдердi өзгертуге тиiс емес.
Сараптау (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 234-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
7. Тексерiлетiн субъектi өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттi ұйымда өзiнде қалған үлгiге сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптамалар нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi.
253-бап. Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:
1) жасалу орны және күнi;
2) соның негiзiнде өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
3) өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты;
4) өнiмдердiң үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және орналасқан жерi;
5) тексерiлетiн субъект уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң аты;
6) өндiрушiнi, өндiру күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiмдер үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;
7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |