|
23-бап. Жай акциялар бойынша дивидендтер
1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Жалпы жиналыстың жай акциялар бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.
Қоғамның жай акциялары бойынша жыл қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қабылдайды.
Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдап, оны қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күнi ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға құқылы.
2. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс. Бұл ретте жария компаниялар осы шешімді өздерінің корпоративтік веб-сайтында да жариялауға тиіс.
3. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай мәліметтер:
1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банк және өзге де реквизиттері;
2) дивидендтер төленетін кезең;
3) бір жай акцияға шаққандағы дивидендтің мөлшері;
4) дивидендтер төлеудің басталатын датасы;
5) дивидендтер төлеудің тәртібі мен нысаны болуға тиіс.
4. Дивидендтерді төлеу қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылданған кезден бастап тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу акционердің қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне өзі туралы қажетті мәліметтердің енгізілгенін растайтын құжатпен бірге қоғамға өтініш жасаған кезден бастап тоқсан күн ішінде жүзеге асырылуға тиіс.

| Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» Акционерлік қоғамның қоғам акциялары бойынша дивидендтерді төлеу тәртібін оңтайландыру мақсатында. Бұған қоса, бұл түзетулер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде өзекті мәліметтері жоқ акционерлерге қоғам акциялары бойынша дивидендтерді есептеу және төлеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұндай акционерлерге есептелген дивидендтердің сомасы акционерлік қоғамның несие берешегі ретінде есепке алынады. |