20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп
Қоғам уәкілетті органға акцияларды орналастырудың әрбір кезеңдік қорытындысы бойынша қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін, қоғамның акцияларын орналастырудың есептік кезеңі аяқталған келесі күннің қырық бес күнтізбелік күн ішінде немесе оларды толық орналастырған күнге шейін тапсыруға міндетті.
Қоғам уәкілетті органға қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы акцияларды орналастыру есептік кезеңі қорытындысы бойынша оларды одан әрі орналастыру мақсатында андеррайтермен тұрақты міндеттемелер әдісімен қоғамның акцияларын сатып алған жағдайда есеп ұсынуға міндетті.
Егер есептік кезеңде қоғамның акциялары орналастырылмаған жағдайда, қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есеп есептік кезең қорытындысы бойынша уәкілетті органға тапсырылмайды.
2. Акцияларды орналастырудың есептік кезеңі кезекті күнтізбелік он екі ай болып есептеледі.
Қоғамның акцияларын орналастырудың есептік кезеңі басталған күн шығарылған жарияланған қоғамның акцияларының мемлекеттік тіркелген күні болып есептеледі.
Қоғамның акцияларын орналастырудың келесі есептік кезеңі басталған күн алдағы он екі айлық есептік кезең аяқталған күн болып есептеледі.
Қоғамның жарияланған акцияларын толық орналастырған күн, эмитенттің дербес шотынан жарияланған эмиссиялы бағалы қағаздарды есептеу үшін, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесінде тіркелген тұлғалардың дербес шотына қоғамның жарияланған акцияларын есептен шығару бойынша соңғы операция күні болып есептеледі, осы операциялар жүргізілген соң эмитенттің дербес шотында қоғамның жарияланған акциялары қалмайды.
3. Қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есепті қарастыру және бекіту үшін уәкілетті органға келесі құжаттар ұсынылады:
1) ерікті түрде құрылған ілеспе хат;
2) қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есеп;
3) қоғам акцияларын төлеуді растайцтын құжаттардың көшірмелері;
4) ай аяғы бойынша құрылған шоғырландырылмаған қаржылық есептілік, нәтижесінде акцияларды орналастырудың есептік кезеңі, немесе қоғамның барлық жарияланған акцияларын орналастырылған кезең аяқталды.
4. Қоғамның орналастырылған акцияларын аталған қоғам акцияларының бір түрін екінші түрге айырбастаған жағдайда, қоғам уәкілетті органға аталған қоғамның акцияларын қоғамның орналастырылған акцияларын айырбастау туралы есепті осындай кезекті айырбас күнінен бір ай ішінде тапсыруы тиіс.
5. Қоғамның орналастырылған акцияларын аталған қоғамның акцияларының бір түрінен екінші түріне айырбастрау туралы есепті қарастыру және бекіту үшін қоғам уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады:
1) ерікті түрде құрылған ілеспе хат;
2) қоғамның орналастырылған акцияларын аталған қоғамның акцияларының бір түрінен екінші түріне айырбастау туралы есеп;
3) қоғамның орналастырылған акцияларын аталған қоғамның акцияларының бір түрінен екінші түріне айырбастау барысына негізделген шешімнің (хаттаманың) көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарымен ұсынылға құжаттарға сәйкес қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есепті немесе қоғамның акцияларын аталған қоғамның акцияларының бір түрінен екінші түріне айырбастау туралы есепті бекітеді.
7. Егер осы баптың 3,4 және 5-бөлімдерінде көрсетілген құжаттарды қарастыру барысында, олардың Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген талаптарға сәйкес болмау фактілері анықталатын болса, уәкілетті орган қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есепті немесе қоғамның орналастырылған акцияларын аталған қоғамның акцияларының бір түріне екінші түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартады.
8. Қоғамның акцияларын орналастыру қорытындысы туралы есептің құрылымы мен мазмұнына қатысты талаптар, қоғамның орналастырылған акцияларын аталған қоғамның акцияларының бір түрінен екінші түріне айырбастау туралы есеп және оларды рәсімдеу тәртібі уәкілетті органның нормативті актілерімен белгіленеді.
|