|
59-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі сыртқы аудит
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жай-күйін тексеру және растау үшін серіктестік өз жарғысында белгіленген жағдайларда және тәртіп бойынша серіктестікпен, оның атқарушы органының, байқаушы кеңесінің мүшелерімен немесе қатысушыларымен арада мүліктік мүдделермен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды (сыртқы аудит) тартуға құқығы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мынадай:
1) оның құрамында жарғылық капиталындағы қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;
2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің үш миллионнан астам еселенген мөлшерінен жоғары болған шарттарды бір мезгілде орындаған кезде ол үшін жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу міндетті болып табылады.
Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жарғылық капиталға қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.
…
|
59-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі сыртқы аудит
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жылдық қаржылық есептемелерінің дұрыстығын, сондай-ақ оның істерінің ағымдағы жай-күйін тексеру және растау үшін серіктестік өз жарғысында белгіленген жағдайларда және тәртіп бойынша серіктестікпен, оның атқарушы органының, байқаушы кеңесінің мүшелерімен немесе қатысушыларымен арада мүліктік мүдделермен байланысы жоқ аудиторлық ұйымды (сыртқы аудит) тартуға құқығы бар.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мынадай:
1) оның құрамында жарғылық капиталындағы қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;
2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан көп және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің үш миллионнан астам еселенген мөлшерінен жоғары болған шарттарды бір мезгілде орындаған кезде ол үшін жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізу міндетті болып табылады.
Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жарғылық капиталға қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша серіктестік есебінен жүргізіледі.
…
| |