[2018 жылдың «____» __________]
«Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы және «Казкоммерцбанк»
акционерлік қоғамының акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысын өткізу туралы
хабарлама
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ толық атауы: «Қазақстан Халық жинақ банкі»
акционерлік қоғамы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ атқарушы органының толық атауы: Қазақстан Халық
жинақ банкі» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан
Республикасы, А26М3К5, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғ., 40-үй.
«Казкоммерцбанк» АҚ толық атауы: «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы.
«Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Казкоммерцбанк»
акционерлік қоғамының басқармасы.
«Казкоммерцбанк»
АҚ
атқарушы
органының
орналасқан
жері:
Қазақстан
Республикасы, А15Е4D4, Алматы қ., Бостандық ауданы, Гагарин даңғ., 135 «ж».
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының (бұдан әрі –
Акционерлік қоғамдар туралы заң) 37, 41 және 83-баптарына, Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі» туралы» заңының (бұдан әрі –
Банктер туралы заң) 60 және 60-1 баптарына сәйкес Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік
қоғамының (бұдан әрі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) Директорлар кеңесі және
«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Казкоммерцбанк» АҚ) Директорлар
кеңесі жиналысқа шақыруға бастама көтеруші ретінде Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу
ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 40-үй мекенжайында орналасқан конференц-залда 2018 жылғы 20
сәуірде сағат 12:00-де (алматы уақыты бойынша) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысы (бұдан әрі сондай-ақ –
акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетінін хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
акционерлерін тіркеу акционерлердің жалпы жиналысы өтетін жерде сағат 9:00 (алматы уақыты
бойынша) басталып, сағат 11:45 (алматы уақыты бойынша) аяқталады.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу үшін «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерін
тіркеу акционерлердің жалпы жиналысы өтетін жерде сағат 9:00 (алматы уақыты бойынша)
басталып, сағат 11:45 (алматы уақыты бойынша) аяқталады.
Акционерлердің жалпы жиналысының кворумы болмаған жағдайда, акционерлердің қайта
жалпы жиналысы Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 40-үй
мекенжайында орналасқан конференц-залда 2018 жылғы 23 сәуірде сағат 12:00-де (алматы уақыты
бойынша) өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
акционерлер тізімі 2018 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің деректерінің негізінде жасалады.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар «Казкоммерцбанк» АҚ
акционерлер тізімі 2018 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің деректерінің негізінде жасалады.
2
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ
акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысының күн тәртібі:
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің бірлескен
жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің бірлескен
жалпы жиналысының Есеп комиссиясының сандық құрамын және уәкілеттік мерзімін анықтау,
оған мүшелерді сайлау туралы.
3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа «Казкоммерцбанк» АҚ біріктіру нысанында
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы.
4. Акцияларды айырбастау коэффициентін бекіту туралы. Акцияларды сатып алу тәртібі
мен мерзімдері туралы.
5. «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамын «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік
қоғамына біріктіру шартын бекіту туралы.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес акционерлердің
жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар акционерлер танысуы үшін
акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қолжетімді болады:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлері үшін – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Басқармасы орналасқан жерде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ корпоративтік веб-
сайтында: http://www.halykbank.kz;
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері үшін – АҚ Басқармасы орналасқан жерде, сондай-ақ
«Казкоммерцбанк» АҚ корпоративтік веб-сайтында: http://www.qazkom.kz.
Акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша
материалдарды сұратқан кезде оған сұрату алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде
жіберіледі, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін әзірлеу және құжаттарды жеткізу шығыстарын
акционер өзі көтереді.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысты ақпаратпен мына телефондар бойынша
танысуға болады:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлері үшін: 8 (727) 259 07 77, 8-8000 8000 59;
«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері үшін: 8 (727) 2 585 221, 8 (727) 2 585 145 ішкі 57868.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлеріне акционерлердің
жалпы жиналысы өткізілетін келесі тәртіппен танысуды ұсынамыз.
Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін келген акционерлерді (олардың
өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Жеке басты куәландыратын құжат өзімен бірге болуы қажет.
Акционердің өкілі оның акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге
уәкілеттігін растайтын сенімхатты немесе акционердің атынан сенімхатсыз әрекет ету немесе
оның мүддесін білдіру құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.
Заңды тұлға болып табылатын акционер оның акционерлерінің (қатысушыларының)
Банктер туралы заңның 17-бабы 5-тармағының бірінші бөлімнің талаптарын орындағанын
көрсететін өтінішін ұсынуы тиіс. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлері үшін өтініш нысаны
«Қазақстан
Халық
Банкі»
АҚ
корпоративтік
веб-сайтында:
http://www.halykbank.kz
орналастырулы. «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлері үшін өтініш нысаны «Казкоммерцбанк» АҚ
корпоративтік веб-сайтында: http://www.qazkom.kz орналастырылған.
Тіркелуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум анықталған кезде есепке
алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған жағдайда жарияланған уақытында
ашылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы мен
хатшысын таңдауды жүргізеді, дауыс берудің – ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша)
нысанын белгілейді.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 50-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің
жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбір адамға акционерлердің жалпы жиналысын
3
өткізудің рәсімдік мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда, «бір акция - бір дауыс»
принципі бойынша жүзеге асырылады.
Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу барысында оның төрағасы дауыс беруге
қарастырылатын мәселе бойынша пікірталасты тоқтату туралы, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру
тәсілін өзгерту бойынша ұсынысты дауыс беруге шығаруға құқылы.
Төраға мұндай сөз сөйлеу акционерлердің жалпы жиналысының регламентінің бұзылуына
алып келетін немесе бұл мәселе бойынша пікірталас тоқтаған жағдайларды қоспағанда, күн
тәртібіндегі мәселені талқылауға қатысуға құқығы бар тұлғалардың сөз сөйлеуіне кедергі болуға
құқылы емес.
Акционерлердің жалпы жиналысы өз жұмысындағы үзіліс жариялау туралы және жұмыс
мерзімін ұзарту, соның ішінде акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі жекелеген
мәселелердің қарастыруын келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, ол
бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп мәлімделуі мүмкін.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің
жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол
қойылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 35, 36, 37, 39, 40,
41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51, 52 және 83-баптарына және Банктер туралы заңның 17-
бабының 5 және 5-1 тармақтарына, 60 және 60-1 баптарына, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Жарғысының 26, 27 және 28-баптарына және «Казкоммерцбанк» АҚ Жарғысының 27, 28 және 29-
баптарына сәйкес өткізіледі.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерін «Қазақстан Халық
Банкі» АҚ пен «Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысына қатысуға
шақырамыз.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Директорлар кеңесі
«Казкоммерцбанк» АҚ
Директорлар кеңесі
Достарыңызбен бөлісу: |