|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
…
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
6) өтiнiш берушi – тiркеушi органға және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
…
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
…
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның, нотариустың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар, нотариустар және заңды тұлғалар;
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган, нотариус және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың, нотариустардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар, нотариустар және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
6) өтiнiш берушi – тiркеушi органға, нотариусқа және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
…
| |