Сабақ өткізілетін орын ауд уақыты апта күндері оқытушы байл тел email 404 ауд. 10. 30 12. 30



жүктеу 197,23 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі197,23 Kb.
#20141
түріСабақ


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

                                             

Syllabus

Пән: Педагогиканы оқыту әдістемесі

сабақ өткізілетін орын

ауд. 


уақыты

апта 


күндері

оқытушы


байл. тел

email


404 ауд.

10.30-


12.30

Дүйсенбі


Мұхамбетова С.Қ

87017798075

ОСӨЖ уақыты: Дүйсенбі, 12.40-13.30

КУРСТЫҢ  ҚЫСҚАША  СИПАТЫ: «Педагогиканы  оқыту  әдістемесі»  пәні 

педагогикалық  білім  алатын  ЖОО-  студенттеріне,  колледж  оқушыларына 

педагогика  саласынан  берілетін  білім,  білік, дағды,  икемділік  негізделген  тиімді 

оқыту  шарты,  қағидасы,  заңдылығы,  әдіс,  тәсіл,  құралын  ғылыми  негізде 

қарастыратын  ғылым.  Педагогиканы  оқыту  әдістемесі  оқу  пәні  ретінде  жеке

педагогикалық  пәндердің  ерекше  құрылымын  ескеріп,  осы  пәнге  тән 

айырмашылықты  ашып,  теориялық  жағын қарастыратын  мәселелерді  шешіп,  оқу 

пәні  бағдарламасында  қарастыратын  білім  мазмұнының  құрамын,  құрылымын 

толық  анықтайды.  Пән  ғылым  ретінде  іргелі  фундаменталдық  теорияларға, 

тұжырымдамаларға  сүйеніп,  методологиялық,  негізде  аксиологиялық  тұрғыдан  да, 

культорологиялық тұрғыдан да, жүйелілік негізде де толық ашылған.

КУРСТЫҢ  МАҚСАТЫ:  Берілген  курсты  сәтті  аяқтағаннан  кейін  студент 

келесідей қабілеттерді меңгереді:

- студентке барлық теоретикалық бағдарламадағы білімдерді беру;

-жоғарыдағы білімдерді тануда барлық қажетті білік, дағдыны үйрету;

-теориялы білімдерді практикалық істерінде жүзеге асыруға жеткізу;

- пәнаралық  байланыстарды  қалыптастыру,  басқа  пәндердегі  білімдерді  педагог

қызметінде іске асыру.

- студенттердің өзін өзі басқаруына курс мазмұнының себін тигізу: PR, жарнама, 

дамыту, мәдениет, имидж, брендинг, туралы мәліметтерден хабардар ету.

- білім  беру  мекемесіндегі  психолог-педагог  қызметін  ұйымдастырудың 

сұрақтарын қарастыру;

- педагогтың тәжірибелік қызметінде педагогиканың ұғымын меңгеру;

-  білім  берудегі  педагогикалық қызмет  принциптерін,  есептерін,  әдістерін 

меңгерту.

- Педагогиканың әрбір саласы бойынша білім мазмұнын дәл анықтау.



КУРС  ПРЕРЕКВИЗИТІ: Педагогикалық  мамандыққа  кіріспе,  педагогиканың 

жалпы  негіздері,  дидактика,  жоғары  мектеп  педагогикасы,  тәрбие  теориясы, 

мектептану, ғылыми педагогиканы зерттеу әдістемесі.

КУРС  ПОСТРЕКВИЗИТІ: Этнопедагогика,  адамзат  тарихындағы  педагогикалық 

ойлар мен мектептердің дамуы, салыстырмалы педагогика.



ОҚЫТУ  ӘДІСІ: Бұл  курс  дәстүрлі  дәріс  сабағын  талқылау  әдісін  пайдалану 

арқылы  беріледі.  Студенттерге  аудиториядаға  талқылауға  белсенді  қатысып,  бір-

бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.  

Аудиториялық  сабақ  дәріс,  материалды  талқылау,  әр  түрлі  тапсырмалар  мен 

жаттығуларды  орындау,  есептер  шығаруды  қамтиды.  Студент  әр  сабаққа  негізгі 

және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс. 

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа 

қатысу  мен  аталған  түсініктерді  конспект  түрінде  жазып  отыру  әр  студентке 

міндетті.  Оқытушы  материалды  әр  студентке  жеке  бермейтіндіктен,  материал 

болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алуы қажет.

Практикалық    сабақтар  студенттерге  өзіндік  жұмыс  тақырыптары  мен 

тапсырмалары  және  дәріс  материалдарының  сұрақтары  ұсынылады.  Жеке 

тапсырмалар ОСӨЖ  уақытында қабылданады.  

Егер  студентте  өткен  материалдар  бойынша  сұрақ  туындаса,  оқытушыдан 

көмек сұрауына болады.

Сонымен  қатар  сабақта  келесідей  сұрақтар  қарастырылады.  Оқу  барысында 

Шаталов әдісі, әңгімелесу, сұрақ- жауап, анкеттеу әдістері қолданылады.  

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдық бақылау: курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау 

әдістері  қолданылады:  жазбаша  бақылау  жұмысы,  үй  тапсырмасы  (деректік 

көрсеткіштерді  статистикалық  өңдеу,  математикалық  есептеу,  талдау,  салыстыру, 

жазбаша  тапсырма  т.с.с.),  ауызша  сұрау,  тест  тапсырмалары,  іздену  жұмыстары 

(жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с. 

Аралық  бақылау  (бақылау  жұмысы):  бақылау  жұмысы  курста  өткен 

бөлімдер  бойынша  теориялық  және  практикалық,  лабораториялық  (есептеу  және 

шығармашылық)  тапсырмаларды  қамтып,  меңгерген  тақырыптар  бойынша 

студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.  



Жеке  өзіндік  жұмыс:  курс  тақырыптары  бойынша  семинар  тапсырмаларын, 

үй  тапсырмаларын,  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау,  педагогикалық 

ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Үй  тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды 

және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен 

кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша 

жауап  алу  түрінде  жүргізіледі.  Коллоквиум    сұрақтары  студенттерге  алдын-ала 

беріледі.



Курстық  жұмыс,  мәнжазба  эссе:  оқу  бағдарламасына  сәйкес    және 

анықталған  тақырып  бойынша  дайындалады,  бағалау  кезінде  тақырыптың 

мазмұнының  ашылуы,  ғылыми  әдебиеттердің  пайдаланылуы,  баяндалу  стилі, 

көрнекі  құралдардың  пайдаланылуы,  ҚР  Заңдарын,  ҚР  Үкіметінің  Жарлықтарын, 

нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы 

ескеріледі.  Зерттеу  жұмысы  бекітілген  мерзімнен  кейін  қабылданбайды  және 

бағаланбайды.   

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары 

тапсырмаларды  қамтитын  тесттер.  Тест  семестрде  екі  рет  7  және  15  апталарда 

өткізіледі. 

Қорытынды  емтихан: қорытынды  емтихан  семестр  соңында  өткізіледі. 

Емтихан  қабылданатын  күн  деканаттың  емтихан  кестесінде  көрсетіледі.  Емтихан 

компьютерлік  тестілеу  нысанында  жүргізіледі.  Тесттер  курс  бағдарламасының 

барлық    бөлімдері  бойынша  тапсырмаларды  қамтиды.  Емтихан  уақытында  дәріс 

көшірмелерін,  кітаптарды,  әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға 

төмен  болған  жағдайда,  оны  көтеру  үшін,  қосымша  тапсырмалар  берілмейді. 

Емтиханның  өткізілу  тәртібін  сақтамаған  студент,  емтиханды  тапсырудан 

босатылып, емтиханды тапсырмаған  ретінде есептелінеді.

Қорытынды  баға:  семестр  соңында  студенттер  барлық  пәндер  бойынша  100 

балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады. 




КУРСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ:

Мысал:

Бақылау 



түрлері

1 2 3 4 5 6 7 8 9 1

0

1

1



1

2

1



3

1

4



1

5

1



6

Қорытынды 

балл

1 Үй тапсырмасы * * * * * * * * * * * * * * *



100

2 Практикалық 

жұмыс

* * * * * * * * * * * * * * *



100

3 Дәріс 


сабағындағы 

тест сұрақтары

*

*

100



4 Бақылау 

жұмысы


*

*

100



5 Тест 

тапсырмалары

*

*

100



6 Жазбаша сұрақ

*

*



100

7 Аралық 

бақылау

*

*



100

8 Мәнжазба, 

эссе…

*

100



9 Презентация 

*

100



10 Курстық жұмыс

*

100



Емтихан

*

100



БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ:

баға

коэффициент

%

А

4,0



95-100%

А-

3,67



90-94%

В+

3,33



85-89%

В

3,0



80-84%

В-

2,67



75-79%

С+

2,33



70-74%

С

2,00



65-69%

С-

1,67



60-64%

Д+

1,33



55-59%

Д

1,0



50-54%

F

0



0-49%


СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДА ӨЗІН-ӨЗІ ҰСТАУ ЕРЕЖЕСІ:

Студент  барлық  сабаққа  қатысып,  аудиторияға  уақытында  кіруге  міндетті. 

Қатысым  семестр  бойына  тексеріледі.  Жіберіп  алған  материалдарды  игеру 

студенттің міндеті болып табылады.

Студент  өзінің  жағымсыз  қылықтарымен  оқытушыға  сабақ  жүргізуге  және 

басқа  студенттерге  оқу  бағдарламасын  игеруге  кедергі  келтірмеуі  тиіс.  Мысалы: 

ылғи  келіспей  отыру,  өзге  студенттердің  сөзін  бөлу,  теріс  пікір  білдіру,  сонымен 

қатар қорқыту, күш көрсету, мезгілсіз телефонды пайдалану, біреудің  арына тиісу, 

тапсырманы орындаудан бас тарту т.б. 

 Студент  сабаққа  уақытында  келуге  тиіс.  10  минуттан  артық  кешіккен 

жағдайда, оқытушының ол студентті сабаққа кіргізбеу құқы бар. 

 Аудиториямен жұмыс уақытында сабаққа кедергісін келтіретін ұялы телефон 

мен басқа да электронды құрылғыларды сөндіріп қою қажет. 

 Кейбір  материалдар  дәріс  барысында  оқуға  берілуі  мүмкін,  сондықтан 

студенттер кітапхана қорының кітаптарын пайдаланулары тиіс.

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

Қоянбаев  «Педагогика»  213  бет, III бөлім  I тарау

Ілиясова  «Кәсіби   педагогика» 2007  жыл, дидактика  бөлімі III

Мұхамбетова С.Қ   «Педагогика» Ақтөбе 2006  жыл

Рудакова  «Дидактика» Финикс,Москва  2005  жыл

Мұхамбетова С.Қ   «Дидактика»  Орал 2004 жыл

Диаченко  «Новая  дидактика»  2004  жыл

Хутарской  «Современная  дидактика» 

Абулкасымова,  Садыков    «Основый    дидактика    высший    школы»,  Алматы  2001 

жыл


Қоянбаев.Ж.Б , Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын- 2004. 

Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа  педагогикалық  технология. Алматы  2004 жыл. 

ЖуравлевВ.И.  Педагогика   в  системе  наук  о  человеке. М., 1990

Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ  тәлім  тәрбиесі . Алматы, 1990

Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,  2001 жыл

Морозов. Н.Г.  Учителю о познавательном интересе. М.. 1979

Паламарчук. В.Ф. Школа учит мыслить. М. 1987.

Занков. Л.В. Дидактика в жизнь. М,. 1968.

Лернер. И.Я. Проблемное обучение «Знание», М., 1974.

Мұханбетова.С.Қ «Тәрбие теориясы» 

Стефановская Т.А, «Технология обучения педагогики в ВУЗ-е», 

Фокин Г, «Преподавание и воспитание в высшей школе», 

Савин  М.В  «Педагогиканы  оқыту  әдістемесі»,  Педагогика  дәрістер  курсы, 

Стефановская Т.А «ЖОО-да педагогиканы оқыту технологиясы», 

Савин М.В «Педагогиканы оқыту әдістемесі», 



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

«Педагогика» Қоянбаев, Пидкасистый.

Қоянбаев.Ж.Б Педагогика, Алматы, «Рауан», 1992.



Морозов. Н.Г.  Учителю о познавательном интересе. М.. 1979.

Паламарчук. В.Ф. Школа учит мыслить. М. 1987.

Пестолоций И.Г. Избр. Педагогич. Пройзв. Том II. М. «Педагогика» 1981.

Харламов.И.Ф. Педагогика. М., «Высшая школа», 1990.

Ильина. Т.А. Педагогика. М., «Просвещение», 1984.

Горохов.В.А., Коханова. Л.А. Основы народного образования в СССР. М., 1987.

Ушинский.К.Д Сбор. Соч. Т. С. 2.

Лернер. И.Я. Проблемное обучение «Знание», М., 1974.

Мұханбетова.С.Қ «Тәрбие теориясы» 

ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫ:

Апта


Тақырып

1

"Педагогиканы  оқыту  әдістемесі"  - ғылым,  оқу  пәні,  оның  мақсаты  мен 



міндеті, алдында тұрған проблемалары.

2

Педагогиканы  оқыту  әдістемесінің  пәні  мен  міндеттері.  Педагогика 



курсының құрылымы мен педагогикалық пәндерді оқыту логикасы.

3

Білім беру мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі. Жоғары 



кәсіптік білім берудің мазмұны, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 

стандарты. Оқу жоспарлары. Типтік оқу бағдарламасы мен жұмыс 

жоспары. Педагогикалық пәндер бойынша оқу - әдістемелік кешендерді 

құрастыру негізі.

4

Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқыту формалары.



5

Дәріс-жоғары  мектеп  оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  формасы 

түрі.

6

Семинар жұмысы, оның мәні, түрі, ерекшелігі, ұйымдастыру жолы, 



әдістемелік негізі сипаты

7

Практикалық, лабораториялық жұмысты ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.



8

ЖОО  оқытудың әдіс-тәсіл,  құралдары.  Оқытудың  белсенді  әдістері. 

Проблемалық,  программалық,  алгоритимдік,  модульдік,  модельдік, 

компьютерлік оқыту әдістері.

9

«Білім  беру  технологиясы»  тақырыбына  әдістемелік  мінездеме. 



Педагогикалық  жаңашылдық  технологиялар,  олардың  мәні,  түрлері, 

классификациялау негізі тақырыбын оқыту әдістемесі. 

10

Оқытудың  кредиттік  жүйесі  негізінде  студенттердің  білімін  бағалау  мен 



бақылаудың ерекшеліктерін сипаттау.

11

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсын оқыту әдістемесі. 



12

"Педагогиканың  жалпы  негіздері"  курсын  оқыту әдістемесі.  Курс 

құрылымы.  "Педагогиканың  теориялық

-  методологиялық  негізі" 

тақырыбын өткізуге әдістемелік сипаттама.

13

"Педагогиканың  жалпы  негіздері"  курсын  оқыту  әдістемесі.  "Біртұтас



педагогикалық  процесс  -  педагогика  пәні  және  мұғалім  іс-әрекетінің

объектісі  ретінде",  Оқу  процесінің  мазмұны,  құрылымы,  сипаты, 

логикасы, негізгі компаненттерінің ара қатынасы. Педагогикалық процесс. 

Педагогикадағы мақсаттылық тақырыптарына әдістемелік сипаттама

14

Дидактика 



бөліміне 

әдістемелік 

сипаттама."Мектептегі 

біртұтас



педагогиклық процесті басқару" тақырыптарын құрастыру әдістемесі

15

Тәрбие  теориясы  бөліміне  әдістемелік  сипаттама.  Студент  жеке  тұлғасы 



тәрбие  пәні  ретінде.  Студент  жеке  тұлғасының  даму,  кәсіби қалыптасу 

ерекшеліктері.



Бақылау жұмысы: Сұрақтар:

1.

Педагогиканы оқыту әдістемесінің мәні неде?



2.

Қазіргі  кезеңде  педагогиканы  оқыту  әдістемесі  пәнінің  дамуы,  және  зерттелу 

деңгейі қандай?

3.

Педагогиканы оқыту әдістемесінің тұжырымдамасы толық негізделген бе?



Нұсқа 2    

1

Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуына елеулі үлес қосқан 



ғалымдарды атаңыз:

А

Гончаров, Савин, Қоянбаев, Фокин, Абылкасымова. 



B

Бурлачук Л.Ф., Морозов

C

Войтко В. И., Гильбух  Ю.З.



D

С. Романова, О.Ф. Потемкина.

Е

Божович Л. И., Славина Л. С.



2

Тұжырымдама дегеніміз не?

А

Нақты әрекеті, мазмұны, жоспары негізделген мемлекеттік құжат



В

Педагогикалық құбылыстың нақты тәсілдері мен дидактикалық әрекеттің 

құрылымдық- мазмұндық ұстанымы

C

Жеке пәндердің ерекше құрылымы



D

Саралық және даралық қатынас арқылы оқыту

E

Жеке тұлғалық қатынас арқылы оқыту



3

Қазіргі білім беру мақсаты:

А

Заңды сақтайтын азаматты тәрбиелеу. 



В

Қазіргі білім беру технологияларын ендіру

C

Оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткішінің артуы.



D

Жеке тұлғаның танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.

E

Ұлттық мәдениетті қалыптастыру



4

Педагогикалық іс-әрекеттің мәні:

А

Балалардың  іс-әрекетін басқару.



В

Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру арқылы жеке адамды өмірге дайындау.

C

Оқушыларға білім беру.



D

Үздікксіз оқу-танымдық іс-әрекет.

E

Әлеуметтік тапсырманы орындау.



5

Оқыту пәндерінің тізімін, сағат сандарын көрсетіп оқу жылдарына 

бөлетін, аптасына әрбір пәнге тиісті сағат санын анықтайтын құжат:

А

  Сабақ жоспары.




В

Оқу бағдарламасы.

С

Календарлық жоспар.



D

Оқыту жоспары.

Е

Тақырыптық жоспар.



6

Оқыту пәнінің мәнін ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды 

игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен 

міндеттерін айқындайтын құжат:

А

Оқу құралы.



В

Оқулық.


С

Мемлекттік стандарт.

D

Оқу жоспары.



Е

Оқу бағдарламасы.

7

ҚР-ғы 12-жылдық білім беруге көшу қарастырады:

А

төрт деңгейді



В

екі деңгейді

С

бес деңгейді



D

үш деңгейді

Е

бір деңгейді



8

Табиғи сәйкестілік принципін алғаш рет құрған кім?  

А

К.Д.Ушинский.



В

А.С.Макаренко.

С

М.Н.Скаткин.



D

Я.А.Коменский.

Е

А.Гистерверг.



9

Педагогиканы оқыту әдістемесі неше жлмен құрылған?

А

2 жолмен



В

1 жолмен


С

4 жолмен


D

5 жолмен 

Е

6 жолмен


10 Қай ғалым ЖОО-да педагогиканы оқыту әдістемесін технологиясын 

жүйелілік негізде қарастырып, Ресейде жарық көрген  оқулығы арқылы 

ашады?

А

Савин



В

Стефановская

С

К.Д Ушинский



D

Қ.Б Қоянбаев

Е

Н.Б Бериков




11 Педагогиканы оқыту әдістемесі Савиннің айтуы бойынша:

А

Әрі ғылым, әрі оқу пәні



В

Оқу пәні 

С

Ғылым


D

Жаңа дамып келе жатқан ғылым

Е

Әдістеме


12 Педагогиканы оқыту әдістемесінің құрылымды-мазмұны қанша 

саладан тұрады?

А

Төрт



В

Екі


С

Бес 


D

Алты


Е

Үш

13 Тұлға дамуына әсер ететін жетекші фактор:



А

Ата-аналар, достар

В

Мұғалім пікірі.



С

Жолдастар, сыныптастар .

D

Ұжымдағы психологиялық ахуал.



Е

Тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие

14 Жеке тұлғаның әлеуметтік жетіліуін сипаттайтын сапалар:

А

Нәтижеге талпынушылық,тапқырлық.



В

Жауапкершілік, өздігінен дамуға ұмтылу, әлемге позитивтік 

қатынас,толлерантылық.

С

Қайсарлық, біліктілік, эгоистік.



D

Альтуризм, еңбексүйгіштік.

Е

Тұқымқуалаушылық, авторатитарлық, жігерлілік.



15 Адамның дамуы:  

А

Оқыту процесінің көрсеткештерін білдіреді.



В

Оқыту процесінде мұғалімнің даярлығын  білдіреді.

С

Физиологиялық, психикалық және әлеуметтік сипаттамаларының дамуын 



білдіреді.

D

Ұжымдар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.



Е

Оқыту процесіндегі заңдылықтарды білдіреді.

16 Педагогикалық процестің негізгі компаненттеріне кірмейтіндер:

А

Оқыту формалары



В

Тәрбие міндеттері

С

Мұғалім дайындығы



D

Білім беру мазмұны

Е

Білім беру мақсаты




17 Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:

А

Педагогикалық зерттеулер.



В

Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.

С

Жаңашыл педагогтар



D

Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану

Е

Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.



18 Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы-бұл:

А

Дүниетаным компоненттері



В

Тәрбие мазмұны

С

Дүниетаным қалыптасу құралдары



D

Білім мазмұны

Е

Дүниетаным формалары



19 Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі айрықша ерекшеліктері:

А

Тарихи, философиялық сипаты



В

Бақылаушылық, басқарушылық, бағалаушылық сипаты 

С

Саяси, қоғамдық, әлеуметтік сипаты  



D

Психологиялық, физиологиялық сипаты  

Е

Гуманистік, шығармашылық, ғылыми сипаты



20 Игеру мақсатымен ақыл-ой немесе практикалық қимылдарды бірнеше 

рет қайталау

А

Бақылау



В

Кітаппен жұмыс

С

Түсіндіру 



D

Жаттығу


Е

Лекция


21 Білім беру мазмұнын анықтау қандай сұраққа жауап береді?

А

Неге оқыту?



В

Кімді оқыту?

С

Қашан оқыту?



D

Қалай оқыту?

Е

Нені оқыту?



22 Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік 

бағдарламасы қандай мерзімдерге арналған?

А

2003-2010



В

2003-2030

С

2000-2005



D

2005-2015

Е

2005-2010




23 Белсенді өмір позициясын қалыптастыру 

А

Нақты өмірге құштарлықпен қарау  



В

Нақты өмірге сын көзбен қарау 

С

Отбасының тұлғаның өмірлік ұстанымының қалыптасуына әсері  



D

Өзгелердің белсенділігін қолдау  

Е

Өзіндік өмірлік белсенді іс-әрекетке бейімделу  



24 Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатымен оқу қимылдарын 

бірнеше рет орындау:

А

Жаттығу 



В

Практикалық жұмыс

С

Ауызша сұрау



D

Лабараториялық жұмыс

Е

Дискуссия



25 Ақыл-ойында кемістігі бар оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зереттейтін  

педагогика саласы   

А

Олигрофренопедагогика 



В

Сурдопедагогика  

С

Логопедия 



D

Дефектология 

Е

Тифлопедагогика 



Ситуациялық педагогикалық жағдаяттар:  

1- жағдаят

       «Ура!  Айгүл  Кеңесовна    бүгін  бізге  не  айтқанын  білесіз  бе?»  -  деп  1  –  сынып 

оқушысы  өзінің  алғашқы  жетістіктері  жайында  қуанышы  қойнына  сыймай 

мамасына айтып жатыр. 

  ... Бірақ жылдар өте береді, біз : «Ура! Мама, мен «5» алдым ! » - деген қуанышты 

сөздерді барған сайын сирек естиміз.

    Жағдаятты талдауға арналған сұрақтар: 

Сыныптан -  сыныпқа көшкен сайын үлгерімнің кеми беретіні неліктен? 

Жаңашыл мұғалімдердің тәжірибиесінен мысал келтіріңіз, салыстырыңыз.

2- жағдаят

          Мектеп  –  интернатының  6  –  сыныбында  денешынықтыру  сабағы  өткеннен 

кейін,  спорт  залының  еденін  дымқыл  шүберекпен  сүртіп  шығу  екі  кезекші  -  

оқушыға тапсырылған. 

       Сабақтың  үзіліс  кезеңінде  жоғары  сыныптың  үш  оқушысы  залда  жатқан 

баскетбол добын еш сұраусыз торға түсіріп ойнаған. Әрине, еденді былғап кеткен. 

Залға кіріп келген мұғалім, еденді жуып жаткан Аманға дауыс шығарып, «қайтадан 

жу» - деп талап етеді. Бала болса, көзімен ата қарап, қызараңдап : 

      - Керек болса, өзіңіз жуып алыңыз ! – деп, залдан шығып кетті.

Жағдаятты талдауға арналған сұрақтар: 




Осы педагогикалық жағдаятқа талдау жасаңыз. Мұғалімнің педагогикалық 

талабында қандай психологиялық заңдыолықтар ескерілмеген? Сіз не істеген болар 

едіңіз?

  3 – жағдаят

        6 – сынып оқушылары еңбек сабағында оқу тәжірибе үлескісінде жұмыс істеуге 

қажетті  еңбек  құралының  бірі  –  күректің  сабын  дайындап  жатты.  Оқушылардың

барлығы ынтамен жұмыс істеп жатқанда, тек Арман ғана басқа жұмысқа алаңдаумен 

болды. Мұғалімнің ескертуіне ол : «Мен болашақта дәрігер боламын, маған күректің 

қажеті болмайды», - деп тәкаппарлықпен жауап береді. 

Жағдаятты талдауға арналған сұрақтар: 

Мұндай жағдайда мұғалім не істеу керек деп есептейсіз?



4- жағдаят 

Мектеп директоры кабинетіндегі әңгіме

      Мені  мектеп  директоры  шақырды.  Кабинетіне  кірдім.  Директор  4  –  5  сынып 

оқушысымен әңгімелесуін аяқтап қалған екен. 

- Сен бәрін түсіндің бе?

- Түсіндім, әдейі істегенім жоқ ... Мені итеріп жіберді

- Әкең мектепке келіп, әйнегін салып берсін. Әкең мектепке келе ме? 

- Менің әкем жоқ.

- Жақсы. Онда шешеңмен тағы кімің бар. Ал қазір бара бер. Сынып жетекшің 

Әйгерім апайыңа айт, сенің бағаңды төмендететін болсын.

- Мүмкін, шынында да әдейі істемеген шығар, - дедім мен оқушы шығып кеткен 

соң, шыдай алмай.

- Бәрібір.  Оны  бір  рет  кешірсең,  келесі  жолы  ол  терезені  түгелімен  әдейілеп 

сындырады. Тәртіпсіздікті тамырландырмай жою керек. 

  

Жағдаятты талдауға арналған сұрақтар: 



Бұл жағдай туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Мәнжазба тақырыптары: 

1.«Педагогиканы  оқыту  әдістемесінің  пәні,  мақсаты,  міндеті  және  негізгі 

категориялары», 

2. Педагогиканың оқыту әдістемесінің принциптері

3. Педагогиканы оқыту әдістемесінің даму тарихы

4.  «Педагогиканы  оқыту  әдістемесі»-ғылым,  оқу  пәні,  оның  мақсаты  мен  міндеті, 

алдында тұрған проблемалары.

5.  Педагогиканы  оқыту  әдістемесінің  пәні  мен  міндеттері.  Педагогика  курсының

құрылымы мен педагогикалық пәндерді оқыту логикасы.

6.  Білім беру мазмұнын анықтаудың  ғылыми-педагогикалы негізі. Жоғары кәсіптік

білім берудің мазмұны, мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің мазмұны,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Оқу жоспарлары. Типтік 

оқу бағдарламасы мен  жұмыс жоспары. Педагогикалық пәндер бойынша оқу

әдістемелік кешендерді құрастыру  негізі.




7. Жоғары оқу орындарындағы дәстүрлі оқыту формалары.

8. Дәріс- жоғары мектепте оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, түрі.

9.  Семинар  жұмысы,  оның  мәні,  түрі,  ерекшелігі,  ұйымдастыру  жолы,  әдістемелік

негізі, сипаты.

10. Практикалық, лабораториялық жұмысты ұйымдастыру, өткізу әдістемесі.

11.  ЖОО  оқытудың  әдіс-тәсіл,  құралдары.  Оқытудың  белсенді  әдістері. 

Проблемалық,

программалық, 

алгоритмдік, 

модульдік, 

модельдік, 

компьютерлік оқыту әдістері.

12.  «Білім  беру  технологиясы»  тақырыбына  әдістемелік мінездеме.  Педагогикалық 

жаңашылдық технологиялар, олардың мәні,  түрлері, классификациялау  негізі 

тақырыбын оқыту әдістемесі.

13.  Оқытудың  кредиттік  жүйесі  негізіндегі  студенттердің  білімін  бағалау  мен 

бақылаудың ерекшеліктерін сипаттау.

14. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсын оқыту әдістемесі.

15.  «Педагогиканың  жалпы  негіздері»  курсын  оқыту  әдістемесі.  Курс  құрылымы.

«Педагогиканың  теориялық  –  методологиялық  негізі»  тақырыбын  өткізуге 

әдістемелік сипаттама.

16. «Біртұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні және мұғалім іс- әрекетінің

объектісі  ретінде».  Оқу  процесінің  мазмұны,  құрылымы,  сипаты,  логикасы, 

негізгі


компоненттерінің 

арақатынасы. 

Педагогикалық 

процесс. 

Педагогикадағы мақсаттылық тақырыбына әдістемелік сипаттама.

17.  «Мектептегі  біртұтас  педагогикалық  процесті  басқару»  тақырыптарын 

қарастыру мәселесі.

18.Студент  жеке  тұлғасы  тәрбие  пәні  ретінде.  Студент  жеке  тұлғасының  даму, 

кәсіби қалыптасу ерекшеліктері.

Презинтация өткізу тақырыптары:

Педагогиканы оқыту әдістемесінің педагогикалық пәндер жүйесіндегі орны. 



Эссе:

1.Педагогиканы оқыту әдістемесінің оқу пәні ретінде даму қарқыны 

2  Педагогиканы  оқыту  әдістемесі  пәнінен  қазіргі  кезде  жарық  көрген  еңбектерге   

талдау жаса. 




Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Тарих - филология  факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

Syllabus

Пән     Педагогиканы оқыту әдістемесі  ( 2  кредит )

Мамандық  050103 - Педагогика және психология 

Курс_____3___________

Академиялық топ______301 Педагогика және психология

Студент: Тагибергенова А.К

Оқытушы: Мұхамбетова С.К

2011-2012 оқу жылы


жүктеу 197,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау