|
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.
|
3-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдар
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi.
Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуші ұйым статусын алған қоғамдыұ бірлестіктер және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.
| ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ
Өзін-өзі реттеуші ұйымдар мәртебесін алу құқығы бар коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар тізімін кеңейту мақсатында.
|