|
51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.
Жобалардың экологиялық сараптамасының нәтижелерін қамтитын, тиісінше ведомстводан тыс кешенді сараптаманың немесе кешенді қала құрылысы сараптамасының оң қорытындыларын алмаған құрылыс жобаларын немесе қала құрылысы жобаларын бекітуге және іске асыруға жол берілмейді.
|
51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
1. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргізу нәтижелері бойынша беріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс.
Алынып тасталсын
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Түзету Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық орта құруға бағытталған. |
|
|
51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
…
7. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының күшiн жою сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.
|
51-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы
…
7. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына пікір табиғат пайдаланушының жазбаша өтінішінің негізінде оны берген органмен жүзеге асырылады.
Экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан (пікір) айыруды (кешенді ведомстводан тыс қорытынды құрамында жобалардың экологиялық сараптамалар) сот тәртібінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Түзету Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық орта құруға бағытталған. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңының терминологиясымен сәйкестендіру мақсатында. Норма табиғат пайдаланушыға сараптама қорытындыларын түзету кезінде (қателер болғанда) немесе бір табиғат пайдалану объектісіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың екі және одан астам қорытындысы болған жағдайда қорытындыдан бас тартуға өздігінен шешім қабылдауға құқық береді. Сондай-ақ, қайтару сотқа дейінгі өзіндік реттеу тәсілі болып табылады. Мысалы, бір кәсіпорынға қабылдаған техникалық шешімдері бір-біріне қайшы әртүрлі деңгейдегі уәкілетті органдардың 2 қорытындысы берілді. Дұрыс емес берілген мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қайтару үшін уәкілетті орган сот инстанцияларына жүгіну қажет, ал бұл ретте табиғат пайдаланушыға мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын берген органға қорытындыны қайтару үшін өздігінен жүгіну мүмкіндігі ұсынылады. Сондай-ақ, бұл норма уақыт шығындарын және қаржы ресурстарын қысқартуға мүмкіндік береді. |
|
|
53-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы
1. Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық сараптама органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.
Сараптама ұйымдарының бірінде штатта тұратын, жобалардың белгілі бір бөлімі (бөлігі) бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке тұлға құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасының сарапшысы болып табылады.
|
53-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы
1. Арнаулы бiлiмi бар және экологиялық сараптама жүргiзуге қажеттi жеткiлiктi тәжiрибесi бар және мемлекеттiк экологиялық сараптама органы белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге тартылған адам мемлекеттiк экологиялық сараптама сарапшысы болып табылады.
Сараптама ұйымдарының бірінде штатта тұратын, жобалардың белгілі бір бөлімі (бөлігі) бойынша сараптама жұмыстарын жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен аттестатталған жеке тұлға құрылыс жобаларының экологиялық сараптамасының сарапшысы болып табылады.
| |