|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестеХалықаралық Банктің «Doing Business»
|
бет | 7/213 | Дата | 24.02.2018 | өлшемі | 14,34 Mb. | | #10655 |
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Ұсынылатын өзгерту жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған. Бизнес ортаның ұсыныстарына сай бәсекелі ортада экологиялық сараптама жүргізу кәсіпкерлік үшін инвестициялық тәуекелдер туғызады. Бұл ретте инвестициялық шарт аясында шаруашылық қызметтің І категория объектілері үшін келісу процедураларында мемлекеттің қатысуын талап етеді, бұл шарттың тұрақтылық кепілі болып табылады. Қашаған кен орны - «Болашақ» зауыты - НКОК, «Үшінші буын зауыты» – ТШО сияқты ірі және экология үшін маңызды объектілерді салу, «KAZ MineralsAktogay» ЖШС «Ақтоғай» кенішінің байыту фабрикасын салу және т.б. мемлекеттің қатысуынсыз қарастырыла алмайды. Атамекен ҮЕК диалогтық алаңында аталған түзетулерді енгізу қажеттілігін барлық қатысушылар қолдады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметунің мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңында жаңа ғимараттар мен үймереттер салуға немесе бар ғимараттар мен үймереттерді қайта құрастыруға (кеңейту, техникалық қайта қаруландыру, жаңғырту) және күрделі жөндеуге арналған жобалар бойынша (техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қарастырылған. Осы заңмен техникалық күрделі емес объектілерді салу жобаларына міндетті түрде ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу талап етілмейді. Сондай-ақ, ҚР ЭК 37, 47, 48, 51 б.б. сай қоршаған ортаға әсер ететін жоспарланға қызметтің құжаттамасы, және оған ілеспе қоршаған ортаға әсер етуді бағалау материалдары, кезеңдерге сәйкес экологиялық сараптамаға жатады. Осылайша, ҚР ЭК қолданыстағы 48 бабының ағымдағы редакциясы бизнес субъектілеріне артық қысым жасауды көздейді. Осылайша, толықтыру бизнестің шығындарын қысқартады және инвестициялық тәуекелдерді жояды.
|
|
50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімі, объектілер құрылыстарының жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу саласында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін – екі айдан, II санаттағы объектілер үшін – бір айдан, III және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
|
50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері
1. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органдарға барлық қажеттi құжаттама берiлген кезден бастап I санаттағы объектілер үшін – бес жұмыс күні, II санаттағы объектілер үшін – отыз жүмыс күні, III және IV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
| Халықаралық Банктің «Doing Business» «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы ЭМ Түзету «эмиссияға рұқсат беру» және «мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтерін біріктірумен байланысты енгізілді, және кәсіпкерлік үшін «бір терезе» ұстанымын әрі қарай жетілдіру мақсатында барлық сараптамаларды жүргізу мерзімдерін сәйкестендіруге бағытталған. Құрылыс жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптамаға сілтеу алынып тасталды, себебі бұл сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама аясында жүргізіледі, және «мемлекеттік экологиялық сараптамамен» салыстырылмайды. Мемлекеттік қызметтерді біріктіру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады. |
|
|
50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері
2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.
Жоқ
|
50-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері
2. Тіркелген күнінен бастап I санаттағы объектілер үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және II, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар ұсынған тұлғаға қайтарылуға жатады.
Осы Кодекстің 47 бабының 1 тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын жобалар және оған қоса берілетін материалдар бойынша ескертулер болған жағдайда, сарапшылар мұндай ескертулерді келесі мерзімдер өткенге дейін мемлекеттік экологиялық сараптамаға құжаттар ұсынған тұлғаларға жібереді:
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орган барлық қажетті құжаттарды берген сәттен бастап І санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші жояды;
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орган барлық құжаттарды берген сәттен бастап ІІ санаттағы объектілер үшін жиырма жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші жояды;
Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын орган барлық қажетті құжаттарды берген сәттен бастап III және IV санаттағы объектілер үшін он жұмыс күні ішінде және ескертулер берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Тапсырыс беруші жояды.
Сарапшылардың ескертулері белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қоырытындысы толтырылады.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|