«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы бойынша салыстырмалы кесте


Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі



жүктеу 14,34 Mb.
бет4/213
Дата24.02.2018
өлшемі14,34 Mb.
#10655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   213

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексі




1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



106) жоқ


1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:



106) эмиссиялардың жиынтық нормативтері – негізді ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң жол берiлетiн шектi нормативтерiн, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерін, қоршаған орта эмиссиясына рұқсат берілетін нормативтердің қолданылу мерзіміне табиғат қорғау іс-шараларының жоспарымен ашық түрдегі күкірт орналастыру нормативтерін құрайтын жобалық құжаттама.


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған.



Түзету «эмиссияға рұқсат беру» және «мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтерін біріктірумен байланысты енгізілді

Мемлекеттік қызметтерді біріктіру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады.

Сонымен қатар, толықтыру бизнестің қаржы және уақыт шығындарын қысқартады және мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жояды.




17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

….

7-2) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



7-2) эмиссиялардың жиынтық норрмативтері бойынша эмиссияларға рұқсат беру шараларын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;



Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған.



Түзету «эмиссияға рұқсат беру» және «мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтерін біріктірумен байланысты енгізілді

Мемлекеттік қызметтерді біріктіру мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады.

Түзету әзірленетін жобалар санын азайтуға, сонымен қатар эмиссиялардың жеке нормативтерін әзірлеу нұсқасына балама нұсқа ретінде рұқсат беру кезіндегі кешенді әдіске бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.

Сонымен қатар, толықтыру бизнестің қаржы және уақыт шығындарын қысқартады және мемлекеттік органның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жояды.





17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



8-3) Жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



8-3) кешенді ведомстводан тыс сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын сарапшылардың және ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылып отырған түзету табиғат пайдаланушылардың инвестициялық тәуекелерін жоюға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңымен енгізілген жаңа түзетулерді қабылдауға байланысты, ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүргізетін сарапшылар мен ұйымдардың қызметін бақылау мәселелері құқықтық реттеу аясынан тыс қалды.



Сонымен қатар сараптама жүргізу құқығын ұсыну осындай сараптама жүргізетін сарапшылардың жауапкершілігін арттыруды көздейді.

Осылайша, қазіргі уақытта бәсекелі ортада экологиялық сараптама жүргізетін сарапшылардың қызметін бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Бұл ұсынысты ҚР ИДМ ҚІК қолдады.




17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



11-1) жоқ



17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



11-1) өз құзіретінің шеңберінде табиғат қорғау шараларының жоспарларын келіседі;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Редакциялық түзету заңнамадағы ағаттықтарды жоюға бағытталған.



Кодекстің 72, 75 бабының тура нормаларымен сәйкестендіру жүргізу.

72 бап. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін ұсынылатын материалдар

2. I, II және III категориялы объектілері бар табиғат пайдаланушылары үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін қажетті құжаттар пакетіне кіреді:

1) рұқсат алуға сұраным;

2) мемлекеттік экологиялық сараптаманың эмисииялар нормативтерінің жобаларына қорытынды;

3) қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары.

75 бап. Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру негіздемелері

2) қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келеді, және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтеріне жетуді қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, Кодекстің 20 бабы 17-1 тармақшасына сәйкес ұқсас функция жүргізу кезінде жергілікті атқарушы органдарда осындай функция бар.




17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

12) жобалардың экологиялық сараптамасын қоспағанда, осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;





17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

12) осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;





Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған.



Түзету кешенді әдіспен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде ҚР Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.

Әдістемелік нұсқаулық уәкілетті органмен жүргізілу керектігін атап өту керек, себебі ведомстводан тыс кешенді сараптама әрі әдістемені, әрі нормативтерді бекіте алмайтын бәсекелі ортада жүзеге асырылады және тек құқық қолданылуын ғана жүргізеді.

Бұл ұсынысты ҚР ИДМ ҚІК қолдады.




17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



12-1) Жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

….

12-1) Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптамаларының немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамаларының құрамында І санатты объектілер жобаларының мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізеді;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ+ИДМ+ҰЭМ

3 Вице-Министрдің (Садибеков Г.К., Скляр Р.В., Жумангарин С.М.) жиналысында құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы құрамында 1-ші категориялы объектілер бойынша мемлекеттік экологиялық сараптамасын немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу келісілді

Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған.

Норма мемлекеттік қызметтерді біріктіру үшін бастама жасайды, бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін (120 күнізбелік күннен 45 жұмыс күніне дейін) қысқартады, ұсынылатын құжаттардың санын оңтайландырады, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жеңілдетеді, бұл DoingBusiness рейтингі көрсеткішінің индикаторларының бірі болып табылады.




17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



28-1) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



28-1) сарапшылық жұмысты жүзеге асыру үшін жобалардың экологиялық сараптамасы сарапшыларының аттестаттау қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді:

жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ИДМ ҚІК


Ұсынылып отырған түзету табиғат пайдаланушылардың инвестициялық тәуекелерін жоюға бағытталған, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VI Заңымен енгізілген жаңа түзетулерді қабылдауға байланысты, ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүргізетін сарапшылар мен ұйымдардың аттестациясы мәселелері құрылыс істері бойынша уәкілетті органның құзыретіне жатқызылды..

Бұл ретте заңнамаға сәйкес осы сарапшылардың қызметін әдістемелік басқару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады. Бұл қарама-қайшылық сарапшылардың жүргізетін жұмысының сапасына әсер етуі мүмкін, бұл өз кезегінде бизнес үшін инвестициялық тәуекелдер туғызады.





17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-1) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-1) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік зертханалық-талдамалық бақылау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде 16 құрылымдық ведомстволық зертханалық-талдаушы қызметтер бар.



Негізгі міндеттері облыстың (қаланың) аумағында қоршаған ортаның ластануын мемлекеттік талдаушы бақылау жүргізу, және де барлық меншік нысанды шаруашылық қызмет объектілеріндегі қоршаған ортаны ластағыш көздерді өндірістік бақылау деректерінің шынайылығын бақылау жүргізу болып табылады.

Өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік зертханалық-талдаушы бақылау жүргізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және бекіту бойынша тікелей құзыреттің жоқтығына байланысты енгізіледі.





17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-2) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-2) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік зертханалық-талдамалық бақылау ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекітеді;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Өзгерістер қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік зертханалық-талдаушы бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша тікелей құзыреттің жоқтығына байланысты енгізіледі.





17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-4) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-4) зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің үлгілік қағидасын бекітеді;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Балық шаруашылығының су қоймаларындағы су үшін химиялық заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларын белгілеуді анықтайтын бекітілген нормативтік актінің жоқтығына байланысты.





17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-4) жоқ


17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:



31-4) зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің үлгілік қағидасын бекітеді;


Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Экологиялық қызметтің зертханаларында аккредитация дайындау және жүргізу кезінде экологиялық бақылау жүргізу, қоршаған ортаның жағдайы туралы шынайы талдаушы ақпаратты алу, ҚР мемлекеттік стандартының метрологиялық талаптарын және МЕМСТ ИСО/МЭК 17025 талаптарын орындау аясында бірыңғай әдістемелік әдісті жетілдіру мақсатында жұмыста басшылыққа алу үшін зертханалық-талдаушы бақылау бөлімінің үлгілі ережелерін әзірлеу және бекіту қажет.





21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтiлицензиялау



4. жоқ



21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау



  1. Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензияның қолданылуын тоқтату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған.



Түзету кешенді әдіспен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде ҚР Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.

Түзету қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсететін жосықсыз адамдарға бағытталған, қазіргі уақытта лицензияларды тоқтату тәртібі реттелмеген, бұл осы қызметтердің тапсырыс берушілерінің (инвесторлардың) тәуекелдеріне әкеледі, осыған байланысты осы қызметтерді көрсететін жауапты тұлғалардың жауапкершілігін нақты регламенттеу қажет.





21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау



5. жоқ



21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялау



5. Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиядан айыру (пікір) сот тәртібінде жүзеге асырылады.



Халықаралық Банктің «Doing Business»

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

ЭМ

Ұсынылатын толықтыру жағымды инвестициялық климат құруға бағытталған.



Түзету кешенді әдіспен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде ҚР Экологиялық кодексінің сәйкессіздіктерін, ағаттықтары мен коллизияларын жоюға бағытталған, бұл инвестициялық ортаны едәуір жақсартады.

Түзету қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсететін жосықсыз адамдарға бағытталған, қазіргі уақытта лицензияларды тоқтату тәртібі реттелмеген, бұл осы қызметтердің тапсырыс берушілерінің (инвесторлардың) тәуекелдеріне әкеледі.

Қазіргі уақытта лицензияларды қайтару және тоқтату жағдайларын реттеу тәртібі жоқ, ал жобалық ұйымдар тарапынан экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері бар.




25-бап. Эмиссиялар нормативтерi

1. Эмиссиялар нормативтерiне:



6) жоқ


25-бап. Эмиссиялар нормативтерi

1. Эмиссиялар нормативтерiне:



6) эмиссиялардың жиынтық нормативтері.


жүктеу 14,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   213




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау