1. Жалпы ережелер
1. Сынап көру арнайы жұмыстар кешені болып ұсынылады, ол сынап көріліп жатқан объектінің құрамы және (немесе) өзге қасиеттері туралы апарат алуға бағытталған. Кез келген аймақтық, іздеу және барлау жұмыстарын жүргізудің ақырғы мақсаты сынап көру болып табылады, алайда сынап көру жұмыстарының сметалық құны геологиялық барлау жұмыстарының жалпы құнымен салыстырғанда аса үлкен емес.
2. Осы жинақ анағұрлым көп тараған қатты пайдалы қазбаларды сынап көрудің түрлері мен амалдарына уақыт мөлшерлемелерінен тұрады.
3. Қатты пайдалы қазбаларды және тау жыныстарына сынап көруді жүргізу әдістемесі қолданыстағы ережелерде және әдістемелік нұсқауларда баяндалған талаптармен анықталады, ал жұмыс түрлері, амалдары және көлемі геологиялық тапсырмада қойылған тапсырмалар негізінде жобамен дәлеледенеді.
4. Сынап көру жұмыстарын өткізу мақсаттарына тәуелді ірілетілген мөлшерлемелер алты бөлімде топтастырылған:
химиялық сынап көру;
минералогиялық сынап көру;
технологиялық сынап көру;
техникалық сынап көру;
геофизикалық сынап көру;
Сонымен бірге, осы бөлімге жалпы тағайындаулары бар дала жұмыстарына мөлшерлеме материалдары енгізілген:
тау қазбаларының геологиялық құжаттамасы;
тау қазбаларының кернінің геологиялық және инженерлі-геологиялық құжаттамасы (зерттеу);
өндірістік топтардың жаяу жүрістері және өтулері және дала жұмыстарын өткізгенде көлік амалдарын айдау.
5. Сынап көру жұмыстарын жүргізуге осы уақыт мөлшерлемелері (әрі қарай – уақыт мөлшерлемелері) Қазақстан Республикасында жер қойнауларын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында геологиялық зерттеулерді орындайтын орындаушылардың уақыт мөлшерлемелерінен және еңбек шығындарынан тұрады.
6. Осы уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары республикалық бюджет амалдары есебінен орындалатын 1:200000 және 1:50000 масштабында жұмыстардың сметалық құнын анықтау үшін пайдаланылатын бірлік және кешенді бағаларды анықтау үшін тағайындалған.
7. Уақыт мөлшерлемелері жаппай мол сипатқа ие жұмыстар үшін жобаланған, ол анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалануды негіз етіп жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процесстер кешенін ескереді, соңғылары сәйкес геологиялық барлау және қатар жүретін жұмыстар түрлерін жүргізуге қажетті.
8. Жыныс қаттылығынан, заттық құрамға және жыныстар бұзылуларына физикалық әсер ету әр алуандылығына тәуелді жұмыстарға уақыт мөлшерлемелерін жобалау негізіне келесілер салынған: бос жыныстардың (112 кесте) қарапайым өкілдерінің топтастырулары бойынша сол немесе өзге дәрежелерге жыныстарды жатқызу, бұрғылау бойынша (113 кесте) тау жыныстарын бірлік топтастыру және ұңғымаларды айналма механикалық бұрғылау үшін бұрғылау бойынша тау жыныстарын бірлік топтастыру («Барлау бұрғылау» бөлімінде келтірілген, 17 кесте, 1 Қосымша, 3 Бөлім), құмдарды шау топтастырулары (114, 115 кесте), үгіту бойынша кәдімгі тау жыныстары өкілдерін топтастыру (116 кесте, 8 Қосымша, 5 Бөлім).
9. Уақыт мөлшерлемелері келесі жағдайларда түзетіледі:
сынап көру жұмыстарын өндіргенде, мөлшерлемелерді жобалағанда қабылданған тау техникалық шарттардан ауытқуларымен, уақыт мөлшерлемелеріне 1 кестеде (1 Қосымша) келтірілген коэффициенттер қоланылады.
Ашық ауада қыс мезгілінде және жылытлмайтын бөлмелерде жұмыстарды өндіргенде уақыт мөлшерлемелеріне 2 кестеде (1 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген түзету коэффициенттері қолданылады.
температуралық аймақтарға жатқызылмаған (аймақтан тыс) жергілікті жерлерде жұмыстарды орындағанда, сонымен бірге жоғары таулы аймақтарда жұмыстарды орындағанда, ол жерлерде теріс ауа температурасы кез келген жыл мезгілінде болуы мүмкін, уақыт мөлшерлемелеріне 3 кестеде (1 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген түзету коэффициенттері қолданылады.
Мөлшерлемелермен қашықтығы 400 м дейін болатын сыналатын қазбалар арасында өтулер ескерілген. Сыналатын қазбалар арасында өтулер кезінде ескерілген мөлшерлерден жоғары қашықтықтар болатын болса, уақыт мөлшерлемелеріне 4 кестеде (1 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген коэффициенттер қолданылады.
10. Коэффициенттермен ескерілетін бірнеше факторлар бірдей уақытта әсер еткен жағдайда сәйкес коэффициенттер қосылады.
11. Әр нақты жағдайда коэффициенттерді пайдалану қажеттілігі геологиялық барлау жұмыстарын өндіргенде жобамен дәлелденеді.
2. Еңбекті ұйымдастыру
12. Еңбек мөлшерлемелерінің сандық мәні келесі шарттарды сипаттайтын жағдайлар үшін орнатылған:
жөнделген еңбек амалдарымен жұмыстарды орындау;
жұмыс мазмұнына, қызмет көрсететін жабдықтар мен мәшинелерге, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес жұмыстарды сан жағынан және біліктілігі жинақталған ұжымдармен орындау;
жұмыс түрлері үшін және оларды орындау шарттарының тиімді еңбекті ұйымдастыру үлгілері және өндірісі, сонымен қатар технологиясы.
13. Кен өту жұмыстарын орындайтын негізгі өндірістік бірлік геологиялық таспаға түсіру партиясы (отряды) болып табылады, оның құрамында осы жұмысты орындау үшін топ орналасады.
Жұмысты өткізуге жауапты тұлға партия басшысы болып табылады, оның жетекшілігінің астында жұмыстың барлық кешені орындалады (яғни, мөлшерлемелерде оның үлестік қатысуы ескеріледі: бағдарламаны құрастыру; ұйымдастырушылық – дайындау жұмыстары; дала және қатар жүретін барлық жұмыстар: бұрғылау, сынап көру және т.б.; есеп беруді құрастыру және геологиялық карта және оған түсіндірме жазбасының беттерін басып шығаруға дайындау.
Партия басшысының лауазымына анағұрлым біліктілігі жоғары геолог – маман тағайындалады.
Жұмыс көлеміне және сипатына тәуелді таспаға түсіру партиясының құрамында арнайы отрядтар ұйымдастырылған болуы мүмкін: бұрғылау, кен өтуші, сынап көру жұмыстарының және т.б.
Жұмыстарды негізгі орындаушылар геологтар, техник – геологтар, тау-кен шебері, бұрғылау қондырғысын жүргізуші, жұмысшылар, жүргізушілер болып табылады. Әрі қарай әр жұмыстың түрі бойынша мөлшерлемелерде нақты орындаушылардың құрамы ұсынылған.
14. Мөлшерлемелері жоқ жұмыс түрлері бойынша сметалық құн сметалық – қаржылық есептеулер (СҚЕ) құрастыру жолымен анықталады.
15. Уақыт мөлшерлемелерін (жасап өтулерді) есептегенде 5 – күндік және 6 – күндік 40 – сағаттық жұмыс аптасында сәйкесінше келесі мәндер қабылданған: жұмыс кезеңінің ұзақтылығы (сағ) – 8 және 7; айына жұмыс кезеңдерінің саны - 20,583 және 25,0.
16. Әр бөлімде, тек геофизикалық сынап көруді және сынап көруде көмекші жұмыстарды қоспағанда жұмыстың үш түрі бөлінеді, олар әр түрлі амалдармен жүзеге асырылады:
Қазбалардың бүйір қабырғаларынан немесе забойларынан, массивтен, ұңғымадан, штабелдерден немесе өндірілген тау жыныстарының үйінділерінен сынамалар алу;
Түптамыр жыныстардын алынған сынамаларды өңдеу, оған ұнтақтау, дүрсілдету, араластыру және бастапқы сынамаларды қысқарту және талдау үшін қажетті салмаққа дейін сынаманы жеткізу кіреді, ал шашылымдардан алынғандар – сынамаларды жуып – шаюға және оларды шоғырландыруға қортылған;
Сынамаларды алу және өңдеу, ал кейбір кезде сынаманы алу, өңдеу және зерттеу.
17. 5 бөлімде келтірілген жұмыс құрамы рационалды жұмыс ұйымдастырудан анықталған, бірақ нақты шарттарға тәуелді мөлшерлемелерді түзетпей жарым – жартылай өзгеруі мүмкін.
18. Жұмыс мазмұнында көрсетілген операциялардан басқа уақыт мөлшерлерімен келесілер ескерілген:
құралдарды және бұйымдарды алу және тапсыру (тазалау), жұмыс орнын, құралдарды және жұмысқа қажетті өзге заттарды дайындау және жинау;
сынамаларды қабылдау және тіркеу;
сынамаларды және өзге заттарды жұмыс орны шеңберінде орын ауыстыру (қазба аузына немесе ашық жұмыстарда қоймалау орнына);
қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау үшін қажетті, жұмыс орнын қарап шығу үшін қажетті уақыт және жұмыс орнын қауіпсіз күйге келтіру үшн уақыт;
жабдықтарды тексеру және ретке келтіру;
жерасты жұмыстары кезінде жарықты ретке келтіру;
жұмыс орнында жабдықтар мен механизмдерді алдын ала және ағымдағы жөндеу;
жұмысшыларды өндірістік ережелермен таныстыру, техникалық бақылау және жұмыс орындалуын қадағалау;
тапсырма алу және жұмыс нәтижелерін тапсыру;
үйіндіге қалдықтарды орын ауыстыру;
ережелер және әдістемелік материалдар талаптарына сәйкес геологиялық құжаттамаларды жүргізу.
3. Химиялық сынап көру
19. Осы бөлімде келесі сынамалар үшін мөлшерлемелер келтіріледі: шашыранды сынмалар; нүктелік сынамалар, бұрғылау ұңғымаларынан керндерден сынамалар, топтық сынамалар.
Параграф 1. Шашыранды сынамаларды алу
20. Жұмыс шарты. Сынамаларды соғу қолмен тістіктер, клиндар, күректер, кайлдар көмегімен және мәшинелі – қолды амалмен – соққылау балғаларымен жүзеге асырылады. Жұмыстар ашық және жерасты таулы қазбаларда жүргізіледі. Тік және еңісті тау қазбаларда – ағаш төсеніш (сүрелер). Жерасты қазбаларында тік, ашықтарда – көлденең (сирек тірк) беткеулер түзіледі. Сынап көрілетін жыныстар дәрежесі I – ден XX дейін. Қуыстың минимал ені 0,20 м.
21. Жұмыс құрамы. Сынамалар алынатын жерді қарап шығу және тазалау. Сынамалар алынатын жерлерде забой беткейлерін түзеулеу. Қуыс контурын белгілеу. Брезентті жаю, тазалау және жинау. Жыныстарды жобалау (соғу) және пайдалы қазбаны алу. Қуыс ауданын тазалау және өлшеу. Жыныстардың ірі кесектерін сындыру. Құралдармен жұмыс жасау. Сүрелердің орнын ауыстыру және бекіту. Брезенттегі сынамаларды алу және оларды қапшықтарға салу. Сынамаларды таңбалау. Қашықтығы 400 м болатын сыналатын забойлар арасында қозғалып отыру.
22. Уақыт мөлшерлемелері 5 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім), еңбек шығындары мөлшерлемелері – 7 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
Параграф 2. Нүктелі сынамаларды алу
23. Жұмыс шарты. Жыныстарды жобалау (сынамаларды соғу) қолмен тістіктер көмегімен және мәшинелі – қолмен – соққылау балғасы көмегімен жүзеге асырылады. Жұмыстар ашық және жерасты таулы қазбаларда жүргізіледі. Тік және еңісті тау қазбаларда – ағаш төсеніш (сүрелер). Жерасты қазбаларында тік, ашықтарда – көлденең (сирек тірк) беткейлер түзіледі.
Сынамалар алу нүктелері тор бойынша 2 м2 дейін кен денесі ауданында орналасады. Бір нүктеде соғылған жарым – жартылай сынама салмағы қарапайым салмақты сынамаларда 100 гр кем болмау керек, ал аз салмақты сынамаларда – 15 – 20 гр кем болмау керек.
24. Жұмыс құрамы. Сынамалар алу орнын қарап шығу және тазалау. Сынамалар алынатын жерлерде забой беткейлерін түзеулеу. Тор бөлу және сынамалар алу нүктелерін белгілеу. Брезентті жаю, тазалау және жинау. Ауа жіберу. Жыныстарды жобалау (соққылау). Құралдармен жұмыс жасау. Брезенттегі сынамаларды алу және оларды қапшықтарға салу. Сынамаларды таңбалау. Қашықтығы 400 м болатын сыналатын забойлар арасында қозғалып отыру.
25. Уақыт мөлшерлемелері 6 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім), еңбек шығындары мөлшерлемелері – 7 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
Параграф 3. Бұрғылау ұңғымалары кернінен сынамалар алу
26. Жұмыс шарты. Жұмыстар бөлмеде немесе далада жүргізіледі. Толығымен немесе оның бөлік керні алынады (бұрғылау диаметрі 76 мм және одан көп болғанда). Керн бөлігін алу қолмен - арнайы тістіктермен, мәшинелі - қолмен - керн шаншу көмегімен және мәшине амалымен - тас кескіш білтекте (алмаз шеңберінің диаметрі 300-400 мм, электрқозғалтқышының қуаты - 3,2кВт) жүзеге асырылады.
27. Жұмыс құрамы. Брезент астына орын тазалау. Брезентті жаю, тазалау және жинау. Кернді белгілеу. Керн бөлігін алғанда: керн тесуші немесе тас кескіш білтек пышақтары арасында плахта кернді орналастыру; плахта қолмен, керн тескішпен немесе білтекте үгітумен кернді тесу. Сынама түпнұсқаларын белгілеу. Сынамалар түпнұсқаларын жәшіктерге орналастыру. Жыныстардың ірі кесектерін бөлшектеу. Құралдармен жұмыс жасау. Сынамаларды қапшықтарға жинау және қораптау. Сынамаларды таңбалау. Керні бар жәшіктерді жұмыс орны шеңберінде орын ауыстыру.
28. Уақыт мөлшерлемелері 8 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім), еңбек шығындары мөлшерлемелері – 9 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген).
Параграф 4. Топтық сынамаларды алу
29. Жұмыс шарты. Қатарлы сынамалар бөлігін алу қысқарту әдісімен жүзеге асырылады.
30. Жұмыс құрамы. Қатар сынамаларын өлшеу. Топтық сынамалардың орташа салмағын анықтау. Топтық сынамаларды құрастыру үшін қатар сынамаларының бөлігін анықтау. Қатар сынамалар бөлігін алу. Үш - бес қатарлы сынамалар бөліктерін топтыққа біріктіру. Топтық сынамаларды өлшеу. Топтық сынамаларды қораптау.
31. Топтық сынамаларды алуға уақыт мөлшерлемелері 10 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім), еңбек шығындарының мөлшерлемелері - 11 кестеде (2 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
Параграф 5. Сынамаларды өңдеу
32. Осы бөлімде ұнтақтау – ұсақтаудың бір кезеңді және көп кезеңді циклын пайдаланумен бастапқы сынамаларды өңдеуге; бастапқы геохимиялық сынамаларды өңдеуге; зертхана сынамаларды өңдеуге; қатарлы сынамаларды өңдеуге (қысқартуға); жаппай мол сынамаларды өңдеуге мөлшерлемелер келтіріледі.
33. Жұмыс шарты (бастапқы сынамаларды өңдегенде). Сынамаларды қысқартқанда салмақ есебі келесі өрнек бойынша өндіріледі Q=Kd2 кг, мұнда Q – сынама салмағы, d – сынамада анағұрлым ірі бөлшектің өлшемі, мм, K – Жыныста минералды құрамдас бөлшектердің біркелкі емес үлестірілу коэффициенті (12 Кесте, 3 Қосымша).
К әр түрлі мәндерінде қысқартылған жыныстардың минимал рұқсат етілген салмағы 13 кестеде (3 Қосымша, 5 Бөлім) көрсетілген. Зертханалық сынама материалы бөлшегінің соңғы өлшемі 1 мм, оның салмағы 1 кг аспайды.
34. Ұнтақтау - ұсақтаудың бір кезеңді циклын пайдаланумен бастапқы сынамаларды өңдеу (бастапқы сынамаларды кешенді өңдеу жүйесі)
Жұмыс шарты. Бастапқы сынамалар бөлшектерінің максимал өлшемі- 70 мм. Сынамалар материалының мәшинелі ұнтақтауы 2 - 5 мм дейін, жонғышта мәшинелі ұнтақтау 0,074 мм дейін. Зертханалық және сараптама сынамалар салмағы 0,5 кг дейін.
35. Жұмыс құрамы. Бастапқы сынамаларды өлшеу. Бір уақытты мәшинелі ұнтақтау, араластыру және сынамаларды қысқарту. Сынамаларды мәшинемен ұнтақтау. Сынамаларды таңбалау және қораптау. Әр сынаманы өңдеп болғаннан кейін ауамен механизмдерді үрлеу және ыдыстарды тазалау.
36. Ұнтақтау - ұсақтаудың бір кезеңді циклын пайдаланумен бастапқы сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері 14 кестеде (3 Қосымша, 5 Бөлім), еңбек шығындарының мөлшерлемелері - 15 кестеде (3 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
37. Ұнтақтау - ұсақтаудың көп кезеңді циклын пайдаланумен бастапқы сынамаларды өңдеу
Жұмыс шарты. Жұмыс амалы – мәшинелі - қолмен. Бастапқы сынаманың максимал өлшемі 70 мм. 1 мм дейін сынамаларды ұнтақтау мәшинелі - қолмен (бетті ұнтақтағыш – 100*150 мм, (80*150 мм), осьті ұнтақтағыш – 200*125 мм). Сынамалардың мәшинелі дүрсілдеуі (дірілді дүрсіл) – 400*800 мм). Сынамаларды араластыру және қысқарту – қолмен. Зертхана сынамасының салмағы– 1 кг дейін.
38. Жұмыс құрамы. Сынаманы өлшеу. Сынамаларды өңдеу сұлбасымен таныстыру. Сынамаларды кезеңді ұнтақтау, әр ұнтақтау - ұсақтаудың әр кезеңінен кейін бақылау дүрсілдеумен әрі қарай араластырумен және сынама материалын қысқартумен. Сынамаларды және түпнұсқаларды қапшықтарға қораптау. Сынамаларды таңбалау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін ауамен механизмдерді үрлеу.
39. Ұнтақтау – ұсақтаудың көп кезеңді циклын пайдаланумен бастапқы сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері 16 кестеде (3 Қосымша, 5 Бөлім), еңбек шығындарының мөлшерлемелері - 17 кестеде (3 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген
40. Бастапқы геохимиялық сынамаларды өңдеу
Жұмыс шарты. Бастапқы сынама салмағы 0,3 кг. Бастапқы сынама бөлігінің максимал мөлшері 20 мм дейін. Қолмен 1 мм дейін сынама материалын ұнтақтау (сатыларда), мәшинелі - қолмен (шекті ұнтақтағыш - 100х150 мм, осьті ұнтақтағыш 200х125 мм), араластыру және сынамалар материалдарын қысқарту, қолмен немесе мәшинемен ұнтақтау, араластыру және қысқарту (агрегат АП).
41. Жұмыс құрамы. Сынамаларды өңдеу сұлбасымен таныстыру. Сынамаларды өлшеу. Бақылау дүрсілмен сынамаларды ұнтақтау - ұсақтау . Араластыру және сынамалар материалдарын қысқарту. Сынамаларды және түпнұсқаларды қораптау. Сынамаларды таңбалау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.
42. Геохимиялық сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 18,19 кестелерде (3 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
43. Зертхана сынамаларын өңдеу
Жұмыс шарттары. Бастапқы сынама салмағы 1 кг дейін. Бастапқы сынама бөлігінің максимал өлшемі 1 мм дейін. Материалды 0,74 мм ірілігіне дейін немесе мәшинемен 0,045 мм ұнтақтау.
44. Жұмыс құрамы. Зертхана сынамаларын сараптама сынамаларына дейін ұнтақтау. Сынамаларды бақылау дүрсілдету. Сынамаларды таңбалау және қораптау. Жуу, кептіру, Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.
45. Зертхана сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлері және еңбек шығындары 20-26 кестелерде (3 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
46. Жаппай мол сынамаларды өңдеу
Жұмыс шарты. Бастапқы материал ірілігі 150 мм. Ұнтақтау 25 мм дейін және үзінді технологиялық процеспен сынамалар материалын қолмен немесе мәшинелі - қолмен (шекті ұнтақтағыш -100х150 мм, дірілді дүрсіл - 400х800 мм) немесе үзіліссіз технологиялық процеспен мәшинелі (шекті ұнтақтағыш - 160х250 мм, дірілді дүрсіл - 400х800 мм) дүрсілдету. Араластыру және сынамалар материалдарын қысқарту қолмен. Алынып жатқан сынама салмағы 200 - 250 кг.
47. Жұмыс құрамы. Сынамалардың бастапқы материалын дүрсілдету. Тор үстіндегі материалды ұнтақтау . Араластыру және сынама алумен қысқарту . Өлшеу немесе алынған сынамалар көлемін өлшеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.
48. Жаппай мол сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 27,28 кестелерде (3 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
Параграф 6. Сынамаларды алу және өңдеу
49. Осы бөлімде сынамаларды алуға және өңдеуге мөлшерлемелер келтіріледі: минералды тұздардың; Жалбырлы фосфориттердің; бұрғылау ұңғымаларының шламының; массивтен және өндірілген тау жыныстарынан жаппай мол сынамалардантоптық сынамалардан .
50. Минералды тұздардың сынамаларын алу және өңдеу
Жұмыс шарты. Кернті тесу 15 см бойынша ұзындығы болатын үлгілерге тістіктер, балғалар және зілбалғалар көмегімен оське перпендикуляр жүзеге асырылады. Сынамаларды тесу мәшинелі - қолмен (тесу білтектерінде – қозғалтқыш қуаты – 0,55 кВт). Саңылауы 1 мм дейін електерде дүрсілдеу. Қолмен ұнтақтау (сатыларда). Сынамаларды араластыру және қысқарту қолмен. Алынып жатқан сараптама сынамалар мен түпнұсқалар салмағы 100 г дейін.
51. Жұмыс құрамы. Кернді кептіру. Кернді өлшеу. Зертхана сынамаларын тесу. Кернді жәшіктерге салу, зертхана сынамаларын бақылау дүрсілдету. Сынамалардың тор үстіндегі материалдарын ұнтақтау. Сынамаларды өлшеу. Араластыру және сараптама сынамалары мен түпнұсқаларды алумен зертхана сынамаларын қысқарту. Сынамалар түпнұсқаларын перефинирлеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.
52. Минералды тұздардың сынамаларын алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 29, 30 кестелерде (4 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
53. Жалбырлы фосфориттердің сынамаларын алу және өңдеу
Жұмыс шарты. Сынамалар топырақ сорғыш көмегімен 348 мм диаметрі бар бұрғылау ұңғымаларынан алынады. Сынамалар материалдарын дүрсілдету мәшинелі (дүрсіл 400*800 мм), сынамаларды ұнтақтау– мәшинелі - қолмен (осьті ұнтақтағыш 200*125 мм). Сынамаларды қысқарту – қолмен (бастапқыларды – 300 г дейін, зертханалыларды – 100 г дейін , сараптамаларды – 50 г дейін. Сынамаларды ұнтақтау – мәшинелі (жонушыларда) – 0,074 мм дейін.
54. Жұмыстар құрамы. Бұрғылау ұңғымаларынан керннен сынамаларын алу. Сынамаларды жинақтау. Өлшеу, Сынамаларды кептіру. Кептіргеннен кейін сынамаларды өлшеу. Сынамалардың алғал дүрсілдеуі. Сынамаларды кептіру. Бөлек ұнтақтау, дүрсілдету және зертханалы сынамаларды алумен +0,5 және - 0,5 мм санаттары бойынша сынамалар материалдарын қысқарту. Сараптама сынамаларын алумен зертхана сынамаларын бөлек ұнтақтау.Әр санаттың сынамалар материалдарын өңдегеннен кейін сынамаларды қысқарту үшін жабдық пен оқпанды тазалау. Сынамаларды және түпнұсқаларды пакеттерге қораптау.
55. Жалбырлы фосфориттердің сынамаларын алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 31, 32 кестелерде (4 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
56. Бұрғылау ұңғымаларының шламының сынамаларын алу және өңдеу.
Жұмыс шарты. Шламның бастапқы сынама салмағы 5 кг дейін. Сынамалар темір ыдыста ауа – құрғақ күйге дейін кептіріледі. Бақылау дүрсілдету – 3-5 мм саңылаулары бар електерде. Шламды араластару және қысқарту – жалбырлы бөлгіште. Сынамаларды 1 мм дейін ұнтақтау – қолмен және мәшинелі - қолмен (жонушыларда).
57. Жұмыс құрамы. Тұндырғыштан шлам сынамаларын алу және оларды ыдыстарға жүктеу. Сынамаларды кептіру. Бақылау дүрсілдету. Кептірілген материалды өлшеу. Сынамаларды араластару және таңдау. Сынамаларды таңбалау және қораптау.
58. Шлам сынамаларын алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 33,34 кестелерге (4 Қосымша, 5 Бөлім) келтіріледі.
59. Массвтен жаппай мол сынамаларды алу және өңдеу (қысқарту).
Жұмыс шарты. Кайл және күректер көмегімен қолмен немесе перфораторлар көмегімен мәшинелі – қолмен сынамалар алу (соққылар энергиясы 64 Дж.). Қолмен сынамалар материалдарын ұнтақтау 25 мм дейін. Сынамаларды араластыру және қысқарту қолмен. Алынып жатқан сынама салмағы 200-250 кг.
60. Жұмыс құрамы. Жыныстарды жобалау және пайдалы қазбалар қазу. Вагоншықтарға немесе тачкаларға сынамаларды жүктеу. Жұмыс ауданына сынамаларды жеткізу. Ірі кесектерді ұнтақтау. Араластару, қысқарту және сынамалар алу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.
61. Массивтен жаппай мол сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 35,36 кестелерде (4 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
62. Өңделген тау жыныстарынан жаппай мол сынамаларды алу және өңдеу (қысқарту).
Жұмыс шарты. Қолмен сынамалар материалдарын ұнтақтау 25 мм дейін. Сынамаларды араластыру және қысқарту қолмен. Алынып жатқан сынама салмағы 200-250 кг.
63. Жұмыс құрамы. Үйінділерден және штабельдерден сынамаларды алғанда жобалаумен жыныстарды қазу. Жұмыс ауданына сынамаларды жеткізу. Ірі кесектерді ұнтақтау. Араластыру, қысқарту және сынамаларды алу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.
64. Өндірілген тау массасынан жаппай мол сынамаларды алуға және өңдеуге (қысқартуға) уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 37,38 кестелерде (4 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
65. Топтық сынамаларды алу және өңдеу.
Жұмыс шарты. Қатар сынамалар бөлігін алу тістіктер және зілбалға көмегімен жүзеге асырылады. Сынамаларды ұнтақтау – мәшинелі - қолмен (шекті ұнтақтағыш - 100х150 мм). Сынамаларды араластыру және қысқарту қолмен. Топтық сынамалар бөлшектерінің максимал өлшемі 5 мм дейін. Топтық сынамалардың бастапқы салмағы 50-70 кг. Өңделген сынама салмағы 10 кг.
66. Жұмыс құрамы. Қатар сынамаларын өлшеу. Топтық сынамалардың орташа салмағын анықтау. Топтық сынамаларды құрастыру үшін қатар сынамаларының бөлігін анықтау. Қатар сынамалар бөлігін алу. Топтар бойынша сынамаларды біріктіру. Топтық сынамаларды өлшеу. Топтық сынамаларды өңдеу. Сынамаларды таңбалау және қораптау.
67. Топтық сынамаларды алуға және өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 39, 40 кестелерде (3 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
4. Минералогиялық сынап көру
68. Осы бөлімде келесілерге мөлшерлемелер келтіріледі: шоғырлану үстелінде, тұну мәшинесінде және винттік айырғышта сынамаларды өңдеу (шоғырландыру), науада, бұрғы ыдыста және гидровашгерде шлих сынамаларын өңдеу (жуып – шаю), ағым сынамаларын алу және өңдеу.
69. Шоғырлану үстелінде сынамаларды өңдеу (шоғырландыру)
Жұмыс шарты. Сынамалар шоғырлануы 0,5 м2 дейін деки ауданымен шоғырлану үстелінде өндіріледі.
70. Жұмыс құрамы. Сынамаларды өлшеу. Сынамаларды шоғырландыру. Шоғырландыру жүктеуі. Шоғарландырғышты кептіру, өлшеу және қораптау. Қалдықтарды жинау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.
71. Шоғырлану үстелінде сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 41, 42 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
72. Тұну мәшинесінде сынамаларды өңдеу (шоғырландыру).
Жұмыс шарты. Сынамалар шоғырлануы тұну екі камералы мәшинелерде өндіріледі (камера ауданы 0,08 м2).
73. Жұмыс құрамы. Сынамаларды өлшеу. Сынамалар шоғырлануы. Шоғырлануды түсіру. Шоғырлануды кептіру. Шоғарлануды өлшеу. Сынамалар шоғырлануын таңбалау және қораптау.
74. Тұну мәшинесінде сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 43, 44 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
75. Винттік айырғышта сынамаларды өңдеу (шоғырландыру)
Жұмыс шарты. Сынамалар шоғырлануы іздеу винттік айырғыштарында өндіріледі оның желобының сыртқы диаметрі 250 мм дейін және барлау айырғыштарында желоб диаметрі – 500 мм.
76. Жұмыс құрамы. Сынамаларды өлшеу. Айырғыш бункеріне сынамаларды жүктеу. Шоғырлануды түсіру. Шоғырлануды кептіру. Шоғарлануды өлшеу. Сынамалар шоғырлануын таңбалау және қораптау.
77. Винттік айырғышта сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 45, 46 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
78. Науада шлихті сынамаларды өңдеу (жуып – шаю).
Жұмыс шарты. Науада қолмен сынамаларды жуып – шаю және шлихті жеткізу. Жуып – шаю орнына сынамаларды келтіру көмекші жұмысшымен орындалады, оның міндеттемелеріне зумпфтан эфелдерді жүктеу және ондағы суды ауыстыру кіреді. Қыс мезгілінде отынды дайындау және жеткізу үшін, қардан сынамаларды тазалау үшін, сынамаларды еріту, суға қар мен мұзды дайындау, суды жылыту және жұмыс бөлмесін жылыту үшін қосымша көмекші жұмысшы көзделеді. Көмекші жұмысшылардың жұмыс уақыты шлих сынамаларын өңдеу мөлшерлемелеріне кірмейді.
79. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жуып – шаюға дайындау. Сынамаларды жуып – шаю. «Сұр» шлихті түсіру (зертхана сынамасын). «сұр» шлихті «қара» түске дейін жеткізу (сараптама сынамасына дейін). Шлихті кептіру. Әр сынаманы өңдеп болғаннан кейін құралдарды тазалау. Шлихті қораптау және таңбалау (сараптама сынаманы).
80. Шлих сынамаларын өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 47,48 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
81. Бұрғы ыдыста шлихты сынамаларды өңдеу (жуып – шаю)
Жұмыс шарты. Бұрғы ыдыста қолмен сынамаларды жуып – шаю (жүктеу бастиегінің өлшемі 700х500 мм, бұрғы ыдысының ұзындығы 2,0 м). Науада қолмен сынамаларды жеткізу.
Жуып – шаю орнына сынамаларды жеткізу көмекші жұмысшымен орындалады, оның міндеттемелеріне зумпфтан эфелдерді жүктеу және ондағы суды ауыстыру кіреді. Қыс мезгілінде отынды дайындау және жеткізу үшін, қардан сынамаларды тазалау үшін, сынамаларды еріту, суға қар мен мұзды дайындау, суды жылыту және жұмыс бөлмесін жылыту үшін қосымша көмекші жұмысшы көзделеді. Көмекші жұмысшылардың жұмыс уақыты шлих сынамаларын өңдеу мөлшерлемелеріне кірмейді
82. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жуып – шаюға дайындау. Сынамаларды жүктеу және жуып – шаю. «Сұр» шлихті түсіру. «Сұр» шлихті «қара» түске дейін жеткізу. Шлихті кептіру. Шлихті қораптау және таңбалау Әр сынаманы өңдеп болғаннан кейін құралдарды тазалау. Эфелдерді жинау.
83. Бұрғы ыдыста шлихтарды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 49, 50 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
84. Гидровашгерде шлихты сынамаларды өңдеу (жуып – шаю)
85. Жұмыс шарты. Жұмыс ауданы 700х3500 мм өлшемімен гидровашгерде мәшинелі – қолмен сынамаларды жуып – шаю. Науада қолмен шлихтарды жеткізу.
Жуып – шаю орнына сынамаларды жеткізу көмекші жұмысшымен орындалады, оның міндеттемелеріне зумпфтан эфелдерді жүктеу және ондағы суды ауыстыру кіреді. Қыс мезгілінде отынды дайындау және жеткізу үшін, қардан сынамаларды тазалау үшін, сынамаларды еріту, суға қар мен мұзды дайындау, суды жылыту және жұмыс бөлмесін жылыту үшін қосымша көмекші жұмысшы көзделеді. Көмекші жұмысшылардың жұмыс уақыты шлих сынамаларын өңдеу мөлшерлемелеріне кірмейді.
86. Жұмыс құрамы. Сынамаларды жуып – шаюға дайындау. Сынамаларды жуып – шаю. «Сұр» шлихті «қара» түске дейін жеткізу. Шлихті кептіру. Үйіндіге ірі малта тастарды түсіру және домалату. Әр сынаманы өңдеп болғаннан кейін құралдарды тазалау. Шлихті қораптау және таңбалау.
87. Гидровашгерде шлихті сынамаларды өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 51, 52 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген.
88. Ала қар сынамаларын алу және өңдеу
89. Жұмыс шарты. Сынамалар 1 м2 ауданнан бірнеше бөлшектерді (сынықтарды) ұрып алу жолымен ашық және жерасты қазбалардан 5 кг дейін және 5,1 – 10,0 кг салмақпен алынады. Сынамаларды 1 мм дейін ұнтақтау қолмен (саты) немесе мәшинелі - қолмен (шекті ұнтақтағыш - 100х150 мм, осьті ұнтақтағыш - 200х125 мм) өндіріледі. Сынамаларды қолмен немесе мәшинелі – қолмен (дірілді дүрсіл - 400х800 мм) дүрсілдету. Сынамаларды жуып – шаю қолмен (науада) орындалады. Бастапқы сынамалар салмағы 5 кг – 50 г; 5,1 – 10,0 кг - 100 г дейін салмақта алынатын зертхана сынамаларының салмақтары.
90. Жұмыс құрамы. Сынама алынған орында қарап шығу және тазалау. Сынамаларды алу. Сынамаларды өлшеу. Бақылау дүрсілмен сынамаларды ұнтақтау.Зертханалы сынамаларды алу. Жасанды шлихтарды алумен сынамаларды жуып – шаю. Шлихтарды кептіру. Шлихтарды қораптау және таңбалау. Сынамалар қалдықтарын жинау. Әр сынаманы өңдегеннен кейін жабдықты тазалау.
91. Ала қар сынамаларын өңдеуге уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары 53, 58 кестелерде (5 Қосымша, 5 Бөлім) келтірілген. на отбор и обработку проб протолочек приведены в кестелерде 53-58 (5 Қосымша, 5 Бөлім).
Достарыңызбен бөлісу: |