Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне


Ұңғымалар бұрғылауымен іргелес жүретін көмекші жұмыстар



жүктеу 0,98 Mb.
бет7/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

4. Ұңғымалар бұрғылауымен іргелес жүретін көмекші жұмыстар
52. Осы бөлімде ұңғыманы тереңдетумен байланысты жұмыстарды орындауға уақыт мөлшерлемелері келтірілген, бірақ олар ұңғымаларды бұрғылаудың техникалық кешеніне кірмеген: ұңғыманы шаю; ұңғыма аузын өңдеу; ұңғымаға тығын орнату; бекіту құбырлары бағандарын цементтеу; цементтік көпірді қою; сазбен ұңғыманы тығындау; ұңғыманы сазды немесе цементті қоспамен тығындау; тез байланысатын қоспалармен ұңғыманы тығындау; цементті көпір қайта бұрғылау; ұңғыманы бекіту құбырларымен бекіту және айналмалы бұрғылауда оларды алып шығу; ұңғымаларды кеңейту; бекіту құбырлар бағандарын нығыздау; ұңғымаларды жасанды майыстыру; кернометрияны; көмір қатынан газды – кернді сынамаларды алу; сулы, сумен қаныққан көмір қаттарын және жыныстарын зерттеу; дефектоскопия; ұңғымаларда сүзгіштерді орнату және оларды алып шығару.

53. Атап өтілген көмекші жұмыстарды орындауға уақыт мөлшерлемелері осы бөлімнің кестелері бойынша (2 Қосымша) бұрғылауға қосымша уақыт шығындары ретінде анықталады.

54. Жер бетінен және жерасты тау қызбаларынан бұрғылау шарттары үшін уақыт мөлшерлемелері бөлек келтірілген.

55. Көмекші жұмыстар бұрғылау бригадасы күшімен, бұрғылау үшін пайдаланылатын техникалық амалдарды пайдаланумен орындалуы мүмкін, сонымен қатар қосымша жұмысшылар мен материалдық амалдарды жұмылдырумен (ұңғымаларды жасанды майыстыру, кернометрия, көмір қаттарынан газды – кернді сынамаларды алу, сулы, сумен қаныққан көмір қаттарын және жыныстарын зерттеу, дефектоскопия).

56. Қосымша материалдар (цемент, бекіту құбырлары және т.с.с.) шығынын, арнайы құралдар мен бұйымдардың (керноскоптар, ауытқығыштар, газдыкернтоптамалары және т.с.с.) тозуын, арнайы қондырғылар қызметтерін (цементтейтін агрегат, дефектоскопиялық бекет және т.с.с.) анықтау, сонымен қатар оларды жеткізу үшін көлік шығындары нақты геологиялық – техникалық шарттарда жұмыстарды өткізуді ескеріп жобада өндіріледі.

57. Ұңғымаларды шаю (18 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: бұрғытәж топтамасын және бұрғылау құбырларының бағандарын шаюдың шеткі тереңдігіне дейін түсіру, бұрғылау сорғышының көмегімен ұңғыманы шаю; бұрғытәж топтамасын және бұрғылау құбырлары бағандарын көтеру.

58. Ұңғыма аузын өңдеу (калибрлеу) (19 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: қашаумен немесе қалың қабырғалы арнайы бұрғытәжбен бұрын бұрғыланған ұңғыма аузының жеке участкелерін кезектеп кеңейту немесе қайта кернсіз бұрғылау, ол қатты бұрғытәж снарядына (ұзындығы 6 м кем болмайтын) құрастырылған, снарядтың қалыпты диаметрімен және көтерілу троекториясымен ұңғыма аузының бұзылмаған участкелерінде бұрғылау құбырларының бағанында снарядты еркін түсірумен.

59. Ұңғымада тығын орнату (20 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: тығынды дайындау (құрастыру) және оны бұрғылау құбырларының бағанымен жалғау; тапсырылған аралыққа бұрғылау құбырларының бағанында тығынды түсіру; тығынды ұңғыма аузында бекіту; тығынды ажырату; бұрғылау құбырлары бағандарын көтеру.

60. Бекіту құбырлары бағандарын цементтеу (21 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: ұңғыманы жуып - шаю (18 кесте бойынша мөлшерленеді), цемент қоспасын дайындау; ұңғыма оқпанын құйма бастиекпен жабдықтау; бұрғылау сорғышының немесе цементтейтін агрегаттың қысу желісімен оны жалғастыру; ұңғымаға цемент қоспасын кашайттау, бөлгіш тығынды босату; тығын үстінен шаю сұйықтығын айдаумен қуыс кеңістікті цемент қоспасымен қысу; бөлшектеу және құю бастиегін және айдау желісін жуып – шаю.

61. Цемент көпірін қою (22 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: цемент қоспасын дайындау, оқпанды құйма бастиегімен жабдықтау; ұңғымаға цемент қоспасын айдау, бөлгіш тығынды босату; қысым астында шаю сұйықтығын айдау; құю бастиегін шешу; цемент қоспасынан айдау жүйесін шаю.

62. Сазбен ұңғымаларды тығындау (23 кесте, 2 Қосымша). Жұмыс құрамы: тығындау материалын дайындау; оны екі жүріспен ұңғыма забойына жеткізу; бұрғылау құбырлар бағанында тығындау снарядын екі рет түсіру; сазды екі қабатты тығындау оның әр қабатының ақырғы қалыңдығы 1,0 м және құбырлар бағанында шаю снарядын екі рет көтеру.

63. Сазды немесе цементті қоспамен құймамен ұңғыманы тығындау (24 кесте, 2 Қосымша).

Жұмыс құрамы: қоспаны дайындау; тапсырылған тереңдікке бұрғылау құбырлар бағанын түсіру; қоспаны ұңғыманың сағасынан төгілгеніне дейін айдау, бұрғылау құбырлар бағанын көтеру, қоспа қалдықтарынан жүйені жуып – шаю. Тереңдігі 300 м асатын құбырды толтыру қоспа үлестерімен төменнен жоғарыға қарай өндіріледі, сонымен бірге 300 м аспайтын оқпан толтырылып, әрі қарай осы аралықтағы биіктікке құбырлар көтеріледі.

64. Ұңғымаларды тез жабысатын қоспалармен (ТЖҚ) тығындау (25 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: ТЖҚ контейнерге жүктеу; бұрғылау құбырлар бағанында контейнерді түсіру; тығыздау аралығында ТЖҚ түсіру (қысу); контейнерді көтеру; шнекті тегістеу тығыздау құрылғысын бұрғылау құбырлар бағанымен түсіру; саға участкесін тығыздау (ұңғыма қабырғаларына қоспаны жағып тегістеу); тығыздаушы құрылғыны көтеру.

65. Цемент көпірді қайта бұрғылау.



Жұмыс құрамы: осы жұмыс түрі сәйкес тереңдік аралықтарында бұрғылау бойынша IV дәрежедегі жыныстарды кернсіз бұрғылау процесімен толығымен ұқсас. Осыған байланысты цемент көпірін қайта бұрғылауға мөлшерлемелер жоғарыда көрсетілген жағдайларда кернді алмай ұңғымаларды бұрғылау мөлшерлемелеріне тең деп қабылданады.

66. Бекіту құбырларымен ұңғымаларды бекіту және оларды айналма бұрғылауда көтеріп алып шығу (26 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы:

а) құбырларды түсіргенде:

ұңғыма сағасын өңдеу (операция көлемі жобамен дәлелденеді, уақыт шығындары 18 кесте мөлшерлемелері бойынша анықталады);

құбырларды іріктеу, өлшеу, резьбалық байланыстарды калибрлеу, ұңғымаға құбырларды жақындату;

такелажды және тіреуіш бұйымдармен (әмбебап бастиек, сыналар және т.с.) ұңғыма сағасын және шығыр арқанын жабдықтау;

құбыр бағандарын бұрап босату және түсіру, забойға баған табанын басу;

бұйымдарды бөлшектеу;

б) құбырларды көтеріп алып шыққанда:

гидравликалық домкратты орнату;

такелажды және тіреуіш бұйымдармен (әмбебап бастиек, сыналар және т.с.) ұңғыма сағасын және шығыр арқанын жабдықтау;

домкратпен және шығырмен құбырларды алып шығу (жүрумен);

бағандарды бұрандамалардан босату және құбырларды жинау;

домкрат және өзге бұйымдарды бөлшектеу.

67. Ұңғымаларды кеңейту.



Жұмыс құрамы: ұңғыманың жобалық диаметріне қол жеткізгенше ұңғыманың бастапқы диаметрінің сақиналы забойын бір ретті немесе көп ретті қайта бұрғылау (19 кесте мөлшерлемелері бойынша бөлек мөлшерленеді, 2 Қосымша).

Ұңғымаларды кеңейтуге уақыт мөлшерлемелері кеңейтудегі түзету коэффициенттерін есепке алып жобалық диаметрді қашаумен кернсіз бұрғылауға мөлшерлемелер бойынша анықталады: а) келесі диаметрге - 0,50; б) бір диаметрден кейін - 0,60; в) екі диаметрден кейін және одан аса - 1,00.

68. Бекіту құбырларының бағандарын қысу.

Жұмыс құрамы: бекіту құбырлар бағанында құйма бастиегін орнату; оны бұрғылау сорғышының айдау желісіне жалғастыру; ұстаммен бағанды қысу; қондырғыларды бөлшектеу.

Бекіту құбырларын 1 қысуға уақыт мөлшерлемелері - 0,22 білтек – кезең.

69. Ұңғымаларды жасанды майыстыру (27 кесте, 2 Қосымша). Жұмыс құрамы:

а) қайта шығарылмайтын (тұрақты) сыналарда пайдаланғанда:

жер бетінде дайындау жұмыстары (ұңғымаға түсіруге снарядты дайындау);

бұрғылау құбырлары бағанында ұңғымаға сынаны түсіру және босаған бағанды көтеріп шығару;

ұңғымада сынаны бағдарлау;

сынаны үлестіру;

сына қимасы бойынша жаңа оқпанды бұрғылау;

Түзетудің барлық аралығында жаңа оқпанның қисықтығы және тұрақтылығы жинағымен бірнеше рейстармен қисықтан төмен бұрғылау. Көп оқпанды ұңғымаларда жаға оқпанды негізгі забойдан жоғары бұрғылағанда жасанды забой тығын қондырғысы бойынша операциялар қосылады (20 кесте бойынша мөлшерленеді, 2 Қосымша – ұңғымада тығын орнату);

б) бір ретті және үзіліссіз әсер ететін ауытқитын снарядтарды пайдаланғанда:

беткейдегі ауытқығышты түсіруге және бағыттауға дайындау;

бұрғылау құбырлары бағанымен ауытқығышты түсіру;

ұңғымада ауытқығышты бағдарлау және босату;

кіші диаметрдегі алғашқы – ұңғыманы бұрғылау;

қисықтық жинағымен жаңа бағытта қалыпты диаметрдегі ұңғыма оқпанын қайта бұрғылау (кеңейту);

толық диаметрлі кернді алғанға дейін қисаюдың барлық аралығында бірнеше рейстармен оны тұрақтандырып жаңа оқпанды бұрғылау.

70. Кернометрия (28 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: Керноскопты бөлшектеу және тазалау; бұрғылаушы снарядты құрастыру; бағдарлауышты дайындау және құрастыру; керноскопты жинау; бұрғылау құбырлар бағанымен ұңғымаға керноскопты түсіру; забойға қою және забойды түзету; бағдарлаушы белгіні салу; ұңғыма забойында бағдарлауышты ұстап тұру; керноскопты көтеріп шығару; арнайы бұрғытәжды және бағдарлаушы өзекті алып шығу; бағдарлаушы өзекті кептіру және оны контейнерге орналастыру; құжаттамаларды рәсімдеу. Қайта бұрғылау, үзу, бағдарлаған белгісі бар кернді көтеру және көтеріп шығару ұңғыманы әрі қарай бұрғылау процессінде өндіріледі.

71. Көмір қаттарынан газды кернді сынамаларды алу (29 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: жұмысқа газкернжинақтағышты (ГКЖ) дайындау; бұрғылау құбырлар бағанымен ГКЖ түсіру; рейсіне 0,5 м дейін өтуді шектеумен бұрыш бойынша бұрғылау; бұрғылау құбырларының бағанында ГКЖ көтеру; ГНЖ қабылдағыш таспаны шығарып алу.

72. Газдысумен қаныққан жыныстарды, газбен қаныққан көмір қаттарды және жыныстарды зерттеу (30 кесте, 2 Қосымша).



Жұмыс құрамы: жұмысқа сынаушы және өлшеуіш құралды дайындау; сальник – вертлюгаға газ есептегішін жалғау, айналма – шығаруға қарсы бастиекті орнату; ұңғыманы жуып – шаю (18 кесте бойынша бөлек мөлшерленеді); бұрғылау құбырлау бағанымен сынаушы құралды түсіру; жыныстарды және қаттарды сынақтан өткізу; олардың газ параметрлерін өлшеу; су және газ сынамаларын алу; бұрғылау құбырлар бағанында сынаушы құралды көтеріп шығару.

73. Ұңғымаларды бұрғылау процесінде бұрғылау құбырларының және көтеру құралының дефектоскопиясы.



Жұмыс құрамы: жабдықтарды дайындау және ретке келтіру, құбырлар мен жабдықтардың беткейлерін дайындау, өлшеу жұмыстарын жүргізу, нәтижелерді жазып алу, жабдықтарды бөлшектеу.

Бұрғылау процессінде бұрғылау құбырлары дефектоскопиясына мөлшерлемелер - 1 жабдық – кезең ұңғымаларды бұрғылауға 100 білтек – кезеңге.

74. Ұңғымаларға сүзгіштер орнату және оларды алып шығару (31 кесте, 2 Қосымша).

Жұмыс құрамы: жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты дайындау – қорытынды операциялар; тұндырғыштың төменгі бөлігіне ағаш тығынды нығыздау және оны алып шығару; сүзгішті орталықтандыру және оларды шешу үшін бағыттаушы шырақтарды бекіту; тапсырылған тереңдікке сүзгішті түсіру және оны көтеру; бұрғылау ұңғымасының сағасы үстінде беріктеу құбырларын бекіту және босату (бекіту құбырлары бағанында орнатылатын сүзгіштер); бұрғылау қондырғысына техникалық қызмет көрсету, құжаттама.

Қосымша жұмыс құрамына келесілер қосылады:

а) “впотай” сүзгіштерін орнатқанда – сүзгіш үстіндегі құбырда сальникті орнату және бұрғылау құбырларын көтеріп шығару;

б) гравийлі сеппесі бар сүзгіштерді орнатқанда – гравий себілетін құбырларды түсіру және көтеріп шығару, гравий сан мөлшерінің қажеттілігін есептеу, гравиді көму;

в) беріктендірілмеген бекіту құбырларымен ұңғымаға сүзгіштерді орнатқанда – ұңғыма оқпанын өңдеу;

г) бекіту құбырларымен беріктендірілген ұңғымаға сүзгіштер орнатқанда – сүзгіштің жұмыс бөлігін жалаңаштау мақсатында бекіту құбырларын көтеру және оларды ұңғыма сағасы үстінде бекіту (бекіту құбырларын көтеріп шығару гидравликалық домкрат және бұрғылау қондырғысының шығыры көмегімен өндіріледі);

д) “впотай” орнатылған сүзгіштерді көтеріп шығарғанда – бұрғылау құбырларын түсіру және олардың сүзгіш құлыпымен жалғастыру.

Сүзгіштерді орнатуға және көтеріп шығарып алуға уақыт мөлшерлемелері 31, 32, 33 кестелерде келтірілген, көмекші жұмыстарды орындауға мамандардың және жұмысшыларды еңбек шығындарының мөлшерлемелері – 34 кестеде (2 Қосымша) келтірілген.



5. Монтаж, демонтаж и перемещение буровых установок
75. Осы бөлімде бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге және оларды бұрғылаудың жаңа нүктесіне орын ауыстыруға сметалық мөлшерлемелер келтірілген.

76. Сметалық мөлшерлемелер физикалық өлшеуішке есептелген – 1 құрастыру, бөлшектеу және 1 км дейін бұрғылау қондырғысының орын ауыстырылуы. Мөлшерлемелерде алдын – ала ескерілген қашықтықта тасымалдағанда – 1 км тасымалдау, бұрғылау ғимараттарын құрастырғанда, бөлшектегенде – 1 бұрғылау ғимаратына тең. Мөлшерлемелермен келесі шарттар алдын – ала ескерілген:

Бұрғылау қондырғысының түрі (жылжымалы, өздігінен жүретін);

Бұрғылау ғимаратының түрі – білеу тәрізділер;

Бұрғылау мұнарасының түрі – мателдық мұнара түріндегі, мачта.

77. Құрастыру, бөлшектеу мөлшерлемелерінде бұрғылау қондырғысын, ғимаратты және әр түрлі жүктерді 1 км дейінгі қашықтыққа тасымалдау үшін трактор көлігі ескерілген.

78. 1 км асатын қашықтыққа бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстырғанда (құрастыру, бөлшектеу мөлшерлемелерімен ескерілген) мөлшерлемелерде ескерілгендерден асатын қашықтыққа көлік және еңбек шығындары кестелерінде келтірілген мөлшерлемелер бойынша тасымалдаудың әр километріне шығындар есептеледі.

79. Мөлшерлемелерде ескерілген қашықтықтан жоғары қашықтыққа бұрғылау қондырғыларын тасымалдауға мөлшерлемелермен тасымалданатын жүктерге жолсерік болу, қосымша шешулер, қыстырулар ескерілген.

80. Бұрғылау қондырғысын тасымалдаудан басқа мөлшерлемелерде саз араластырғыш, сұйықтықтарға арналған ыдыстарды, бұрғылау құралын және өзге көмекші жүктерді тасымалдау ескерілген.

81. Бұрғылау қондырғыларының бұрғылау ұңғымаларының тереңдіктеріне сәйкестігі 35 кестеде (3 Қосымша) келтірілген сұлба бойынша бұрғылау диаметрін ескерумен орнатылады.

82. Мөлшерлемелер келесі құрастыру – бөлшектеу және жаңа нүктеге бұрғылау қондырғыларын орын ауыстыруға келтірілген:

1) Құрастыру, бөлшектеу және мачталары бар бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстыру, олар ғимаратпен бірге табандарда құрастырылған. Тасымалдау бөлшектеусіз бір блокпен жүзеге асырылады.

Мөлшерлемелер 25 м- ден 800 м – ге дейінгі тереңдіктер келтіріледі.

Тереңдігі 800 м дейінгі ұңғымалар үшін бұрғылау қондырғысы бөлшектеп тасымалданатын жағдайларда тасымалдау шарттары жобада дәлелденеді, шығындар сметалық – қаржылық есеппен анықталады.

2) Мұнаралы мұнарасы бар бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу және орын ауыстыру.

Мөлшерлемелер келесі нұсқалар үшін келтірілген:

а) бұрғылау ғимаратын бөлшектеусіз;

бұрғылау мұнарасын бөлшектеумен;

бұрғылау мұнарасын бөлшектемей (екі блоктармен);

б) ғимаратты бөлшектеумен;

бұрғылау мұнарасы секциялар бойынша бөлшектенеді, бұрғылау агрегаты – блоктармен бөлшектенеді;

бұрғылау мұнарасы тетік бөлшектер бойынша бөлшектенеді, агрегат – блоктармен бөлшектенеді.

Мөлшерлемелер 500 – ден 2000 м дейінгі тереңдіктер үшін келтірілген.

Саз араластырғышты, бұрғылау құралын және өзге көмекші жүктерді тасымалдау қосымша блоктарды тасымалдау ретінде бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу мөлшерлемелерімен ескерілген.

3) Өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу және тасымалдау.

Мөлшерлемелер 25 – тен 1000 м дейінгі тереңдіктер үшін бұрғылау қондырғысының түріне және оның көліктік базасына тәуелді өндіріледі.

4) Жерасты тау қазбаларында агрегаттарды құрастыру, бөлшектеу.

5) Бұрғылау ғимараттарын тасымалдау. Мөлшерлемелер бұрғылау ғимаратын бөлшектеумен және бөлшектеусіз тасымалдау шарттары үшін берілген.

83. Ғимаратпен бірге құрастырылған (бір блок) мачталармен жылжымалы бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу және орын ауыстыру.

Жұмыстарды жүргізу шарттары:

Бұрғылау ғимаратымен бір негізде өзінің көлік басазында құрастырылған мачталары бар жылжымалы бұрғылау қондырғылары бөлшектелмей бір блокпен тартумен өндіріледі. Саз араластырғыштар, ыдыстар, бұрғылау құралы және өзге көмекші жүктер мөлшерлемелерде қосымша жеке блоктарды тасымалдау ретінде ескерілген.

Жұмыс құрамы: бұрғылау қондырғысының, тазалау жүйесінің және мұнара құрылыстарын орналасу орындарын бөлу; топырақтарды лақтырумен және түзеу емес жерлерді кесумен алаң беткейлерін түзету; айналым жүйесін орналастыру және бөлшектеу; металдан жасалған ыдыстарды қондыру және жылжыту; бутобетонды іргетестар құрылғысы; бұрғылау бағанын бөлшектеу; бағыттаушы құбырды орнату және көтеріп алып шығу; дайындау алаңында жылжымалы бұрғылау қондырғысын орналастыру; мачтаны көтеру, оны ортаға орналастыру, бекіту, қондырғы және электр жабдығының жерлендіру құрылғысы, талды жүйені жұмыс күйіне тексеру және келтіру; еденді төсеу; саз араластырғышты орнату; шаю сұйықтықтарымен немесе техникалық сумен тұндырғыштарды толтыру; бұрғылау агрегатын жүктеу; бұрғылау қондырғысын бөлшектегеннен кейін ыдыстарды, саз араластырғыштарды және өзге жабдықтарды тасымалдауға дайындау; блоктарды жалғау, ажырату; 1 км қашықтыққа дейін бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстыру; көлік амалдарына жинаумен бұрғылау құралдарын және өзге жүктерді тиеу және түсіру; тасымалданатын жабдықтары және құралдары бар бұрғылау қондырғысына жолсерік болып отыру; жолда қажетті жұмыстарды орындау; бұрғылау аяқталғаннан кейін үңгірлерді және тарншеяларды көму; реперді орнату; тасымалдағаннан кейін топырақты тегістеу.

Бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге және тасымалдауға еңбек, уақыт шығындарының мөлшерлемелері 36, 37, 38 (3 Қосымша) кестелерде келтірілген.

84 Бұрғылау ғимаратын бөлшектемей мұнаралы мұнарасы бар жылжымалы бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу және тасымалдау

Жұмыстарды өткізу шарттары:

Бұрғылау ғимаратын бөлшектемей бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстырғанда мөлшерлемелер төмендегі жұмыстар өндірісінің шарттарына келтірілген:

а) бұрғылаудың жаңа нүктесіне орын ауыстырғанда мұнара секциялар бойынша бөлшектенеді, бұрғылау агрегат жеке блоктармен бөлшектенеді, бұрғылау ғимараты бөлшектелмей тасымалданады; тасымалдау амалы бұрғылау мұнарасын және агрегатын бөлшектеумен кестелерінде таңбаланған;

б) жаңа нүктеге тасымалдаған кезде бұрғылау мұнарасы бөлшектелмей тасымалданады (бұрғылау агрегаты бұрғылау ғимаратымен бірге тасымалданады – бір блок), тасымалдану амалы екі блоктары бар кестелерде шартты белгіленген.

Саз араластырғышты, ыдыстарды, бұрғылау құралын және өзге көмекші жүктерді тасымалдау қосымша блоктарды тасымалдау ретінде бұрғылау қондырғыларын тасымалдау мөлшерлемелерімен ескерілген.



Жұмыс құрамы: бұрғылау қондырғысының, тазалау жүйесінің және мұнара құрылыстарын орналасу орындарын бөлу; топырақтарды лақтырумен және түзеу емес жерлерді кесумен алаң беткейлерін түзету; айналым жүйесін орналастыру және бөлшектеу; металдан жасалған ыдыстарды қондыру және жылжыту; бутобетонды іргетестар құрылғысы; бұрғылау бағанын бөлшектеу; бағыттаушы құбырды орнату және көтеріп алып шығу; «а)» нұсқасы үшін – бұрғылау мұнарасы секциялар бойынша бөлшектенеді; «б)» нұсқасы үшін – бөлшектелмей көлденең күйде тасымалданады; бұрғылау агрегатын құрастыру, бөлшектеу, бұрғылау ғимаратын бөлшектемей тасымалдау; қондырғы және электр жабдығының жерлендіру құрылғысы, дайындалған шаю сұйықтығымен тұндырғыштарды толтыру; бұрғылау қондырғысын бөлшектегеннен кейін жабдықтарды тасымалдауға дайындау: км қашықтыққа дейін бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстыру; жолда тракторды жалғау,

талды жүйені жұмыс күйіне тексеру және келтіру; еденді төсеу; саз араластырғышты орнату; шаю сұйықтықтарымен немесе техникалық сумен тұндырғыштарды толтыру; бұрғылау агрегатын жүктеу; бұрғылау қондырғысын бөлшектегеннен кейін ыдыстарды, саз араластырғыштарды және өзге жабдықтарды тасымалдауға дайындау; блоктарды жалғау, ажырату; 1 км қашықтыққа дейін бұрғылау қондырғыларының орнын ауыстыру; көлік амалдарына жинаумен бұрғылау құралдарын және өзге жүктерді тиеу және түсіру; жолда тракторды қосу, ажырату, жолсерік болып отыру; бұрғылау аяқталғаннан кейін үңгірлерді және тарншеяларды көму; реперді орнату; тасымалдағаннан кейін топырақты тегістеу.

Бұрғылау ғимаратын бөлшектемей мұнаралы мұнарасы бар жылжымалы бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге және тасымалдауға уақыт мөлшерлемелері, еңбек шығындарының мөлшерлемелері 39 – 44 (3 Қосымша) кестелерде келтірілген.

85. Бұрғылау ғимаратын бөлшектеумен және құрастырумен мұнаралы мұнарасы бар бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу және тасымалдау.

Жұмыстарды өткізу шарттары:

Мөлшерлемелер келесі шарттар үшін келтірілген: бұрғылау мұнарасы тетік бөлшектер бойынша, секциялар бойынша бөлшектенеді, бұрғылау агрегаты – жеке блоктарға бөлшектенеді, бұрғылау ғимараты толық бөлшектеумен тасымалданады.



Жұмыс құрамы: бұрғылау қондырғысының, тазалау жүйесінің және мұнара құрылыстарын орналасу орындарын бөлу; топырақтарды лақтырумен және түзеу емес жерлерді кесумен алаң беткейлерін түзету; айналым жүйесін орналастыру және бөлшектеу; металдан жасалған ыдыстарды қондыру және жылжыту; бутобетонды іргетестар құрылғысы; бұрғылау бағанын бөлшектеу; бағыттаушы құбырды орнату және көтеріп алып шығу; тетік бөлшектер бойынша металдан жасалған мұнараны құрастыру, бөлшектеу; жеке блоктармен - бұрғылау агрегатын құрастыру, бөлшектеу; тракторды жабдықтау, дайындалған іргетастар мен негіздерге агрегаттың жеке блоктарын және бөлшектерін алып келу; сорғыштарды орау. Бұрғылау ғимаратын толық құрастыру және бөлшектеу; қондырғы және электр жабдығының жерлендіру құрылғысы; саз айналдырғышты орнату; шаю сұйықтықтарымен немесе техникалық сумен тұндырғыштарды толтыру; бұрғылау агрегатын ретке келтіру; бұрғылау қондырғысын бөлшектегеннен кейін ыдыстарды, саз араластырғыштарды және өзге жабдықтарды тасымалдауға дайындау; көлік амалдарына бұрғылау құралын, бөлшектелген бұрғылау ғимаратын және бұрғылау агрегатының жеке блоктарын, бұрғылау мұнараларының тетік бөлшектерін жинаумен тиеу, түсіру; 1 км қашықтыққа дейін орнын ауыстыру; жолда тракторды қосу, ажырату, жолсерік болып отыру; бұрғылау аяқталғаннан кейін үңгірлерді және тарншеяларды көму; реперді орнату; тасымалдағаннан кейін топырақты тегістеу.

Бұрғылау ғимаратын бөлшектеумен және құрастырумен мұнаралы мұнарасы бар бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге және тасымалдауға уақыт мөлшерлемелері, еңбек шығындарының мөлшерлемелері 45 – 50 (3 Қосымша) кестелерде келтірілген.

86. Айналмалы ротор түріндегі өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу және тасымалдау.

Жұмыс құрамы. бұрғылау қондырғысының, тазалау жүйесінің және мұнара құрылыстарын орналасу орындарын бөлу; алаңды түзету; айналым жүйесін орналастыру және бөлшектеу; шаю сұйықтықтарымен тұндырғыштарды толтыру; бағыттаушы құбырды орнату және көтеріп алып шығу; бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу; металдан жасалған ыдыстарды орнату және сүйрету; тасымалдау үшін бұрғылау бағанын бөлшектеу; жинақтаумен көлік амалына жабдықтарды және құралдарды тиеу және түсіру; тасымалдауды өндіруге жағдай жасайтын күйге өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысын келтіру; өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысының орнын ауыстыру және 1 км дейінгі қашықтыққа жүктерге жолда жолсерік болу; бұрғылау аяқталғаннан кейін үңгірлерді және тарншеяларды көму; реперді орнату; тасымалдағаннан кейін топырақты тегістеу.

Айналмалы ротор түріндегі өздігінен жүретін бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге және тасымалдауға уақыт мөлшерлемелері, еңбек шығындарының мөлшерлемелері 51 – 55 (3 Қосымша) кестелерде келтірілген.

87. Жерасты тау қазбаларында бұрғылау қондырғыларын құрастыру, бөлшектеу.

Жұмыс құрамы: бұрғылау агрегатын және жабдықтарын құрастыру және бөлшектеу; бұрғылау жабдығын және құралын тиеу және түсіру; бағыттарды орнату; төсенішті төсеп салу; айналым жүйесін орналастыру және бөлшектеу; репперді орнату.

Жерасты тау қазбаларында бұрғылау қондырғыларын құрастыруға, бөлшектеуге уақыт мөлшерлемелері, еңбек шығындарының мөлшерлемелері 56 – 58 (3 Қосымша) кестелерде келтірілген.

88. Жаңа нүктеге бұрғылау ғимараттарының орнын ауыстыру.

Жұмыстарды өткізу шарттары. Бұрғылау ғимараттары тәулік бойы тұрақты және жылжымалы бұрғылау қондырғыларымен бұрғылағанда және қыс мезгілінде өздігінен жүретін бұрғылау қрндырғыларымен бұрғылағанда пайдаланылады. Бұрғылау ғимараттарын құрастыру дайын элементтерден өндіріледі.

Уақыт мөлшерлемелері келесі жұмыс өндірістерінің шарттары үшін келтірілген:

1) бөлшектеумен және құрастырумен бұрғылау ғимараттарын тасымалдау,

2) бөлшектеусіз бұрғылау ғимараттарын тасымалдау.

1). Бөлшектеумен және құрастырумен бұрғылау ғимараттарын тасымалдау.



Жұмыс құрамы: материалдар мен бұйымдарды жақындату, негіздерді орнату; ғимарат кесінділерін құрастыру, мүк немесе паклдер паздарын төсеу; едендер мен төбені төсеу, төбелерді бекіту; терезе және есік жақтауларын орнату; бұрғылау ғимаратын бөлшектеу үшін бұйымдарды дайындау және жабдықтау; бұрғылау ғимаратын бөлшектеу; жарамсыз элементтерді ауыстыру үшін қосымша сабақтарды дайындап шығару; ғимарат үшін матреиалдарды тиеу және түсіру; 1 км материалдарды тасымалдау, жолда жолсерік болып жүру.

Бөлшектеумен және құрастырумен бұрғылау ғимараттарын тасымалдауға уақыт мөлшерлемелері, еңбек және көлік шығындарының мөлшерлемелері 59-61 (Қосымша 3) кестелерде келтірілген.

2). Бөлшектеусіз бұрғылау ғимараттарын тасымалдау (бір блок).

Жұмыс құрамы: тракторға блокты (ғимаратты) тіркеу және ажырату, 1 км дейінгі қашықтыққа блоктың орнын ауыстыру, жолда жолсерік болып жүру.

Бөлшектеусіз бұрғылау ғимараттарын тасымалдауға уақыт мөлшерлемелері, еңбек және көлік шығындарының мөлшерлемелері 62-64 (Қосымша 3) кестелерде келтірілген.



жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау