Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне



жүктеу 0,98 Mb.
бет1/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

___________________________ №_______________________

Астана қаласы город Астана
Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 64-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормалары бекітілсін.

  2. Заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.



  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бойынша жетекші вице-министріне жүктелсін.

  2. Осы бұйрық 2018 жылдың 29 маусымында күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.



Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму

министрі



Ж. Қасымбек



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақтан Республикасы
Білім және ғылым министрі

__________________ Е. Сағадиев

«___»_______________ 2018 года

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақтан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі


________________ М. Әбілқасымова

2018 жылғы «___» ___________

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақтан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

________________ Б. Атамқұлов

2018 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2018 жылғы «____» ___________

____

бұйрығымен бекітілген



Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын бекіту туралы

1-бөлім. Дайындық кезеңі және жобалау, дала жұмыстарының алдындағы дайындық. Дала жұмыстары (аэровизуалды, жердегі геологиялық, іздестіру – суретке түсіру және іздеу бағыттары)

1. Жалпы бөлім
1. Осы дала жұмыстарына дайындау аралығы жұмыстарын өткізу, жобалау, дала жұмыстарының алдындағы дайындықтар және пайдалы қазбаларды іздеумен (әрі қарай – уақыт мөлшерлемелері) дала геологиялық таспаға түсіру жұмыстарын уақыт мөлшерлемелері Қазақстан Республикасында жер қойнауларын мемлекеттік геологиялық зерттеулер саласында геологиялық зерттеу жұмыстарын орындайтын орындаушылардың еңбек шығындарын және уақыт мөлшерлемелерінен тұрады. Осы уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары республикалық бюджет амалдарының есебінен орындалатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабтарында геологиялық таспаға түсіру жұмыстарының кешен объектілерінде жұмыстардың сметалық құнын анықтау үшін пайдаланылатын бірлік және кешенді бағаларды анықтау үшін тағайындалған.

2. Уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары келесі жұмыс түрлеріне жобаланған:

1) дайындау жұмыстары:

зерттеу аумақтары (объектілері) бойынша және аралас аумақтар бойынша қор, архивті және басып шығарылған материалдарды жинау;

ақпарат (қор, архивтерден және басып шығарылған материалдардан) көздерінен алынған мәліметтерді жүйеге келтіру;

зерттеу аумағы (объектісі) және аралас аумақтар бойынша топтамалармен танысу;

Аэросуреттерді (АС) және космосуреттерді (КС) алдын – ала кешенді дешифрлау;

2) жұмыстарды жобалау:

жобаның графикалық бөлігін құрастыру;

жобаның мәтіндік бөлігін құрастыру.

3) дала жұмыстарының алдындағы жұмыстар:

«Жобалау» бөлімімен қамтылмаған карталарды (сұлбаларды) және өзге материалдарды құрастыру;

рекогносцирленген жергілікті бағдарлар;

жұмысшы тірек аңыздарын құрастыру.

4) дала жұмыстары (геологиялық құрам түсірілімдері).

3. «Геологиялық құрам таспалары» түсініктеріне келесілер бірігеді:

1:200 000 (1:100 000) және 1:50 000 (1:25 000) масштабтарының полисті геологиялық түсірілім (ГТ);

1:200 000 және 1:50 000 (1:25 000) масштабтарының топтық геологиялық түсірілімі (ТГТ);

1:200 000 және 1:50 000 (1:25 000) масштабтарының бұрын болған аудандарды геологиялық әрі қарай зерттеуі (АГӘЗ) және геологиялық картаны басып шығаруға дайындау;

1:1000 000 1:200 000 және 1:50 000 масштабтарының терең геологиялық картаға түсірілім (ТГКТ);

1:200 000 масштабының геологиялық – минерагеникалық картаға түсірілім (ГМКТТ) ;

1:200 000, 1:100 000 және 1:50 000 масштабтарының полисті біріккен геологиялық және гидрогеологиялық түсірілімдері (ГГ);

1:200 000, 1:100 000 және 1:50 000 масштабтарының полисті біріккен геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық түсірілімдері (ГГИ);

1:200 000, 1:100 000 және 1:50 000 масштабтарының полисті гидрогеологиялық (Г) түсірілімдері;

1:200 000 масштабының топтық гидрогеологиялық түсірілімі (ТГГТ);

1:200 000 масштабының бұрын түсірілген аудандардың гидрогеологиялық әрі қарай зерттеуі (ГГӘҚЗ);

1:200 000, 1:100 000 және 1:50 000 масштабтарының полисті біріккен гидрогеологиялық түсірілімдері және дымқыл төртінші сатылы түзілулердің (ГТС) түсірілімдері;

1:200 000, 1:100 000 және 1:50 000 масштабтарының полисті біріккен гидрогеологиялық, инженерлі – геологиялық түсірілімдер және дымқыл төртінші сатылы түзілулердің (ГТС) түсірілімдері;

1:200 000, 1:100 000 және 1:50 000 масштабтарының полисті біріккен гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық (ГИ) түсірілімдері;

1:200 000, 1:100 000 және 1:25 000 масштабтарының полисті инженерлі – геологиялық (И) түсірілімдері;

іздеу жұмыстары процесінде 1:10 000 және 1:5 000 масштабтарының геологиялық картаға түсірілуі.

4. «Пайдалы қазбаларды іздеу» термин сөзімен осы жағдайда бірлік жоба бойынша геологиялық құрамы бар түсірілімдері бар және өз бетінше жүзеге асырылатын іздеу жұмыстары біріктіліп кешенді әдістерді орындайтын іздеулер біріктіріледі.

5. Осы зерттеулермен іргелес жүретін іздеу әдістерінің рационалды кешенінде геологиялық құрамы бар түсірілімдер алуан түрлілігіне тәуелді, қолданыстағы нормативті құжаттамаларға сәйкес геологиялық қарап шығу әдісімен және кесек - өзенді, торлы, геохимиялық және радиометриялық әдістермен іздеулер қосылады.

6. Геологиялық құрамы бар түсірілімдер және пайдалы қазбаларды іздеу кешенді сипатқа ие және өз алдына күрделі және көп қырлы ғылыми - өндірістік жұмыс ретінде ұсынылады, оның масаты жүйеге келтірілген халық шаруашылығының барлық салаларын қамтамасыз болып табылады, соның ішінде картографикалық геологиялық, гидрогеологиялық немесе инженерлі –геологиялық ақпаратпен, сонымен қатар кен орындарды және пайдалы қазбалар көріністерін ашу.

7. Түсірілімдер және іздеу жұмыстары өзге геологиялық барлау жұмыстарымен (бұрғылау, тау – кен, аэрогеологиялық, геофизикалық, сынама, сынап көру және т.б.) бірге жүргізіледі.

8. Уақыт мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелер, техника, технологиялар және еңбекті ұйымдастырумен жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процестер кешенін ескереді.

Әр бөлім өз бойына жұмыс шарттарын, жұмыс құрамын, оларда жұмыстардың алуан түрлілігіне қатысты байланыстар көрсетілген, олар уақыт мөлшерлемелері бөлімінде орналастырылған, жұмыстың физикалық көрсеткішін орындауға уақыт мөлшерлемелері (бағдардың 10 км, 1 сызба және т.б.) және жұмыстың физикалық көрсеткішіне лауазымдар және мамандықтар бойынша орындаушылардың нормативті еңбек шығындары.

Қызметкерлер мамандықтарының және жетекшілер, мамандардың және өзге қызметкерлердің лауазымдарының атаулары, оларға тарифтік разрядтар және дәрежелер Бірлік тарифтік – біліктілік жұмыстар және қызметкерлер мамндықтарының анықтамасымен және Түрлі геологиялық сала ұйымдарында жұмыс жасайтын қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамаларымен сәйкес орнатылады.

9. Құжатта дейін деп көрсетілген келтірілген сандық көрсеткіштердің (тереңдік, қашықтық және т.б.) мәнін қосымша қабылдаған жөн.

Жұмыстың негізгі түріне шығындардан өзге уақыт мөлшерлемелерімен онымен технологиялық байланысқан жұмыстарға шығындар ескерілген, олардың орындалуы жағдайлар мен әдістемелік нұсқаулардың ережелерімен сәйкес міндетті болып табылады.

10. Дайындау – қорытынды операцияларға келесілер қосылған: нақты жұмыстарды орындау үшін тапсырманы, материалдарды, әр түрлі құжаттарды, соның ішінде технологиялық құжаттамаларды беру және алу; жұмыспен және технологиялық құжаттамалармен танысу, соның ішінде қажетті жазып алулар мен көшіріп алуларды қоса; бір қатар жұмыстарды орындау және оны қауіпсіз өткізу туралы ережелер; жұмыс басында құралдарды қайрау және ретке келтіру; құралдарды, әр түрлі құжаттарды және орындалған жұмысты қабылдау және тапсыру.

11. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларға келесілер жатқызылған: жұмыс орны шеңберінде құралдарды және еңбек бұйымдарын қажетті орын ауыстырылуы; оларды қарап шығу (тексеру), ескірген және өзге бұйымдарды ауыстыру; тапсырманы орындау аралығында өтпей қалған құралды қайрау; жұмыстарды орындап болғаннан кейін бұйымдарды ретке келтіру және майлау, жұмыс орнын жинау.

12. Құрамда айтылмаған, бірақ олардың ажырамас бөлігі болып табылатын жұмыс элементтері ерекше төлемге жатпайды.

13. Дала жұмыстары үшін оларды өткізудің келесі шарттары қабылданған:

ашық жұмыс орнында ауа температурасы + 50 ден + 300 С – ге дейін;

жергілікті жердің абсолют биіктігі 1500 метрге дейін;

беткейлік беттердің тіктілігі 350 дейін;

20 кг дейін жүкпен құрғақ қатты топырақ бойынша жаяу қозғалулар;

жел жылдамдығы 14 м/сек дейін.

14. 13 т. алдын ала көзделген шарттардан өзгеше жағдайларда жұмыстарды орындағанда уақыт мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері қолданылады, олардың ерекше шарттары және мәндері уақыт мөлшерлемелеріне 1 Қосымшаға сәйкес 15 кестеде келтірілген.

15. Дала жұмыстарын жүргізуге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде алты күндік 40 сағаттың жұмыс аптасы қабылданған. 36 сағаттық алты күндік жұмыс аптасына уақыт мөлшерлемелерін қайта есептеген жағдайда, абсолют биіктігі 2300 метрден асатын таулы аймақтарда жұмыс өндіргенде кестелерде келтірілген уақыт мөлшерлемелері 1,11 коэффициентіне көбейтіледі.

Камералды жұмыстарды өткізуге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы қабылданған.

16. ИТҚ еңбек шығындарында геологиялық партия басшылары ескерілген.

17. Мөлшерлемелермен жұмыс орны шеңберінде ғана орындаушылардың орын ауысуы ескерілген. Бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына орындаушылардың орын ауыстыруы, жалпы сипаттағы дала жұмыстарын жүргізгенде жұмыс орнына жақындау немесе көлікпен келу және жұмысты орындап болғаннан кейін шоғырлану орнына қайтып келумен байланысты қозғалып отырулар жеке мөлшерленеді.

18. Жұмыстарды орындаудың өзге шарттарында (13 т. көрсетілгендерден өзгешелер) шығындар сметалық – қаржылық есеп (әрі қарай – СҚЕ) жолымен есептелу керек.

19. Еңбек мөлшерлемелерін орнатқанда мөлшер түзеуші факторлар ескерілген, олар нақты жұмыстың орындалу уақытын және оның еңбек сыйымдылығын анықтайды. Осы факторлар жағдайлар күрделілігінің дәрежелері бойынша немесе зерттеу аумақтарының түрлері бойынша (1 қосымшаның 1 – 15 кестелері) жеке кестелерге топтастырылған немесе мөлшерлеме кестелерінде нақты сандық мәндер түрінде көрсетілген.

Жұмыс көлемдері, оларды өткізу жағдайлары, өту дәрежесі, геологиялық құрылым күрделіліктері және өзге факторлар жобаның геологиялық - әдістемелік бөлігінде дәлелденеді.

2. Еңбек ұйымдастыруы
20. Келесілерді сипаттайтын шарттар үшін орнатылған еңбек мөлшерлемелерінің сандық мәндері:

жөнделген еңбек амалдарымен жұмыстарды орындау;

жұмыс құрамына сәйкес сандық және біліктілікпен қамтылған топтармен, қызмет көрсету жабдықтарымен және мәшинелерімен жұмысты орындаумен, еңбек және техника қауіпсіздігін қорғау ережелерімен;

еңбек және өндірісті ұйымдастыру, сонымен қатар технологиямен оларды орындау шарттары және жұмыс түрлері үшін тиімді үлгілерімен.

21. Геологиялық таспаға түсірудің, геологиялық әрі қарай зерттеудің негізгі өндірістік бірлігі геологиялық таспаға түсіру партиясы (отряды) болып табылады.

Геологиялық таспаға түсіруді жүргізуге жауапты тұлға партия басшысы болып табылады, оның басшылығының астында жұмыстардың барлық кешендері (яғни, мөлшерлемелерде оның үлестік қатысуы ескеріледі): бағдарламаларды құрастыру; ұйымдастырушылық – дайындау жұмыстар; дала және онымен бірге жүретін жұмыстар: бұрғылау, сынама және т.б.; есеп беруді құрастыру және геологиялық карта парағын және оған түсіндірме жазбасын басып шығаруға дайындау.

Партия басшысының лауазымына анағұрлым біліктілігі мол геолог – маман тағайындалады.

Жұмыс көлемі мен сипатына тәуелді таспаға түсіру партиясының құрамында арнайы отрядтар ұйымдастырылған болуы мүмкін, олар; бұрғылау, сынама жұмыстарының және т.б. отрядтары.

Негізгі жұмыстардың орындаушылары геологтар, геолог – техниктар, тау – кен шеберлері, бұрғылау қондырғыларының жүргізушісі, жұмысшылар, жүргізушілер болып табылады. Әр жұмыс түрі бойынша анағұрлым нақтырақ мөлшерлемелерде орындаушылар құрамы ұсынылған.

22. Осы жинақ мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияларды және жұмыс ұйымдастыруларын пайдаланудан және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процестер кешенін ескеріп жобаланған.

Мөлшерлемелер ұйымдастырушылық – техникалық қалыпты шарттарда жұмыстарды орындау үшін – таспаға түсіру жұмыстары үшін – жұмыстың мезгілдік сипатына, бір кезеңділікке жобаланған.

Жұмысты орындаушылардың еңбек және демалыс тәртіптері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодесінің 6,7,8 бөлімдерімен реттеледі.



3. Дайындау жұмыстарына уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары
23. Бөлімде дайындау жұмыстарына бірлік сметалық бағаларды есептеу үшін нормативті материалдар келтірілген:

зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша қор, архивтегі және басып шығарылған материалдарды жинау;

ақпарат көздерінен (қор, архивтегі және басылып шыққан материалдардан) алынған мәліметтерді жүйеге келтіру;

зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша топтамалармен танысу;

аэросуреттерді (АС) және космостық суреттерді (КС) алдын – ала кешенді дешифрирлау.


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау