Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне


Параграф 8. Камералды жұмыстар



жүктеу 0,98 Mb.
бет12/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Параграф 8. Камералды жұмыстар
105. Электр барлау партиясының (отрядының) камералды жұмыстары орындалған дала жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды есеп беруді құрастыру мақсатына ие және электр барлау бойынша қолданыстағы техникалық ережелерге толық сәйкестікпен өткізілу керек.

106. Электр барлау жұмыстарының геологиялық нәтижелері бойынша есеп беру мәтіндік бөлімнен және қажетті графикалық және кестелік қосымшалардан тұру керек.

Есеп берудің мазмұны және оны безендіретін картографиялық материалдар әр нақты жағдайда жұмыстардың техникалық жобасымен анықталады.

107. Камералды жұмыстар құрамына келесілер кіреді:

камералды жұмыстардың күнтізбелік жоспарын құрастыру;

жұмыс аумақтары бойынша қордағы және әдеби геологиялық және геофизикалық материалдарды жинау, зерттеу және талдау, картотека құру алдын – ала көзделген жұмыстарға аңдатпа жазу;

алғашқы құжаттарды жүйеге келтіру, материалдарды қорытынды өңдеу, геологиялық талдау жасау және кешенді түр өзгерту;

қорытынды есеп беруге барлық графикалық қосымшаларда, яғни геоэлектрлік тіліктерді, карта құрылымдарын, сұлбаларын және т.с.с. құрастыру, нақтылау, редакциялау және балама жасау;

тексерілген аумақтың нәтижелі есеп беру графиктерін, геоэлектрлік тіліктерді, геолого – геофизикалық карталарды, физико – геологиялық үлгілерін (ФГҮ) құрастыру және партия (отряд) жұмыстары бойынша қорытынды есеп беру мәтінін құрастыру, 1 дәрежелі (ПГУ-1) келешегі бар участкелердің төлқұжаттарын және беру актілерін және ІІ дәрежелі (ПГУ-2) участкелердің келешегі бар каталогтарын құрастыру;

есеп беруді рәсімдеу – мәтінді қайта теру, графикалық материалды сызу, оларды қажетті дана сан мөлшерінде көбейту, жұмысты тігу;

орнатылған тәртіпте есеп беруді қорғау және оны қағаз бетінде және электронды тасымалдағыштарды геологиялық қорға тапсыру.

108. Камералы аралық ұзақтылығы нақты бақылауда көрсетілген жұмыс түрлерімен (әдістерімен), жұмыс көлемдерімен және дала материалын өңдеу қиындығымен аныталады.

Камералды аралық ұзақтылығы 109 кестенің уақыт мөлшерлемелері бойынша анықталады (12 Қосымша, 4 бөлім , 2 тарау ), онда дала жұмыстарының әр айында отрядпен орындалатын жұмыс әдісі және нақты бақылау көлемі ескеріледі, және дала материалын өңдеу күрделілігінің коэффициентіне отряд – айларда берілген алынған камералды аралық ұзақтылығына көбейтіледі.

а) Қарапайым электр барлау материалы жұмыс участкесінің қарапайым геоэлектрлік тілігімен шартталған, яғни бір түрлі геоэлектрлік тілікпен (көлденең, тік бағытта бірдеу), маңызды табиғи және жасанды кедергілердің болмауы, өңдеудің қосымша амалдарын талап етпейді. Түрлендіру сапалы немесе қарапайым сандық. Күрделілік коэффициенті – 1,0.

б) Орташа күрделілікте электр барлау материалы өңдеу қиындығы бойынша қарапайым және күрделі өңдеу арасында аралық орын алады. Орташа күрделіліктің түр өзгерісі сандық немесе сапалық, бірақ онда қосымша есептеулермен жүреді. Күрделілік коэффициенті – 1,1.

в) Күрделі электр барлау материалы жұмыс участкесінің қолайсыз геоэлектрлік тілігімен шартталған, яғни көп қабатты қиын бөлшектелетін геологиялық тілікпен, ол көлденең де, тік те бағыттарда күрт өзгереді, маңызды табиғи және жасанды кедергілердің болуымен қатар жүреді, өңдеудің үлкен көлемді тәсілдерін талап етеді. Күрделілік коэффициенті – 1,2.

109. Сандық және сапалық түр өзгертудің дәстүрлі емес жаңа тәсілдерін қолдануға шығындар, олар жобамен қойылған тапсырмаларды шешуде алынатын ақпараттың көлемін және сапасын маңызды ұлғайтуға жағдай жасайды, сметалық – қаржылық есептеулермен анықталуы мүмкін.

110. Дала материалдарын камералды өңдеу ұзақтылығы және топографо-геодезиялық жұмыстарға сметалық шығындар, соңғылары дала электр барлау зерттеулерінде орындалған, осы мөлшерлемелермен көзделмеген және топографо-геодезиялық жұмыстарға арналған мөлшерлемелер бойынша есептелу керек.

111. Затраты труда на камеральную обработку материалов электроразведочных работ приведены в таблицах 111-122 (12 Қосымша, 4 бөлім, 2 тарау).

3-тарау. Магнит барлау

1. Жалпы ережелер
1. Уақыт мөлшерлемелері магнит барлау жұмыстарының келесі түрлеріне есептелген:

Жердегі магнит өлшеуіштермен алдын ала дайындалған бақылау бекеттерінің торында магнит барлау, жаяу қозғалу;

Магнитті вариацияны бақылау;

Камералды жұмыстар.

2. Геофизикалық жұмыстарды өткізуге осы уақыт мөлшерлемелері (әрі қарай – уақыт мөлшерлемелері) Қазақстан Республикасында жер қойнауларын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында геологиялық зерттеулерді орындайтын орындаушылардың уақыт мөлшерлемелерінен және еңбек шығындарынан тұрады. Осы уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары республикалық бюджет амалдары есебінен орындалатын 1:200 000 және 1:50 000 масштабында жұмыстардың сметалық құнын анықтау үшін пайдаланылатын бірлік және кешенді бағаларды анықтау үшін тағайындалған

3. Уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары Қазақстан Республикасының аумағында 1: 200 000 және 1: 50 000 масштабында ГТТЖ анағұрлым көп тараған геофизикалық жұмыстар түрлеріне және амалдарына жобаланған.

4. Уақыт мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияны және еңбекті ұйымдастыруды пайдалану негізінде жобаланған және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процесттер кешенін ескереді. Жұмыстар құрамы уақыт мөлшерлемелері (жасап шығу) кестелерінің алдында келтірілген.

Мөлшерлемелерде негізгі жұмыс түріне шығындарынан басқа онымен технологиялық байланысқан жұмыстарға шығындар ескерілген, оларды орындау қолданыстағы ережелерге, әдістемелік нұсқауларға және өзге нормативті актілерге сәйкес міндетті болып табылады.

Әр тармақ жұмыс шарттарынан, жұмыс құрамынан тұрады, оларда тармақта орналастырылған жұмыстардың алуан түрлігіне қатысты мәліметтер, жұмыстың физикалық көрсеткішін (1 м ұңғыма, 1, 10 немесе 100 км2 аудандық таспаға түсіру немесе профильді таспаға түсірудің сәйкес км сан мөлшері) орындауға уақыт мөлшерлемелері және жұмыстардың физикалық көрсеткішіне лауазымдар мен мамандықтар бойынша орындаушылардың мөлшерлеме еңбек шығындары көрсетілген.

Геологиялық салада ұйымдастырумен жүрген жұмысшылар мамандықтарының және жетекшілер, мамандар және өзге қызметкерлердің лауазымдарының атаулары, оларға тарифтік разрядтар және дәрежелер жұмыстардың Бірлік тарифті – біліктілік анықтамасымен және қызметкерлер лауазымдарының Түрлік біліктілік сипаттамаларына сәйкес орнатылады.

Уақыт мөлшерлемелері демалыста және жеке қажеттіліктерде уақытты және жұмыс орнына қызмет көрсету бойынша уақыттарды ескеріп жобаланған.

5. Құжатта келтірілген сандық көрсеткіштердің мәндері (тереңдік, қашықтық және т.б.), олар үшін дейін көрсетілген, қосымша қабылдаған жөн.

6. Мазмұнда атап өтілмеген жұмыс элементтері, бірақ олардың ажырамас бөлігі болып табылатындар, ерекше төлемге жатпайды.

7. Дала жұмыстарын жүргізуге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде алты күндік 40 сағаттың жұмыс аптасы қабылданған. 36 сағаттық алты күндік жұмыс аптасына уақыт мөлшерлемелерін қайта есептеген жағдайда, абсолют биіктігі 2300 метрден асатын таулы аймақтарда жұмыс өндіргенде кестелерде келтірілген уақыт мөлшерлемелері 1,11 коэффициентіне көбейтіледі.

Камералды жұмыстарды өткізуге уақыт мөлшерлемелерін есептегенде 40 сағаттық бес күндік жұмыс аптасы қабылданған.

8. ИТҚ еңбек шығындарында геологиялық партия басшылары ескерілген.

9. Мөлшерлемелермен жұмыс орны шеңберінде ғана орындаушылардың орын ауысуы ескерілген. Бір жұмыс орнынан екінші жұмыс орнына орындаушылардың орын ауыстыруы, жалпы сипаттағы дала жұмыстарын жүргізгенде жұмыс орнына жақындау немесе көлікпен келу және жұмысты орындап болғаннан кейін шоғырлану орнына қайтып келумен байланысты қозғалып отырулар жеке мөлшерленеді.

10. Жұмыстарды орындаудың өзге шарттарында (11 т. көрсетілгендерден өзгешелер) шығындар сметалық – қаржылық есеп (әрі қарай – СҚЕ) жолымен есептелу керек.

Жұмыс көлемдері, оларды өткізу жағдайлары, өту дәрежесі, геологиялық құрылым күрделіліктері және өзге факторлар жобаның геологиялық - әдістемелік бөлігінде дәлелденеді.

2. Еңбекті ұйымдастыру
11. Еңбек мөлшерлемелерінің сандық мәні келесілерді сипаттайтын шарттар үшін орнатылған:

жөнделген еңбек амалдарымен жұмыстарды орындау;

жұмыс құрамына сәйкес сандық және біліктілікпен қамтылған топтармен, қызмет көрсету жабдықтарымен және мәшинелерімен жұмысты орындаумен, еңбек және техника қауіпсіздігін қорғау ережелерімен;

еңбек және өндірісті ұйымдастыру, сонымен қатар технологиямен оларды орындау шарттары және жұмыс түрлері үшін тиімді үлгілерімен.

12. Геофизикалық жұмыстарды орындайтын негізгі өндірістік бірлік геофизикалық немесе бұрғытәж партиясы (отряды).

Жұмыстарды жүргізуге жауапты тұлға партия басшысы болып табылады, оның басшылығының астында жұмыстардың барлық кешендері (яғни, мөлшерлемелерде оның үлестік қатысуы ескеріледі) орындалады: бағдарламаларды құрастыру; ұйымдастырушылық – дайындау жұмыстар; дала және онымен бірге жүретін жұмыстар: есеп беруді құрастыру.

Партия басшысының лауазымына анағұрлым біліктілігі мол геофизик – маман тағайындалады.

Негізгі жұмыстардың орындаушылары геофизиктар, гефизик – техниктер, жүргізушілер болып табылады. Әрі қарай әр жұмыс түрі бойынша анағұрлым нақтырақ мөлшерлемелерде орындаушылар құрамы ұсынылған.

13. Осы жинақ мөлшерлемелері анағұрлым тиімді әдістемелерді, техниканы, технологияларды және жұмыс ұйымдастыруларын пайдаланудан және сәйкес жұмыс түрлерін өткізу үшін қажетті өндірістік процестер кешенін ескеріп жобаланған.

Мөлшерлемелер ұйымдастырушылық – техникалық қалыпты шарттарда жұмыстарды орындау үшін – таспаға түсіру жұмыстары үшін – жұмыстың мезгілдік сипатына, бір кезеңділікке жобаланған.

Жұмысты орындаушылардың еңбек және демалыс тәртіптері Қазақстан Республикасының Еңбек Кодесінің 6,7,8 бөлімдерімен реттеледі.

14. Магнит барлау жұмыстарын орындау үшін магнит барлау партиялар ұйымдастырылады, оның құрамында екі немесе бірнеше отрядтар немесе аппаратура, жабдықтар, көлік амаларымен және материалдарымен жабдықталған жеке отрядтар ұйымдастырылады және ұйымдастырушылық жағынан дербес өндірістік бірліктер болып табылады немесе экспедиция және партияның кешенінің құрамына кіреді.

15. Магнит барлау отрядымен бірінші өндірістік бөлімшелер аталады, бір оператормен бір жабдықпен магнит барлау жұмыстарын орындау үшін ұйымдастырылады.

16. Жұмыстардың табиғи бірлігінің ретінде таспаға түсірудің шаршы километрі қабылданған, онда осы мөлшерлемелермен алдын – ала көзделген сан мөлшерде нақты бақылаулар орындалған. Белгілі мөлшер түзетін факторларда және магнит барлау бойынша қолданыстағы Ережелерге сәйкес.

17. Осындай факторларға келесілер жатады: қиыншылық дәрежесі, бақылау нәтижелерін тіркеу амалдары, профиль бойынша қозғалып отыру амалы, жұмыстар өткізу аралығы (1 кесте, 1 қосымша, 4 бөлім).

18. Физикалық бақылау деп бір опреатормен бір магнит өлшеуішпен координатты бекетте орындалатын жұмыстар кешені аталады.

19. Уақыттың есептік бірлігі деп бір отряд – кезең қабылданған, оның аралығында бір магнит барлау отряды жеті сағаттық жұмыс күніне орнатылған физикалық бақылауда жасап өту мөлшерін орындайды.

20. Уақыт мөлшерлемелері келесі ұйымдастырушылық – технологиялық жағдайлар үшін жобаланған:

даланың магнит барлау отрядын метрологиялық тексеруден өткен жөнделген аппаратура және жабдықтар топтамасымен, қажетті жабдықтармен, бұйымдармен және көлік амаларымен, негізгі материалдарымен, сонымен қатар тапсырылған жұмыс үшін қажетті құжаттамамен қамтамасыз ету;

сериямен шығарылатын магнит өлшеуіштерін сәйкес аппаратураның өзге түрлерінің кешендерімен және өндіріске игерілген және енгізілген жабдықтарды пайдалану;

жұмысшылардың және инженерлі – техникалық қызметкерлердің түрлік құрамымен отрядтың жабдықталуы;

ауа температурасы 300С аспайтын жаз мезгілінде жұмыстарды өткізу, ал қыс мезгілінде – 90С;

жергідікті жерлердің әр түрлі дәрежелерінде таспаға түсіру жұмыстарын орындау (I-IV).

21. Магнит барлау жұмыстарын орындағанда ерекше (мөлшерлемеген) шарттарда уақыт мөлшерлемелеріне 2 кестеде (1 Қосымша, 4 бөлім) келтірілген сәйкес түзету коэффициенттері қолданылады.

Бірнеше түзету коэффициенттерін бір уақытта пайдалану қажеттілігі туындағанда соңғылары көбейтіледі және алынған еселіктер сәйкес уақыт мөлшерлемелерімен қолданылады.

22. Уақыт мөлшерлемелері күрделіліктің төрт дәрежесін алдын – ала көздейді, олардың әр қайсысы жұмыс өндірісі шарттарының сипаттамасынан тұрады.



Күрделіліктің I дәрежесі. Жұмыстар жазық, өрісті немесе орманды - өрісті жерлерде өндіріледі, олардың шектерінде жартастардың тіктілігі 10оаспайды, бұл аймақта ауданның 20 % аспайтын бөлігі батпақталған, ормандалған, құрылыстармен жүктелген; 50 пайыздан аспайтын ауданда егістермен немесе жиналмаған егіндермен (бақшалармен).

Күрделіліктің II дәрежесі. Жұмыстар әлсіз төмпешігі бар, жазық далада немесе орман далада дамыған желісі бар терең емес бау бақшаларымен, су тоғандарынмен орындалады, дербес жоғары тіктілігінің бүйірлері және жартастары 20о дейін; 40 пайызға дейінгі аумақта батпақ, ормандалған, құрылыспен жүктелген аумақтарда, 70 пайызға дейін ауданда егістермен немесе жиналмаған егіндермен (бақшалармен) участкелерде; су тоғандарының мұздарында.

Күрделіліктің III дәрежесі. Жұмыстар қатты қиылысқан жергілікті жерлерде дамыған сайлар желісімен, су тоғандарында, дербес жоғары жерлердің жағалаулар тіктілігі мен жартастылығы 25о дейінгі жерлерде; қатпаған беттері бар өзендерде, су жиналымдары мен су тоғандарында, өсіп кеткен өсімдіктері бар жерлерде орындалады: мұндай аумақтарда 70 пайыз аудан жаппай мол егістіктермен және жиналмаған егіндермен (бақшалармен) жүктелген; қатқан қамыстармен, торсықтармен, батпақталған және ормандалған участкелердің алып жатқан аумағы 60 пайызға дейін, немесе суару мәдениеттерімен және құрылыстарымен; шөл сахара жерде, онда аумақтың 40 пайызы бекітілмеген құмдарға ие, су тоғандарының мұздарында.

Күрделіліктің IV дәрежесі. Жұмыс таулы аймақта орындалады, оның шеңберінде жеке жерлердің жартас тіктілігі 300 дейінгі мәнге ие; суару мәдениетінің ірі массивтерімен жүктелген аумақтарда; бекітілмеген құмдардың жаппай таратылған аумақтарында; бұрғысүйменмен және жаппай мол өсіп кеткен бұталармен толығымен жабылған жергілікті жерде.

23. Отрядта ИТҚ және жұмысшылардың толық емес құрамы, жабдықтармен немесе көлік амалдарымен қамтамасыз етілмегендігі, Магнит барлау бойынша ережелер және тарифті – біліктілік анықтамамен алдын ала көзделген дәрежелерден тыс (лауазымдар) немесе біліктіліктер ИТҚ немесе жұмысшылармен жұмыстарды орындау, сонымен қатар еңбекті және өндірісті ұйымдастыру жеткіліксіздіктері уақыт мөлшерлемелерін өзгерту үшін негіз бола алмайды.

24. Дала мезгілі ішінде жабдықтар мен құрылғыларды аралық тексеру және алдын – ала қызмет ету үшін айына екі отряд – кезең орнатылады. Осы шығындарды есепке алу уақыт мөлшерлемелерін алдын – ала жүргізуді есепке алмай 1,085 коэффициентке көбейтіледі.

25. Жұмыстардың аудан ішінде қайта шоғырландыруға уақыт (бір участкеден екіншісіне) жобада қайта көшу қашықтығына тәуелді анықталады: 100 км дейінгі қашықтықта бір отряд – кезең қойылады, әр келесі 100 км 3 кестеден уақыт мөлшерлемелері қосылады (1 Қосымша, 4 бөлім).

26. Мөлшерлемелер бақылау өнірісін, дала материалдарын өңдеу және дала жұмыстарының нәтижелері туралы есеп беруді құрастыруды ескереді.

27. Мөлшерлемелермен келесілер ескерілмеген және қосымша шығындар келесілерге дәлелденеді:

тірек торының бекеттерін бөлу;

геофизикалық жұмыстардың топографо-геодезикалық қамтамасыздандырылуы;

аппаратураның метрологиялық қамтамасыздандырылуы және оларды тексеру полигондарына жеткізу немесе арнайы ұйымдарға жеткізу;

тау жыныстарының физикалық қасиеттерін анықтау;

базалық радиобекеттер мазмұны, және радиомачта құрылысы, дала радиобекетін құрастыру және оған жанар – жағар май жеткізу;



  1. Жердегі магнит өлшеуіштері бар магнит барлау

Жаяу жүріс
28. Уақыт мөлшерлемелер бақылау бекеттері мен профильдері арасындағы анағұрлым тән қашықтықтар үшін бақылау бекеттерінің алдын – ала дайындалған торы бойынша жаяу қрзғалып отырғанда жердегі магнит өлшеуіштермен жұмыс жасауға уақыт мөлшерлемелері есептелген (4,5,6 кестелер, 2 қосымша, 4 бөлім).

29. Осы мөлшерлемелермен алдын – ала көзделген жұмыстар құрамы және мазмұнына келесілер кіреді:

Партия (отряд) базасында дайындау – қорытынды жұмыстар: тапсырманы, аппаратураны, кассеталарды, саймандарды қабылдау; энергияқорек топтамасын тексеру; оператордың өз сағатын МВБ сағаттарымен салыстыру; жәшіктерге аппаратураны жинақтау; көлік амалдарына аппаратураны және саймандарды жүктеу және базаға қайтып оралғаннан кейін оларды түсіру; жұмыс уақытын аяқталысымен отряд басшысына кассеталарды беру, қайта зарядтауға аккумуляторларды тапсыру;

аппаратура, саймандарды жүктеу участкесінде дайындық жұмыстар; жұмысқа магнит өлшеуішті дайындау; магнит өлшеуішті іске қосу; бақылау бекетінде бақылау жұмыстарын орындау; ағымдағы уақыт таймерін іске қосу; магниттелгенге операторды тексеру;

профильде дайындық жұмыстар: бастапқы профиль және пикетті табу; қызмет ақпаратты теру (күні, бастапқы пикет профилінің нөмірі, таспаға түсіру қадамының, нақты уақыттың);

профилде жұмыс жасау: қозғалыс басталуы туралы оператордың көмекшіге команда беруі; пикеттер арасында қозғалып отыру және өлшеулерді өндіру (бақылау бекетінде тоқтаумен немесе тоқтаусыз); жергілікті жерде бағдар алу; магнит өлшеуіш көрсеткіштерін бақылау; профильдің соңына дейін сол тізбекте таспаға түсіруді орындау; келесі профильге өту;

профильде (участкеде) қорытынды жұмыстар: ақпаратты қайта жазу, жазбаны бақылау; магнит өлшеуішті сөндіру; жабдықты және саймандарды базаға (лагерьге) тасымалдау үшін жәшіктерге жинап салу.

30. Уақыт мөлшерлемелерде бақылау бақылауларды өндіруге шығындар ескерілмеген; олардың сан мөлшері техникалық жобамен қолданыстағы магнит барлау бойынша ережелерге сәйкес анықталады, ал уақыт шығындары – осы жинақта келтірілген келтірілген сәйкес уақыт мөлшерлемелері бойынша анықталады.

31. Еңбек шығындары, магнит барлау жұмыстарының өндірісіне аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері және дала магнит барлау жұмыстарына көлік мөлшерлемелері 7, 8, 9 кестелерде (2 Қосымша, 4 бөлім, 3 тарау) келтірілген.

32. Материалдарды алғашқы өңдеу дала жұмыстары процесінде өткізіледі және келесілерден тұрады: дала бақылауларын өңдеу, түзетулер енгізу, МВБ вариограммалар өңдеу және вариацияларға түзетулер енгізу, профильдер мен карталар бойынша бастапқы кестелерді тұрғызу, орташа квадраттық қателіктерді қайта есептеу және бастапқы есеп беруді жазу.



4. Геомагнитті вариацияларды бақылау.
33. Мөлшерлемелер арнайы тағайындалған бекеттердің магнитвариациялық бекеті (МВБ) ретінде немесе авто іске қосу тәртібінде магнит өлшеуіштерді пайдаланумен геомагнитті вариацияларды бақылауға есептелген.

34. Геомагнитті вариацияларды бақылау бойынша жұмыс құрамына және мазмұнына келесілер кіреді:

дайындық – қорытынды жұмыстар: тапсырманы алу; бекеттерді орнату; жұмысқа МВБ дайындау; өлшенген сағаттар бойынша МВБ іске қосу; тәртіпке бекеттерді енгізу; МВБ жұмысын ретке келтіру және бақылау; вариациялар жазбасының таспасын рәсімдеу және тапсыру;

бақылауларды өндіру: МВБ жұмыстарын және қорек тәртібін аралық бақылау; дәлме - дәл уақыт белгілері бойынша МВБ уақытын бақылау; кедергілерді, табиғат жағдайларын, температураны тіркеу; диапазондар айырып – қосуларын белгілеу; алынған материалдар сапасын бағалу.

35. Геомагнитті вариацияларды бақылаумен байланысты еңбек шығындары 10 кестеде келтірілген, аппаратура және негізгі жабдықтардың тізімі және сан мөлшері – 8 кестеде (2 Қосымша, 4 бөлім, 3 тарау) келтірілген.

5. Камералды жұмыстар
36. Магнит барлау партиясының (отрядының) камералды жұмыстары геофизикалық жұмыстардың геологиялық нәтижелері туралы қорытынды техникалық есеп беру құрастыру мақсатында өткізіледі. Олар дала жұмыстары аяқталғаннан кейін камералды аралықта, әдістер бойынша қолданыстағы ережелерге толық сәйкестікпен орындалады.

37. Геологиялық есеп берулер құрастыру тәртібі және мазмұны туралы қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық материалдарды камералды өңдеу нәтижелері негізінде қорытынды есеп беру құрастырылады және рәсімделеді; ол мәтіндік бөліктен және қажетті графикалық және кестелік қосымшалардан тұру керек. Қорытынды есеп берудің және оның материалдарының безендірулерінің мазмұны әр жеке жағдайда жұмыстардың техникалық жобасымен анықталады.

38. Магнит өлшеуішпен бақылау нәтижелерін өңдеу екі кезеңге бөлінеді: ағымдағы (дала аралығында) және камералды.

39. Маретиалдарды ағымдағы өңдеу дала жұмыстары аралығында өндіріледі және келесілерден тұрады: таспаларды өңдеу және ∆Т есептеу, түзетулер енгізу, МВБ вариограммаларын өңдеу және вариациялар үшін түзетулер енгізу, профильдер және карталар бойынша бастапқы графиктерді тұрғызу, орташа квадраттық қателіктерді есептеу.

40. Қорытынды геологиялық есеп беруді құрастыру бойынша камералды жұмыстар келесілерді құрайды:

камералды жұмыстардың күнтізбелік жоспарын құрастыру;

жұмыс аумақтары бойынша қордағы және әдеби геологиялық және геофизикалық материалдарды жинау, зерттеу және талдау;

тау жыныстарының магниттік қасиеттерін зерттеу бойынша материалдарды жалпылау және талдау;

алғашқы құжаттарды жүйеге келтіру, материалдарды қорытынды өңдеу;

аралық және қорытынды карталарды, графиктерді, сұлбаларды, тіліктерді құрастыру және нақтылау, графиктерде және ΔТ изосызықтарда магнит өрісі карталарын тұрғызу;

әр түрлі түрлендірулерді (түр өзгерістерін) және өзге есептеулерді орындау, өзгертілген өріс карталарын тұрғызу;

бұрын зерттеу алаңдарында орындалған барлық геологиялық және геофизикалық жұмыстар нәтижелерін еспке алып геологиялық түрлендірулерді өткізу, аумақтың геологиялық құрылым сұлбаларын тұрғызу;

геофизикалық партия, отряд жұмыстары бойынша қорытынды есеп беру мәтінін құрастыру;

есеп беруді рәсімдеу – мәтінді теру, графикалық материалды сызу, оларды қажетті дана сан мөлшерінде көбейту.

орнатылған тәртіпте есеп беруді қорғау және оны қағаз бетінде және электронды тасымалдағыштарды геологиялық қорға тапсыру.

41. Материалдарды жаңа анағұрлым жетілдірілген өңдеу әдістерін пайдаланғанда жұмыстардың қосымша құрамы жобамен әр нақты жағдайда алдын – ала көзделеді, және шығындар сметалық – қаржылық есептеумен анықталады.

42. Камералды аралық ұзақтылығы жұмыс көлемімен анықталады, ол квадрат километрлермен (координатты нүктелерде), таспаға түсіру масштабымен және дала материалын өңдеу күрделілігімен белгіленеді, ол дала жұмыстары жыл бойында жүруіне немесе бір дала мезгілінде жүргізілуіне тәуелсіз болады (11 кесте, 2 қосымша, 4 бөлім).

43. Дала магнит барлау партиясы үшін, оның ішіне әр түрі магнит өлшеуіш түрлерімен бірнеше отрядтар бірігеді, камералды аралық ұзақтылығы әр отряд үшін орнатылған материалдарды камералды өңдеудің отряд – айларын қосумен анықтайды.

44. Магнит барлау жұмыстарына камералды аралық ұзақтылығы үшін, олар 1000 нТл/км аса магнит өрісінің үлкен градиентімен аумақтарында немесе 300 анықтаудан жоғары тереңдіктер есептерінің көлемінде өңдеу күрделілігі үшін 1,2 түзету коэффициенті орнатылады.

45. Топографо – геодезиялық жұмыстардың дала материалдарын камералды өңдеуге еңбек шығындары осы мөлшерлемелермен алдын – ала көзделмеген.

46. Камералды магнит барлау жұмыстарына (12 кесте, 2 қосымша, 4 бөлім, 3 тарау) еңбек шығындары ЭЕМ мәшинесінің жұмысын есепке алмай жоғарыда көрсетілген міндетті құрам үшін есептелген.

47. ЭЕМ пайдаланумен дала материалын өңдеудің сметалық құнын тікелей сметалық – қаржылық есеппен анықтайды.




ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ТАСПАҒА ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА УАҚЫТ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

5-бөлім. Сынау жұмыстары

жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау