2005 ж. жынысы бойынша жұмыссыздардың деңгейін есептеңіздер (ерлер және әйелдер үшін). Осы деңгейлердің шынайы екенін қалай білуге болады?
Меншіктің әртүрлілігімен кәсіпорындағы жұмыс бастылықың икімді артықшылық түрін және олардың аймақтағы жұмыссыздық жағдайына әсерін анықтаңыздар.
Павлодар облысы халқының құрамындағы экономикалық белсендікөз қарастарымен соңғы үш жыл ішіндегі өзгерістерді анықтаңыздар. Динамикада шығарылған негізгі себептерін анықтаңыздар. Егер жағдай тұрақты болып қалса, онда сол сияқты жағдайдық себептерін белгілеңіздер.
Такырып 4 Әлеуметтік – еңбек қатынастары ретелуінің халықаралық тәжірибесі
4.1 Халықаралық ұйым және оның жұмысының әдістері
Әлеуметтік әлемді, адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мақсатында 1919 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) құрылды.
ХЕҰ негізгі міндеттері:
1) әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге бағытталған саясат пен бағдарламаларды дайындау;
2) келісім түріндегі халықаралық еңбек нормаларын қалыптастыру мен іске асыру;
3) техникалық қызметтестік;
4) адам құқықтарын қорғау;
5) кедейшілікпен күрес;
6) еңбекті жоғарлатудың бағдарламаларын дайындау;
7) еңбек ететін халықтың сезімтал топтарын қорғау туралы шараларды дайындау.
ХЕҰ құрылымы:
1) Халықаралық еңбек конференциясы (ХЕК) – бұл ХЕҰ жоғарғы бөлігі, оның жұмысы регламентпен анықталады, жыл сайын жинақталады, ХЕҰ жұмысының бағытын анықтайды, еңбектің халықаралық нормаларын келісім мен кепілдеме түрінде дайындалып, бекітіледі. Әрбір 2 жыл сайын ХЕК ХЕҰ-ның екі жылдық жұмыс бағдарламасын, ХЕҰ қаржы бюджетін бекітеді.
2) Салалық комитеттер – халық шаруашылығының жеке салаларының мәселелерін шешу үшін құрылған. Олар тұрақты органдар болып табылады.
3) Аймақтық еңбек конференциялары - әлемнің әртүрлі аймақтарымен тұрақты қатынастарды үзбеу үшін құрылады және сол аймақтардағы экономикалық мәселелерді бағалайды.
4) Әкімшілдік кеңес – ХЕҰ атқарушы органы болып табылады, оның жұмысын бағыттайды, халықаралық еңбек биржасының генеральды дтректорын тағайындайды, жұмысты нақтылайды, бюджет жобасын қарастырады, жылына 3 рет жиналады, 3 жылдық мерзімге тағайындалады, халықаралық конференцияда бекітіледі.
5) Халықаралық еңбек және әлеуметтік-еңбек мәселелерінің биржасы – еңбек жағдайлары мен еңбек ететін адамдардың жағдайларын реттеу туралы ақпаратты жинайды және таратады., көмек көрсету жобаларын іске асыру үшін дамып келе жатқан мемлекеттерге жіберу үшін сарапшыларды жинаумен айналысады.
ХЕҰ негізгі әдістері:
келісім мен кепілдеме дайындау, олардың іске асырылуын бақылау,
техникалық келісім (түрлі мемлекеттерге әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге көмек көрсету),
зерттеулер жүргізу және әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және жариялымдарды жүзеге асыру болып табылады.
ХЕҰ ұйымдық-тәжірибелік әрекеттің негізгі салалары болып жұмысбастылық пен жұмыссыздық, кәсіби дайындық және кадрлардың қайта дайындығы, адам құқықтары, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігі, жалақы, әлеуметтік қамсыздандыру табылады.
ХЕҰ – нің әрекетінде қиын жағдайлар да бар:
ХЕҰ саясаттандырылған ұйым болып саналады,
- әлемдегі өзгерістер ұйымшың мақсаттары, міндеттері мен жұмысында барталай өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді;
үкіметтің нақты мүшелерінің саны (10) біршама келіспеушілікті туғызуда;
- түрлі мемлекет пен аймақтардың сарапшылары мен консультанттары, халықаралық чиновниктер болып, өзінің халқымен байланысты жоғалтады.
4.2 Жұмыспен қамтылуды бағдарламалық реттеудің халықаралық тәжірибесі
Францияның жұмысбастылық саласындағы бағдарламалары басқа мемлекеттер үшін бағдар болып саналады. Осы мемлекет бірінші болып зейнеткерлікке ерте шығудың бағдарламаларын қабылдады. 1991 жылы сол мемлекеттің өзі бұл бағдарлама тек қана елестетілген экономикалық жағдайды ғана көрсетеді.
Сонымен бірге кәсіби дайындығы жоқ жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары да дайындалған. Осыдан жастарды жұмысқа алатын кәсіпкерлерге арнап арнайы жеңілдетілген салықтық саясаты бар бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті, кәсіпкерлердің өздері бұл бағдарламаға өздерінің қызығушылықтарын білдірді.
Жапонияда жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу туралы 1966 жылы қабылданған жұмыспен қамтылу шаралары туралы Заңынан және 1967 жылғы жұмысбастылық шараларының негізгі жоспарынан көруге болады. Бұл жоспар толық жұмысбастылыққа жету үшін 6 кезеңнен тұрады. Жұмыспен қамтылудың құрылымдық қайта құрулары да өткізілді. Жоспардың мақсаты – жұмыспен қамтылудың ортасын жұмыс уақытын қысқарту, жұмысшылардың әл-ауқатын, еңбек жағдайларын жақсарту болып табылады. Жаңа жоспарлар жұмыскер өзінің жұмысына ғана емес, өзінің жанұясына да жауапты болуының керектігі негізінде құрастырылған.
Еңбек нарығы саласындағы Германияның бағдарламалары Шығыс Германиядағы жағдайға байланысты жұмыспен қамтылуды жақасартуға бағытталған. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін Қамқорлық кеңесі құрылды. Бірақ бірталай дұрыс емес әрекеттердің болуы бұл кеңестің жойылуына әкелді. Сондықтан Германияның Еңбек Министрлігі өзінің еңбек нарығындағы белсенді саясаттың бағдарламаларын жүзеге асыруды қажет етті.
Бағдарламаның негізгі бағыттары болып:
1) Уақыттан бұрын жаппай зейнеткерлікке шығудың мүкіндігі туралы шешім қабылдау,
2) Кадрларды қайта дайындау, олардың көп бөлігі жаңа мамандықтарды игерді.
3) “Жұмыспен қамтылу қоғамдарын” құру.
Мақсаты болып жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту және қайта дайындау табылады. Бұл жұмыспен қамту қоғамдары Шығыс Германияның әлі жекешелендірілмеген кәсіпорындарының уақытша бос өндірістік жерлерін пайдалануға құқылы болды.
Яғни, әлем мемлекеттеріндегі бағдарламалық реттеудің тәжірибесін жақсы деп атауға болмайды. Соған қарамстан, нарықтағы жағдайды бағалау кезінде, реттеудің құралдарын таңдғанда, еңбек нарығында жағдайды тиімді реттеудің механимдерін анықтағанда осы әдістерді қолдану, жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың ең тиімдісі болып табылады.
Шетелдік мемлекеттердің тәжірибелерінен жұмысбастылықтың саясатының белсенді бағдарламаларының 3 тобын көрсетуге болады:
1) жеке сектордағы ұдайы жұмысқа алудың субсидиялық бағдарламалары. Субсидиялар жұмысшылар тобының бір бөлігін ынталандыру үшін немесе жұмысты жоғалту тәуекелі жоғары болып келетін жұмысшылар үшін жұмыс орындарын сақтау үшін бөлінеді. Бұл бағдарламаны жұмысбастылықты реттеу мен ынталандыруға арналған шығындармен, сонымен бірге кейбір аймақтарға барлық жұмысшыларға төленетін субсидиялармен шатастырмау керек.
2) жұмыссыз адамдардың өздерімен құрылатын кәсіпорындарды қолдау бағдарламалары. Бұл бағдарламаның түрі – жұмыссыз адардың өзін - өзі жұмыспен қамту бағдарламалары деп аталады және кейбір аймақтарда кең қолдау тапты. Осындау қолдау жұмыссыздық бойынша жәрдемақы негізінде немесе арнайы жәрдемақы негізінде жүзеге асырылады. Бағдарламалар, сонымен бірге, өзінің кәсіпорының құрғысы келетін адамдарға тегін қызмет көрсетулерді де қамтиды.
3) табыс әкелетін мемлекеттік немесе коммерциялық секторда жұмыс орындарын құру бағдарламалары. Бұл бағдарламалар әдетте уақытша жұмыс орнын, жұмыссыз адамға әлеуметтік-еңбек саласына бейімделуге мүмкіндік береді, жаңа дағдыларды қалыптастырады, бағалы жұмысшы болуға дайындайды, яғни өзінің жұмыс табу мүмкіндігін жоғарлатады. Жапониядағы осындай бағдарламалардың тиімділігі 80-90 % құрайды. Осы бағдарламалар бойынша табылған жұмыс кей уақыттарда тұрақты жұмысқа айналады.
Екінші күрделі бағдарламалар тобы белсенді емес бағдарламалар тобына немесе табысты қолдау бағдарламалырына жатады. Ол жұмыссыздық бойынша жәрдемақының барлық түрлері (демалыс жәрдемақысы, жұмысшылардың әртүрлі топтарына арнайы көмек көрсету, жұмыссыз адамдарға көмек) мен еңбек нарығындағы жайдайға байланысты зейнеткерлікке ерте шығу бағдарламаларының тобымен тығыз байланысты.
Сонымен, осы бағдарламалардың барлығы еңбек нарығы мен экономикасы дамыған мемелкеттердегі жұмысбастылықты реттеуге бағытталған. Экономикалық конъюнктураны есепке алатын, болжам мен ұзақ мерзімді саясатта негізделген, жеке-кәсіпкерлік әрекетке араласпайтын, мемлекеттің бағдарламалық-жоспарлы араласуын көрсетеді.
Оқылған материалға сұрақтар мен тапсырмалар:
1 ХЕҰ графикалық құрылымын бағынушы схемасына белгілеп, бейнелеңіз. Осы құрылымның жетілуі бойынша ұсыныс беріңіз.
2 ХЕҰ пайда болған мәселелерден шыға жағдайдың өзгеруі бойынша Сіздердің ұсыныстарыңызды беріңіздер.
Павлодар облысындағы жұмыссыздықтың төмендеуі және жұмыс бастылығының жақсаруы бойынша бағдалама жасаңдар.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер және жастардың жұмыссыздық мәселелерін шешу бойынша, оның себептерін зерттей отырып бағдарлама жасаңдар.
Тақырып 5 Адам капиталы
Сапалық білімнің мәні жоғары білікті еңбек ресурстарының бар болу жағдайындағы экономикалық өсу мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады. Білім жеке еңбек өнімділігін жоғарлатуға қажетті және адамдардыңи әрекеттерін сынап талдауға, тиімді жазуға, мәселелерді шешуге, өндірсітің жаңа технологиясы мен әдістерін меңгеруге, арнайы пәндерді білуге көмектеседі. Білім табыстарды жоғарлатады, өйткені нарықтық экономика жағдайында жұмыс беруші білікті, көп өнім шығара алатын және компанияның табысына көп күш жұмсайтын жұмысшыларды қабылдауға тырысады. Сол үшін ол жұмысшының жалақы мөлшерлемесін көтереді. Жұмысшының жалақы мөлшерлемесі қосымша табыстың көлеміне тең болғанда ғана (MRP – ақшалай түрдегі шекті өнім), жұмыс беруші жалақы мөлшерлемесін көтеруді тоқтатады.
Адам капиталына деген ақша салымдары – бұл болашақта табыс табуға бағытталған, сонымен бірге жұмысшылардың өнімділігі және экономикалық әл-ауқатының жоғарлауына мүмкіндік туғызатын шығындар.
Адам капиталына деген ақша салымдары – бұл денсаулық сақтау мен тамақтануды жақсартуға арналған ақша жұмсалымдары. Адамның денсаулығына 4 топ факторлары әсер етеді: табыс, өмір сүру жағдайы, қоршаған орта жағдайы мен аурулары және медициналық қызмет көрсету сапасы. Сарапшылардың айтуы бойынша табыс пен өмір сүру жағдайы адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Сонымен, халықтың денсаулық жағдайы денсаулық сақтау сапасы мен адамның өзінің әрекеттеріне байланысты болады.
Білім жүйесінің негізгі мақсаты - білім беру мен кәсіби дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Сонымен бірге оның басқа да міндеті бар – белгілі бір құндылықтарды баулу. Оқу процесі кезінде алынатын дағдылар белгілі бір мәселелерді шешу қабілеті мен жаңа мәселені шешу әдісі мен қажетті әдісті таңдау қабілетін қолдануға мүмкіндік береді.
Адам капиталының теориясы келесі өзара байланысты көрсетеді. Студенттер білім алуға ақша салымдарын салады. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігі мен жалақы мөлшерлемесінің жоғарлауына әкеледі. Студенттер білімге ақша салымдарын, білім шығындары күтілетін табыстардан төмен болғанға дейін білімге ақша жұмсайды.
Сонымен, еңбек өнімділігі мен жалақы білімге деген салымдардың көлемімен анықталады. Осымен бірге еңбек нарығында алынатын ақпарат нақты емес. Сондықтан ақпаратты нақтылау үшін А.М. Спенсонмен өңделген сигналды үлгіні қолданады, ол өз кезегінде жұмыс беруші жұмысшы туралы толық ақпаратқа ие емес екендігін ескереді. Жұмыс беруші жұмысшы кәсіпорында белгілі бір уақыт жұмыс істемей, оның өнімділігін анықтай алмайды.
Адам капиталының теориясына сүйене отырып, білім алуға салымдар жоғары болғанымен, болашақтағы еңбек өнімділігі де жоғары болатынын атап өту қажет. Үміткерлердің білімдерін тестілеу арқылы тексеру оңай болып табылады, сонымен бірге жұмысқа деген қатынасты, тәртіптілігін, бағыну мүмкіндігін, ұжымда жұмыс істеу қабілеттігін тексеру үшін көптеген жылдар қажет.
Білім жеке тұлғаға ақшалай және ақшалай емес те тиімділік әкеледі. Ақшалай емес тиімділік өзінің эффектісі бойынша ақшалай түрдегі мүмкіндіктерді бағалай білуден артық болып келеді. Мысалы, ой-өрістің кеңейуі, шығармашылық және қауіпсіз мамандықтарды игеру, жаңа қатынастар мен достардың пайда болуы.
1990 жылдан бастап, БҰҰ жыл сайын “адам дамуының индексін” есептейді немесе “адам әлуетінің даму индексін” анықтайды. АДИ – бұл мемлекеттің экономикалық жағдайын ғана емес, сонымен бірге оның жеке тұлғаларының жағдайын, халықтың денсаулығын, білім деңгейін есепке алатын кешендік көрсеткіш.
Әрбір мемлекет немесе қоғам өзінің даму бағдарларын бекіту қажет. Осындай бағдар болып – адамның дамуы бойынша БҰҰ комиссиясымен дайындалған қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының сандық көрсеткіштері болуы мүмкін.
Адам дамуының индексі (Human Development Index) - бұл мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық даму деңгейінің индексі.
Бұл индекс адам әлуеті дамуының 3 негізгі құраушыларын анықтайды:
1) ұзақ және сау өмір (өмір ұзақтығының индексі);
2) білім алу (білім деңгейінің индексі);
3) бір адамға деген нақты ЖІӨ (табыстың бір адамға деген индексі).
Бірінші құраушы бөлігі – туғаннан 85 жасқа дейінгі өмірдің орташа ұзақтылығымен анықталады, 1 индексімен бағаланады (өмірдің орташа ұзақтығы 25 жас болса – 0 индексімен бағаланады ).
Осы индекстер 4 көрсеткіш негізінде есептелінеді, оларға келесі максималды және минималды мәндер бекітіледі:
Кесте 4 – Көрсеткіштері мен мәндері
Көрсеткіштер
| Мәндер |
Минимум
|
Максимум
|
Туғанда күтілетін өмір сүрудің ұзақтылығы, жас
|
25
|
85
|
Ересек халық арасындағы сауаттылық деңгейі, %
|
0
|
100
|
Оқушылардың жиынтық үлесі (6-24 жасқа дейінгі жаста), %
|
0
|
100
|
Бір адамға деген нақты ЖІӨ, АҚШ долл.
|
100
|
40 000
|
Достарыңызбен бөлісу: |