3. Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты
жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты
осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша
тоқтатылады.
4. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар қызметкерлердiң
санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкiн болса, жұмыс берушiнiң жұмыс
орындарын сақтау мақсатында, қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып,
толық емес жұмыс уақыты режимiн енгiзуге құқығы бар.
Жұмыс берушi қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы
мүмкiн толық емес жұмыс уақыты режимiн тоқтатуды қызметкерлер өкiлдерiнiң
пiкiрiн ескере отырып жүргiзедi.
Ескерту. 48-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
49-бап. Жұмыс берушiнiң атауы, ведомстволық тиесiлiгi
өзгерген, мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан немесе
жұмыс берушi қайта құрылған кездегi еңбек
қатынастары
Жұмыс берушiнiң атауы, ведомстволық тиесiлiгi өзгерген, мүлкiнiң меншiк
иесi ауысқан немесе жұмыс берушi қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен
еңбек қатынастары өзгерiссiз жалғаса бередi.
50-бап. Жұмыстан шеттету
1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс
берушi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерi негiзiнде
қызметкердi жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
2. Жұмыс берушi осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:
1) жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға
ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаңдық туғызатын
заттарды пайдаланған;
2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерi бойынша емтихан
тапсырмаған;
3) жұмыс берушi берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын
пайдаланбаған;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi болып
табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық
куәландырудан өтпеген;
5) егер оның iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi авариялық ахуал
туғызуға, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң не көлiктегi қозғалыс
қауiпсiздiгiнiң бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн болса, қызметкердi жұмыстан
шеттетуге мiндеттi.
2-1. Толық материалдық жауаптылықты өзiне алғаны туралы жазбаша шарттың
негiзiнде қызметкерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың
сақталуын қамтамасыз етпеген қызметкердi жұмыс берушiнiң жұмыстан шеттетуiне
құқығы бар.
3. Жұмыстан шеттету кезеңiнде қызметкердiң жалақысы сақталмайды және
еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен
жәрдемақы төленбейдi.
4. Қызметкердi жұмыстан шеттету оны шеттету үшiн негiз болған себептер
анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейiнгi мерзiмге жұмыс берушiнiң
актiсiмен жүзеге асырылады.
5. Жұмыс берушi қызметкердi жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның
жалақысы сақталады.
Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңдарымен.
51-бап. Еңбек шартын тоқтату негiздерi
Мыналар:
1) тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы;
3) жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар;
6) қызметкердiң еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек
қатынастарын жалғастыру мүмкiндiгiн болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;
8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;
9) жұмыс берушiнiң атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында
көзделген негiздер еңбек шартын тоқтату негiздерi болып табылады.
52-бап. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартын бұзу
1. Еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн.
2. Еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзуға тiлек бiлдiрушi
еңбек шартының бiр тарапы екiншi тарапына хабарлама жiбередi. Хабарлама алған
тарап үш жұмыс күнi iшiнде екiншi тарапқа қабылданған шешiм туралы жазбаша
нысанда хабарлауға мiндеттi.
3. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартының бұзылу күнi қызметкер
мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсу бойынша айқындалады.
4. Еңбек шартында қызметкермен келiсiм бойынша, жұмыс берушiнiң
қызметкерге бiр жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей
отырып, осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек
шартын бұзу құқығы көзделедi.
53-бап. Мерзiмiнiң аяқталуына байланысты еңбек
шартын тоқтату
1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты, мерзiмiнiң аяқталуына
байланысты тоқтатылады.
2. Еңбек шартында келiсiлген мерзiмге сәйкес, қызметкердiң соңғы жұмыс
күнi белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып
табылады.
3. Жұмыстың аяқталған күнi белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына
жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табылады.
4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердiң жұмысқа шыққан күнiнiң
алдындағы жұмыс күнi уақытша болмаған қызметкердiң орнын ауыстыру уақытына
жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табылады.
5. Егер еңбек шартының мерзiмi аяқталғанда еңбек қатынастары iс жүзiнде
жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың
қолданылуы белгiленбеген мерзiмге ұзартылды деп есептеледi.
Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
54-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек
шартын бұзудың негiздерi
1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша:
1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке
тұлғаның қызметi тоқтатылған;
2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
3) бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген
лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;
4) өзiнiң жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергi келтiруi
салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес
келмеген;
5) сынақ мерзiмi кезеңiнде жұмыс нәтижесi дұрыс болмаған;
6) қызметкер бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш
және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
7) қызметкер жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық
масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның iшiнде жұмыс күнi iшiнде
алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай
туғызатын заттарды пайдаланған;
7-1) тиiстi актiмен расталған, алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық
масаңдық күйге түсiретiн заттарды пайдалану фактiсiн анықтау үшiн медициналық
куәландырудан өтуден бас тартқан;
8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға
әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн, еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не
көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн бұзған;
9) қызметкердiң жұмыс орнында басқаның мүлкiн ұрлау (оның iшiнде ұсақ
ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдiру әрекетi заңды күшiне енген сот
үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған;
10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететiн
қызметкердiң кiнәлi әрекеттер жасауы немесе әрекетсiздiгi, егер бұл әрекеттер
Достарыңызбен бөлісу: |