Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет41/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57

      249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен 
 
                еңбек шартын жасасу 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға 
мүлкiнiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды 
тұлғаның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай 
құжаттарында немесе тараптар келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасасады.  
      Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды 
тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша 
рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.  
      250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса 
 
                атқаратын жұмысы 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкiлеттi 
органының не заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң, не ол уәкiлеттiк берген 
тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы төленетiн 
лауазымдарды атқара алады.  
      251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының 
 
                материалдық жауапкершiлiгi 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтiрген 
залалы үшiн осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында 
белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.  
      252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен 
 
                еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiздерi 
 
      Заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң не ол уәкiлеттiк берген тұлғаның 
(органның) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органының еңбек қатынастарын 
мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмi осы Кодексте көзделген негiздермен 
қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға 
қосымша негiз болып табылады.  
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған 
жағдайда, оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн еңбек шартын мерзiмiнен бұрын 
бұзғаны үшiн оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде, жағдайда және 
тәртiппен өтемақы төлемi төленедi. 
      
Ескерту. 252-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының 
 
                бастамасы бойынша еңбек шартын мерзiмiнен 
 
                бұрын бұзу 
 
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкiнiң меншiк 
иесiн не ол уәкiлеттiк берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның 
уәкiлеттi органын бұл жөнiнде жазбаша түрде кемiнде екi ай бұрын ескерте 
отырып, еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.  
      
254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы 
 
                
мүшелерiнiң және мүлiктiң меншiк иесi немесе ол
 
                
уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды
 
                
тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын
 
                
(сайлайтын) қызметкерлердiң еңбегiн реттеу
 
                
ерекшелiктерi
 
      
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 


      Осы тарауда белгiленген атқарушы орган басшысының еңбегiн реттеу 
ерекшелiктерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, 
заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерiне қолданылады. 
      Мүлiктiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға не заңды 
тұлғаның уәкiлеттi органы тағайындайтын (сайлайтын) қызметкерлердiң еңбегiн 
реттеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. 
      
Ескерту. 254-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРIНIҢ,
 
          ПАРЛАМЕНТI ЖӘНЕ МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ,
 
          СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГI АДАМДАРДЫҢ, АРНАУЛЫ
 
          МЕМЛЕКЕТТIК, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
 
          ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКI ЖӘНЕ
 
          ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
 
          ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
 
      
Ескерту. 28-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - 2012.07.05 
N 30-V
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      255-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және 
 
                мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан 
 
                Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу 
 
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, 
Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен 
тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, еңбектiң ерекше жағдайларын, 
еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар 
мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген 
ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.  
      
256-бап. Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау 
 
                
органдарының қызметкерлерi
 
      
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы 
Күштерiнде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара 
қызметiнде, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында, 
Республикалық ұланда, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде және 
әскери-тергеу органдарында, төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органның 
азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери 
прокуратура органдарында әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады. 
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының 
iшкi iстер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, 
кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын 
адамдар жатады. 
      3. Арнаулы мемлекеттiк органдар қызметкерлерiне ұлттық қауiпсiздiк 
органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi органда және Қазақстан 
Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде қызмет өткерiп жүрген адамдар 
жатады. 
      Ескерту. 256-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 
№ 279-IV

2012.01.18 
N 547-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау