2012.02.16
№ 562-IV
(алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк
және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң
еңбегiн реттеу
Әскери қызметтегi адамдардың, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау
органдары қызметкерлерiнiң еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың
ерекше шарттары мен тәртiбiн,
ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу
шарттарын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен
шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген
ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.
Ескерту. 257-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
257-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және
оның ведомстволары қызметкерлерiнiң еңбегiн
реттеу
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және оның ведомстволары
қызметкерлерiнiң
еңбегi лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың
ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайын және еңбекақы төлеу шарттарын,
сондай-ақ артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн «Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген
ерекшелiктерiмен бiрге осы Кодекспен реттеледi.
Ескерту. 28-тарау 257-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.05
N 30-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
4-БӨЛIМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ЖӘНЕ
ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК
258-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк:
1)
әлеуметтiк, еңбек және осылармен байланысты экономикалық
қатынастарды реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
2) қоғамның барлық жiктерiнiң мүдделерiн объективтi ескеру негiзiнде
әлеуметтiк тұрақтылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн
қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегi әлеуметтiк әрiптестiк тараптары арасындағы
консультациялар мен келiссөздер процесiне жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
6) әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы
мемлекеттiк саясатты iске
асыру жөнiндегi ұсыныстарды талдап-тұжырымдау мiндеттерiн шешуге бағытталған.
259-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi
Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi мыналар:
1) тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiлiгi;
2) тараптардың тең құқықтылығы;
3) талқыланатын мәселелердi таңдау еркiндiгi;
4) мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;
5) тараптар мүдделерiн құрметтеу;
6) ұжымдық шарттарды, келiсiмдердi орындау мiндеттiлiгi;
7) келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi өз кiнәсi бойынша
орындамағаны үшiн
тараптардың, олардың өкiлдерiнiң жауаптылығы;
8) әлеуметтiк әрiптестiктi нығайту мен дамытуға мемлекеттiң
жәрдемдесуi;
9) қабылданатын шешiмдердiң жариялылығы.
260-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк органдары
Әлеуметтiк әрiптестiк әлеуметтiк әрiптестiк органдары:
1) республикалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және
еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi
- республикалық комиссия);
2) салалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек
қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялар (бұдан әрi - салалық
комиссия);
3) өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтiк
әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық,
қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрi - өңiрлiк комиссия) арқылы
тараптардың өзара
iс-қимыл жасасуы нысанында;
4) ұйымдар деңгейiнде - қызметкерлердiң өкiлдерi мен жұмыс берушiнiң
арасында еңбек саласындағы өзара нақты мiндеттемелердi белгiлейтiн келiсiмдер
немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етiледi, ал шет ел қатысатын
ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттерi халықаралық шарттардың
(келiсiмдердiң) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негiзiнде қамтамасыз
етедi.
261-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк нысандары
Әлеуметтiк әрiптестiк:
ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу және оларды жасасу
жөнiндегi
ұжымдық келiссөздер;
еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды
реттеу, қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн
қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетiлдiру
мәселелерi бойынша өзара консультациялар (келiссөздер);
қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң еңбек дауларын сотқа дейiн
шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.
262-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары
Тиiстi атқарушы органдар атынан мемлекет, белгiленген тәртiппен
уәкiлеттiк берiлген өз өкiлдерi атынан қызметкерлер мен жұмыс берушiлер
әлеуметтiк әрiптестiк тараптары болып табылады.
263-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде
ұйымдастыру
1. Республикалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн
консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестiк
тараптарының мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн
орган болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, қызметкерлердiң республикалық
бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi
өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар
қалалардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары
мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер қызметкерлердiң республикалық
бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң республикалық
одағының (қауымдастығының), шағын кәсiпкерлiк
жөнiндегi республикалық
бiрлестiктiң, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық