Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жұмыс берушiнiң қызметкердiң
жұмыс уақыты режимiн сақтауын бақылау ерекшелiктерi, еңбек қауiпсiздiгiн және
еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс iстейтiн қызметкер үшiн осы
талаптардың сақталуы жөнiндегi жағдайлар еңбек шартында белгiленедi.
23-1-тарау. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiн реттеудiң
ерекшелiктерi
Ескерту. Кодекс 23-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
221-1-бап. Қашықтықтан жұмыс iстеу
Қашықтықтан жұмыс iстеу жұмыс процесiнде ақпараттық және
коммуникациялық технологияларды пайдаланып, еңбек процесiн жұмыс берушi
орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың айрықша нысаны болып
табылады.
221-2-бап. Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң
еңбек жағдайлары
1. Жұмыс берушi қызметкерге коммуникация құралдарын (байланыс
құралдарын) бередi және оларды орнату және оларға қызмет көрсету жөнiндегi
шығыстарды көтередi. Қызметкер меншiктi коммуникация құралдарын тұрақты
негiзде пайдаланған жағдайда жұмыс берушi өтемақы төлейдi, оның мөлшерi мен
төлеу тәртiбi қызметкермен келiсiм бойынша белгiленедi.
Тараптардың келiсiмi бойынша қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерге
жұмыс берушi үшiн жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр
энергиясының, судың құны және т.б.) өтелуi мүмкiн.
2. Қызметкердiң жұмыс берушiмен жұмыс iстеу байланыстарының тәсiлдерi
мен кезеңдiлiгi еңбек шартында айқындалады.
221-3-бап. Жұмыс уақытын және демалыс уақытын есептеу,
еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
қамтамасыз ету жағдайлары
Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлерге осы Кодексте белгiленген
жұмыс уақыты мен демалыс уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
Қашықтықтан жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының тiркелген
есебi белгiленедi, оны бақылаудың ерекшелiктерi еңбек шартында айқындалады.
Жұмыс уақыты режимiнiң сақталуын бақылаудың ерекшелiктерi, еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және қызметкер үшiн осы
жағдайларды сақтау жөнiндегi шарттар еңбек шартында айқындалады.
24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
222-бап. Мүгедектердiң еңбек ету құқығын iске асыруы
1. Мүгедектер әдеттегiдей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегiн
пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда жұмыс берушiлермен еңбек шарттарын
жасасуға құқылы.
2. Медициналық қорытынды бойынша денсаулық жағдайы еңбек мiндеттерiн
орындауға кедергi келтiретiн не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар
еңбегiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк
себептерi бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедектi басқа жұмысқа
ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.
Ескерту. 222-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
223-бап. Мүгедек қызметкерлердiң еңбек жағдайлары
1. Еңбектi нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары,
жұмыс режимi, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару тәртiбi, техникалық,
санитарлық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар
келiсiмi бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа
қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердiң жағдайларын нашарлата
немесе құқықтарын шектей алмайды.
2. Мүгедектер еңбегiн ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi
еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
3. Жұмыс iстеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келiсiмдерде, жұмыс
берушiнiң актiлерiнде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленген
қосымша кепiлдiктер берiлуi мүмкiн.
4. Жұмыс берушi жұмыс iстеп жүрген мүгедектердiң толық емес жұмыс
уақыты режимi, жүктеменi азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы
медициналық қорытындыларды орындауға мiндеттi.
224-бап. Мүгедек қызметкерлердiң жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы
1. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36
сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгiленедi.
2. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлердiң күнделiктi
жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жетi сағаттан аспауға тиiс.
225-бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық
есебiн қолдануды шектеу
1. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының
жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
2. Егер үшiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық
көрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленетiн
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгiленбейдi.
226-бап. Мүгедек қызметкерлердiң түнгi уақыттағы
жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке
күндердегi жұмысын, оларды iссапарға жiберудi
шектеу
Мүгедек қызметкерлердi үстеме жұмысқа, түнгi уақытта, демалыс және
мереке күндерiндегi жұмысқа тартуға, iссапарға жiберуге, егер олар үшiн
мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса,
олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
227-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысын беру
Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келiсе
отырып, жұмыс берушi бекiтетiн демалыс кестесiне сәйкес берiледi.
228-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы
қосымша демалыс беру
Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен
бiр мезгiлде не мүгедек қызметкердiң қалауы бойынша жұмыс жылының басқа
уақытында берiледi.
25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
229-бап. Азаматтық қызметке кiру
Достарыңызбен бөлісу: |