5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуiне
жол бермеу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа, ешкiмнiң де еңбек саласындағы
құқықтарына шек қойылмайды.
6-бап. Еңбек бостандығы
Әркiмнiң де еңбектi еркiн таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын
кемсiтушiлiксiз және мәжбүрлеусiз еркiн келiсуге құқығы, өзiнiң еңбекке
қабiлеттiлiгiне иелiк етуге, кәсiп және қызмет түрiн таңдауға құқығы бар.
7-бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
1. Әркiмнiң де еңбек саласындағы өз құқықтары
мен бостандығын iске
асыруға тең мүмкiндiктерi бар.
2. Ешкiмдi де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыру кезiнде жынысына,
жасына, дене кемiстiктерiне, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiктiк, әлеуметтiк
және лауазымдық жағдайына, тұратын жерiне, дiнге көзқарасына, саяси сенiмiне,
руға немесе текке-топқа, қоғамдық бiрлестiктерге
қатыстылығына байланысты
ешқандай кемсiтуге болмайды.
3. Еңбектiң осы түрiне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтiк және
құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнiнде мемлекеттiң ерекше
қамқорлығынан туындаған өзгешелiктер, ерекшелiктер, артықшылықтар мен
шектеулер кемсiтушiлiк болып табылмайды.
4. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа немесе өзге
де орындарға жүгiнуге құқылы.
8-бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу
Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған.
Мәжбүрлi еңбек, мынадай жұмыстарды:
жұмыс мемлекеттiк органдардың қадағалауымен және бақылауымен
жүргiзiлетiн және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың билiгiне берiлмейтiн немесе тапсырылмайтын
жағдайда қандай да бiр
адамнан соттың заңды күшiне енген үкiмiне байланысты талап етiлетiн;
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етiлетiн жұмыстарды
қоспағанда, қандай да бiр адамнан қандай да бiр жаза қолдану қаупiмен талап
етiлетiн, оны орындау үшiн бұл адам ерiктi түрде өз қызметiн ұсынбаған кез-
келген жұмысты немесе қызметтi бiлдiредi.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының
2009.04.29.
N 154-IV
Заңымен.
9-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы
1. Осы Кодекс:
1) еңбек;
2) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты;
3) әлеуметтiк әрiптестiк;
4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қатынастарды
реттейдi.
2. Осы Кодекс, егер заңдарда
және Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:
1) қызметкерлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары
немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын,
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерiне;
2) жұмыс берушiлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары
немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын,
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының
еңбегiн құқықтық реттеудiң
ерекшелiктерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгiленедi.
4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгiленген құқықтар,
бостандықтар мен кепiлдiктер деңгейiн төмендетпеуге тиiс.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтiк әрiптестiк
тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс
берушiнiң еңбек саласындағы актiлерi
1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей байланысты
өзге де қатынастар еңбек шартында,
жұмыс берушiнiң актiсiнде, келiсiмде және
ұжымдық шартта реттеледi.
2. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық шарттың,
еңбек шартының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi
жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.
3. Келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары бiржақты
тәртiппен өзгертiлмейдi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
11-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерi
1. Жұмыс берушi осы Кодекске және өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерге, еңбек шартына, келiсiмдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыретi
шегiнде актiлер шығарады.
2. Жұмыс берушi осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда,
қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша немесе пiкiрiн ескере отырып,
актiлер шығарады.
3. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен,
ұжымдық
шартпен, келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын не
осы баптың 2-тармағында көрсетiлген рәсiмдер сақталмай шығарылған актiлерi
жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиiс.
Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
12-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерiн шығару кезiнде
қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескеру немесе
олармен келiсу тәртiбi
1. Жұмыс берушi осы Кодексте, келiсiмдерде, ұжымдық шартта көзделген
жағдайларда қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн
ескере отырып немесе олармен
келiсе отырып актiлер шығарады.
2. Актiнi шығарар алдында жұмыс берушi оның жобасын және ол бойынша
негiздеменi қызметкерлердiң өкiлдерiне ұсынады.