Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру тәртiбi мен 
мерзiмiн айқындайды; 
      26) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де 
функцияларды орындайды. 
      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 
N 9
 (2008.01.01 
бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 
N 188-IV
 (қолданысқа енгiзiлу 
тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 
2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 
566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң 
қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      
16-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның 
 
               
еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi 
 
      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган: 
      1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы 
мемлекеттiк саясатты iске асырады
      2) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы 
мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына 
мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады; 
      4) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн 
үйлестiредi;  
      5) еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында 
басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс 
берушiлердiң өкiлдерiмен үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 
      6) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi ауыстыру және 
қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi; 
      8) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек 
нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi; 
      9) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi 
(бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар 
қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi  бойынша параметрлердi ұсыну, 
қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi; 
      10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде жасалған 
салалық келiсiмдер мен өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады; 
      11) мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды 
жүргiзедi; 
      12) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудiң уақтылы және 
объективтi жүргiзiлуiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiппен бақылауды жүзеге асырады; 
      13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге асырады; 
      14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары жөнiндегi 
зерттеу бағдарламаларын әзiрлейдi; 
      15) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-
профилактикалық тағам, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке 
қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын, сондай-ақ қызметкерлердi 
ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және 
құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн әзiрлейдi; 
      16) анықтамалықтарды, бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу, қайта қарау, 
бекiту және қолдану тәртiбiн айқындайды; 
      17) экономикалық қызметтiң әрқилы түрдегi ұйымдарының басшылары, 
мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк 
сипаттамаларын қарайды және келiседi
      18) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың еңбек 


жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн айқындайды; 
      19) - 20) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      21) оларда жұмыс iстеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл 
сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған 
мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың 
тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды беру 
тәртiбiн айқындайды; 
      22) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi және 
тәуекелдi бағалауды ұйымдастырады; 
      23) - 24) 
алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      25) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi 
ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел 
дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын 
әзiрлейдi және бекiтедi
      26) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
       
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 
N 188-
IV
 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 
2-баптан
 қараңыз), 2010.03.19 
№ 258-IV

2011.01.06 
N 378-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 
N 36-V
 
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      17-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның 
 
              аумақтық бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастарын 
 
              реттеу саласындағы құзыретi 
 
      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi:  
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге 
асырады;  
      2) жұмыс берушiлер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге 
асырады;  
      3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың 
себептерiне талдау жүргiзедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар 
әзiрлейдi;  
      4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгiленген тәртiппен тексередi;  
      5) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн тексерудi 
жүргiзедi;  
      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi 
қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;  
      7) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша 
өзара iс-қимыл жасайды;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау