81-бап. Жұмыс аптасының түрлерi
1. Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы
белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның)
ұзақтығы жұмыстың ерекшелiгi ескерiле және жұмыс аптасының белгiленген
ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
2. Өндiрiс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын
енгiзу қисынсыз болатын ұйымдарда бiр демалыс күнi бар алты күндiк жұмыс
аптасы белгiленедi.
3. Жұмыс берушi еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың
талаптарына сәйкес бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын белгiлейдi.
82-бап. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс
ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық
норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат
болғанда 5 сағаттан аспауға тиiс.
2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс
ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық
норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4
сағаттан аспауға тиiс.
3. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделiктi жұмыстың
(жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзiлiстер уақыты
жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек
тәртiптемесi ережелерiмен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгiленедi.
4. Өнер және мәдени демалыс кәсiптiк ұйымдарының шығармашылық
қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi, спортшылар,
жаттықтырушылар үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс
берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделiктi
жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.
83-бап. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге
бөлу
1. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге бөлуге:
1) жұмыс қарқындылығы әртүрлi болатын жұмыстарда;
2) егер бұл қызметкердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және өзге де жеке
қажеттiлiктерiмен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол берiледi.
2. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге бөлген кезде жұмыс
уақытының жалпы ұзақтығы күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгiленген
ұзақтығынан аспауға тиiс.
3. Күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) бөлiктерге бөлiнетiн жұмыс түрлерi,
жұмыстағы үзiлiстердiң саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар
жұмыс үшiн қызметкерлерге төленетiн өтемақылардың түрлерi мен мөлшерi еңбек
шартында, ұжымдық шартта белгiленедi.
84-бап. Ауысымдық жұмыс
1. Өндiрiстiк процестiң ұзақтығы не жұмыс берушiнiң өндiрiстiк
қызметiнiң режимi күнделiктi жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен
жағдайларда ауысымдық жұмыс белгiленуi мүмкiн.
2. Ауысымдық жұмыс кезiнде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бiр жұмыс
ауысымынан екiншiсiне өту қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып жұмыс берушi
бекiткен ауысым кестелерiмен белгiленедi.
3. Жұмыс берушi ауысым кестелерiн қызметкерлер назарына осы кестелер
қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей жеткiзедi.
4. Қызметкердi қатарынан екi жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым
салынады.
85-бап. Икемдi жұмыс уақыты режимiндегi жұмыс
1. Қызметкерлердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және жеке қажеттiлiктерiн
өндiрiс мүдделерiмен үйлестiру мақсатында икемдi жұмыс уақыты режимi
белгiленуi мүмкiн.
2. Икемдi жұмыс уақыты режимiнiң кезiнде:
1) тiркелген жұмыс уақыты;
2) қызметкер сол уақыт iшiнде еңбек мiндеттерiн өз қалауы бойынша
атқаруға құқылы икемдi (ауыспалы) жұмыс уақыты;
3) есептiк кезең белгiленедi.
3. Шегiнде қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiленген жұмыс уақыты
ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиiс кезең икемдi жұмыс уақыты
кезеңiндегi есептiк кезең деп танылады.
4. Икемдi жұмыс уақыты кезеңiндегi есептiк кезең бiр айдан аспауға
тиiс.
5. Икемдi жұмыс уақыты кезеңiндегi күнделiктi жұмыстың (жұмыс
ауысымының) және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделiктi
және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз
болуы мүмкiн.
6. Тiркелген жұмыс уақытының, икемдi (ауыспалы) жұмыс уақытының
ұзақтығы, икемдi жұмыс уақыты режимiндегi есептiк кезең еңбек шартында,
ұжымдық шартта белгiленедi.
86-бап. Жұмыс уақытының жиынтық есебi
1. Жұмыс уақытының жиынтық есебi үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде,
цехтарда, учаскелерде және өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердiң
осы санаты үшiн белгiленген жұмыс уақытының күнделiктi немесе апта сайынғы
ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбiр түрлерiнде қолданылады.
2. Шегiнде қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiленген күнделiктi және
(немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда
сақталуға тиiс кезең жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiндегi есептiк кезең
деп танылады.
3. Кез келген, бiрақ бiр жылдан аспайтын күнтiзбелiк кезең немесе
белгiлi бiр жұмысты орындау кезеңi жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiндегi
есептiк кезең болуы мүмкiн.
4. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн белгiлеу кезiнде жұмыстың аяқталуы
мен келесi жұмыс күнiнiң (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердiң
демалыс ұзақтығының сақталуы мiндеттi болып табылады.
5. Жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiнде жұмыс iстеу тәртiбi, жұмыс
уақытының жиынтық есебi белгiленетiн қызметкерлердiң санаттары, қызметкерлер
өкiлдерiнiң пiкiрi ескерiле отырып, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта не
жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.
6. Осы Кодекстiң 183, 190, 225-баптарында көзделген жағдайларда жұмыс
уақытының жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
87-бап. Түнгi уақыттағы жұмыс
1. 22 сағаттан бастап таңертеңгi сағат 6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт
болып есептеледi.
2. Қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа тарту осы Кодексте
белгiленген шектеулер сақтала отырып жүргiзiледi.
88-бап. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу
Достарыңызбен бөлісу: |