Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет16/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57

      2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша 
осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылуы 
мүмкiн.  
      3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкiндiгiнiң болмауына 
байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтiнiште көрсетiлген мерзiмде 
бұзу туралы жұмыс берушiге жазбаша ескертедi.  
      4. Қызметкер жұмыс берушiнiң еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы 
оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жазбаша хабарланған күннен бастап жетi 
күн мерзiм өткен соң жұмыс берушiнiң еңбек шарты талаптарын орындамауы 
жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жұмыс берушiге 
жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.  
      5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзiмi iшiнде еңбек шартын 
бұзу туралы өтiнiшiн жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.  
      6. Осы бапта көрсетiлген ескерту мерзiмi өткен соң қызметкер жұмысты 
тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi қызметкерге еңбек қызметiне байланысты 
құжаттар мен оған тиесiлi ақшалай төлемдердi беруге мiндеттi.  
      7. Осы Кодексте қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек шартын 
қызметкердiң бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртiбi көзделедi. 
      
Ескерту. 57-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      58-бап. Тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар бойынша 
 
              еңбек шартын тоқтату негiздерi
 
      
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      1. Еңбек шарты тараптардың еркiнен тыс мына мән-жайлар бойынша:  
      1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кiрген) кезде қызметкер тиiстi 
құжатты ұсынған күннен бастап;  
      2) қызметкер не жұмыс берушi-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру 
мүмкiндiгiн болғызбайтын жазамен сотталған сот үкiмi заңды күшiне енген 
кезде; 
      2-1) жергiлiктi атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатты 
қайтарып алған кезде; 
      3) қызметкер не жұмыс берушi-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-
ақ сот қызметкердi не жұмыс берушi - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған 
немесе хабарсыз кеттi деп таныған жағдайда;  
      4) сот қызметкердi әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi 
шектеулi деп таныған, соның салдарынан қызметкердiң бұрынғы жұмысын 
жалғастыруға мүмкiндiгi болмайтын жағдайда;  
      5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда 
тоқтатылуға тиiс.  
      2. Сот үкiмiнiң, шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi немесе қызметкердiң 
қайтыс болған күнi осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында 
көрсетiлген негiздер бойынша еңбек шартының тоқтатылған күнi болып табылады. 


      
Ескерту. 58-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас 
 
              тартқан кезде еңбек шартын тоқтату негiздерi
 
      
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде 
қызметкермен еңбек шарты:  
      1) қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас 
тартқан;  
      2) еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты 
жалғастырудан бас тартқан;  
      3) жұмыс берушi - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты 
жалғастырудан бас тартқан;  
      4) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өндiрiстiк жарақат алған, 
кәсiптiк ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндiрiске байланысты емес өзге 
де зақым келген кезде қызметкер уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан 
жағдайларда тоқтатылуға жатады.  
      2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан 
кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол берiледi.  
      3. Қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiз болуы (оның iшiнде жүктiлiгi 
және босануы бойынша) және демалысы кезеңiнде осы баптың 1-тармағында 
көрсетiлген мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берiлмейдi. 
      
Ескерту. 59-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      60-бап. Қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) 
 
              ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына 
 
              байланысты еңбек шартын бұзу
 
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды 
 атқаратын адамдарға ақы төленетiн өзге лауазымдарда iстеуге тыйым салу 
белгiленген болса, қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына 
немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады.  
      Қызметкердiң жұмыс берушiнi хабардар етуi және қызметкердiң жұмысқа 
(лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актiсi негiз болып табылады.  
      61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы 
 
              салдарынан еңбек шартын тоқтату негiздерi
 
      
Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын 
жалғастыру мүмкiндiгiн болғызбаса:  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау