Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет24/43
Дата01.01.2018
өлшемі5,07 Kb.
#6585
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43

      Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық 
міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны
) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.
      3. Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша 
болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының 
мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім 
бойынша белгілейді.
      Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
 Заңымен (алғашқы ресми 
№ 483-V
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
112-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
      1. Жұмыс берушіге және жұмыскерге байланысты емес себептер бойынша бос тұрып қалу 
уақытын ресімдеу тәртібі және бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу талаптары еңбек, ұжымдық 
шарттарда айқындалады және жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде, ал жұмыс 
берушінің кінәсінен болғанда – жұмыскердің орташа жалақысының кемінде елу пайызы мөлшерінде 
белгіленеді.
      2. Жұмыскердің кінәсінен жол берілген бос тұрып қалу уақытына ақы төленбеуге тиіс.
113-бап. Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері
      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда белгіленеді 
және айына бір реттен сиретпей, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. 
Жалақы төленетін күн еңбек шартында көзделеді. Жалақы төленетін күн демалыс немесе мереке 
күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.
      2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі
жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, 
оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ 
төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай 
сайын хабарлауға міндетті.
      3. Жұмыс беруші жалақыны толық көлемде және еңбек шартында белгіленген мерзімдерде 
төлемеген кезде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Жұмыс беруші төлем кідіртілген кезең үшін жұмыскерге берешек пен өсімпұл төлейді. Өсімпұл 
мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі және төлем
жүргізілуге тиісті келесі күннен бастап мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін есепке 
жазылады және төлем жасалған күнмен аяқталады.
      4. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол
тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
114-бап. Жұмыскердің орташа жалақысын есептеу
      1. Бес күндік және сол сияқты алты күндік жұмыс аптасында орташа жалақыны есептеу 
белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесінде 
көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандырушы төлемдер ескеріле отырып, тиісті 


кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақы есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін 
жүргізіледі.
      2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы 
күнтізбелік он екі ай орташа жалақыны есептеу үшін есеп айырысу кезеңі болып табылады. 
Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген жұмыскерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыс 
істелген уақыт бойынша айқындалады.
      Егер жұмыскердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны 
есептеудің өзге де кезеңдері көзделуі мүмкін.
      3. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
115-бап. Жалақыдан ұстап қалулар
      1. Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі.
      2. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан 
ұстап қалу жұмыскерді жазбаша хабардар ете отырып:
      1) іссапарға байланысты, сондай-ақ іссапарға байланысты шығыстарды растайтын 
құжаттарды бермеген жағдайда жұмсалмаған және уақтылы қайтарылмаған ақшалай сомаларды өтеу 
үшін;
      2) оқыту шарты болған кезде жұмыскерді оқытуға байланысты шығындарды жұмыс берушіге 
еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде жұмыс істелмеген мерзімге пропорционалды түрде 
өтеуді көздейтін жағдайларда;
      3) жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін;
      4) осы Кодекстің 95-бабының 3-тармағын қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысын ауыстыру немесе жұмыскерді одан кері шақыртып алу жағдайларында;
      5) жұмыскердің жазбаша келісуі болған кезде өзге де жағдайларда жұмыс беруші актісінің
негізінде жүргізілуі мүмкін.
      3. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай 
сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс.
9-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
116-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:


      1) біліктілікті арттыру – бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын 
қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны;
      2) дуальдық оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының тең жауаптылығы 
кезінде жұмыс орындарын бере және білім алушыларға өтемақы төлей отырып, білім беру ұйымында
оқытуды кәсіпорында оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастырып, кадрлар даярлау 
нысаны;
      3) дуальдық оқыту туралы шарт – білім алушы, өндірістік оқыту мен практикадан өту үшін
жұмыс орнын ұсынатын ұйым және оқу орны арасындағы, өндірістік практикадан өту жағдайлары 
мен тәртібін регламенттейтін жазбаша келісім;
      4) кәсіптік даярлау – белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген 
кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
      5) қайта даярлау – басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін кәсіптік 
оқыту нысаны;
      6) оқыту шарты – жұмыс беруші мен білім алушының арасындағы кәсіптік даярлау, қайта 
даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім.
117-бап. Кәсіптік стандарттар және біліктілік жүйесі
      1. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіби қызметтің жалпы 
сипаттамаларын жазудан тұрады.
      Салалық біліктілік шеңбері орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын 
білімінің, машығы мен құзыретінің сипатына қарай деңгейлер бойынша салада маманның 
біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды.
      Кәсіптік стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және 
құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын 
стандарт.
      2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс 
берушілер бірлестігі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітетін салалық біліктілік 
шеңберлері негізінде жүргізеді.
      2-1. Мемлекеттік заңды тұлғалар көрсететін қызметтерге кәсіптік стандарттарды 
әзірлеуді, бекітуді, ауыстыруды және қайта қарауды тиісті қызмет саласының мемлекеттік 
органдары еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.
      3. Ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүргізеді және 
әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық 
комиссия бекітеді.
      4. Салалық біліктілік шеңберін әзірлеуді және қайта қарауды тиісті қызмет салаларының 
уәкілетті мемлекеттік органдары мен жұмыс берушілер бірлестіктері жүргізеді және әлеуметтік 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау