Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет20/43
Дата01.01.2018
өлшемі5,07 Kb.
#6585
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43

      6. Іссапарда жүрген жұмыскер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек 
тәртіптемесі қағидаларына сәйкес пайдаланады.
85-бап. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс
      1. Ауысымдық кесте немесе вахталық кесте бойынша вахталық әдіспен жұмыс істейтін 
жұмыскерлерді мереке күндерінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген 
демалыс күндерінде жұмысқа тарту үшін жұмыскерлердің жазбаша келісімі және жұмыс берушінің 
актісін шығару талап етілмейді.
      Осы Кодекстің 86-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, демалыс және мереке 
күндеріндегі жұмысқа жұмыскердің және ауысымдық кесте (вахталар кестесі) бойынша жұмыс 
істейтін жұмыскерлердің жазбаша келісімімен немесе оның өтініші бойынша жұмыс берушінің 
актісі негізінде жол беріледі.
      2. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жұмыскердің қалауы бойынша оған басқа 
демалыс күні беріледі немесе осы Кодекстің 
 көрсетілген мөлшерде ақы төленеді.
109-бабында
      3. Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ осы Кодекстің 84-бабының 5-тармағында көзделген
демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының 
Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
      4. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді демалыс және 
мереке күндерінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.
86-бап. Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартудың 
айрықша жағдайлары
      Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға мынадай 
жағдайларда:
      1) төтенше жағдайлардың, дүлей зілзаланың немесе өндірістік аварияның алдын алу не 
олардың зардаптарын дереу жою үшін;
      2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың, мүліктің жойылуының немесе 
бүлінуінің алдын алу және оларды тергеп-тексеру үшін;
      3) тұтастай ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмыс істеуі
жедел орындалуына байланысты болатын шұғыл, күтпеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.
87-бап. Демалыс түрлері
      1. Жұмыскерлерге демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
      1) жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстары;
      2) әлеуметтік демалыстар.
      2. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа 
қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке 


қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, 
белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.
      3. Жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының мынадай түрлері беріледі:
      1) жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы;
      2) жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы.
      4. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардың күтіміне, өндірістен қол үзбей білім 
алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттарда жұмыскерді 
белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.
      5. Жұмыскерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері беріледі:
      1) жалақы сақталмайтын демалыс;
      2) оқу демалысы;
      3) жүктілікке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыс;
      4) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста 
болған кезең еңбек өтіліне есептеледі.
      6. Демалыс беру жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
88-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақтығы
      Егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде,
еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны көзделмесе, 
жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі
еңбек демалысы беріледі.
89-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары
      1. Мыналарға:
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін 
жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр 
жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес 
ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек 
демалыстары беріледі.


      Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді еңбек 
жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы 
төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
      Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ аттестаттауға
жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл сайынғы ақы 
төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың 
тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың 
тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі;
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн 
болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
      2. Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ұзақтығы
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
      3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, 
жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу 
сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.
90-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
      1. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы, қолданылатын жұмыс режимдері 
мен ауысымдық кестелерге қарамастан, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күндеріне тура
келетін мереке күндері есепке алынбай, күнтізбелік күндермен есептеледі.
      2. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде жыл 
сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек 
демалысына қосылады.
91-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу
      Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде:
      1) нақты жұмыс істелген уақыт;
      2) жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық
немесе ішінара сақталған уақыт;
      3) жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, 
оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт;
      4) жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне 
қосылады.
92-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының кезеңін айқындау және оларды 
беру тәртібі


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау