Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет26/43
Дата01.01.2018
өлшемі5,07 Kb.
#6585
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43

      3. Жұмыскер жұмыс берушіге келтірілген тікелей іс жүзіндегі нұқсанды өтеуге міндетті.
      4. Тікелей нақты нұқсан деп жұмыс берушінің қолда бар мүлкінің шынайы азаюы немесе 
көрсетілген мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта
болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушідегі мүлкінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс 
беруші үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не артық төлем жүргізу
қажеттілігі түсініледі.
      5. Жұмыскерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін нұқсан 
үшін жауаптылық жүктеуге жол берілмейді.
      6. Жұмыс беруші жұмыскерлерге қалыпты жұмыс және оларға сеніп тапсырылған мүліктің 
толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
      7. Жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз 
етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы шарт жасалуы 
мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ
толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
      8. Мынадай:
      1) жұмыскерге толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде 
берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;
      2) жұмыскер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да құндылықтардың
сақталуы қамтамасыз етілмеген;
      3) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық (оларға ұқсас) жағдайда нұқсан 
келтірілген;
      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу 
кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуіш 
аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана 
бүлдірілген;
      5) жұмыс беруші үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап 
бұзылған жағдайда;
      6) еңбек, ұжымдық шарттарда ескерілген өзге де жағдайларда жұмыс берушіге келтірілген 
нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге жүктеледі.
11-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде 
берілетін кепілдіктер
      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер
мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (
лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады.


      2. Жұмыскерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін жалақы көрсетілген
міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен болмай 
төленеді.
      3. Мерзімді әскери қызметті өткерген адамдар оны өткергеннен кейін екі ай ішінде 
мерзімді әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген ұйымға жұмысқа қабылдау кезінде 
басым құқыққа ие болады.
125-бап. Медициналық қарап-тексеруге жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер
      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен мерзімдік 
медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті жұмыскерлердің олардан өткен уақытта жұмыс орны 
(лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
126-бап. Донор болып табылатын жұмыскерлер үшін кепілдіктер
      Донор болып табылатын жұмыскердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін 
донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ оларға 
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де 
кепілдіктер беріледі.
127-бап. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы төлемдері
      1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін 
жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.
      2. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:
      1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін 
тәуліктік төлемдер;
      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
      3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
      3. Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық 
шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
      4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек жұмыскерлер 
үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды 
іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас 
тартуға құқылы.
      5. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде 
мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж болса, 
отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 
жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
127-1-бап. Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге
асыратын жұмыскерлер үшін кепілдіктер


      Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын 
жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
      Ескерту. 11-тарау 127-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016 
 Заңымен (алғашқы 
№ 483-V
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
127-2-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер, қызметкерлер үшін 
кепілдіктер
      Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер, қызметкерлер үшін кепілдіктер Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленеді.
      Ескерту. 11-тарау 127-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016 
 Заңымен (алғашқы 
№ 483-V
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
128-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру кезіндегі өтемақы 
төлемдері
      1. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған кезде жұмыс беруші 
жұмыскерге:
      1) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің көшуіне;
      2) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін тасымалдауға байланысты шығыстарды 
өтеуге міндетті.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері еңбек, 
ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
129-бап. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне пайдалануына байланысты 
өтемақы төлемдері
      Жұмыскер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен пайдаланған кезде
жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық құралдарды пайдаланғаны, 
тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келісімі 
бойынша өтемақы төлемін жүргізеді.
130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда 
жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері
      1. Жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты 
тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде, ұжымдық, еңбек шарттарында
және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі.
      2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету 
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге теміржол, өзен, теңіз, 
автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық құбыржолдары, 
магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік желілер және олардағы 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау