Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет59/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65

 
адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, 
жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға 
міндетті. 
 
       6. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері 
бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не 
қауіпті өндірістік объектілерде болған оқиғалар кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік 
саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында 
туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы 
бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады. 
 
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас 
мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 
белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді. 
 
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының 
көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы 
арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн 
ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім 
қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды. 
 
      8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды 
және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады. 
Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша 
жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы 
статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган 
бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.
 
       9. 
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
       10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе 
кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым 
оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары 
туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) 
хабарлайды. 
 
       11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы 
сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру 
материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа 
тапсырылуға тиіс. 
 
       12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-
тексеру актісімен қатар: 
 
       1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, 
сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы 
мәліметтер; 
 
      2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап 
алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері; 
 
       3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері; 
 
       4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін 
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді 
көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге 
жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар
 
       5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен 
ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды; 
 
       6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың, 
талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар; 
 


 
       7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса); 
 
       8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер; 
 
       9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның 
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды 
адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы; 
 
       10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс. 
 
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға 
құқылы.
 
      
Ескерту. 326-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
, 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 
№ 189-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы 
 
                тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау 
 
      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын, 
сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың 
орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде 
тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және 
ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-
шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін 
тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы 
есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды. 
 
   6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН  
 БАҚЫЛАУ  
   38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ  
      328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
 
                саласындағы мемлекеттік бақылау 
 
      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік 
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 
 
      2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
 
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
 
      2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
 
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік 
еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек 
инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
 
      4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар 
қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды 
адамдары жатады.
 
      3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару 
кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа 
алады. 
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі 
келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
 
       5. 
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттiк бақылау 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау