Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет62/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

 
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай 
мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер: 
 
       1) нұсқама: 
 
       Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою 
туралы; 
 
       жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін 
өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы; 
 
       жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен 
жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны 
тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым 
салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады; 
 
       2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама; 
 
       3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы 
қаулы; 
 
       4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады. 
 
       2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды 
адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына 
ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның 
біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады. 
 
       3. Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек 
инспекторының актілерін орындауға міндетті. 
 
      4. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган бекітеді. 
 
        
Ескерту. 333-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17. 
N 188-IV 
(қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз) Заңымен. 
 
      334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
 
                сақталуын тексеру, олардың түрлері, 
 
                нысандары мен мерзімдері 
 
       Ескерту. 334-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен. 
 
      335-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын 
 
                мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне, 
 
                әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану 
 
                тәртібі 
 
      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары мен 
заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының 
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен еңбек 
 
 жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға 
және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы. 
 
      2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек 
инспекторы төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне 
(әрекетсіздігіне) немесе актілеріне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы 
(шағымы) бойынша шешім шыққанға дейін оның актілерінің орындалуын тоқтата тұруға, 
күшін жоюға не оларды кері қайтаруға құқылы.
 
      
Ескерту. 335-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 


 
      336-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа 
 
                мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара 
 
                іс-қимыл жасасуы 
 
      1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және 
бақылау органдарымен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа 
да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады. 
 
       2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан 
Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі 
міндеттерін атқаруына жәрдемдесуге міндетті. 
 
      337-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік 
 
                бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі 
 
      Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз 
қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге де 
заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 
 
   39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ  
 ІШКІ БАҚЫЛАУ  
      338-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
 
                жөніндегі ішкі бақылау 
 
      1. Ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек 
жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың 
деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар 
қабылдауды қамтиды. 
 
      2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 
жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
ішкі бақылауды жүзеге асырады.
 
      
Ескерту. 338-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
 
                жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі 
 
      1. Қызметкерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын 
ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі 
бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына 
немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
қызметін құрады.
 
      2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені 
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
 
      3. Қызметкерлерінің саны елуге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін 
ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын 
енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі 
міндетті басқа маманға жүктейді.
 
      4. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-
тармағында көрсетілген маман:
 
      1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және 
қарауға;
 
      2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық 
бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі 
алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
 
      3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау