берушінің қосымша міндеттері көзделуі мүмкін.
Ескерту. 317-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(алғашқы ресми
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз), 2011.07.05
N 452-
IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
318-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
Ескерту. 318-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
36-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
саласындағы нормативтiк актiлердi қабылдау
1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк актiлер
қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға
бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, санитариялық-гигиеналық,
биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсiмдер мен
нормативтердi белгiлейдi.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді,
бекітуді және қайта қарауды жұмыс беруші еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен жүзеге асырады.
Ескерту. 319-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
320-бап. Өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын
жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
талаптар
1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін
өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта құруға,
технологияларды әзірлеуге және пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтарды
құрастыруға және әзірлеуге жол берілмейді.
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндірістік объектілер,
өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді.
3.
Алып тасталды - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қабылдау комиссиясы өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдап
алуды мемлекеттік еңбек инспекторының міндетті қатысуымен жүргізеді.
Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары
бойынша аттестаттау
1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мерзімдік
аттестатталуға жатады.
2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік
объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің
ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта
факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар жұмыс
берушілер бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезеңділікпен міндетті
аттестаттаудан өткізу тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу
тәртібін бұзушылық анықталған кезде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды
мемлекеттік қадағалау мен бақылау органының талап етуі бойынша өндірістік
объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау
нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша осының алдындағы
аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
5. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылығы мен сапасын
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Ескерту. Кодекс 320-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
321-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша
олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарына сай болуға тиіс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына
сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорт (сертификат), сақтандыру белгілері
болуға және қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос
болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың
сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар
қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың
кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен
технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға
тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте,
жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында
жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.
6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды
жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына
сай болуға тиіс.
7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да
факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен
кейін жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |