Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет49/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51

      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек 
инспекциясы органының аумақтық бӛлімшесі құрған комиссия мына құрамда 
жүргізеді: 
      тӛраға - мемлекеттік еңбек инспекторы; 
      мүшелері - жұмыс беруші және қызметкерлердің ӛкілі. 
      2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы 
басқаратын комиссия жүргізеді. 
      3. Қауіпті ӛнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде 
комиссия құрамына тӛтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жӛніндегі 
мемлекеттік инспектор кіреді. 
      Техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым 
оқиғалар кезінде тӛтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жӛніндегі 
мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жӛніндегі комиссияның тӛрағасы 
болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия 
мүшесі болып табылады. 
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік 
орган, ал бес және одан да кӛп адам қайтыс болғанда - Қазақстан 
Республикасының Үкіметі құрған комиссия жүргізеді. 
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы 
тергеп-тексеру жӛніндегі комиссияның тӛрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар 
және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар 
құруға құқылы. 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі ӛлімімен аяқталған 
жазатайым оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық 
қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік 
орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. 
      7. Арнайы тергеп-тексеру жӛніндегі комиссия тӛрағасының келісімінсіз 
куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған 
комиссияның жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе ӛзге де комиссияның 
осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-
кесілді тыйым салынады. 
      8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да 
жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), 
жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-
тексеру жӛніндегі комиссия авариялық-құтқару бӛлімшесі басшысының және 
сарапшы мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды. 
      
326-бап. Ӛндірістегі жазатайым оқиғаларды
 
                
тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және
 
                
оларды есепке алу
 
      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бӛлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым 
қызметкерлерінің ӛкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның 
мӛрімен расталады. 
      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың 
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның 
ӛкілі де қол қояды. 
      Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт 
толтырылып, оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады. 
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс. 
      Егер ӛндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия 
зиянның туындауына немесе ұлғаюына ӛрескел абайсыздық себеп болғанын 
анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, 
қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін процентпен айқындайды. 
      Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жӛніндегі комиссияның бір мүшесі 
комиссияның (кӛпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол ӛзінің дәлелді 
пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы 
тергеп-тексеру актісіне»"ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол 
қояды. 
      4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс 


беруші үш күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына 
жазатайым оқиға туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс 
берушімен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - 
мемлекеттік еңбек инспекциясына жіберіледі. 
      Улану жағдайында актінің кӛшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі. 
      5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы 
акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім 
білдірген адамы, ұйым қызметкерлерінің ӛкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде 
жүгінуге құқылы, жұмыс беруші олардың ӛтінішін он күн ішінде қарап, тиісті 
шешім қабылдауға міндетті. 
      6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, 
ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және 
мемлекеттік еңбек инспекторының не қауіпті ӛнеркәсіп объектілерінде болған 
оқиғалар кезінде тӛтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жӛніндегі 
мемлекеттік инспектордың арасында туындаған келіспеушіліктерді тиісті жоғары 
тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы бағыныштылық тәртіппен қарайды және 
(немесе) сот тәртібімен қаралады. 
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған 
бас мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жӛніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді. 
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының 
кӛшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның 
үстіне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек 
инспекторы арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары кӛшірмелерінің бір 
данасын жеті күн ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға 
сәйкес тиісті шешім қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен 
кешіктірмей хабарлайды. 
      8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға ӛндірістегі жазатайым 
оқиғаларды және денсаулыққа келтірілген ӛзге де зақымдануларды тіркеу 
журналына жазылады және ӛндірістегі уақытша еңбекке қабілетсіздігі мен 
жарақаттану туралы статистикалық есепке енгізіледі, оған жұмыс беруші қол 
қойып, белгіленген тәртіппен статистика органдарына ұсынады. Журнал еңбек 
жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жүргізіледі. 
      9. Жұмыс беруші жазатайым оқиғалар туралы актілерге сәйкес статистика 
жӛніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанға сай мемлекеттік еңбек 
инспекциясының аумақтық органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы 
мәліметтерді тиісті кезеңдегі ӛсу қорытындысын кӛрсетіп, ай сайын беріп 
отыруға міндетті. 
      10. Жұмыс беруші немесе оның ӛкілі уақыт ӛте келе ауыр зардаптарға 
немесе кісі ӛліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан 
ӛндірістегі жазатайым оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, 
ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына 
(сақтанушы тіркелген жердегі) хабарлайды. 
      11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл 
бойы сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеру материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі 
мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуға тиіс. 
      12. Ӛндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында 
тергеп-тексеру актісімен қатар: 
      1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жӛнінде оқығаны және нұсқама 
алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден ӛткені 
туралы мәліметтер; 
      2) еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша 
жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі 
және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың 
түсініктемелері; 
      3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері; 
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін 
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді 
кӛшірмелер, ӛндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз 
етуге жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар; 
      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен 
ауырлығы (ӛлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау