Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет47/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61

 
       4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта 
құрылу) кезеңінде ұжымдық шарт өз күшін сақтайды. 
 
       5. Ұйым мүлкінің меншік иесі ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшін 
сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты 
сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келіссөздерді бастауға құқылы. 
 
      6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың 
қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап 
тоқтатылады.
 
      
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      286-бап. Тараптардың ұжымдық шартты орындамағаны үшін 
 
                жауапкершілігі 
 
      Ұжымдық шартта көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптар ұжымдық 
шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 
 
      287-бап. Келіссөздер кезіндегі кепілдіктер мен 
 
                өтемақылар 
 
      Қызметкерлердің өкілді органдарының ұжымдық келіссөздерге қатысатын 
мүшелерімен келіссөздер жүргізу кезеңінде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) 
тиісті өкілді органның келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты 
бұзылмайды.
 
      
Ескерту. 287-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   32-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ  
      288-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы 
 
      1. Ұжымдық еңбек дауы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, осы 
Кодекстің 289-бабының 1-тармағына сәйкес ресімделген келісімдердің, еңбек және 
(немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе 
өзгерту мәселелері бойынша қызметкерлердің талаптары туралы жұмыс беруші жазбаша 
хабардар етілген күннен бастап немесе жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі өз 
шешімдерін хабарламаған жағдайда осы Кодекстің 290-бабында көрсетілген мерзім өткен 
күннен бастап туындаған деп есептеледі.
 
      2. Ұжымдық еңбек даулары бітімгерлік рәсімдер тәртібімен және (немесе) сот 
тәртібімен шешіледі.
 
      
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      289-бап. Қызметкерлердің талаптарын ресімдеу мен 
 
                мәлімдеу тәртібі 
 
      1. Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және 
өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы 
ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мәселелері жөніндегі 
талаптары қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) қалыптастырылады 
және бекітіледі.
 
      Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерінің жалпы санының 
жартысынан астамы қатысса заңды деп танылады.
 
      Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес қызметкерлер сайлаған 
делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.
 
      Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешімі дауыс берушілердің 
көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Қызметкерлер жиналысын 
(конференциясын) өткізуге мүмкіндік болмаған кезде, қызметкерлердің өкілді органы 
өздері ұсынған талаптарын қолдайтын қызметкерлердің жартысынан астамының қолын 
жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.
 


 
       2. Қызметкерлердің талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушілерге, 
жұмыс берушілердің бірлестіктеріне күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі. 
 
       3. Аталған талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған 
жағдайда, бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе өңірлік бірлестіктері 
не қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы 
мүмкін. 
 
      4. Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызметкерлердің талаптар қою 
жөнінде жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіруге әсер ететін қандай да 
болмасын араласудан қалыс қалуға міндетті.
 
      
Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      290-бап. Қызметкерлердің талаптарын қарау 
 
      Жұмыс беруші қызметкерлердің қойған талаптарын оларды алған күннен бастап үш 
жұмыс күнінен кешіктірмей, жұмыс берушілердің бірлестігі бес жұмыс күнінен 
кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін шаралар қолдануға, ал көрсетілген 
мерзімде шешуге мүмкіндік болмаған кезде туындаған келіспеушіліктерді одан әрі 
қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып, өздерінің шешімдері мен ұсыныстарын 
қызметкерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
 
      
Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      291-бап. Бітімгерлік рәсімдер 
 
      1. Қызметкерлердің талаптарын осы Кодекстің 290-бабында көзделген тәртіппен 
шешу мүмкін болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен қаралады. 
 
       Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың өкілдері) қабылдамаған 
немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен бітімгерлік 
комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек арбитражында қаралады. 
 
       2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға 
жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы 
бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар 
жүргізілуі мүмкін. 
 
      292-бап. Бітімгерлік комиссиясы 
 
      1. Бітімгерлік комиссиясын тараптар жұмыс беруші, жұмыс берушілердің 
бірлестігі (олардың өкілдері) өз шешімін қызметкерлерге (олардың өкілдеріне) 
хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келіссөздер барысында 
келіспеушіліктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде құрады. 
 
       2. Бітімгерлік комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінен тепе-тең 
негізде құрылады. Бітімгерлік комиссиясын құру туралы шешім жұмыс берушінің 
актісімен және қызметкерлер өкілдерінің шешімімен ресімделеді. 
 
       3. Бітімгерлік комиссиясы құрылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен 
кешіктірмей қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) талаптарын қарайды. Бітімгерлік 
комиссиясының талаптарды қарау, көрсетілген мерзімді ұзарту тәртібі тараптардың 
келісімімен жүзеге асырылады және хаттамамен ресімделеді. 
 
       4. Бітімгерлік комиссиясы бітімгерлік рәсім барысында, қызметкерлермен 
(олардың өкілдерімен), жұмыс берушімен, жұмыс берушілер бірлестігімен (олардың 
өкілдерімен), мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тұлғалармен 
консультациялар жүргізеді. 
 
       5. Комиссияның шешімі тараптар келісімінің негізінде қабылданады, 
тараптардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және оның тараптар үшін 
міндетті күші болады. 
 
      6. Бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жеткізілмегенде, оның жұмысы 
тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек арбитражы құрылады.
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау