Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет53/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

 
      Ескерту. 319-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      320-бап. Өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын 
 
                жобалау, салу және пайдалану кезіндегі еңбек 
 
                қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
 
                талаптар 
 
      1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келмейтін 
өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта құруға, 
технологияларды әзірлеуге және пайдалануға, машиналарды, тетіктерді, жабдықтарды 
құрастыруға және әзірлеуге жол берілмейді. 
 
       2. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндірістік объектілер, 
өндіріс құралдары немесе өнімнің басқа да түрлері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берілмейді. 
 
       3. 
Алып тасталды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      4. Қабылдау комиссиясы өндірістік мақсаттағы объектіні пайдалануға қабылдап 
алуды мемлекеттік еңбек инспекторының міндетті қатысуымен жүргізеді.
 
      Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      320-1-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары
 
                  бойынша аттестаттау
 
      1. Өндірістік объектілер еңбек жағдайлары бойынша міндетті түрде мерзімдік 
аттестатталуға жатады.
 
      2. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік 
объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің 
ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта 
факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар жұмыс 
берушілер бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
 
      3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімдік міндетті 
аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 
      4. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу 
тәртібін бұзушылық анықталған кезде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды 
мемлекеттік қадағалау мен бақылау органының талап етуі бойынша өндірістік 
объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау өткізіледі.
 
      Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау 
нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша осының алдындағы 
аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
 
      5. Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізудің уақтылығы мен сапасын 
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
 
      
Ескерту. Кодекс 320-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      321-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары 
 
      1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша 
олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
талаптарына сай болуға тиіс. 
 
       2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына 
сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорт (сертификат), сақтандыру белгілері 


 
болуға және қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 
қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс. 
 
       3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос 
болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс. 
 
       4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың 
сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар 
қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың 
кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен 
 
 технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға 
тиіс. 
 
       5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте, 
жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында 
жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс. 
 
       6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды 
жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына 
сай болуға тиіс. 
 
      7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да 
факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен 
кейін жіберіледі.
 
      
Ескерту. 321-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
   37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ  
 ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН  
 ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ  
      322-бап. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және 
 
                өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу 
 
      1. Қызметкерлердің, сондай-ақ: 
 
       1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу 
орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың; 
 
      2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты 
емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік 
органдар қызметкерлерінің;
 
       3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың; 
 
       4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет 
жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам 
өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне 
байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының 
зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады. 
 
       2. Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін 
атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі 
үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да 
әрекеттер жасау, егер олар: 
 
       1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, 
өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және 
ретке келтіру кезінде; 
 
       2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс 
берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де 
міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда; 
 
       3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде; 
 
       4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау