Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет54/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61

 
жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда
 
       5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің 
көлігінде; 
 
       6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша 
келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде; 
 
      7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында 
болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі 
үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса;
 
      8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс 
уақытының алдында немесе одан кейін жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын 
жерінен) жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса
өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.
 
       3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың: 
 
      1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-
әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен 
байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық 
демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдік мас 
болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты 
себеппен орындаған кезде;
 
       2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап 
шеккен адам қылмыс жасаған кезде; 
 
       3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, 
қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес 
кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және 
қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді. 
 
      4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен немесе оны көрген адам жұмыс 
берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық 
сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат 
алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты әрбір бастапқы келген 
жағдай туралы жұмыс берушілерді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті 
органды, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың 
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі 
жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
 
       5. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға, 
ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады. 
 
      Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 
N 320
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға 
 
                кезіндегі міндеттері 
 
      1. Жұмыс беруші: 
 
       1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет 
болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға
 
       2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп 
болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды 
қабылдауға; 
 
       3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек 
құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына 


 
қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп 
соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға 
болған жерді фотосуретке түсіруге; 
 
       4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын 
дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде 
белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге; 
 
       5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы 
тарауға сәйкес қамтамасыз етуге; 
 
       6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым 
оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге; 
 
       7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке 
алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті. 
 
      2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша: 
 
      1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;
 
      2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше 
жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға; 
 
       3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық 
бөлімшесіне; 
 
      4) қызметкерлер өкілдеріне;
 
      5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым 
оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
 
       Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде 
жұмыс беруші: 
 
       1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына; 
 
       2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті 
органдарына хабарлауға тиіс. 
 
       3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы 
бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен: 
 
       1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, 
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда 
сарапшы мамандардың тартылуын; 
 
       2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, 
жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды
 
       3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ 
киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді; 
 
       4) мыналарды: 
 
       жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік 
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, 
ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және 
т.с.с); 
 
       нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, 
жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, 
зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан 
үзінді көшірмелерді; 
 
       зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін; 
 
       зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен 
ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе 
уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны; 
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау