Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет49/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61

 
жауаптылықта болады.
 
      
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      299-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау 
 
      1. Осы Кодекстің 298-бабының 3-тармағында көрсетілген уәкілетті орган 
ереуілдің басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс берушілердің 
бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен 
кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс. 
 
       2. Ереуіл жариялау туралы шешімде: 
 
       1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі; 
 
       2) ереуіл өткізілетін күн, орын мен уақыт қатысушылардың болжамды саны; 
 
       3) ереуілді басқаратын органның атауы, бітімгерлік рәсімдерге қатысуға 
уәкілеттік берілген қызметкерлер өкілдерінің құрамы; 
 
      4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (қызмет 
көрсетулердің) ең төменгі көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.
 
      
Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      300-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері 
 
      1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодекспен берілген құқықтар шегінде 
және қызметкерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді. 
 
       2. Ереуілді басқаратын органның: 
 
       1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс 
берушілердің бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де 
заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерін 
білдіруге; 
 
       2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен) 
қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға; 
 
       3) қызметкерлердің талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында 
жариялап отыруға; 
 
       4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшін мамандарды тартуға; 
 
       5) қызметкерлердің (олардың өкілдерінің) келісімімен ереуілді тоқтата тұруға 
құқығы бар. 
 
       3. Бұрын тоқтата тұрған ереуілді қайта бастау үшін бітімгерлік 
комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап 
етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек 
дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен 
кешіктірілмей ескертілуге тиіс. 
 
       4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол 
қойған, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуілді басқаратын 
органның өкілеттіктері тоқтатылады. 
 
      5. Ереуілді басқаратын органның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде жұмыс 
берушінің, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің құзыретіне жататын 
шешімдерді қабылдауға құқығы жоқ. 
 
      301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл 
 
                барысындағы міндеттері 
 
      Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келіссөздер 
жүргізу жолымен шешуді жалғастыруға міндетті. 
 
      Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл 
кезеңінде қоғамдық тәртіпті, ұйымның мүлкін және қызметкерлердің қауіпсіздігін 
сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер 
төндіретін машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне 


 
байланысты шараларды қабылдауға міндетті.
 
      
Ескерту. 301-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      302-бап. Қызметкерлерге ереуіл өткізуге байланысты 
 
                берілетін кепілдіктер 
 
      1. Ереуілді ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстің 303-бабының 1-
тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы деп 
қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртіптік ықпал ету шараларының қолданылуына 
әкеп соқпайды. 
 
       2. Ереуіл кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтік сақтандыру 
бойынша жәрдемақы төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады, сондай-ақ еңбек 
қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепілдік беріледі. 
 
       Ереуілді жалақының төленбеуіне немесе уақтылы төленбеуіне байланысты 
өткізуден басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы қызметкерлердің ереуіл кезіндегі 
жалақысы сақталмайды. 
 
      303-бап. Заңсыз ереуілдер 
 
      1. Ереуілдер: 
 
      1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы  заңнамаға 
сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 
органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-
құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше 
жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери 
құралымдар мен ұйымдарда; арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында; 
қауіпті өндірістік объектілер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл 
медициналық көмек көрсету станцияларында;
 
       2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір 
жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, 
жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті 
зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде; 
 
       3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер және талаптар ескерілмей 
жарияланған жағдайда; 
 
       4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда; 
 
       5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз 
болып танылады. 
 
       Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім 
шығарғанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы. 
 
       2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, 
халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, 
электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл жергілікті 
атқарушы органмен алдын ала келісу 
 
 негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті қызмет көрсетулердің тізбесі мен 
көлемі сақталған жағдайда өткізіледі. 
 
       Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, 
тетіктердің іркіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін. 
 
      3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды. 
 
      4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе 
прокурордың өтініші бойынша қабылдайды.
 
      Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол 
ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті, ал ереуілді 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау