Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет56/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61

 
Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. 
 
       4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық 
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, 
ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі 
құрған комиссия жүргізеді. 
 
       5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы 
тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және 
бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы. 
 
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым 
оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану 
жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. 
 
       7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз 
куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның 
жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым 
оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады. 
 
      8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа 
да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), 
жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру 
жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы 
мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
 
      
Ескерту. 325-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      326-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
 
                материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу 
 
      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және 
еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым 
қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен 
расталады. 
 
      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды. 
 
       Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, 
оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады. 
 
       3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс. 
 
       Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның 
туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда 
комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің 
кінәсін процентпен айқындайды. 
 
       Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі 
комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді 
пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы 
тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды. 
 
      4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш 
күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға 
туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық 
қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына 
қағаз және электронды жеткізгіште жіберіледі. 
 
       Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі. 
 


 
      5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы 
акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген 
адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы, 
жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға 
міндетті. 
 
       6. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері 
бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не 
қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын 
алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған 
келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы 
бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады. 
 
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас 
мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган 
белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді. 
 
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының 
көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне, 
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы 
арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн 
ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім 
қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды. 
 
      8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды 
және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады. 
Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша 
жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы 
статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган 
бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.
 
       9. 
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
       10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе 
кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым 
оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары 
туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі) 
хабарлайды. 
 
       11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы 
сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру 
материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа 
тапсырылуға тиіс. 
 
       12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-
тексеру актісімен қатар: 
 
       1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны, 
сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы 
мәліметтер; 
 
      2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап 
алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 
қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері; 
 
       3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері; 
 
       4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін 
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді 
көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге 
жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар; 
 
       5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен 
ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды; 
 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау