Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет16/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65

 
        8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға 
әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не 
көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 
 
        9) қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ 
ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен 
немесе қаулысымен анықталған; 
 
        10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің 
кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе 
әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; 
 
        11) тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен 
сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; 
 
      12) қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім 
болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын 
мәліметтерді жария еткен; 
 
        13) егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз 
қайталап орындамаған немесе қайталап тиісінше орындамаған; 
 
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің 
мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 
 
        15) еңбек шартын жасасу не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде түпнұсқа құжаттар 
немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан немесе басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға 
негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе 
мәліметтер ұсынған; 
 
        16) жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс 
беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық 
залал келтіруге әкеп соққан; 
 
      17) қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер 
ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке 
жарамсыздықтың анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген 
жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан 
екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
       Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты 
еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке 
қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін 
сақталады; 
 
      18) қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
 
      19) соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы не ереуілді тоқтата тұру туралы 
шешімін қызметкердің назарына жеткізгеннен кейін ол ереуілге қатысуды жалғастырған 
жағдайларда бұзылуы мүмкін.
 
      2. Осы Кодексте қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негіздері көзделген.
 
      
Ескерту. 54-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      55-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын 
 
              бұзу мүмкіндіктерін шектеу 
 
      Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 17) тармақшаларында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және 
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді.
 


 
      
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      56-бап. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын 
 
              бұзу тәртібі 
 
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі 
белгіленбесе, жұмыс беруші осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге 
бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек 
шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
 
      2. Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстің 54-
бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын 
бұзу, сондай-ақ осы Кодекстің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек 
шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіптік одағы 
органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі.
 
      2-1. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдерінің тең санынан құрылған 
комиссияның оң шешімі болмаса, осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша 55 жастан бастап және зейнеткерлік жасқа 
толғанға дейінгі жастағы қызметкерлермен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
 
      Комиссияны құру тәртібі ұжымдық шартта, ал ол болмаған жағдайда, жұмыс 
берушінің қызметкерлер өкілдерінің келісуі бойынша шығарылған актісінде 
айқындалады.
 
      3. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын 
бұзу үшін қызметкердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық 
жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуі 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық 
қорытындымен расталған болуға тиіс.
 
       4. Еңбек шартын осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) 
тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бұзу осы Кодекстің 73-бабында көзделген 
тәртіптік жазалар қолдану тәртібі және 74-бабының талаптары сақтала отырып 
жүргізіледі. 
 
      5. Еңбек шарты осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында 
көзделген негіздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келіскен жағдайда жұмыс беруші 
оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиіс.
 
       6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметкер 
біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын 
жұмысына сәйкес келмегендіктен, жұмыс берушінің бастамасы бойынша осы Кодекстің 54-
бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу аттестациялық 
комиссияның шешіміне негізделуге тиіс, оның құрамына қызметкерлер өкілі қатысуға 
тиіс. 
 
      Қызметкерлерді аттестаттау тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық шартта, 
ал ол жоқ болған жағдайда қызметкерлердің өкілдерімен келісім бойынша шығарылған 
жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
 
      7. Қызметкердің жұмыста осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында 
көрсетілген жай-күйде болуы медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
 
      Қызметкерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші 
уәкілеттік берген лауазымды тұлға қабылдайды.
 
      Қызметкер медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт 
жасалады.
 
      8. Осы Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес еңбек шартын 
бұзуға, қызметкер еңбекке жарамсыздығы парағын ұсынғаннан кейін жол беріледі.
 
      
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау