Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге



жүктеу 225,5 Kb.
бет1/3
Дата27.01.2020
өлшемі225,5 Kb.
#27429
  1   2   3

Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 2012 жыл 28 ақпан N 72-73 (27145)

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1)Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидалары;
      2) Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттары бекiтiлсiн.
      2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-министрi                                  К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң       
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен    
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.


      Қағидалар Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
      2) жұмыс берушi – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
      3) маусымдық шетелдiк қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгiлi бiр кезең (маусым) iшiнде, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшiн жұмыс берушi жұмысқа тартатын көшiп келушi;
      4) уәкiлеттi орган – өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
      5) шетелдiк жұмыс күшi – жұмысқа өз бетiнше орналасатын, сондай-ақ корпоративтiк ауысу шеңберiнде уақытша ауыстырылатын, маусымдық шетелдiк қызметкерлердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi тартатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      6) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейтiн шетелдiк жұмыс күшiнiң саны;
      7) шетелдiк қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн келген немесе жұмыс берушi тартатын көшiп келушi;
      8) шығу елi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк азаматы болып табылатын ел.

2. Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу тәртiбi

      3. Алдағы жылға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсендi халық санына пайыздық қатынаспен белгiленедi және (немесе) еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және (немесе) шығу елдерi бойынша абсолюттiк мәнде белгiленедi.


      4. Әрбiр басым жоба бойынша квотаны қажеттiлiктiң туындауына қарай Қазақстан Республикасының Үкiметi абсолюттiк мәнде белгiлейдi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.06.21 № 817 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      5. Әрбiр басым жоба бойынша квота жеке белгiленедi және мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдарды қоса алғанда, басым жобаларды iске асыруды жүзеге асыратын ұйымдарға қажеттi шетелдiк қызметкерлердiң ең көп саны, сондай-ақ жобаны iске асыру мерзiмi мен орны айқындалады.
      6. Шетелдiк жұмыс күшiнiң шығу елдерi бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған Еңбек көшi-қоны және еңбекшi көшiп-қонушыларды әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда маусымдық жұмыстарға шетелдiк қызметкерлердi тарту үшiн еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес белгiленедi.
      7. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жұмыс берушiлердiң жыл сайын бiрiншi қыркүйекке дейiнгi мерзiмде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес санаттар, кәсiптер, мамандықтар, iске асырылатын жобалар бөлiнiсiнде шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыруы жоспарланған тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң уәкiлеттi органына жiберiлген алдағы жылға арналған өтiнiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      8. Уәкiлеттi орган iшкi еңбек нарығын талдау және жұмыс берушiлердiң өтiнiмдерi негiзiнде жұмыс берушiлердiң алдағы жылы шетелдiк жұмыс күшiн тарту негiздемесiн осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға жыл сайын бiрiншi қазанға дейiнгi мерзiмде ұсынады.
      9. Мүдделi мемлекеттiк органдар тиiстi негiздемесiмен қоса, шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған ұсыныстарын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға жыл сайын бiрiншi қазанға дейiнгi мерзiмде енгiзе алады.
      10. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган уәкiлеттi органдар мен мүдделi мемлекеттiк органдардан келiп түскен ұсыныстар негiзiнде алдағы жылға арналған квотаны белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне жыл сайын бiрiншi желтоқсанға дейiн енгiзедi.
      11. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаның жыл сайынғы мөлшерiн белгiлеу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi және мемлекеттiк органдардың ұсыныстарын ескере отырып, квотаны санаттары бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөледi және оны бөлгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей квотаны бөлу туралы ақпаратты өзiнiң ресми интернет-ресурсына орналастырады.
      12. Жұмыс берушiлердiң ұсыныстары негiзiнде уәкiлеттi орган не мүдделi мемлекеттiк органдар қажеттiлiгiне қарай еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсыныс енгiзе алады.
      13. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк не уәкiлеттi органдардың ұсыныстары негiзiнде бекiтiлген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген квота шегiнде қайта бөлудi жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасына


шетелдiк жұмыс күшiн   
тартуға арналған квотаны 
белгiлеу қағидаларына  
1-қосымша         
____________________________
____________________________
(облыстың, Астана, Алматы 
қалаларының атауы)    

жұмыспен қамтуды үйлестiру және


әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына

Кiмнен ______________________________________________________________


          (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)

20____ жылға арналған
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға өтiнiм

Р/с


Қызмет түрi

Ағымдағы жылы тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң саны (бiрл.)

20 __ арналған шетелдiк жұмыс күшiне деген қажеттiлiк

Жобалар, келiсiмшарттар, жоспарлар болған кезде оларды көрсете отырып, қажеттiлiк негiздемесi

Барлығы:

Санаттар, лауазымдар, кәсiптер бойынша

1

2

3

4

5

6

Жұмыс берушi
(ұйым басшысы не жеке тұлға): ___________________________________
                               (қолы, тегi, аты-жөнi, лауазымы)

М.О.


Қазақстан Республикасына
шетелдiк жұмыс күшiн   
тартуға арналған квотаны 
белгiлеу қағидаларына
2-қосымша       

Жұмыс берушiнiң _______ жылға
шетелдiк жұмыс күшiн тартуының негiздемесi

Р/с №

Ұйым (толық атауы, заңды мекен-жайы )

Қызмет түрi

Ағымдағы жылы тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң саны (бiрлiк)

20 __ жылы шетелдiк жұмыс күшiнiң қажеттiлiгi

Жобалар, келiсiмшарттар, жоспарлар болған кезде оларды көрсете отырып, қажеттiлiк негiздемесi

Барлығы:

Санаттар, қызметтер, кәсiптер бөлiнiсiнде

1

2

3

4

5

6

7

Уәкiлеттi органның
басшысы:          _______________________________________
                     (қолы, тегi, аты-жөнi, лауазымы)

М.О.


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 13 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен    
бекiтiлген     

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттары (бұдан әрi – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.


      Қағидалар шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң тәртiбi мен шарттарын айқындайды.
      2. Шетелдiк жұмыс күшiн тарту Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн квотаның негiзiнде жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      1) бизнес-көшiп келушi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру мақсатымен келген көшiп келушi;
      2) бос жұмыс орны – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
      3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
      4) жұмыс берушi – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) кадрлардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту жөнiндегi бағдарлама – жұмыс берушiнiң кадрлардағы қазақстандық қамтуды жоспарлы ұлғайту мақсатында жүргiзiлетiн, өнiмдi бөлу туралы келiсiмге сәйкес құзыреттi органмен немесе Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасасқан келiсiмшарты бар жұмыс берушi жоспарлаған және орындайтын өз қызметкерлерiн – Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды немесе бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын, құзыреттi органмен және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген шаралар кешенi;
      6) кепiлдiк жарна – шетелдiк қызметкер мен маусымдық шетелдiк қызметкердiң шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың жарамдылығы аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуiне кепiлдiктi қамтамасыз ететiн ақшалай жарна;
      7) корпоративтiк ауыстыру – корпоративтiк ауыстыру туралы хатқа және (немесе) келiсiмге сәйкес шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету үшiн шетелдiк заңды тұлғадан оның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалына, еншiлес ұйымына, өкiлдiгiне немесе осы шетелдiк заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасына уақытша ауыстырылуы;
      8) көшiп келушi – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшiн келген шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам;
      9)құзыреттi орган – егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган;
      10) қызметкерлердiң тiзiмдiк саны – жұмыстарды азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдардан, сондай-ақ бiр жұмыс берушiмен қоса атқарылатын жұмыс туралы еңбек шартын жасасқан қызметкерлерден басқа, жасалу мерзiмiне байланыссыз еңбек шарттары негiзiнде қабылданған адамдар саны;
      11) маусымдық шетелдiк қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгiлi бiр кезең (маусым) iшiнде, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшiн жұмыс берушi жұмысқа тартатын көшiп келушi;
      12) өз бетiнше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тiзбесi – осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдiк қызметкерлердiң өз бетiнше жұмысқа орналасуына арналған кәсiптердiң (мамандықтардың) тiзбесi;
      13) уәкiлеттi орган – өңiрлiк деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
      14) шетелдiк жұмыс күшi – маусымдық шетелдiк қызметкерлердi, жұмысқа өз бетiнше орналасатын қызметкерлердi, сондай-ақ корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде уақытша ауыстырылатын қызметкерлердi қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi тартатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      15) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат – еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тарту үшiн жұмыс берушiге жергiлiктi атқарушы орган беретiн осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы құжат;
      16) шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға берiлетiн рұқсат – шетелдiк қызметкерлердiң Қазақстан Республикасында өз бетiнше жұмысқа орналасуына арналған адамдардың тiзбесiне кiретiн шетелдiк қызметкерге жергiлiктi атқарушы орган беретiн, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы құжат;
      17) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган – өз құзыретi шегiнде көшi-қон процестерiн реттеудi және халықтың көшi-қоны саласындағы жұмысты үйлестiрудi жүзеге асырушы мемлекеттiк орган;
      18) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң саны;
      19)шетелдiк заңды тұлғаның аффилиирленген тұлғасы – акциясының бiр бөлiгi немесе үлесi тiкелей немесе жанама осы шетелдiк заңды тұлғаға тиесiлi Қазақстан Республикасының аумағында құрылған заңды тұлға;
      20) шетелдiк қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн келген немесе жұмыс берушi тартатын көшiп келушi;
      21) шығу елi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк азаматы болып табылатын ел.
      4. Осы Қағидалар мынадай шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға:
      1) "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес Заңның 3-бабында көзделмеген мақсатпен Қазақстан Республикасының аумағында тоқсан күннен артық болмаған адамдарды қоспағанда, көшiп келушiлер болып табылмайтын;
      2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
      3) оралман;
      4) бизнес-көшiп келушi;
      5) босқын немесе пана iздеп жүрген адамның мәртебесiн алған;
      6) "Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шiлдедегi Заңына сәйкес гуманитарлық уәждемелер бойынша келген көшiп келушiлер болып табылатын;
      7) Қазақстан Республикасы соттарының үкiмi бойынша бас бостандығынан айыруға, шартты, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазалауға сотталған;
      8) адам саудасымен байланысты нақты қылмыстық iстi жүргiзу кезеңiнде сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн адам саудасының құрбандары болып табылатын;
      9) Қазақстан Республикасына отбасын бiрiктiру мақсатымен келетiн кәмелеттiк жасқа толған, Қазақстан Республикасы азаматының жұбайы (зайыбы) болып табылатын және кемiнде үш жыл Қазақстан Республикасы заңнамасында танылған некеде тұратын;
      10) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс iстейтiн;
      11) жиынтық мерзiмi күнтiзбелiк бiр жыл бойы күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күннен аспайтын iскерлiк мақсаттағы қызметтiк iссапарда жүрген адамдарға қолданылмайды.
      5. Осы Қағидалар мынадай шетелдiк қызметкерлерге:
      1) Еңбекшi көшiп-қонушылар мен олардың отбасыларының құқықтық мәртебесi туралы 2010 жылғы 19 қарашадағы келiсiмге мүше мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын;
      2) шетелдiк заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкiлдiктерiнiң бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен ақшаға шаққанда 50 миллион АҚШ долларынан астам сома инвестицияға келiсiмшарт жасаған ұйымдардың бiрiншi басшылары және қызметтiң басым түрлерiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын және инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiмшарт жасаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн;
      4) теңiз және өзен кемесiнiң, әуе, темiр-жол және автомобиль көлiгi экипажының мүшелерi болып табылатын;
      5) әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретшi, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiн;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiмдi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшы және маман лауазымдарында жұмыс iстейтiн;
      7) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберiнде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенiн құру және жердегi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн пайдалану жөнiндегi мамандар болып табылатын;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар жоғары бiлiмдi, ұлттық басқару холдингiнде, "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлiк қоғамында және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлiк қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары лауазымынан төмен емес лауазымдарда жұмыс iстейтiн;
      9) ұлттық басқару холдингiнiң, "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлiк қоғамының және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлiк қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдардың директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi ретiнде жұмысқа тартылатын;
      10) "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлiк қоғамында және жарғылық капиталдарына "Ұлттық медициналық холдинг" акционерлiк қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда медициналық және консультативтiк қызмет атқаратын;
      11) жоғары бiлiмдi, дербес бiлiм беру ұйымдарында, олардың ұйымдарында, сондай-ақ "Назарбаев Қорында" басшылар және мамандар лауазымдарында жұмыс iстейтiн;
      12) бiлiм беру бағдарламаларын енгiзу және iске асыру және (немесе) бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы келiсiмдер бойынша дербес бiлiм беру ұйымдарына iссапарға жiберiлген;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған құжаттары бар жоғары бiлiмдi, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттiк бағдарламаларында дамыту көзделген жоғары оқу орындарында басшылар және оқытушылар лауазымдарында жұмыс iстейтiн;
      14) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық қызметiн жүзеге асыратын, бiрақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ерекше мәртебе берiлген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы;
      16) өз қызметiн Орта Азияның өңiрлiк экологиялық орталығының жұмыс шарттары туралы келiсiмнiң негiзiнде жүзеге асыратын Орта Азияның өңiрлiк экологиялық орталығында жұмыс iстейтiн адамдарға қолданылмайды.
      Осы тармаққа сәйкес шетелдiк қызметкерлердi тарту кезiнде жұмыс берушi немесе ол уәкiлеттiк берген адам уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпарат ұсынады.

2. Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң тәртiбi мен шарттары

Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң және ұзартудың шарттары мен тәртiбi

      6. Рұқсат берудiң және ұзартудың шарттары мен тәртiбiн айқындау мақсатында қызметкерлердiң мынадай санаттары белгiленедi:


      1) бiрiншi санат – бiрiншi басшылар және олардың орынбасарлары;
      2) екiншi санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары;
      3) үшiншi санат – басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығында, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамасында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн мамандар;
      4) төртiншi санат – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығында, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн бiлiктi жұмысшылар.
      7. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында қолданылатын, бұрын берiлген және берiлетiн рұқсаттардың саны тиiстi күнтiзбелiк жылға бөлiнген квотаның мөлшерiнен аспауға тиiс.
      8. Уәкiлеттi органның жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды беруi мынадай арақатынас сақталған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны бiрiншi және екiншi санатқа жататын қызметкерлердiң тiзiмдiк санының 70 %-ынан кем болмауға тиiс;
      2) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматтарының саны үшiншi және төртiншi санатқа жататын қызметкерлердiң тiзiмдiк санының 90 %-ынан кем болмауға тиiс.
      Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпаратты жұмыс берушi осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға ұсынады.
      Осы тармақ мыналарға:
      1) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне;
      2) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарға;
      3) басым жобалар мен шығу елдерi бойынша квоталар шегiнде, арнайы экономикалық аймақтың аумағында, сондай-ақ шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға берiлетiн рұқсаттарға қолданылмайды.
      Осы тармақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiргенге дейiн қолданылады.
      9. Қарашығанақ, Солтүстiк Каспий, Теңiз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердiгерлiк және қосалқы мердiгерлiк ұйымдарына (қосалқы мердiгерлердiң өздерi тартатын ұйымдарды қоспағанда) қатысты, олардың көрсетiлген жобаларға қатысуын растайтын мына құжаттардың бiрi:
      1) жер қойнауын пайдалану келiсiмшартынан нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме (көшiрмесi);
      2) бiрлескен қызмет туралы шарттан нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме (көшiрмесi);
      3) қызметтер көрсету шартынан нотариалды куәландырылған үзiндi көшiрме (көшiрмесi) болған жағдайда, осы Қағидалардың 8-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылмайды.
      10. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны алу үшiн жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша уәкiлеттi органға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес құжаттарды қоса отырып, осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.
      11. Осы Қағидалардың 10, 41 және 49-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң бiлiм деңгейi (кәсiптiк даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжiрибесi (стажы) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлердiң бiлiктiлiк анықтамалығында жұмысшылардың кәсiптерi мен басшылардың, мамандар мен қызметшiлердiң лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган олар келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден бас тартады және себебiн көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушiге қайтарады.
      12. Жұмыс күшiне деген сұранысты iшкi еңбек нарығы есебiнен қанағаттандыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган бөлген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бередi.
      13. Iшкi еңбек нарығында тиiстi кандидатураларды iздестiрудi жұмыс берушi "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлiметтердi шетелдiк жұмыс күшiнiң еңбек қызметiн жүзеге асыру орны бойынша уәкiлеттi органға жiберу арқылы жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы өтiнiшiн қабылдауды бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлiметтердi берген күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткен соң жүзеге асырады.
      Осы тармақтың әрекетi шетелдiк жұмыс күшiн, сондай-ақ этникалық қазақтар және бұрынғы отандастар қатарынан арнайы экономикалық аймақ аумағына тартатын жұмыс берушiлерге қолданылмайды.
      14. Қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкiлдiк құрмай жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға – жұмыс берушi өз қызметкерлерiн жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету үшiн келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасына жiберген жағдайда, олардың рұқсат алуына қатысты құжаттарды ресiмдеудi пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн заңды тұлға (оның iшiнде филиалы, өкiлдiгi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға) жүзеге асырады.
      15. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты беру немесе ұзарту кезiнде ерекше шарттарда мынадай талаптар көзделген:
      1) уәкiлеттi орган бекiткен тiзiмге сәйкес өңiрлiк еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсiптiк бiлiм мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсiптiк даярлау;
      2) уәкiлеттi орган бекiткен тiзiмге сәйкес өңiрлiк еңбек нарығында сұранысқа ие техникалық және кәсiптiк бiлiм мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта даярлау;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiлiктiлiгiн арттыру;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн қосымша жұмыс орындарын құру.
      16. Шетелдiк қызметкердi:
      бiрiншi санат бойынша тартқан кезде жұмыс берушi осы Қағидалардың 15-тармағының 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн таңдайды;
      екiншi немесе үшiншi санат бойынша тартқан кезде жұмыс берушi осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн таңдайды;
      төртiншi санат бойынша тартқан кезде жұмыс берушi осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың бiреуiн немесе бiрнешеуiн таңдайды.
      Ерекше шарттар тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санатына қарай көзделедi.
      Жұмыс берушiмен рұқсат берудiң ерекше шарттарын келiсу осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      Кәсiптiк даярлануға және (немесе) қайта даярлауға және (немесе) бiлiктiлiгiн арттыруға тиiс Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мен (немесе) құрылатын қосымша жұмыс орындарының саны шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлетiн рұқсаттардың санына сәйкес келуге тиiс.
      17. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттардың:
      осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзiмi iшiнде жүргiзiлуге тиiс;
      осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көзделген ерекше шарттарын орындау рұқсаттың қолданылу мерзiмi iшiнде басталуға тиiс.
      18. Мыналарға:
      1) шетелдiк қызметкерлер қатарындағы:
      "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң кәсiптерi мен мамандықтарының жiктеуiшi" 05-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жiктеуiшiне енгiзiлмеген кәсiптер немесе мамандықтар бойынша жұмыс iстейтiн;
      этникалық қазақтар немесе бұрынғы отандастар болып табылатын адамдарға;
      2) жұмыс берушiлер қатарындағы:
      кадрлардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту бағдарламасын iске асыратын және Қазақстан Республикасы азаматтарын жалдау, даярлау және шетелдiк персоналды қысқарту бойынша мiндеттемелерi бар;
      технологиялық жабдықты iске қосу, ретке келтiру және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердiгерлердi қоса алғанда, 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанның индустрияландыру картасының тiзбесiне енгiзiлген жобаларды iске асыруға қатысатын;
      "Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыруға қатысатын, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға мемлекеттiк қолдау көрсету бойынша оң шешiм алған;
      шетелдiк жұмыс күшiн басым жобалар және шығу елдерi бойынша квота шегiнде тартатын;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемелерi немесе мемлекеттiк кәсiпорындары болып табылатын жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды қайта ресiмдеу кезiнде, сондай-ақ шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезiнде ерекше шарттар көзделмейдi.
      19. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттар:
      1) екiншi және үшiншi санаттар үшiн – он екi ай мерзiмге екi реттен асырмай ұзартумен он екi айға;
      2) төртiншi санат және маусымдық шетелдiк қызметкерлер үшiн – ұзарту құқығынсыз он екi айға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      20. Шетелдiк жұмыс күшiн бiрiншi санат бойынша тартуға арналған рұқсат шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда, жұмыс берушiлерге үш жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      Жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн бiрiншi санат бойынша тартуға арналған рұқсатты ұзарту жыл сайын он екi ай мерзiмге жүргiзiледi.
      Шетелдiк жұмыс күшiн бiрiншi санат бойынша тартуға арналған рұқсат шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын жұмыс берушiлерге екi реттен асырмай ұзартумен, он екi ай мерзiмге берiледi.
      21. Шетелдiк жұмыс күшiн басым жобалар бойынша квота шегiнде тартуға арналған рұқсат оның iске асырылу мерзiмiне берiледi.
      22. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты беру не оны беруден бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган құратын Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты беру жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi – Комиссия) ұсынымы бойынша уәкiлеттi орган жұмыс берушiнiң құжаттарын қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
      23. Комиссияның құрамына мiндеттi түрде халықтың көшi-қоны, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның өкiлдерi қосылады.
      24. Комиссияның отырысына жұмыс берушiнiң өкiлдерi қатыса алады. Уәкiлеттi орган отырыс өтетiн күннен кемiнде үш жұмыс күнi бұрын отырыстың өтетiн күнi, уақыты және орны туралы ақпаратты өзiнiң ресми интернет-ресурсына орналастырады.
      25. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру не беруден бас тарту, ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы қабылданған шешiм жөнiнде жұмыс берушiге оны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлайды.
      26. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруден бас тарту не ұзартудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес оның негiздерiн көрсетедi.
      27. Жұмыс берушi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру немесе ұзарту туралы хабарламаны алғаннан кейiн уәкiлеттi органға жиырма жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейiн шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттардың (банк пен жұмыс берушi арасындағы шарттың, жұмыс берушiнiң банк шотына кепiлдiк жарнаның енгiзiлгенiн растайтын құжаттың) көшiрмесiн ұсынады.
      28. Уәкiлеттi орган осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiге рұқсат бередi.
      Жұмыс берушi үш жұмыс күнi аяқталғанға дейiн рұқсат алуға келмеген жағдайда, уәкiлеттi орган пошталық жөнелтiлiмдi алу туралы хабарламаны ала отырып, рұқсатты жұмыс берушiнiң тiркелген мекенжайы бойынша пошта арқылы жiбередi.
      29. Осы Қағидалардың 30-31-тармақтарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ жұмыс берушiнiң рұқсат алған шетелдiк қызметкерлердi басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы кәсiпорындарға, ұйымдарға күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде күнтiзбелiк алпыс күннен аспайтын мерзiмге iссапарға жiберуiн қоспағанда, уәкiлеттi орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушiлерге беруге болмайды, ол тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ғана қолданылады.
      30. Шетелдiк қызметкерлер функционалдық мiндеттерiн күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде күнтiзбелiк алпыс күннен артық бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында орындауы үшiн уәкiлеттi орган жұмыс берушiнiң өтiнiшi бойынша және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша шетелдiк жұмыс күшiн екi және одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн тартуға рұқсат бередi немесе ұзартады.
      Екi және одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте қолданылатын рұқсатты беруге немесе ұзартуға келiсiм алу үшiн уәкiлеттi орган жұмыс берушiнiң құжаттарын алдын ала қарау кезеңiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыс берушiнiң басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумақтарында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған шартты, келiсiмшартты қоса отырып, рұқсат берудiң немесе ұзартудың жазбаша негiздемесiн жiбередi.
      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган екi және одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте қолданылатын рұқсатты беру немесе ұзарту негiздемесiн алған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға келiсу немесе келiсуден бас тарту туралы хат жiбередi.
      31. Жұмыс берушiнiң жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге арналған шарттарында, келiсiмшарттарында шарттың, келiсiмшарттың басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумақтарында қолданылуы көрсетiлмеген жағдайда, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган екi және одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты беруге келiсiм беруден бас тартады.
      32. Екi және одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте қолданылатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты ұзарту не ұзартудан бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсу немесе келiсуден бас тарту туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
      33. Бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде қолданылатын рұқсатты алған жұмыс берушi оны екi және одан көп әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте қолдану туралы өтiнiш берген жағдайда уәкiлеттi орган еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсу туралы хатын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып, бұрын берiлген рұқсатты қайта ресiмдеудi жүзеге асырады.
      Бастапқыда берiлген рұқсат уәкiлеттi органға қайтарылуға тиiс.
      34. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат берiлген шетелдiк қызметкер жұмыс орнына келмеген немесе шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн онымен еңбек шарты бұзылған жағдайда, осы кәсiп үшiн белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген кезде басқа шетелдiк қызметкерге бастапқыда берiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң қалған кезеңiне осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен жаңа нөмiр бере отырып, бұрын алынған рұқсатты қайта ресiмдеуге рұқсат етiледi.
      Бұл ретте жұмыс берушi осы Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсынады. Бастапқыда берiлген рұқсат уәкiлеттi органға қайтарылуға тиiс.
      35. Уәкiлеттi орган бұрын берiлген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты басқа шетелдiк қызметкерге қайта ресiмдеу туралы шешiмдi құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.
      36. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде жиырма жұмыс күнi бұрын уәкiлеттi органға мынадай құжаттар жiберiледi:
      1) өтiнiш;
      2) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;
      3) кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат;
      4) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесi;
      5) рұқсаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      37. Уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттардың негiзiнде құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмiн ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Уәкiлеттi орган оң шешiм қабылдаған жағдайда шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат он екi айға ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзiмi бұрын берiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталған күнi басталады.
      38. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат:
      1) бөлiнген квота мөлшерiнен асқан;
      2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайда. Бұл ретте осы тармақшаның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты ұзарту бөлiгi 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап берiлген рұқсаттарға қолданылады;
      3) жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн рұқсатсыз тарту фактiсi анықталған жағдайда. Мұндай жағдайда осындай фактi анықталған күннен бастап он екi ай бойы жаңа рұқсаттар берiлмейдi;
      4) өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған жағдайларда берiлмейдi және ұзартылмайды.
      39. Уәкiлеттi орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған қолданыстағы рұқсаттарды керi қайтарып алуды:
      1) шетелдiк қызметкердi рұқсатта көрсетiлген кәсiпке немесе мамандыққа сәйкес келмейтiн кәсiп немесе мамандық бойынша тартқанда.Бұл ретте жұмыс берушiге керi қайтарылған рұқсатта көрсетiлген кәсiп немесе мамандық бойынша рұқсат беру керi қайтару күнiнен бастап алты ай бойы жүргiзiлмейдi;
      2) жұмыс берушi осы Қағидалардың 8-тармағында белгiленген шарттарды сақтамаған жағдайларда;
      3) жұмыс берушi өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдары берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттарын (олар болған жағдайда) орындамаған жағдайларда жүргiзедi.
      40. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат:
      1) берiлген мерзiмi аяқталған;
      2) рұқсат керi қайтарылған;
      3) жұмыс берушi – жеке тұлға өз қызметiн тоқтатқан, жұмыс берушi – заңды тұлға таратылған;
      4) осы Қағидалардың 32, 34-тармақтарында көзделген;
      5) жұмыс берушi рұқсатты уәкiлеттi органға өз еркiмен қайтарған;
      6) жұмыс берушi осы Қағидалардың 27-тармағында белгiленген мерзiмде шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттарды ұсынбаған жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
      41. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты алу үшiн пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн заңды тұлғаның өкiлi уәкiлеттi органға өтiнiш, ауыстыру мерзiмiн, ауыстырылатын қызметкерлердiң кәсiптерiн немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлiкте көрсетiлген деректерге сәйкес тегiн, атын, әкесiнiң атын көрсете отырып, шетелдiк заңды тұлғаның корпоративтiк ауыстыру туралы хатының және (немесе) келiсiмiнiң нотариалды куәландырылған аудармасын (мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi), сондай-ақ осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      42. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты ресiмдеудi пайдасына жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн заңды тұлға жүзеге асырады, сондай-ақ ол шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты берудiң ерекше шарттарын орындауды да жүзеге асырады.
      43. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан кетуiне кепiлдiк беретiн құжаттар ұсынылмайды.
      44. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат корпоративтiк ауыстыру туралы хатта және (немесе) келiсiмде көрсетiлген ауыстыру мерзiмiне, бiрақ үш жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.
      Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты ұзарту бiр жұмыс жылынан аспайтын мерзiмге бiр рет жүргiзiледi.
      45. Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде ауыстырылған шетелдiк қызметкер рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кеткен жағдайда шетелдiк заңды тұлғаның корпоративтiк ауыстыру туралы тиiстi хаты және/немесе келiсiмi болған жағдайда, бұрын берiлген рұқсатты жаңа нөмiр бере отырып, бастапқыда берiлген рұқсаттың қолданылу мерзiмiнiң қалған кезеңiне осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен басқа шетелдiк қызметкерге қайта ресiмдеуге рұқсат етiледi.
      46. Әрбiр басым жоба бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат берудiң шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Басым жоба бойынша квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды аумағында басым жоба орындалатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң уәкiлеттi органы бередi.

жүктеу 225,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау