17
OGMba 2221 Өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің
биоәралуандылығы кредит-3
Пәннің оқытудың мақсаты мен міндеті: Ауылшаруашылық заңдарын сұрыптау
және аудандастыру .Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік.
Ботаника және өсімдік әлемінің биоалуантүрлілігі. Мақсаты мен міндеттері. Оқыту
әдістемесі.
Құзіреттілігі: Cтуденттер пәнді меңгеруде экологияның теориялық негіздерін
игере отырып қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелерге талдау жүргізе алады.
Постреквизиттер: оқытылатын пәндерді игеруге қажетті бұрын өтілетін пәндер-
экология математика.,физика, тарих, информатика, және география, заң негіздері
Постреквизиттер: пәнді оқыту барысында алынған білімдерді қолданатын
мамндықтың жұмыс оқу жоспарында келтірілген пәндер тізіміне: өндірістік
экология, геоэкология, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, қоршаған
орта мониторингіжатады.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны.
Қысқаша мазмұны: Өсімдіктер, экологиясының қысқаша даму тарихы және оның
дамуының негізгі кезеңдері. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер
экологиясының арақатынасы. Өсімдіктер экологиясы табиғат ресурстарын тиімді
пайдалану мен табиғатты қорғау шараларын жасаудың теориялық базасы ретінде.
Өсімдіктер экологиясы курсында алған білімдерінің рөлі арта түседі.
T3206Топырақтану кредит-4
Пәннің мақсаты: Студенттердің ой-өрісін агроэкологиялық тұрғыдан кеңейту,
қоршаған ортаға жауапты сезімдерін тәрбиелеу, агроэкология компоненттерінің
бір-бірімен әрекеттері заңдылықтарын, адамның іс-әрекетінің салдарын, әсіресе
табиғатты пайдаланудың үдеу жағдайында білу, қоғам мен биосфераның
арақатынасындағы практикалық мәселедерді білу.
Пәннің оқытудың міндеті: агрэкологияның даму тарихымен, қалыптасу
кезеңдерімен таныстыру;
топырақ және оның құнарлығының агроэкологиялық маңызы.
табиғаттағы заңдылықтардың жүру барысын, табиғи тұрақтылықтың өзгеру
себептерін талқылау;
арамшөптермен күресу шараларының агроэкологиялық маңызы.
ауыспалы егістердің агроэкологиялық маңызы.
Құзіреттілігі: топырақты өңдеу агроэкологиялық маңызы.
тыңайтқыштар қолданудың агроэкологиялық маңызы.
ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері маңызы.
тұқымды егісте пайдалнудың агроэкологиялық маңызы.
18
ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясының агроэкологиялық маңызы.
Постреквизиттер: Пәнді оқыту үшін келесі курстарды меңгеру қажет: Экология,
Қолданбалы биология және топырақтану, Экология және тұрақты даму
Постреквизиттер: Геоэкология, Қазақстан экологиясы, Әлемдік экология,
Экологиялық білім беру және дүнетану
Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің
бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді жаңаша ұйымдастыру қолға
алына бастады. Соның ішінде, жоғарғы оқу орындарында агроэкология пәнін
оқытуды жақсарту жаппай сипат алуда. Ауыл шаруашылығы негізін жасыл
өсімдіктер құрайды, сондықтан олар ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы
болып табылады. Өйткені өсімдіктер күн сәулесінің қуатын пайдаланып, топырақ
пен ауадағы органикалық емес заттардан органикалық заттар: көмірсуларды,
ақуызды, май, дәрумен және басқақажетті заттарды түзеді.Өсімдік шаруашылығы
өзіне сала ретінде шалғындық, орман, жеміс-жидек, көкөніс және басқа
шаруашылықтарды біріктіреді, ал ғылыми пән ретінде дәнді, майлы, мал азықтық,
талшықты дақылдарды, тамыр-түйнек жемістерді, т.б. оқытады.Өсімдік
шаруашылығының ауыл шаруашылығының бір саласы ретінде өнеркәсіп
өндірісінен ерекшеліктері бар: басты ерекшелігі – маусымдық өсімдіктер жылдың
жылы, аязсыз кезеңінде ғана өсіп – жетіліп жаңа өнім береді; қоршаған орта
факторларына байланыстылығы (жылу, ауа, қоректік заттар, ылғал, күн сәулесі)
және дақылдардың өсіру технологиясына тәуелділігі. Өсімдік шаруашылығы ауыл
шаруашылығы өндірісінің басқа бір саласы-мал шаруашылығымен мал азығымен
қамтамасыз етсе, өз кезегінде мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығына
органикалық тыңайтқыштар (көң, т.б.) береді, ал соңғысы өсірілетін дақылдардан
мол өнім алуға, топырақ құнарлылығын арттыруға мүмкіндік жасайды.
SE3307 Су экологиясы-4 кредит
Пәнді оқытудың мақсаты.Студенттерге су ресурстарының саны мен сапасы
туралы, қоры туралы профессионалды білім беру. Студенттерді жеке өндірістерде,
аудандарда, ірі өндіріс орындарында су қорларын кешенді, тиімді пайдалану
жолдарын шешуге дайындау.
Пәннің негізгі жұмыстары студенттерді өндірістердегі су пайдалануды
барынша үнемдігін су шаруашылығындағы суды үнемдеу, су пайдалану
барысындағы судың ластануын қысқарту жолдарын оқытып үйретеді,
студенттердің кәсіби білімін қалыптастыру, су ресурстарының сандық және
сапалық бағасын меңгеру және студенттер суды пайдалану комплексін
өндірістерде, аудандарда, кәсіпорындарда пайдаланудың ғылыми негізде шешуді
үйрету және пайдаланылған судың сапасы мен қолдану тәртібін үйретеді.
Пәнді оқытудың міндеті.Студенттерге суды пайдаланудың негізгі есептеу
жолдарын үйрету. Өндірістік кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығында су
шаруашылық балансын, су шаруашылық комплекстерінде қажетті сапамен қажетті
көлемде сумен қамтамасыз ету жолдарын, су ресурстарын үнемді пайдалану мен