1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық гуманитарлық – техникалық университеті
Бакалавриат
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5В060800 – «Экология» мамандығы үшін
(мамандықтың шифры және атауы)
Шымкент – 2017 ж.
3
КІРІСПЕ
Оқытудың кредиттік технологиясының негізгі ерекшеліктерінің бірі –
студенттің өзінің білімдік бағытын өзі таңдауға құқығы бар болуы. Бұл студенттің
өз жеке оқу жоспарын (ЖОЖ) шығарушы кафедраның оқытушысы – эдвайзер
(студенттің жетекшісі қызметін атқарушы және өзбетіншелік пен таңдамалық
қағидаларын (принциптерін) есепке ала отырып, жеке оқу жоспарын
қалыптастыруға кеңес беруші) көмегімен құрастыруы арқылы іске асырылады.
Сондай-ақ, бұл тұрғыда студент оқу пәнін өтуге үміткер оқытушыны да таңдауға
құқы бар. Студенттің жеке оқу жоспары, жеке оқу жоспарды құрастырудың негізі
болып табылатын мамандықтың типтік оқу жоспары секілді үш циклдан тұрады:
жалпы білім, базалық және профильдік пәндер циклдарынан. Бұлардың әрқайсысы
міндетті компоненттер мен таңдау бойынша компоненттерден (элективті пәндер)
тұрады.
Жалпы білім пәндер циклы интеллектуалды, тұлғалық және әлеуметтік дамыған
маманды дайындауды іске асырады. Базалық пәндер циклы болашақ маманның
сәйкес мамандықтан фундаменталды білімін қалыптастыруға бағытталған.
Профильдік пәндер циклы кәсіптік қызметтің нақты саласын меңгеруде арнайы
білім, ілім, дағдылар тізбесін анықтайды.
Оқу жоспарындағы пәндер оқыту процесінің байланыстылығы үшін
логикалық құрылуы қажет. Бұған пәндерді пререквизиттер (үйренетін пәнді
меңгеруге қажетті білім, ілім және дағдылардың тізбесін құрайтын пәндер) мен
постреквизиттерге (үйренетін пәннен қажетті білім, ілім және дағдылар тізбесін
меңгерген соң оқылатын пәндер) бөлу арқылы қол жеткізіледі.
Мамандықтардың элективті пәндер каталогына (ЭПК) студенттің оқыту
траекториясын икемді және өзбетінше анықтауға мүмкіндік туғызатын оқу
жоспарындағы таңдау компоненті пәндері енгізіледі. Ол университеттің барлық
мамандықтары үшін құрастырылған және барлық мамандандыруларды, салаларды
және кәсіптік қызметтің түрлерін есепке алатын пәндердің мүмкін болған барлық
спектрларын қамтиды. ЭПК-да пәндердің кредит көлемі берілген, пән
бағдарламасының қысқаша мазмұны келтірілген, олардың пререквизиттері мен
постреквизиттері және жалпы білім, базалық пен профильдік пәндер циклындағы
пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі сақтала отырып көрсетілген.
Оқу пәндерінің кодтары әріптік (екі немесе одан да көп латын алфавитінің
әріптері) және сандық (төрт араб сандары) бөліктерден тұрады. Егер оқу пәнінің
атауы бір сөзден құралса, онда кодтың әріптік бөлігі латын алфавитін пайдалана
отырып, осы сөздің қазақ тіліндегі алғашқы үш әріпінен құралады, әрі бірінші әріпі
бас әріп, қалғандары – кіші әріптер. Егер оқу пәнінің атауы екі немесе одан да көп
сөзден құралса, онда кодтың әріптік бөлігі латын алфавитін пайдалана отырып,
мағыналық күшін алып жүретін, әр сөздің қазақ тіліндегі бірінші бас әріптерінен
құралады.
Кодтың сандық бөлігінде: бірінші сандық белгі пәннің оқылатын курсын білдіреді;
екіншісі – осы оқу пәнінің қай циклға қатыстылығын көрсетеді (1 – жалпы білім
4
беру циклы, 2 – базалық пәндер циклы, 3 – профильдік пәндер циклы); үшінші және
төртінші сандар – осы пәннің мамандық циклы ауқымындағы реттік нөмірін
бейнелейді.
Бұл тұрғыда, әр циклдағы таңдалған элективті пәндердің кредит саны,
мамандықдың элективті пәндер таблицасы циклдарында көрсетілген кредит
санынан кем болмауы тиіс.
Сондай-ақ, бұл ЭПК-да мамандықтардың типтік оқу жоспарларындағы міндетті
пәндері, олардың коды, кредит көлемі және оқытылатын семестрі (академиялық
кезеңі) көрсетіліп берілген. Бұлар студенттің жеке оқу жоспарына өзгеріссіз
енгізілуі тиіс.
Студент эдвайзердің жетекшілігімен жеке оқу жоспарына таңдау (элективтік)
пәндерін, өзге де барлық нәрселерден басқа, жеке қабілеттерін, даму
перспективасын, қоғам мен өндірістің қажеттілігін ескере отырып енгізеді.
Студенттің жеке оқу жоспары қалыптастырылып болғаннан соң, оған студенттің өзі
мен эдвайзер қол қояды, кафедра меңгерушісімен келісіледі және факультет деканы
бекітеді.