ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет16/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142

47

туралы білу және т.б. Бірақ адамның білімге жетуі – қиын жол, адам 

жаны тәрбиені қажет етеді.

Бұл  жол  Сократтың  кекесіні  мен  майевтикасынан  тұрады. 

Кекесін  деп  әртүрлі  сұрақтар  қою  арқылы  дауласушы,  ақыр 

соңында,  талқыланып  жатқан  мәселе  бойынша  «өздерінің  ештеңе 

білмейтіндерін білетін» адамдардың пікірлеріндегі қарама-қайшылық-

тарды  тауып  көрсетуді  түсіну  керек.  Содан  кейін  келесі  кезең  – 

майевтика  –  тағы  да  балгер  кемпір  баланың  дүниеге  келуіне  қалай 

көмектеседі  деген  сияқты  ілеспе  сұрақтар  беру  арқылы  шындыққа 

жету  басталады.  Мысалы,  ғажайып  деген  не?  Ол  ғажап  сұлу  қыз, 

құмырадағы  гүл,  суретшінің  туындысы  сияқты  құмыраның  өзі  және 

т.с.с.  болуы  мүмкін.  Адамдар  ондаған  мысалдар  келтіре  алады.  Бірақ 

Сократ қызға, құмыраға, гүлге қатысы жоқ ғажайып дегеннің не екені 

туралы  сұрақ  қойғанда,  адамдар  бастапқыда  абдырап  қалады.  Содан 

кейін  қойылған  сұрақтың  жауабын  іздеу  басталады,  ақыр  соңында, 

ғажайып – ол өзгеше кемелдікке, мүлтіксіздікке жеткен бірдеңе деген 

қорытындыға келеді.

Алайда  Сократ  бұнымен  шектеліп  қалмайды.  Қандай  мәселелер 

талқыланса  да,  ақырғы  мақсат  –  мен  қалай  өмір  сүріп  жатырмын, 



менің өмірімнің мәні неде, басқа адамдарға қатынасым қандай және 

тағы  сол  сияқтылар  туралы  ойға  келтіру.  Енді  ғана  мақсат  жүзеге 

асты: адам өзінің жан дүниесі туралы, қалай өмір сүріп жатқаны жа-

йында ойлана бастады – демек, адамның ішкі дүниесі тазарды және ол 

көптеген нәрселерге басқа көзқараспен қарайтын болды.

Егер  бұл  осылай  болса,  онда  өз-өзін  танып-білу,  өзінің  құмар-

лықтары мен орынсыз тілек-қалауларын тежеу, өз-өзін ұстау – адамның 

ең жоғарғы мақсаты болып табылады, осы кезде ғана адам мен қоғам 

арасындағы  қарама-қайшылықтар  шешілуі  мүмкін.  Ұсақ  тұрмыстық 

мұқтаждықтардан  адам  жалпыадамзаттық  мәселелер  деңгейіне  дейін 

көтерілуге  тиіс.  Осыны  дәлелдеу  үшін,  Сократ  туралы  М.Монтень 

баяндаған бір тәмсіл әңгімені келтірейік. Туған жері туралы қойылған 

сұраққа Сократ: «Мен Бүкіл әлемде дүниеге келгенмін», – деп жауап 

беріпті-міс. Оның ұлылығы да осында шығар, сірә.

сопыларға қатысты айтар болсақ, бұл философиялық ағымның 

пайда болуы Афина полисінің, әсіресе «тура демократияның» гүлдене 

дамуымен,  халық  жиындарының,  соттардың  маңызы  арта  түскенімен 

тығыз  байланысты.  Билікті  аңсаған  афиналықтар  сайлауларда  ба-

сым көпшілік дауыс алуға тиіс болды. Ал ол үшін шешендік өнеріне 

(риторика),  өз  ісінің  дұрыстығын  негіздей  және  қарсыластарының 




48

көзқарастарын  жоққа  шығара  (логика  мен  диалектика)  білуге  үйрену, 

жалпы, жақсы білімі (философия) болуы керек еді. Ал осының бәріне 

де аристократтар мен плутократтарды сопылар – философ-данышпан-

дар ақшаға (оның үстіне, аз ақшаға емес!) оқытатын. Бірақ еркін аза-

маттар  сыйақы  үшін  еңбектенуден  қашатындықтан,  олар  сопыларға 

жоғарыдан қарап, оларға «жалған данышпандар» деп (қазіргі заманғы 

әр  тектегі  «имиджмейкерлер»  мен  «политтехнологтар»  сияқты)  ат 

қойды.

Сопылыққа философиялық негіздеме берген протагор (481-411 жж.) 



болды. Заттар қарама-қайшылықты болғандықтан, олардың әрқайсысы 

туралы бір-біріне тікелей қарама-қайшы екі тұжырым айтуға болады. 

Ол кезде олардың бірін таңдау керек, ал оны адам істейді. Сондықтан 

«адам  –  барлық  заттардың  өлшемі»  болып  шығады.  Біреуге  бір 

немесе  басқа  зат  туралы  осы  тұжырым  ұнаса,  ал  екіншісіне  тікелей 

қарама-қайшы  екіншісі  ұнайды.  Қазақтар  айтқандай,  «біреу  тойып 

секіреді (күш-қуатын қайда жұмсарын білмейді), біреу тоңып секіреді 

(үсіп қалмау үшін).

Сопылықтың  бейнесін  біз  Протагордың  «Еватлынан»  табамыз. 

Протагордан  оқып  шыққан  Еватл  онымен  шарт  жасасады:  соттағы 

алғашқы жеңісінен кейін, ол оқуы үшін Протагорға ақы төлейтін бо-

лады. Бірақ Еватл ақы төлеуге асыға қоймайды. Протагор сотқа арыз-

данатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Еватл: «Шарт бойынша мен 

ақшаны  соттағы  жеңісімнен  кейін  төлеуге  тиіспін,  бірақ  мен  істе  әлі 

жеңіске жеткен жоқпын», – деп жауап береді. Сонда Протагор: «Егер 

сотта  істі  мен  жеңсем,  сен  сот  шешімімен  төлейсің,  ал  сен  жеңсең, 

шарт  бойынша  төлейсің»,  –  деп  талап  қояды.  Ал  оған  Еватл:  «Егер 

мен жеңілсем, шарт бойынша төлемеймін, ал жеңсем, сот шешімімен 

төлемеймін», – депті.

Сонымен,  Протагордың  пікірі  бойынша  бәрі  салыстырмалы, 

еш  жерде  барлығы  үшін  ортақ  маңызды  болатын  шексіз  шындық, 

адамгершілік  құндылықтары  жоқ.  Егер  осылай  болса,  онда  өзіңнің 

шындығыңды  дәлелде,  қарсыластарыңның  пікірлерін  жоққа  шығара 

біл.  Әлсіз  әрекеттерден  де  күшті  дәлелдер,  күшті  уәждер  жасай  біл, 

қарсыластарыңның тас-талқанын шығар. Өз мүдделерін сенімді қорғай 

және  соған  жұртшылықты  сендіре  білген  Протагордың  шәкірттері 

саясатта  табыстарға  жетіп  отырды.  Сондықтан  да  Протагорға  көзінің 

тірісінде-ақ даналықтың жемісін тату бұйырды.

Сопылардың  философияға  сіңірген  еңбегі  адамдық  түсініктердің 

ішкі қарама-қайшылықтарын, олардың икемділігін, бір-бірлеріне ауы-



49

сатынын  тапқандары  болды.  Соған  орай  олар  логика  мен  риторика 

мәселелерін  дамытты.  Олар  ұсынған  сопылықтың  (софизмнің)  кейбір 

түрлері  әлі  күнге  дейін  шешімін  тапқан  жоқ.  Мысалы,  «Өтірікші» 

сопылығы:  «Егер  өтірікші  өзінің  өтірік  айтатынына  сендірсе,  демек, 

ол  шындықты  айтып  тұр»,  –  дейді.  Ал  енді  осы  сопылықты  түсініп 

көріңіз!?

Парменид  болмысы  туралы  ілім.  Зенонның  апорийлері.  Демо-

криттің атомизмі.

Элеядан шыққан парменид (б.з.д. V ғасыр) – грек философиясында 

алғаш  рет  болмыс,  тіршілік  мәселесін  көтерген  адам.  Нәтижесінде, 

грек  философиясында  философияның  классикалық  тарауларының 

бірі – онтология (болмыс туралы ілім) пайда болды.

Парменидтің  ойы  бойынша,  әлем  туралы  шындыққа  бір  ғана  жол 

жеткізеді:  бұл  –  «тек  болмыс  бар,  ал  болмыссыздық  деген  атымен 

жоқ»  дегенді  мойындау.  Аталған  тұжырымнан  төмендегі  қорытынды 

шығады:

Бар нәрселердің барлығы өмір сүреді.



Жоқ нәрселер өмір сүрмейді.

Бұрын болмағанның пайда болуы, демек, жоғалуы жоқ, болмайды. 

Кеңістік  (әлдебір  сыйымдылық  сияқты)  және  уақыт  (оқиғалардың 

кезектілігі) жоқ, болмайды.

Бар нәрсенің бәрі толған (толық).

Бардың  (бар  нәрсенің)  құрамдас  бөліктері  жоқ  (әйтпесе  кеңістікті 

мойындауға тура келер еді), ол – біртұтас бүтін нәрсе.

Бар (бар нәрсе) – біртұтас бүтін, демек, жетілген.

Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ.

Болмыс пайда болмайды және жойылмайды, өйткені болмыссыздық 

жоқ,  демек,  болмыс  болмыссыздықтан  пайда  бола  алмайды.  Бол-

мыс  тұрақты  және  қозғалмайды,  өйткені  қозғалысты  мойын-

дау  болмыссыздықты  мойындаумен  парапар  болар  еді.  «Осындай 

қорытындыға  мен  ойлану-толғану  нәтижесінде  келдім»,  –  дейді  Пар-

менид.

Оның  пікірінше,  жалған  жол  деген  де  бар  –  ол  сезімдік  таным 



жолы.  Бұл  жол  бізге  өмір  мен  өлімнің  болатыны,  заттардың  тұрақты 

өзгеретіні,  бірдеңенің  пайда  болып,  жоғалып  жататыны  туралы  ба-

яндайды.  Қозғалыс,  барлығының  үздіксіз  қалыптасып  жататыны  ту-

ралы  айтатын  күнделікті  өмір  тәжірибесіне  қарамастан,  Парменид 

оларды  мойындамай-ақ  қойды,  ал  оның  қарсыластары  ұтымды  түрде 

оны жоққа шығара алмады. Негізгі мәселе – қозғалысты адамның ойы 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау