56
өз мүмкіншіліктерін іске асыра алмай, ішімдік батпағына батты, ал
«билік ұстағандар» «мемлекет атынан» әрекет еткенмен, жағдайдың
нақты билеушілері болып шығып, заңдастыра алмаса да, қолдарына
елеулі байлық жинап қалды. Сөйтіп, «төмендегі» миллиондаған
адамдар және байлықтарын заңдастырғысы келген «ат төбеліндей»
билеушілер өмірге бейімсіз бұл қоғамды іштен жарып құртты.
Фашистік Германия туралы айтар болсақ, мемлекеттің бас идеоло-
гы Геббельс Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде болашақ «мыңжылдық
Рейхтің» билік етуші элитасын қалыптастыру идеясын іске асыру-
мен әлек болды. Ол үшін аса батыл неміс офицерлері майданнан
кері қайтарылып, санаторийлерде демалуға жіберілді, ол жерлерге
«мыңжылдық Рейхтің» болашақ билеушілерін – тазақанды арийлік-
терді дүниеге әкелу үшін, жас неміс әйелдері де жеткізіліп тұрды. Алай-
да біраз уақыт өткеннен кейін, бұл әйелдер көбінесе дүниеге кемтар
сәбилер әкеле бастады. Ол түсінікті де: өйткені нәресте – кездейсоқ
жыныстық қатынастардың емес, сүйіспеншіліктің жемісі. Көп
кешікпей, бұл «бағдарлама» жабылды.
Көріп отырғанымыздай, қаншалықты ақылға сыйымсыз болса
да, кез келген идея текке кетпейді, ерте ме, кеш пе, оны өмірде іске
асырғысы келетін адамдар табылады. Ол тиісті оң немесе теріс нәтиже
бере ме, оны «Ұлы Мәртебелі Тарих» көрсетеді.
Ертедегі грек философиясы өз шыңына заманының білімдар ада-
мы – данышпан аристотельдің шығармашылығы тұсында жетті.
Бұны біз оның: «Органон», «Физика», «аспан туралы», «жан ту-
ралы», «жануарлардың дене құрылысы туралы», «алғашқы фи-
зика», «никомахов этикасы», «саясат» және басқа кітаптарының
атауларынан-ақ байқай аламыз.
Кейіннен «метафизика» деп аталып кеткен «Алғашқы физика»
деген еңбегінде Аристотель дүниенің негізін құрайтын материалдық
және бітімдік (форма) себептерді бөліп көрсетеді. «Бітімсіз материя
жоқ, ал материясыз бітім жоқ», – деп сендіреді ол. Материя – замандар-
дан келе жатқан инертті нақтылық (шындық). Ал бітім қайдан шықты?
«Барлық бітімдердің бітімі – Құдай», – дейді ойшыл. Органикалық
бірлікте ғана олар табиғат заттарын және денелерін құрайды. Де-
мек, бар нәрсе – нақты денелер мен заттардан тұрады. Бұл жерде
ол Платонның әлемді тануын теріске шығарады: заттармен қатар,
ортақ нәрсе идеялардың жеке патшалығы сияқты өмір сүре алмай-
ды. Нәтижесінде, бір-бірімен бірігіп кеткен материя мен форма қалай
табиғат денесін құрай алады деген тым күрделі сұрақ туады. Оған жа-
57
уап бере отырып, Аристотель: «мүмкіндік» (грекше – dynamis, латын-
ша – potentia) және «шындық» (грекше – energeia, латынша – actus)
деген екі жаңа ұғым енгізеді. Материя – бір нәрсеге айналатын
мүмкіндік. Форма – ол шынайы, сондықтан ол материямен бірігіп,
соңғыны нақты шындыққа, яғни шынайылыққа айналдырады, ол өз
кезегінде, өзінің бойынан басқаға айналудың жаңа мүмкіндіктерін та-
бады. Пішін-бітімі жоқ мәрмәр кесегі деген не? Іс жүзінде – ештеңе.
Бірақ егер мүсінші барлық артық жерлерін шауып тастап, мәрмәрдан
Деметраның – молшылықтың әйел-Құдайының бейнесін сомдаса,
бұл енді біз назар аударатын, пішініне сүйсіне қарайтын бірдеңе бо-
лып шығады. Ал кірпіш деген не? Ол – шынайы саз балшық, сонымен
қатар болашақ үйдің мүмкіндігі де. Сөйтіп, кез келген нәрсенің пайда
болуы – бір немесе басқа материалдық мүмкіндіктің болмысқа
(шындыққа) айналуы. Жоқтан бар жасалмайды.
Оған қоса, Аристотельдің ғылымды үш үлкен тарауға бөлгенін де
ерекше атап өткен жөн:
• теориялық ғылымдар, яғни білімнің өзі үшін білім іздеуге
келтіретін ғылымдар;
• іс жүзіндегі ғылымдар – яғни міндеті – моральдық кемелдікке
жету болып табылатын ғылымдар;
• өнімді ғылымдар, яғни мақсаты – белгілі бір нысандарды өндіру
болатын ғылымдар.
Бұл үдемелі сатыда Аристотель теориялық ғылымдарға, яғни
метафизикаға, физикаға (оның ішінде психологияға да) және матема-
тикаға даусыз басымдық береді. Рас, Аристотельдің өзі «метафизи-
ка» деген терминді қолданбаған (ғалымдардың ойынша, оны перипа-
тетиктер (Аристотель идеясын қолдап, ары қарай жалғастырушылар)
енгізген немесе Аристотельдің шығармаларын басып шығаруға байла-
нысты б.з.д. I ғасырда Андроник Родосский енгізген). Аристотель:
• «бірінші философия» немесе «теология»;
• «екінші философия» немесе физика деп ажыратқан.
Физиканы ойшыл формалар (бітім-пішін) және мәндер туралы
ғылым деп түсінеді. Ал егер оны біздің заманымыздың физикасы-
мен салыстыратын болсақ, онда Аристотельдікі – онтология немесе
сезіммен қабылданатын дүниенің метафизикасы болып шығады.
Қозғалыс пен қалыптасуды теріске шығаратын элеаттардан
айырмашылығы – Аристотельдің пікірінше, қозғалыс – ол әлеуетте бар
нәрсені өзекті ету. Сол себепті болмыссыздық, элеаттар ойлағандай,
ештеңе болып табылмайды. Ол – әлеуеттен өзектілікке өту сияқты,
58
болмыс арнасында шыр айналатын болмыс формасы. Аристо-
тель қозғалыстың барлық мүмкін формаларының онтологиялық
құрылымын ұсынды. Оны барынша көрнекті және дәл баяндаған
итальяндық ғалымдар Дж.Реале және Д.Антисери болды. Аталған
мәселені сипаттаудағы олардың тәсіліне жүгінейік:
«Әлеует пен әрекеттің (акт) әртүрлі санаттарға жататыны сияқты, –
деп жазады олар, – әлеуеттен әрекетке өту секілді, қозғалыс та әртүрлі:
1) субстанция (түпнегіз), 2) сапа, 3) сан және 4) орын деп аталатын
санаттарға жатады. Сөйтіп, қозғалыстың төрт түрін аламыз:
1) түпнегізде өзгеру – «пайда болу немесе құру»;
2) сапада өзгеру – «жоғарылау немесе төмендеу; немесе айналу»;
3) санда өзгеру – «ұлғаю немесе кему»;
4) орны бойынша өзгеру – орын ауыстыру, «трансляция».
«Өзгеріс», – деп жазады ары қарай Дж.Реале мен Д.Антисери, –
барлық төрт формаға да жарамды термин, ал «қозғалыс», керісінше,
келесі үшеуіне, әсіресе төртіншісіне ғана қолдануға жарамды.
Барлық осы формаларда бір күйден қарама-қарсы күйге ауыса-
тын субстраттың (әлеуетті болмыстың) болатыны жорамалданады.
Пайда болу – ол форманы материя жағынан қабылдау, құру – фор-
маны жоғалту. Альтерация – сапаның өзгеруі; жалпылықтан аздыққа
өту және керісінше – бұл «ұлғаю және кему», ал бір жерден екінші
жерге орын ауыстыру – «трансляция». Материядан және формадан
тұратын тіршілік иелері ғана өзгеруге қабілетті, өйткені материяның
ғана әлеуеттілігі бар. Сөйтіп, кез келген қозғалыстың бастауы –
гилеоморфтық құрылымдар, яғни материя мен формадан жасалғандар»
(Дж.Реале, Д.Антисери. Западная философия от истоков до наших
дней. Т I. Античность. – М.: Петрополис. 1994. – 147-148-беттер).
Аристотельдің назарын ерекше аударған – кеңістік, уақыт, шексіздік
болды (мұнда шексіздік: бітпейтін, таусылмайтын, ақыры жоқ деген
мағынада. – Аудармашы). Бұл жерде де ол өзгеше орнықты, түбегейлі
пікірлер білдірді. Мысалы, шексіздіктің сол уақыттағы маңыздылығын
теріске шығарды. Оның пікірі бойынша, әлеуеттегі әлеует қана шексіз
бола алады. Әлеуеттегі шексіздікке ол сандарды жатқызады, өйткені
қашанда кез келген бір үлкен санды табуға болады және содан өтіп,
ары қарай жүріп кетуге болмайтын жер (пункт) жоқ. Кеңістік те –
әлеуеттегі шексіз нәрсе, өйткені оны шексіздікке дейін бөлуге болады,
себебі кез келген өлшемді, ақыры, қашанда бөлуге болады. Уақыт –
әлеуетті шексіз, ол үздіксіз ұлғаймай тұрмайды, басқаша өмір сүре ал-
майды.
Достарыңызбен бөлісу: |