40
3. Дұрыс іс-әрекеттер, яғни шындық үшін ерлік жасауға дайын
болу.
4. Дұрыс өмір салты, демек, бейбіт, адал, таза өмір сүру.
5. Дұрыс ниет-пиғыл, яғни жамандық жасамау.
6. Дұрыс күш салу, яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеуі және өз-өзін
ұстауы.
7. Дұрыс көңіл бөлу (түсіну), демек, сананың белсенді қырағы-
лығы.
8. Ойды дұрыс жинақтау, яғни медитацияның дұрыс әдістері.
Бұддашылық сегізінші тармаққа ерекше назар аударады: меди-
тация адамды толық тыныштық жағдайына, яғни ол нирвананың
(жұмақтың) «тынық тұңғиығына» батқан кезде, оған ешқандай «заң
жүрмейтін» күйге жеткізетіндей болуға тиіс. Әлбетте, оны тақуа-
монахтар ғана орындай алады Ал жай адамдар туралы айтсақ, олар
үшін «панча Шила» («Бес Өсиет») қағидаларының ізімен жүру
жеткілікті. Олар:
1. Адам өлтіруші болма.
2. Ұрлық істеуден тартын.
3. Теріс жолға түсуден сақтан.
4. Өтірік айтпа.
5. Елірткіш сусындардан бойыңды аулақ ұста.
Бұддашылықты зерттеушілер арасындағы беделділердің бірі Клайв
Эррикер осыған орай: «Бұл жерде барлық осы санаттардың бір-бірімен
тығыз байланыстылығын түсіну өте маңызды. Сегіздік жолды кейде
адамдар сегіз басқыштан тұратын баспалдақпен теңестіреді де, адам
басқыштан-басқышқа көтеріле отырып дамитындай әсер қалдырады.
Бұл – жаңсақтық. Бұдда іс жүзінде бұл санаттардың әрқайсысын
(ғылыми көзқарастардың әрқайсысын да) басқалармен бірлікте
меңгергенде ғана жетістікке жетуге болатынын атап көрсет-кен», – деп
жазды (Эррикер К. Буддизм. – М., 1986. – 97-бет).
б) материалистік үрдістер.
Үндістандағыдай, Қытайда да, рас, бұл қоғамдарда терең тамыр
жаймаған материалдық үрдістер болған. Еске түсірсек, кейбір қытай
философтарының ойынша, әлемнің негізінде өте ұсақ «ци» бөлшектері
жатыр, олар бір-біріне тізбектеліп, табиғат денесін құрайды. «Егер рух
жоқ болса, онда неге Құдайға жалбарынғаннан кейін жаңбыр жауа-
ды?» – деген сұраққа олар: «Жаңбыр бұған дейін де болған, одан кейін
де бола береді», – деп жауап берген.
41
Үндістанда әлем: жер, су, ауа, от және кеңістік деген бес тұрақты-
лықтан тұрады деп есептеледі. Мағынасы жағынан қытайдың «циіне»
жақын «пракрити» осы жерде пайда болған. Оның үш қасиеті (гуна)
бар:
1. Саттва адамға білім мен бақыт әкеледі.
2. Раджас – ол адамды әрекет етуге итермелейтін құмарлық.
3. Тамас жалқаулықты, енжарлық пен ұйқыны қоздырады.
Материалистердің өмірлік бағдары өмірден тәндік-сезімдік ләззат
алуға саяды. «Чарвак-материалистер» дегендер: «Осы өмірдегі бақытқа
ұмтылатын боламыз! Бұл дүниеде ажалсыздық, мәңгі өмір сүру
жоқ – өлгеннен кейін кез келген адам күлге айналады. Сонда ол бұл
өмірге қалай қайтіп оралады?» – дейді. Солай ойлаудың нәтижесі
олардың «басқа дүниені» қабылдамауына, осы өмірдің рақатын көруге
шақыруына жеткізді: «Осы өмірде көңіл көтер және шарап іш! Ертең-
ақ күлге айналасың және бұл өмірге қайтып оралмайсың».
Үнділердің материалистік философиясында бұл әлемнің екі баста-
уын (дуализм) мойындайтын ағымдар болған. Олардың бірі – пракрити
(материя), ал екіншісі – пуруша (жан). Екеуі де әуелден-ақ бастапқысыз
және шексіз деректермен танылған.
Аталған ағымдардың жұртшылық алдында ерекше үлкен беделі
болмағанын айтқан жөн. Негізінен, Ертедегі Шығыс философиясы
идеалистік сипатта болды.
1.3. ғылым бастауларының ежелгі грекияда пайда болуы
және олардың еуропалық өркениеттің кейінгі
дамуындағы маңызы
Ежелгі өркениет – бұл өндірістің құлиеленушілік тәсіліне
негізделген ертедегі Грекия және Рим. Жайлы климат, жағалауды
шайып жатқан жылы теңіздер, тұщы судың молдығы және басқалары
теңіз сауда-саттығының, балық аулаудың, жер өңдеу мен кәсіптердің
өркендеуіне, Ертешығыс өркениеттерінің (Мысыр, Парсы елдерінің)
жетістіктерін қабылдауға себеп болды. Ертедегі гректер ой-қиялдары
жетілген, бәсекелестікке бейім, талантты халық болды. Шамасы,
дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды
дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға
мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер
(полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар-
ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін
42
өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен
мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі –
енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген фило-
софия болды. Ол, сөз жоқ, ертедегі гректердің бай мифологиясы-
нан және «жеті данышпан» деп аталатындардың нақылынан бастау
алады.
Соңғыларға таңылатын саны көп нақылдардың қатарына төмен-
дегілерді жатқызуға болады. «Не қиын?» деген сұраққа Фалес: «Өзіңді
тану», – деп жауап берді. Ал «Не оңай?» дегенге ол: «Басқаға ақыл
үйрету», – деген жауап қайтарды. Ал: «Ең жақсы және дұрыс өмірді
қалай сүруге болады?» – деген сұраққа оның жауабы: «Егер басқаларға
кінә етіп артатын нәрселерді өзіміз істемесек...» – болған екен.
Хикаялар бойынша Фалес: «Бақытты адам – ол тәні сау, табиғаты
бай, жаны ізгілікті адам; ата-анаңа қандай жарна салсаң, балаларыңнан
сондайды өндіріп ал; сырт келбетіңді көрсетіп, мақтан етпе, жақсы
істеріңмен көрін; арам жолмен байлық жинама; пікірдің ақылға
қонымдылығын көпсөзділік дәлелдемейді», – дегендерді айтқан.
Әдебиетте Ежелгі Грекиядағы ғылым бастауларының пайда болуы
б.з.д. VI-V ғасырларға – аталған өркениеттің гүлдене дамуы кезеңіне
жатқызылады. Сонымен қатар VIII-VI ғасырларда Ежелгі Грекия сол
кездердегі Шығыс елдеріне өте ұқсас болған. Он жерде сондай-ақ
бай жер иеленушілер өмір сүрген, ал барлық билік аристократияның
қолына шоғырланған. Ал қарапайым халықты айтсақ, оның халі тым
мүшкіл еді: көпшіліктері ірі жер иеленушілерге қарыздар болудан
көз ашпайтын.
Алайда билік басына солон патша келген соң, жағдай күрт өзгерді.
Ол б.з.д. 594 жылы жер аристократиясынан зорлық-зомбылық көр-
ген жұртшылықты қорғауға бағытталған ірі реформалар жаса-
ды. борыштық құлдыққа тап болғандарды азат етті. Аса ауыр
қылмыстарды қарау барысында тиісті шешімдер шығарылған кез-
де, соттардың ісіне қарапайым азаматтар тартыла бастады (қазіргі
соттардағы сот ісіне қатысуға сайланатын адамдар сияқты). Адамдар
мүліктерінің көлеміне қарай бөлінетін болды, сондай-ақ отырық-
шылық шартын (ценз) енгізу арқылы қоғамдық өмірдің (фратрия)
ру-тайпа түрінде ұйымдастырылуына қатты соққы берілді. Осы
мақсаттарда ел «навкрия» деп аталатын 48 аймаққа бөлінді. Кейіннен
барлық осы ірі өзгерістер клисфен конституциясында (б.з.д. 509
жыл) бекітілді.
Достарыңызбен бөлісу: |